Орман шаруашылығы жайлы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. 1 Географиялық жағдайы . . .

1. 2. Табиғаттық-климаттық жағдайы . . .

1. 3 Жер ресурстары . . . НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың
әдісі . . .

2. 2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және жүйелеу . . .

2. 3. Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы . . .

2. 4 Қызылорда облысының табиғат жағдайларының топонимдерінің
ақпараттық мазмұнының маңызы . . .

III. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ 3. 1 Орман шаруашылығы аппаратының ұстау шығындарының жоспарлауы . . . 3. 2. Өндiрiстiк шығындарды есептеу . . .

3. 3 Орман шаруашылығы өнімі мен қызметтеріне өндіруші кәсіпорындар
бағасының индексі . . .

3. 4 Қаржы құралдарының қажеттілігі . . .

3. 5 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географиядағы табиғат ресурс-
тарын пайдалануда төлемдер мәселесі . . .

3. 6 Табиғат ресурстарын пайдаланудағы салық пен төлемдер және оларды
қолданудың қазіргі жағдайы . . .

IV ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ

4. 1 Орман шаруашылық бөлімінде өрт қауіпсіздігінің талаптары . . .

4. 2 Орман шаруашылық бөліміндегі шу және діріл . . . 4. 3 Орман зиянкестердің санының динамикасындағы энтомофагтар және
олардың рөлi. Энтомофагтардың жалпы сипаттамасы . . .
4. 4 Орман шаруашылығында еңбек қорғау бойынша нұсқау . . . 4. 5. Химикаттармен жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау бойынша нұсқау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .


КІРІСПЕ

Егемен ел болғалы 25 жыл ішінде Қазақстан саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда. Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз салмағының арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты жағдайлар ьуғызуда. Нарық жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты табиғат қорын пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды. Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.

Қазақстан территориясының 4 пайызға жетер-жетпес қана бөлігін алып жатқан орман ресурстарын қорғап, сақтап қалу және оны жетілдіру, территориямыздың 69 %-ын шөл және шөлейтті аймақтар алып келе жатқан шақта бұл мәселенің өзектілігін одан сайын арттырады. Осы жайды ескере отырып, бұл жұмыста түбегейлі экономикалық реформа жүргізуге арналған құжаттарды басшылыққа ала отырып, оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша жасалған кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу арқылы іске асыру мүмкіншілігі қарастырылады.

Қазіргі кездегі байқалған орман ресурстарын пайдаланудағы ысырапсыздыққа жол бермеудің негізгі бағыттары осы ресурстарға алдымен мониторингтік тұрғыдан зерттеу жүргізіп толық есеп-қисапқа алу және ең бастысы экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалап, оларды пайдаланғаны үшін төлемді жүйені қалыптастыру. Осы жағдай дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға ықпал жасады.

Ғылыми жұмыстарды, арнайы әдебиеттерді, мерзімдік басылымдарды, әдістемелік құралдарды және басқа да жинақ, еңбектерді талдау нәтижесі табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін зерттеу саласында елеулі, әрі маңызды ғылыми жұмыстардың бар екендігін көрсетті.

Аталған салада, яғни табиғат ресурстарын тиімді пайдалану саласында, теориялық және әдістемелік мәселелерді шешуде көп еңбек сіңірген, теориялық негізін қалаған Л. В. Канторович, Н. С. Федоренко, Н. Н. Баранский, Э. Б. Алаев, Н. Н. Колосовский, Ю. Г. Саушкин, А. А. Минц т. б. еңбектерін ерекше атауға болады. Бірақ, сол кездегі (экономиканщ басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің үстемділігі кезінде), социалистік шаруашылық жағдайында, табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым негізінде, олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлемнің қажет екендігіне әкеп саяды.

Жоспарлы экономика кезінде табиғат пайдалануда төлемдік жүйені қолданудың мүмкіндігі мен тиімділігі жайында КСРО ғалымдарының біраз еңбектерінде айтылды. Олардың арасында әкімшілік-әміршілдік жүйенің билік алып тұрған кезінде біршама ашық айтқан. В. К. Шкатовтың, З. Қ. Қарғажановтың бұл мәселені тереңнен жан-жақты қозғағанын айрықша атап өткен жөн. Халық шаруашылығын түбегейлі экономикалық реформалау кезеңінде осы бағытта К. Г. Гофман, С. Н. Бобылев, М. К. Клубничкин, Н. Н. Лукьянчиков т. б., Қазақстаннан С. Б. Байзақов, З. Қ. Қарғажанов, Е. М. Үпішев, Қ. М. Баймырзаев, Э. А. Түркебаев, Р. Қ. Ниязбекова, Р. С. Коренов, М. С. Тонкопий, С. Мұхаұлы, Е. Ә. Келемсейіт, Б. А. Исабеков, Н. А. Коваль, А. Молдахметов, В. А. Манзюк, В. Р. Колесников, М. Б. Кенжегузин, Ж. Х. Давильбекова, С. Р. Ердавлетов, К. К. Қажымұрат, Т. С. Сатқадиева және т. б., ал шет елдік ғалымдардан Д. Хоскольд, Д. Пирс, Т. Титенберг, К. Тернер, Г. Хоттелингтер біршама үлкен зерттеулер жүргізді.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және орналастыру тұрғысынан У. Б. Баймұратовтың еңбектерін атауға болады. экономикалық тұрғыдан бағалау, оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру табиғатты тиімді пайдаланудың басты, негізгі элементтері ретінде экономикалық географияның жаңа бағыты болмақ. Бұл жаңа бағыттың пайда болуы экономикалық және әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады.

Қазіргі уақытқа дейін табиғат ресурстарының ішінде орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыру жағынан ең аз зерттелген және практикалық шешімін таппаған мәселеге жатады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қызылорда облысы Н. Ә. Назарбаев атындағы ұлттық табиғи саяжайы орман шаруашылығының қазіргі күйі

Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылды:

- табиғат ресурстарын, оның ішінде орман ресурстарын, экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау туралы теориялық ұғымдарды анықтап, нақтылау;

- ұлттық табиғи саяжайы орман шаруашылығының бүгінгі жағдайын талдау;

- орман ресурстарын бағалаудың әдістерін ұсыну;

Орман ресурсы - биологиялық ресустарға жататыны белгілі, сондықтан олар табиғи ортаға әсері жағынан болсын, табиғи пайда болу жағынан да көбіне ұқсас келеді. Орман ресурсы пайдалану тұрғысынан көп салалы болып келеді, әсіресе, өндірісте қолдану аясы жағынан ағаш шикізат есебінде қолданылады.

Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі.

Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе, республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді.

Басқа табиғат русурстарына қарағанда орман ресурстарының ең бір басты айырмашылығы көп жағдайда далалы және шөлейт аймақтарда өсіруге болады. Бірақ мұндай табиғи қолайсыз жерлерде ағаш өсіру қымбатқа түсетіні белгілі. Ағаш, қоры жағынан әр аумақта биологиялық тұрғыдан әртүрлі болады, сол сияқты өсу динамикасы (қайта қалпына келу, сапасының өзгеруі, жылдық өсімі және т. б. ) да әртүрлі болады.

Орманның даму мүмкіншілігі ауыл шаруашылығының дамуымен биологиялық тұрғыдан ұқсас болғанымен, экономикалық тұрғыдан ерекшелігі бар. Өндіріске жарамды ағаш орташа есеппен 80-100 жыл өсетінін, ал химиялық өңдеуге келетін ағаштың жылдам өсетін түрінің өзі 30-50 жылды қажет етеді. Ал бұл орташа өндірістік циклдардан әлдеқайда ұзақ. Міне сондықтан да орман ресурстарын іске жарамды ағаш ретінде пайдалану үшін оның ондаған жылғы қорын әрқашан сақтап отыру қажет. Бұл жағынан алып қарағанда, ағаш ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау мен минералды ресурстарды бағалауда көп ұқсастық бар, әсіресе, қолдағы қордың қаншалықты құнды екенін айыру тұрғысынан

R=Z - S, (1)

мұндағы Z - жылдық дайын ағаш қорының құндылығы, нарықтық бағасымен, мың тг; S - ағаш қорын дайындауға кеткен шығын мөлшері, мың тг. Ауыл шаруашылығында, жер ресурсын бағалаудың ерекшелігі жердің құнарлылығына, одан алынатын өнім мен баға мөлшерінің әрдайым өзгеріп отыратынына байланысты екенін ескеріп, жыл сайын бағалап отыру қажет.

Орман алқаптары көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін пайдаланылатынын ескерсек, орман ресурстарын бағалағанда егісті, шабындық, жайылым жерлерді де қоса бағалау қажеттілігі туындайды.

Ал су ресурсын алатын болсақ, басқа табиғат ресурстарына ұқсамайтын өзіндік экономикалық тұрғыдан бағалау ерекшелігі бар. Бұл ресурсты бағалағанда әр ауданда, аймақтарда су ресурстары үшін қолданылатын шектеулі шығын мөлшерін ескеру қажет. Өйткені су ресурстары тасымалданбайтын, орналасқан жерінде пайдаланылатын көп салалы ресурсқа жатады. Жоғарыда келтірілген табиғат ресурстарын бағалағанда жалпы ұқсастығы олардың орналасу ерекшеліктерін, яғни географиялық тұрғыдан табиғи қалыптасу орны мен экономикалық тұрғыдан пайдалану деңгейі ескеріледі. Әсіресе, экономикалық тұрғыдан табиғат ресурстары орналасқан жері қаншалықты электр қуатымен, транспортпен, сумен, жұмыс күштерімен, жол қатынасымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Ал орман ресурстарын ағаш қоры есебінде пайдаланғанда бұлардан басқа жазықты жерде немесе биік таулы-қыратты жерлерде орналасуына байланысты бағаланады. Бұл арада ағаш дайындау шығынының әртүрлілігі ескеріледі.

Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі.

Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе, республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді.

Басқа табиғат русурстарына қарағанда орман ресурстарының ең бір басты айырмашылығы көп жағдайда далалы және шөлейт аймақтарда өсіруге болады. Бірақ мұндай табиғи қолайсыз жерлерде ағаш өсіру қымбатқа түсетіні белгілі. Ағаш, қоры жағынан әр аумақта биологиялық тұрғыдан әртүрлі болады, сол сияқты өсу динамикасы (қайта қалпына келу, сапасының өзгеруі, жылдық өсімі және т. б. ) да әртүрлі болады.

Орманның даму мүмкіншілігі ауыл шаруашылығының дамуымен биологиялық тұрғыдан ұқсас болғанымен, экономикалық тұрғыдан ерекшелігі бар. Өндіріске жарамды ағаш орташа есеппен 80-100 жыл өсетінін, ал химиялық өңдеуге келетін ағаштың жылдам өсетін түрінің өзі 30-50 жылды қажет етеді. Ал бұл орташа өндірістік циклдардан әлдеқайда ұзақ. Міне сондықтан да орман ресурстарын іске жарамды ағаш ретінде пайдалану үшін оның ондаған жылғы қорын әрқашан сақтап отыру қажет. Бұл жағынан алып қарағанда, ағаш ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау мен минералды ресурстарды бағалауда көп ұқсастық бар, әсіресе, қолдағы қордың қаншалықты құнды екенін айыру тұрғысынан

R=Z - S, (1)

мұндағы Z - жылдық дайын ағаш қорының құндылығы, нарықтық бағасымен, мың тг; S - ағаш қорын дайындауға кеткен шығын мөлшері, мың тг.

Ауыл шаруашылығында, жер ресурсын бағалаудың ерекшелігі жердің құнарлылығына, одан алынатын өнім мен баға мөлшерінің әрдайым өзгеріп отыратынына байланысты екенін ескеріп, жыл сайын бағалап отыру қажет.

Орман алқаптары көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін пайдаланылатынын ескерсек, орман ресурстарын бағалағанда егісті, шабындық, жайылым жерлерді де қоса бағалау қажеттілігі туындайды.

Ал су ресурсын алатын болсақ, басқа табиғат ресурстарына ұқсамайтын өзіндік экономикалық тұрғыдан бағалау ерекшелігі бар. Бұл ресурсты бағалағанда әр ауданда, аймақтарда су ресурстары үшін қолданылатын шектеулі шығын мөлшерін ескеру қажет. Өйткені су ресурстары тасымалданбайтын, орналасқан жерінде пайдаланылатын көп салалы ресурсқа жатады. Жоғарыда келтірілген табиғат ресурстарын бағалағанда жалпы ұқсастығы олардың орналасу ерекшеліктерін, яғни географиялық тұрғыдан табиғи қалыптасу орны мен экономикалық тұрғыдан пайдалану деңгейі ескеріледі. Әсіресе, экономикалық тұрғыдан табиғат ресурстары орналасқан жері қаншалықты электр қуатымен, транспортпен, сумен, жұмыс күштерімен, жол қатынасымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Ал орман ресурстарын ағаш қоры есебінде пайдаланғанда бұлардан басқа жазықты жерде немесе биік таулы-қыратты жерлерде орналасуына байланысты бағаланады. Бұл арада ағаш дайындау шығынының әртүрлілігі ескеріледі. Орман ресурстарының басты ерекшелігі, яғни көп салалылығы мынаған келіп саяды: а) ағаш қоры; б) ылғал сақтайды; в) топырақ жамылғысын сақтайды; г) микроклимат жағдайын қалыптастырады; д) демалыс орындары; е) жеміс-жидек қоры қалыптасады (саңырауқұлақ, бүлдірген, жаңғақ, емдік шөптер, аңшылық т. б. ) . Бұл тұрғыдан алып қарағанда орман ресурсының экономикалық тұрғыдан бағалау мүмкіндігі қиындай түседі. Өйткені ылғал сақтау, таза ауа қалыптастыру сияқты әрекеттерін тек жанамалай ғана бағалауға болады, әлеуметтік құндылығын айырумен шектеледі.


I. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. 1 Географиялық жағдайы

Қызылорда облысы-Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысы, Тұран ойпатында орналасқан. Облыс 1938 жылы 15 қаңтар күні құрылған. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен оның ішінде шығыс және оңтүстік-шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде-Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбемен және Оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шекараласады. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 4-орында. Әкімшілік орталығы-Қызылорда қаласы.

Ғаламшарымыздағы үлкен экологиялық апатты мәселелердің бірі -Арал теңізі болып табылады. Қолайсыз аймақта тұратын халықты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайдан қорғау үшін заңды шешім және құқықтық тәртіп қажет етілді. Сондықтан Қызылорда облысы және Қызылорда қаласының барлық аймағы апатты болып жарияланды.

1. 2. Табиғаттық-климаттық жағдайы

Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м. )

-облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі;

-оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан;

-батысында - Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар.

Сырдарияның сол жақ жағалауында - Жаңадария мен Қуаңдария өзендірінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м. ), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде - құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін) .

Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; Для защиты от паводков вдоль берегов реки построены дамбы; в 1956 на реке Сырдарья сооружена Кзыл-Ординская плотина; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді. Жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар (Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т, б. ) ; Көпек және Терескен көлдерінде - емдік қасиетке ие батпақтары бар. Қызылорда облысының шегінде солтүстік-шығысында Сарысу өзенінің сағасы кіреді.

Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан; яғни қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз өсімдіктер сорты; құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғылдар, теріскен, бұйырғандар, жусандармен бекіген.

Шөл далада көптеген жыртқыш аңдар (түлкі, қарсақ, қасқыр және т, б. ) және тұяқтылар (киік), сонымен қатар кеміргіштер мен құстар (бұлдырлар және өзгелер) кездеседі, Сырдария өзенінің атырабында ондатра бейімделген.

Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады.

Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады.

Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай-қаңтардағы орташа температура 35-360 С градусты құрайды.

Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420 С градусқа дейін жетеді. Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.

Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3, 1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады. Ауа-райы күрт-континентальды. Қысы негізінен жұмсақ, жазы қапырық. Мұндай ауа-райы облысты қоршап жатқан Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпат жерлерінің әсерімен қалыптасады. Облыс аумағынан ұзындығы мыңға жуық километр Сырдария өзенінің төменгі ағысы өтеді.

1. 3 Жер ресурстары

Қызылорда облысының жалпы жер қоры 24035, 9 мың гектарды құрайды. Олардың ішінен 2205, 4 га Қарағанды облысы ұзақ мерзімді пайдалануға берген, 771, 4 мың га жерді Байқоңыр кешені үшін және Арал ауданының аумағында Сарышаған сынақ полигоны үшін Ресей Федерациясынан жалға алынған. Жалпы жер қорының құрамында 12947, 9 мың га - ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлер, немесе облыстың жалпы жер ауданының 13, 5%-ы. Қызылорда облысының топырақ- өсімдік жабыны шөл дала аймағына жатады. Суару жүйесін қосқанда, жердің жалпы ауданынан Сардария өз. жайылмасында - 25%, жартылай шөл дала аймағында- 20%, шөл дала аймағында 55% орналасқан. Жылулық және күндік ресурстар бойынша Қызылорда облысының жағдайдары көптеген дақылдарды өсіру үшін қолайлы, бірақ жауын- шашынның аз болуы салдарынан жер игеру тек суаруға негізделеді.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі

Орман ресурстарын бағалағанда мына көрсеткіштерді ескерген жөн:

  1. Орман ресурсы алып жатқан ауданның мөлшерін және ағаш қорының көлемін.
  2. табиғи ерекшелігін (ағаштың түрлері, жасы, тауарлық топтары т. б. ) .
  3. табиғи және экономикалық тұрғыдан игеру мүмкіндігін.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология және экономикалық тәрбиелеу жайлы ұғым
Өсімдіктер қорғау саласындағы өзекті мәселелер туралы
Қала экологиясы
XVII-XVIII ғ. ғ. егіншілік жүйесі
Жерді қорғау және тиімді пайдалану
Жеміс - жидек дақылдар сорттарына сипаттама
Қызыл кітапқа енген құстарды да қырып жатыр
Қырғауылға аңшылық жасау
Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері
Туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық орталықтар және емдеу саласындағы туризмнің үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz