Ибараки ауруы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

Тақырыбы: Ибараки ауруы

Орындаған: Әбіл Ұ. 313-топ

Тексерген: Сарикова С. С

АЛМАТЫ, 2015 ж.

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Ибараки ауруына жалпы сипаттама

2. Сойғанға дейінгі және сойғаннан кейінгі диагностика

3. Ибараки ауруы кезінде жануар өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау

4. Ауруды балау және алдын алу шаралары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе

Ауру - ағзаның тіршілік етіп, өсіп-ену қабілетінің бұзылуы. Ауру туралы ұғымда әр түрлі көз қарастар болып келген. Ертедегі Рим дәрігері, Гипократ ауру дегенді 4 түрлі сұйық заттың өзара алмасып, өзгеруіне пайда болады деп есептеген. Бұл туралы материалитсік көзқарас негізі Әбу Әли ибн Синаның еңбегінде басталады. Ол аурудың сыртқы орта жағдайына байланысты болатынын және әр науқастың өзіне ерекше ем қолдану қажет екенін айтқан. Жануарлардың ауруға шолығуы көбінесе сыртқы орта факторлары себепкер болады. Дененің бір жерінен басталған ауру зардабы бірте-бірте барлық ағзаға таралады. Кейде ауру денені тез шарпып әкетеді де, оның қай жерде басталғаны белгісіз болады. Аурудың да, оны тудырғыш факторлардың да алуан түрлі болуына қарамастан, аурудың кезеңі үшке бөлінеді:

  • Жасырын кезеңі,
  • Нағыз ауру
  • Айығу кезеңі.

Жануарлар аурулары әлемде кең көлемде таралған. Әр түлік малына ортақ және әр түліктің өзіне тән жеке аурулар да кездседі. Сиырға тән ауруларға: алаөкпе, ірі қара мал лейкозы, ибараки және т. б. Солардың ішіндегі Қазақстан Республикасында кездеспейтін Ибараки ауруына толық тоқталайық.

II. Негізгі бөлім

1. Ибараки ауруына жалпы сипаттама . Ибараки ауруы - сиырдың ауыз қуысындағы кілегейлі қабықтарының ойылып қабынуы мен жұтынуының қиындауы арқылы білінетін жұқпалы ауру.

Тарихи деректер. Алғаш рет бұл ауру 1959 жылы Жапонияда байқалып, індеттік клиникалық патанатомиялық белгілері катарлы қызбаға ұқсас болғандықтан блутанг тәрізді індет деп аталды. Кейін Ибараки префектурасында вирусын бөліп алып ажыратқан соң Ибараки ауруы атауына ие болды. Бұған дейін орталық және Батыс Жапонияда сиырдың тұмауы, індеттік қызба деп аталып келген. Бұл індеттің Индонезияның Бали аралында, Тайваньда сиырда болып тұратыны вирусологиялық және серологиялық зерттеулер арқылы дәлелденді. Ауру қоздырушысы вирустың Оңтүстік - Шығыс Азияның тропикалық және қоңыржай аймақтарында кең тарағаны белгілі болды.

Қоздырушысы - РНҚ құрамды реовирустар тұқымдастығының орвивирустар туыстастығына жататын вирус. Вирустың өлшемі диаметрінде 55нм, электрондық тығыз орталық өзегі 35 нм, сыртқы қапшығы болады. Морфологиялық қасиеттері бойынша катарлы қызба вирусына ұқсас, одан антигендік ерекшелігі бар. Антигендік варианттары анықталған жоқ. Тауық эмбрионында, алғашқы және көшірілетін торша өсіндісінде өседі. Еметін тышқан балаларының миына жұқтырып өсіруге болады. Үй қояны мен теңіз тышқанының бұл вирусқа бейімділігі жоқ.

Ибараки вирусы эфирге, хлороформға, дезоксихолатқа төзімді, трипсинге, қышқыл ортаға төзімсіз. 4 °C температурада ұзақ сақталады, қатырып ерітуге төзімді. 56 °C - та 60 мин, 60 °C - та 5мин белсенділігін жояды.

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда Ибараки ауруына сиыр ғана бейім, оның вирусының қой үшін зардаптылығы төмен, вирус тасымалдаушысы - Culicoides шіркейлері.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/8/84/Culicoides-imicola-bloodfeeding.jpg

1 - сурет. Ауру тасымалдаушысы - Culicoides шіркейлері

Сондықтан аурудың маусымдық байқалуы жазда басталып күзге дейін созылады. Маусымдылығы мен географиялық таралуы климаттық жағдайға байланысты. Өлім көрсеткіші - 5-10 пайыз мөлшерінде.

Дерттенуі толық зерттелген жоқ. Денеге енген вирус қанға өтіп, ішкі ағзаларға жетеді. Ауруға шалдыққан малдың ыстығы көтерілген шақта вирусты қаннан бөліп алуға болады.

2. Сойғанға дейінгі және сойғаннан кейінгі диагностика. Жасырын кезеңі 4-12 күн. Ауру кенеттен дененің ыстығының көтерілуі арқылы білінеді. Қызу 2-3 күнге, кейде 1 аптаға созылады. Бұл кезде көзден жас, ауыздан көбіктенген сілекей ағады. Ауыз бен мұрынның кілегейлі қабықтары, коньюктива домбығады. Ауырған малдың көбісі сауығып кетеді. Бірақ кейбір жануарларда ауру асқынып бастың жақ тұстары, тұмсығының ішкі қуысы, тұяғының көбесі зақымданып, өлі еттеніп ойылымдар пайда болады. Сонымен бірге өкпесі қабынып, тынысы тарылады, 7-10 күндей уақыт өткен соң кейбір малдың тілі, жұтқыншағы, өңеші салданып, нәтижесінде тілі салақтап, арықтап, өліп қалады.

http://www.medicalj.ru/images/infekcii/yacshur03.gif

2 - сурет. Ибараки ауруы кезіндегі ауыз қуысының ойылуы

Өлген жануардың еріндерінде, ауызының ішінде, өңеші мен қарынында, көбесінде ойылымдалған, өліеттенген телімдер болады. Бұндай өзгерістер бұлшық еттері мен сирақтарында да ұшырасады.

3. Ибараки ауруы кезінде жануар өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау. Ибараки ауруымен аурымен жануардан алынған өнімдерді толықтай жояды. Оларды пайдалануға болмайды.

Қора - жайларды, ауру мал жанасқан құрал - саймандарды арнайы дезинфекциялық препараттармен дезинфекциялайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи жағдайда вирусты тек ірі қара мал қабылдайтын
Ибараки ауруы туралы
Реовирустар. Тауықтың жұқпалы бурситі ауруларының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Жапонияның саяси жүйесі
Жапонияның саяси жүйесі және саяси қатынастары
Қазақстан Республикасындағы инновациялық бизнестің дамуы
Жиі пайдаланылатын әдістер
Церебральды сал ауруы диагнозы бар мүгедек балаларға көрсетілетін мейіргерлік күтім
Альцгеймер ауруы
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің даму
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz