Микропроцессорлық техниканың командалары


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматтандыру, ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ және
БАСҚАРУ кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
пәні «Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар»
мамандығы: Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
тақырыбы: Микропроцессорлық техниканың командалары
Жұмыс
Бағасы
Бағасына қорғалды
«___» 2015_ж.
Комиссия
қолы, аты - жөні
қолы, аты - жөні
Норма бақылау:
қолы, аты - жөні
Орындаған
Студент
Тобы -
қолы, аты - жөні,
Жетекші
қолы, аты - жөні,
Шымкент 2015 ж.
Ф. 7. 05-04
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Автоматтандыру, ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ және
БАСҚАРУ кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
Исмаилов С. Ө. т. ғ. к., доцент
2015ж.
«Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар»
пәні бойынша курстық жұмыс
ТАПСЫРМА № 8
Студент тобы
Жұмыс тақырыбы: Микропроцессорлық техниканың командалары
Бастапқы мәліметтер жоқ
Әдебиет:
1. Б. С. Есмағамбетов. «Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
2. Есмағамбетов Б. С. Цифрлық құрылғылары және микропроцессорлар. Оқу құралы. Шымкент: «Нұрлы бейне» баспасы, 2010, 184с
3. Есмағамбетов Б. С. Басқару жүйелердргі микропро-цессорлық кешендер. Оқу құралы. Шымкент: «Әлем баспасы», 2013, 236с
Тапсырманың берілген күні , жұмысты қорғалған күні
Жұмыстың жетекшісі:
(аты - жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
(күні, студенттің қолы)
Ф. 7. 04-06
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебі
«Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасы
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
Исмаилов С. Ө. т. ғ. к., доцент
«»2015ж.
Курстық жұмыс қорғау
Хаттамасы № 8
пәні: «Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар»
студент тобы -
(аты - жөні)
Курстық жұмыс тақырыбы Микропроцессорлық техниканың командалары Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:
Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен ) балл.
Сомалық баллы
Жұмыстың бағасы
Курстық жұмыстың жетекшісі
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшелері
Қорғау күні 2015ж.
Аннотация
Соңғы кезде өндірістік технологиялық процестерінде қолданылатын машиналар мен жабдықтардың көбісінде басқару әрекеттері цифрлық аппаратурамен жүзеге асады. Басқаруды бір мақсатқа бағытталған ақпараттың өзгеруі деп қарастырғанда, мұндай аппаратура микропроцессордың ақпарат өңдейтін мүмкіндігін пайдаланады. Осы тұрғыдан қарағанда, курстық жұмысында қарастырылған мәселелер RISC архитектуралы микроконтроллерлермен танысуға жол ашады.
Курстық жұмысында RISC біркристалды микроконтроллерлер архитектурасы, PIC микроконтроллерлер және AVR микроконтроллерлелдің архитектурасымен сипаттамалары қарастырылған.
Көлемі 26 бет, 11 сурет, 1 кесте, 7 әдебиет қолданылған.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер 6
Пайданылатын қысқартулар мен белгілер 7
Кіріспе 8
1. Микропроцессорлардың бұйрықтар жүйесі 9
2. Адрестеу әдістері 173. Ассемблер тілінде программалау негіздері 22
Нормативті сілтемелерПайдаланылған әдебиеттері 26
Қолданылған қысқартулар мен белгілер
МП - микропроцессор
АЛҚ - арифметикалық-логикалық құрылғы
ТЕСҚ - тұрақты есте сақтағыш құрылғы
ОЕСҚ - оперативті есте сақтағыш құрылғы
ОП - орталық процессор
РП - белгілер регистрі
SP - стек көрсеткіш
БС - бұйрықтар санағыш
КОп - операция коды
Кіріспе
Тақырыбының өзектілігі .
Курстық жұмыстың өзектілігі тақырыб бойынша қарастылылған мателиалдардың микропроцессорлық техникада пайдалуымен анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері микропроцессорлық техникадағы пайдаланатын құрылғыларды қолдану принциптеріне негізделеді.
Практикалық қажеттілігі.
Курстық жұмыстың практикалық қажеттілігі қарастырылған принциетері, құрылымдық схемалары, сипаттамалары әр-түрлі цифрлық техникада қолдану мұмкіндіктерімен анықталады.
Курстық жұмыстың мазмұны тапсырманың және әдістемелік нұсқаудың талаптарына сәйкеседі [1] .
1. Микропроцессорлардың бұйрықтар жүйесіМП - ң барлық бұйрықтар (командалар) жүйесін келесі топтарға бөлуге болады [2, 3] :
- тапсыру бұйрықтары;
- арифметикалық бұйрықтар;
- логикалық бұйрықтар мен қозғалту бұйрықтары;
- басқару бұйрықтары;
- арнайы бұйрықтар.
Бұйрықтар топтарының әрқайсын жеке - жеке қарастырайық.
1) Тапсыру бұйрықтары.
Тапсыру бұйрықтары МП - ға берілгендерді бір блоктан екіншісіне беруді бұйырады, мысалы, бір регистрден басқасына. Бұл бұйрықтар әрқашан да берілгендер көзі мен қабылдағышын анықтайды, бұл кезде бұйрықта алдымен қабылдағыш адресі, сосын берілгендер көзінің адресі жүреді.
Бұл кезде берілгендер көзіндегі ақпарат өзгермейді.
MOV бұйрығы
MOV A, B; B→A
MOV A, M; M→A, M - алдын - ала Н - жұбына орналастыру керек болатын жады ұяшығының адресі.
MVI бұйрығы .
MVI бұйрығының MOV бұйрығынан ерекшелігі - берілгендер көзі ретінде операция кодынан кейін жүретін сегізразрядты константа қолданылады. Берілгендер қабылдағышы r регистрі немесе М жады ұяшығы болып табылады.
MVI C, data 8 ; data 8 →C
LXI бұйрығы .
LXI бұйрығы регистрлік жұптарды (В - жұптары, D - жұптары, Н - жұптары) және SP стек көрсеткішін тікелей операция кодынан кейін жүретін 16 - разрядты санмен жүктеуге қолданылады.
LXI D, data 16 ; data 16 →(D, E)
LDA, STA бұйрықтары.
LDA бұйрығы бойынша аккумуляторға адресі операция кодынан кейін жүретін жады ұяшығындағы ақпарат жүктеледі. STA бұйрығы бойынша аккумулятордағы ақпарат адресі операция кодынан кейін жүретін жады ұяшығына жазылады.
LDA addr 16 ; addr 16 →A
STA addr 16 ; A→addr 16
LDA және STA бұйрықтары үшбайтты болып табылады. Бірінші байтта операция коды орналасады, <B 2 > екінші байтта - адрестің кіші байты (addr кіші ), ал <B 3 > үшінші байтта - адрестің үлкен байты (addr үлкен ) орналасқан.
LDAX, STAX бұйрықтары
LDAX бұйрығы бойынша аккумуляторға (В, С) немесе (D, E) регистрлік жұбымен адрестелетін жады ұяшығындағы ақпарат жүктеледі. STAX бұйрығы (В, С) немесе (D, E) регистрлік жұбымен адрестелетін жады ұяшығына аккумулятордағы ақпаратты беруді орындайды.
LDAX B; жанама адрестеу. Алдын - ала В - жұбына ақпаратты акумуляторға жүктелетін ұяшық адресі жүктеледі.
Портпен операциялар .
IN және OUT бұйрықтары А аккумулятор мен енгізу - шығару порттарының арасындағы ақпарат алмасуды басқарады. IN (енгізу) бұйрығында берілгендер көзі port енгізу порты, ал қабылдағышы - А аккумулятор болып табылады. OUT (шығару) бұйрығында берілгендер көзі А аккумулятор, ал қабылдағыш - port шығару порты болып табылады. Порт адресі тікелей IN немесе OUT операциясының кодынан кейін жүреді.
IN addr port;
OUT addr port ;
Стекпен жұмыс істеу .
LXI бұйрығы
LXI SP, data 16 ; data 16 →SP. Осы уақыттан бастап, стек жадының қай жерінде екендігі белгілі.
PUSH (стекке орнату) және POP (стектен итеріп шығару) бұйрықтары әрқашан да (В, С) , (D, E), (H, L) регистрлік жұбымен немесе PSW программасының қалыптық сөзін қалыптастыратын (А, РП) регистрлер жұбымен операция жүргізеді. SP стек көрсеткішінде стектегі ең соңғы рет ақпарат жазылған ұяшық адресі, яғни стектің үстінің адресі орналасқан.
PUSH (стекке орнату) бұйрығы бойынша келесі жұмыстар орындалады:
а) SP - гі ақпарат алдымен 1 -ге азаяды (декременттеледі) ;
б) стекке үлкен байт жүктеледі;
в) SP ақпараты тағы да декременттеледі;
г) стекке кіші байт жүктеледі.
PUSH B; стекке В - жұбын жазу.
POP бұйрығы бойынша кері жұмыстар істеледі. Алдымен кіші байт стектен МП - ға итеріліп шығарылады және SP - гі ақпарат 1 - ге ұлғаяды (инкременттеледі) . Сосын үлкен байт стектан МП - ға итеріп шығарылады және SP ақпараты инкременттеледі.
POP B; стектен В - жұбына итеріп шығару.
2) Арифметикалық бұйрықтар [3, 4] .
Бұл топ бұйрықтарының басқаруымен МП АЛҚ - да арифметикалық операцияларды орындай алады. КР580 МП - ры тек қосу және алуды орындайтынын еске салайық. Бұл МП бірадресті болғандықтан арифметикалық операцияларда операндтардың бірі операция кодының өзімен айқын емес түрде адрестеліп, аккумуляторға орнатылады. Операция кодынан кейін екінші операндтың орналасқан жерін көрсету керек. Нәтиже (қосынды және айырым) аккумуляторға орнатылады. Арифметикалық операция алдында аккумуляторда орналасқан операнд операцияны орындағаннан кейін жойылады.
ADD, ADC қосу бұйрықтары .
ADD r ; A+B→A
ADC r ; A+B+CY→A
ADC, бұйрығы ADD бұйрықтың бір түрі. ADC бұйрығы бойынша екі операндты қосу ғана емес, сонымен қатар алдыңғы операциядан қалған CY көшіру белгісімен де қосу жүзеге асады. Операция нәтижесі аккумуляторда сақталады.
ADI, ACI қосу бұйрықтары .
ADI бұйрығы аккумулятордағы ақпаратты операция кодынан кейін тікелей жүретін операндпен қосуды орындайды. ACI бұйрығы бойынша тікелей операнд аккумулятордағы ақпаратпен және CY көшіру белгісімен қосылады.
ADI data 8 ; A+data 8 →A
ACI data 8 ; A+data 8 +CY→A
SUB, SBB алу бұйрықтары.
МП - ға жалпы міндет регістрдың немесе М жады ұяшығының ақпаратын аккумулятордағы ақпараттан тікелей алуға мүмкіндік береді. SBB бұйрығы SUB бұйрығының бір түрі. Бұл бұйрық бойынша үлкен разрядтан бірлік алу арқылы алу орындалады.
SUB r A - r →A
SUB M A - M → A
SBB r A - r - CY → A
SBB M A - M - CY → A
SUI, SBI алу бұйрықтары .
SUI бұйрығы бойынша аккумулятордағы ақпараттан операция кодынан кейін тікелей жүретін операнд алынады. SBI бұйрығы бойынша аккумулятордағы ақпараттан тікелей операнд та, CY белгісі де алынады.
SUI data 8 ; A - data 8 → A
SBI data 8 ; A - data 8 - CY → A
Назар аударыңыз!
Барлық сипатталған арифметикалық қосу және алу бұйрықтары белгілер регистрінің барлық белгілеріндегі ақпаратты өзгертеді (модификациялайды) .
INR, DCR бұйрықтары .
INR бұйрығы ADD бұйрығының бір түрі. Бұл бұйрық бойынша МП ЖМР регистрлерінің бірінің, аккумулятордың немесе М жады ұяшығының ақпаратын 1 - ге көбейтеді. DCR бұйрығы SUB бұйрығының бір түрі. Бұл бұйрық бойынша МП ЖМР регистрлерінің бірінің, аккумулятордың немесе М жады ұяшығының ақпаратын 1 - ге азайтады.
INR r r+1→r
INR M M+1→M
DCR r r-1→r
DCR M M-1→M
Назар аударыңыз!
Бұл бұйрықтар CY тасымалдау белгісінен басқа барлық белгілерді модификациялайды.
INX, DCX бұйрықтары .
INX инкрементінің және DCX декрементінің бұйрықтары регистрлік жұптар (В -, D -, H - жұптар) мен SP стек көрсеткіш ақпаратын сәйкесінше 1 - ге үлкейтеді және кішірейтеді.
INX r p; r p+1→r
DCX r p; r p - 1→r
Назар аударыңыз!
Бұл бұйрықтар белгілер регистрін өзгертпейді (модификацияламайды) .
DAD, DAA бұйрықтары.
DAD екі рет қосу бұйрығы H, L регистрлік жұбының ақпараты мен r p адрестелетін регистрлік жұп ақпаратын (r p - бұл B -, D -, H - жұптар, SP) қосады.
DAD r p; (H, L) +r p→(H, L)
Назар аударыңыз!
Бұл бұйрық тек тасымалдау белгісін модификациялайды .
DAA аккумуляторды ондық коррекциялық бұйрығы аккумулятордағы 8 - разрядты екілік санды CY тасымалдау белгісі дұрыс орнатылған екілік - ондық кодтың екі цифрасына ауыстыруды жүзеге асырады. Бұл жерде келесі әрекеттер жасалады.
- Егер кіші тетрадада 910- нан үлкен сан болса немесе көмекші тасымалдау белгісі АС=1 орнатылса, онда аккумулятор ақпараты 610- ға үлкейеді.
- Егер осыдан кейін аккумулятордың үлкен тетрадасында 9 - дан үлкен сан болса немесе көмекші тасымалдау белгісі CY=1 орнатылса, онда үлкен тетрадаға 610қосылады.
Назар аударыңыз!
Ондық коррекцияда белгілер регистрінің барлық белгілері модификацияланады.
3) Логикалық бұйрықтар мен жылжыту бұйрықтары.
Логикалық операциялар мен жылжыту бұйрықтарының көмегімен келесі әрекеттер істелуі мүмкін:
екі операндты қолданып ЖӘНЕ (И), НЕМЕСЕ (ИЛИ), жоятын НЕМЕСЕ (исключающее ИЛИ) (2 модулі бойынша қосу) логикалық операциялары. Операндтардың бірі әрқашан да аккумуляторда орналасады. Бұйрықты орындаған нәтиже аккумуляторда тіркеледі.
ANA бұйрығы
ANA бұйрығы аккумулятор ақпараты мен ЖМР регистрінің бірінің ақпаратына, аккумулятордың және М ұяшығының ақпаратына ЖӘНЕ (И) логикалық операциясын орындайды.
ANA r ; A & r →A
ANA M; A & M→A
ORA бұйрығы .
ORA бұйрығы аккумулятор ақпараты мен ЖМР регистрларының бірінің ақпаратына, аккумулятор мен М ұяшығының ақпаратына логикалық НЕМЕСЕ (ИЛИ) операциясын орындайды.
ORA r ; A V r→ A
ORA M; A V M→ A
XRA бұйрығы .
XRA бұйрығы аккумулятор ақпараты мен ЖМР регистрларының бірінің ақпаратына, аккумулятор мен М ұяшығының ақпаратына логикалық жоятын НЕМЕСЕ (исключающее ИЛИ) операциясын орындайды.
XRA r ; A
r → A
XRA M; A
M → A
ANI, ORI, XRI бұйрықтары .
Бұл бұйрықтар ANA, ORA, XRA бұйрықтарынан айырымдылығы - екінші операнд тікелей операция кодынан кейін жүреді.
ANI data 8 ; A & data 8 →A
ORI data 8 ; AV data 8 →A
XRI data
8
; A
data
8
→A
CMP, CPI бұйрықтары .
CMP бұйрығы бірі аккумуляторда, екіншісі ЖМР регистрының бірінде немесе М ұяшығында орналасқан екі санды салыстыруға қолданылады. Салыстырғанда, сандардың бірі басқа саннан алынады. Нәтижеге сәйкес белгілер регистрінің белгілері қалыптасады. Бұл кезде аккумулятордағы ақпарат өзгермейді.
CMP r ; A - r
CMP M; A - M
CPI data 8 ; A - data 8
CMP және SUB бұйрықтарының арасындағы айырмашылығы - СМР бұйрығын орындағанда операция нәтижесі аккумуляторда тіркелмейді.
Назар аударыңыз!
Логикалық операциялар мен салыстыру бұйрықтары белгілер регистрін модификациялайды.
СМА бұйрығы
СМА бұйрығы аккумулятордағы ақпаратты инверттеуге қолданылады.
СМА;
.
Назар аударыңыз!
СМА бұйрығы белгілер регистрін модификацияламайды .
STC, CMC бұйрықтары.
STC; 1→CY
CMC;
STC бұйрығы CY тасымалдау белгісін орнатады. СМС бұйрығы тасымалдау белгісін инверттейді.
RLC, RRC, RAL, RAR жылжыту бұйрықтары .
Егер берілгендерді жылжыту операторын орындау керек болса, онда оларды алдын ала аккумуляторға орнату керек. Бір байтты жылжыту бұйрықтарының операнды нәтиже қалыптасатын аккумулятор ақпараты болып табылады. Жылжытулар солға (RLC, RAL) және оңға (RRC, RAR) тек бір разрядқа орындалады. Жылжыту бұйрықтарын орындау төмендегі суретпен түсіндіріледі.
Сурет 1 - Жылжыту бұйрықтары
4) Басқару бұйрықтары [5] .
Жадыдан сол уақыттағы бұйрықты таңдағаннан кейін БС - нда реті бойынша келесі тұрған бұйрықтың адресі қалыптасады. Тармақталатын және циклдік программаларда және қосымша программаны қолданғанда реті бойынша келесі бұйрықты емес, программалық жадының басқа ұяшығында орналасқан бұйрықты орындау керек. Ол үшін БС - на ауысу адресі деп аталатын жаңа ұяшықтың адресін енгізу жеткілікті. Мұндай үрдіс басқаруды ауыстыру, ал оны орындайтын бұйрықтар басқаруды ауыстыру бұйрықтары деп аталады.
Басқаруды ауыстыру бұйрықтары шартсыз және шартты болады.
Басқаруды шартсыз ауыстыру бұйрықтары бойынша программада бұйрықта көрсетілген адреске ауысу орындалады.
Басқаруды шартты ауыстыру бұйрықтары бойынша, ауысу тек белгілер регистрінің белгілерінің біріндегі ақпарат белгілі бір шартқа сәйкес болса ғана орындалады. Егер бұл шарт орындалмаса, онда ауысу жүзеге аспайды және программа басқаруды шартты ауыстыру бұйрығынан кейінгі бұйрыққа сәйкес орындалады.
Шартсыз ауыстыру бұйрықтары
JMP addr; адрес addr белгілі.
Шартты ауыстыру бұйрықтары.
Нөл белгісі бойынша:
JZ addr; егер Z=1 болса, ауысу.
JNZ addr; егер Z=0 болса, ауысу.
CY тасымалдау белгісі бойынша:
JC addr; егер CY=1 болса, ауысу.
JNC addr; егер CY=0 болса, ауысу.
Таңба белгісі бойынша:
JM addr; егер S=1 болса, ауысу.
JP addr; егер S=0 болса, ауысу.
Паритет белгісі бойынша:
JPE addr; егер P=1 болса, ауысу.
JPO addr; егер P=0 болса, ауысу.
Басқаруды қайтымсыз шартсыз ауыстырудың ерекше бұйрығы PCHL бұйрығы болып табылады.
PCHL; HL→PC,
Оны орындағанда нәтижесінде МП программаны (H, L) регистрлік жұбынан бұйрықтар санағышына жүктелетін адрестен бастап жалғастырады.
Қосымша программаны шақыру бұйрықтары .
Шақырудың ерекше бұйрығы RST n(n=0…7) үзуді өңдеуге және программаның қайта тексеру кезіндегі бақылау нүктелерді (үзілістерді) енгізу үшін арналған. Ол рестарт (қайтадан бастау) деп аталады. Рестарт операция кодында 11ААА111 2 үш ААА разряды үзудің қосымша жүйесімен (аппараттық үзу) қалыптастырылады немесе программистпен көрсетіледі (программалық үзу) .
Рестарт бұйрығын орындаған екі әрекеттен тұрады.
- Сол уақыттағы БС бұйрықтар санағышының ақпараты стекке жүктеледі.
- БС - на 00ААА0002коды беріледі.
Демек, ААА үш разрядына тәуелді МП 8 ұяшықтың біріне ауысады:
16 , 0008 16 , 0010 16 , 0018 16 , 0020 16 , 0028 16 , 0030 16 , 0038 16 .
CALL addr; бұйрық addr адресінде орналасқан қосымша программаны шақырады. Бұл бұйрық бойынша негізгі программаға қайтуға қажет әрекеттер орындалады:
- БС - да шақыру бұйрығынан кейінгі негізгі программадағы бұйрықтың адресі тіркеледі;
- БС - ң ақпараты стекке жүктеліп, стек көрсеткішінің ақпараты 2 - ге азаяды;
- БС - на шақыру бұйрығымен берілетін addr адресі жүктеледі. Осыдан кейін қосымша программаны орындау басталады.
Қосымша программадан қайтару бұйрықтары.
RET бұйрығы қосымша программаның соңғы бұйрығы болып табылады. Бұл бұйрық бойынша қайтару бұйрығымен дайындалған негізгі программаға қайту орындалады. Бұл бірбайтты бұйрық бойынша (құрамында тек операция коды бар) келесі оқиға орындалады:
- БС стектен шақыру бұйрығынан кейінгі негізгі программадағы бұйрықтың адресін алады;
- Стек көрсеткішіндегі ақпарат сәкесінше модификацияланады (яғни, екіге ұлғаяды) .
RET; [SP] → PC кіші , [SP+1] → PC үлкен .
; SP+2 → SP
Шартты қайтару бұйрықтарының келесі белгілері бойынша модификациялары бар:
Кесте 1
5) Арнайы бұйрықтар.
Әрбір МП - да бірқатар арнайы бұйрықтар болады. Бұл бұйрықтар ақпаратты таратпайды және өңдемейді, бірақ олар МП жұмысын басқару үшін қолданылады.
HLT бұйрығы
HLT бұйрығы бойынша жүріп жатқан программа үзуге сұраныс немесе нөлге түсіру сигналы пайда болғанша тоқтатылады.
DI, EI бұйрықтары
Егер МП DI бұйрығын алса, онда ол үзу сұраныстарына EI бұйрығы түскенше жауап бермейді.
NOP бұйрығы .
NOP бос бұйрығы келесі бұйрыққа өту үшін БС бұйрықтар санағышының инкрементінен басқа ешқандай жұмыс атқармайды. NOP бұйрығы әдетте МП программаланатын ұзақтық сигналын генерациялайтын тоқтауды циклдерінде қолданылады.
2. Адрестеу әдістері ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz