Шығыс Қазақстан Облысында туризмнің экстремалды түрлерін дамыту



Туризм- адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалысының бір түрі.
Өз бастауын 19ғ. Басында алған туризм бүгінгі күнде- ірі капиталды, негізгі қаражаттарды, еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан, ірі экспорттық салалар ішінде автомобиль және мұнай өндіру өнеркәсібіне кейінгі үшінші орындағы ірі әлемдік экономикалық кешен болып табылады.
Туристік индустрия жоғарғы кірісті, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық экономика мен қоғам дәрежесін көтеретін ктализатор болғандықтан Қазақстан Республикасы оны дамытуға және өркендетуге жан-жақты назар аударуда. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы халқымызға жолдауында «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жж арналған мемлекеттік бағдарламасын» жалпы ұлттық іске асыру жоспарына енгізді. Бұл бағдарламада келу және ішкі туризмін дамыту, туризм инфрақұрылымы дамуына жағдай жасау, рекреациялық шаруашылықты мамандануы бар аймақтар қалыптастыру көзделген. Сондықтан да елімізде халықаралық бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру үшін мемлекеттік реттеу мен қолдау ұсынып отыр.
«Қазақстан Республикасы Орта Азиядағы туристік орталыққа айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіншіліктер бар.»- дейді елбасымыз.
Республикамызда туризмнің ерекше қанат жайып өркендеуіне ыңғайлы аймақтың бірі- териториясының ауқымды бөлігін Алтай таулы өңірі алып жатқан Шығыс Қазақстан Облысы. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша таулы аудандардың экономикалық және әлеуметтік көтерілу проблемасы өте өзекті мәселелердің қатарында. Сондықтан да осындай жабайы табиғатты таулы аудандар үшін туризм-жергілікті халық өркендеуіне ықпал ететін негізгі экономикалық фактор болуы тиіс. Және де мемлекеттік назардан шалғай жатқан әрі табиғи ресурстары бай аудандарда жартылай жария браконьерлік, заңсыз ағаш кесу, мықты жеке меншік ауылшаруашылығы кәсіпкерлері орын алуда.
Шығыс Қазақстан облысы немесе Алтай таулы өңірі- бірегей және қайталанбас табиғат сұлулығымен, алуан түрлі флора және фаунасымен танымал, Қазақстанның Швейцариямен теңестірген, «Чуйскі Альпісі» атанған інжу маржаны болып табылады. Түркі халықтарының ежелгі түп-тамыры және ежелгі таулы металлургия өз бастауларын алған, Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы кесіп өткен бұл мекен- ежелгі көшпенділер мәдениеті қиылысқан, археолог ғалымдарды табындырған көне тарих көзі және әлемдік мәні бар табиғи-тарихи әрі мәдени ескерткіш болып табылады.
Осы уақытқа дейін Алтай таулы өңірі қауіпті урбандалудан тыс қалды және өзіне тән ерекше таулы ландшафтыларын сақтап қалды. Шығыс Қазақстанның ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени құндылықтарға ие табиғи кешендерін сақтап қалу мақсатында территориясында Марқакөл қорығы(1976ж), Батыс Алтай қорығы(1992ж), Рахман бұлағы қорықшасы, Катон-Қарағай Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі(2001ж 17 шілде) ұйымдастырылған. Олардың территорияларында 60 астам түрлі сүтқоректі, 260 астам түрлі құстардың түрі, 720 астам өсімдік түрі, 10 астам балық түрі кездеседі.
Қазіргі уақытта Табиғатты қорғаудың «Қызыл кітабына» енгізілген аса сирек кездесетін 33 түрлі құс және жануарлар бар. Оларға құстардан сұр құр, тундра шілі, ақбас тырна, лашын, тұйғын, алтай ұлары, қара тырна, қаршыға т.б, ал жануарлардан қызылқасқыр, сусар, қар барысы, елік, күдір, бұлғын т.б жатады. Бұл жан-жануарлардың ішінде тек Алтайдың табиғи кешендеріне тән эндемик жануарларына балықтардан- хариус, құстардан- сұр құр, тундра шілі, омыртқалылардан- құдыр, құну, бұлғын кіреді.
Алтайдың табиғи жағдайы таңданарлық әсем таулы-орманды және биік таулы ландшафтыларымен, қоңыржай континентті климатымен, қысқа және қоңырсалқын жазымен, қарлы және жұмсақ қысымен сипатталады. Бұл табиғат жағдайлары

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Шығыс Қазақстан Облысында туризмнің экстремалды түрлерін дамыту.

Туризм- адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалысының бір
түрі.
Өз бастауын 19ғ. Басында алған туризм бүгінгі күнде- ірі капиталды,
негізгі қаражаттарды, еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан,
ірі экспорттық салалар ішінде автомобиль және мұнай өндіру өнеркәсібіне
кейінгі үшінші орындағы ірі әлемдік экономикалық кешен болып табылады.
Туристік индустрия жоғарғы кірісті, жаңа жұмыс орнын пайда
болдыратын, ұлттық экономика мен қоғам дәрежесін көтеретін ктализатор
болғандықтан Қазақстан Республикасы оны дамытуға және өркендетуге жан-
жақты назар аударуда. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1
наурыздағы халқымызға жолдауында Қазақстан Республикасында туризмді
дамытудың 2007-2011 жж арналған мемлекеттік бағдарламасын жалпы ұлттық
іске асыру жоспарына енгізді. Бұл бағдарламада келу және ішкі туризмін
дамыту, туризм инфрақұрылымы дамуына жағдай жасау, рекреациялық
шаруашылықты мамандануы бар аймақтар қалыптастыру көзделген. Сондықтан да
елімізде халықаралық бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру үшін
мемлекеттік реттеу мен қолдау ұсынып отыр.
Қазақстан Республикасы Орта Азиядағы туристік орталыққа айналуына
нақты жағдайлар мен мүмкіншіліктер бар.- дейді елбасымыз.
Республикамызда туризмнің ерекше қанат жайып өркендеуіне ыңғайлы
аймақтың бірі- териториясының ауқымды бөлігін Алтай таулы өңірі алып
жатқан Шығыс Қазақстан Облысы. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша таулы
аудандардың экономикалық және әлеуметтік көтерілу проблемасы өте өзекті
мәселелердің қатарында. Сондықтан да осындай жабайы табиғатты таулы
аудандар үшін туризм-жергілікті халық өркендеуіне ықпал ететін негізгі
экономикалық фактор болуы тиіс. Және де мемлекеттік назардан шалғай
жатқан әрі табиғи ресурстары бай аудандарда жартылай жария браконьерлік,
заңсыз ағаш кесу, мықты жеке меншік ауылшаруашылығы кәсіпкерлері орын
алуда.
Шығыс Қазақстан облысы немесе Алтай таулы өңірі- бірегей және
қайталанбас табиғат сұлулығымен, алуан түрлі флора және фаунасымен
танымал, Қазақстанның Швейцариямен теңестірген, Чуйскі Альпісі атанған
інжу маржаны болып табылады. Түркі халықтарының ежелгі түп-тамыры және
ежелгі таулы металлургия өз бастауларын алған, Ұлы Жібек жолының
солтүстік тармағы кесіп өткен бұл мекен- ежелгі көшпенділер мәдениеті
қиылысқан, археолог ғалымдарды табындырған көне тарих көзі және әлемдік
мәні бар табиғи-тарихи әрі мәдени ескерткіш болып табылады.
Осы уақытқа дейін Алтай таулы өңірі қауіпті урбандалудан тыс қалды
және өзіне тән ерекше таулы ландшафтыларын сақтап қалды. Шығыс
Қазақстанның ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени құндылықтарға ие табиғи
кешендерін сақтап қалу мақсатында территориясында Марқакөл қорығы(1976ж),
Батыс Алтай қорығы(1992ж), Рахман бұлағы қорықшасы, Катон-Қарағай
Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі(2001ж 17 шілде) ұйымдастырылған. Олардың
территорияларында 60 астам түрлі сүтқоректі, 260 астам түрлі құстардың
түрі, 720 астам өсімдік түрі, 10 астам балық түрі кездеседі.
Қазіргі уақытта Табиғатты қорғаудың Қызыл кітабына енгізілген аса
сирек кездесетін 33 түрлі құс және жануарлар бар. Оларға құстардан сұр
құр, тундра шілі, ақбас тырна, лашын, тұйғын, алтай ұлары, қара тырна,
қаршыға т.б, ал жануарлардан қызылқасқыр, сусар, қар барысы, елік, күдір,
бұлғын т.б жатады. Бұл жан-жануарлардың ішінде тек Алтайдың табиғи
кешендеріне тән эндемик жануарларына балықтардан- хариус, құстардан- сұр
құр, тундра шілі, омыртқалылардан- құдыр, құну, бұлғын кіреді.
Алтайдың табиғи жағдайы таңданарлық әсем таулы-орманды және биік
таулы ландшафтыларымен, қоңыржай континентті климатымен, қысқа және
қоңырсалқын жазымен, қарлы және жұмсақ қысымен сипатталады. Бұл табиғат
жағдайлары экстремалды-спорттық және қызықты оқиғалы белсенді туризм
түрлерін дамытуға, ШҚО бойынша тартымды туристік маршруттар ұйымдастыруға
мүмкіншілік туғызады.
Соңғы уақыттарда Орта Азияға, оның ішінде Алтайға деген туристер
қызығушылығы артуда. Әсіресе шетелдерден Германия, Австрия, Франция,
Швейцария, Италия, АҚШ сияқты елдерден келушілер көп.
Биік таулы, беткейлері тік және тегістелген үстірттермен мен
жазықтармен араласып келетін Алтайдың ерекше рельефі территориясында
көпшілікке арналған демалыс түрлерінен күрделі туристік сапарларға дейін,
альпинистік шығуларға дейінгі туристік рекреациялық қызметтер
ұйымдастыруға болады.
Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің перспективалы түрлеріне бірінші
кезекте альпинизмді атауға болады. Алтай мен Сібірдің ең биік қасиетті
Мұзтау шыңы альпинистер арасында Гималай мен Памирдей танымал болмаса да,
онда қарапайым маршруттардан жоғары категориялы мұзды-жартасты
маршруттарды жүріп өтуге болады. Бұл өңірде күн нұрымен шағылысқан Үлкен
және Кіші Берел, Катунь сияқты 30 астам ірі мұздықтар бар. Сонымен қатар
туристердің көптеп баратын жері болып табылатын Шымбұлақ сияқты Алтайда
да таулы-шаңғылы туризмді ұйымдастыруға ыңғайлы өңірлер жетеді.
Рафтинг немесе су туризмі үшін Шығыс Қазақстанның өз бастауларын қар
суынан және мұздықтардан алатын танымал Бұқтырма, Қара Ертіс, Үлбі, Ақ
Берел т.б көптеген өзендері өте экстремалды. Қарлы таулар және альпілік
шалғындар аңғарларымен аққан бұл өзендер күшті әрі жойқын, мөлдір әрі
балыққа бай болып келеді. Жасына қарамастан әрбір дені сау адамға мүмкін
бодып табылатын су туризмі- белсенді демалыс әрі спорт түрі.
Ежелгі көшпенділердің көштері қиылысқан бұл өңірде табиғи-тарихи
және мәдени ескерткіштер мол. Олардың қатарына сонау 3-4ғ.ғ жататын
археологиялық ескерткіштер- Берел қорымдарын жатқызамыз. Сондай-ақ 1938
жылы негізі қаланған, теңіз деңгейіне 3000 метр биіктікте орналасқан
Көккөл кеніші- ашық аспан астындағы ертедегі тау кеніші музейі болып
табылады. Бұл бірегей тарих ескерткіштері экотуризмді, ғылыми-танымдық
туризмді ұйымдастыруға негіз болады. Сонымен сұлулығы көз тартар жабайы
табиғат аясымен танысуға, Алтайдың ең ірі сарқырамасы- Көккөлді
тамашалауға, марал жолдарымен жүріп өтуге мүмкіндік беретін треккинг
немесе жаяу туризмі, ат туризмі, велотуризм өте перспективалы болып
табылады.
Атақты радонды термоминералды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экстремалды туризмнің мақсаты
Белсенді туризмнің теориялық аспектілері
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Туризмнің экстремалды түрінің дамуының алғышарттары
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы
Белсенді туризм тарихы
Пәндер