Аналық жыныс органдары



I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
1.Анабез
2.Жатыр түтігі
3.Жатыр
4.Қынап
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Аналық жыныс мүшелері 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді. Сыртқы аналық мушелерге - үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады. Жыныстық жапсарлар май ұлпасы мол терілі қатпарлардан тұрады. Ал ішкі аналық жыныс мушелеріне - екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап жатады. Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де жамбас шоңқимасы — кіші жамбас қуысында орналасады. Аналық бездердің (яичники) пішіні сопақша, ұзындығы 3-4 см. Салмағы 5-8 г. Аналық бездер де аралас бездерге жатады, яғни жұмыртқа жасушаларын және гормондар (экстрогендер, т. б.) бөледі. Аналық бездер көптеген безді көпіршіктерден - фолликулалардан тұрады. Олардан бірте-бірте жұмыртқа жасушалары жетіледі.
1. Дайырбекова М.М.,профессор.Адам анатомиясы.Оқулық.Қазақ тілінде.Алматы.-«Медицина баспасы», 2002.-288 бет.
2. Ермаханы Ж.К. Тәнтану 146-165 бет
3. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-география факультеті
Биология және экология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Аналық жыныс органдары

Орындаған: 01205 тобының студенті Масенов М.Қ

Тексерген: ауыл шаруашылық ғылымдарының
кандидаты,аға оқытушы Усиев Е.Т.

Орал, 2015

Мазмұны:
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
1.Анабез
2.Жатыр түтігі
3.Жатыр
4.Қынап
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Аналық жыныс мүшелері 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді. Сыртқы аналық мушелерге - үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады. Жыныстық жапсарлар май ұлпасы мол терілі қатпарлардан тұрады. Ал ішкі аналық жыныс мушелеріне - екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап жатады. Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де жамбас шоңқимасы -- кіші жамбас қуысында орналасады. Аналық бездердің (яичники) пішіні сопақша, ұзындығы 3-4 см. Салмағы 5-8 г. Аналық бездер де аралас бездерге жатады, яғни жұмыртқа жасушаларын және гормондар (экстрогендер, т. б.) бөледі. Аналық бездер көптеген безді көпіршіктерден - фолликулалардан тұрады. Олардан бірте-бірте жұмыртқа жасушалары жетіледі. Аналық бездердің үстіңгі жағын жатыр түтігінің сыртқы шашақты шеті көмкеріп тұрады. Бойжеткендерде (екінші реттік жыныстық жетілу кезінде) әрбір ай сайын гипофиз гормондарының әсерінен безді көпіршіктің біреуі жетіледі. Оның ішінде жұмыртқа жасушасы болады, ол алдымен құрсак қуысына, одан соң жатыр түтігіне түседі. Бездік көпіршік жарылып, ішінен жұмыртқа жасушасының сыртқа шығуын, анабездің жетілуі (овуляция) деп атайды. Бұл үдеріспен етеккірдің (менструация) келуі тығыз байланысты. Етеккір екінші реттік жыныстық жетілуден бастап, шамамен 50 жасқа дейін созылады.
Жүктілік кезінде жұмыртқа жасушасының жетілуі де, етеккір де токтайды. Жарылған безді көпіршіктің іші май тектес сары дене деп аталатын затпен толады. Сары дене уакытша гормон бөледі. Егерде жұмыртқа жасушасы сперматозоидпен ұрықтанса, сары дене жүктілік кезінде сақталады. Ал жүктілік болмаған жағдайда, сары дене жойылып кетеді де, етеккір шамамен әр 28 күнде қайталанып отырады. Жатыр түтігі де аналық без сияқты екеу (жұп) болады. Жұмыртқа жасушасы жатыр түтігі арқылы жатырға өтеді.

Негізгі бөлім
Анабез жұп ағза. Кіші жамбас ішінде, жатырдың екі жағын ала орналасқан. Олар жатырдың жалпақ шандыр байламының артқы жағына ілініп тұрады. Сырт пішіні эллипс тәрізді. Бір жағынан жұмыр сіңір байламы-мен жатыр денесіне бекиді. Анабездің сыртқы беті кіші жамбастың бүйір қабырғасында, ал ішкі жағы жатыр түтігімен шектескен. Бұл бездің ұзындығы 2,5 см, ені 1,5 см, қалындығы 1 см.
Анабез қызметі өте күрделі, яғни жүмыртқа тіндерінің дамуымен бірге қанға жыныстық гормондарды бөліп отырады. Бұл бүкіл организмге әсер етіп, жатырдың кызметін реттейді. Мұны ішкі секрециялық (эндокриндік) жұмысы десе, жұмыртқа тіндерінің бөлінуін сыртқы секрециялық жүмыс дейді. Анабез сыртқы (қыртысты), ішкі (милы) қабаттардан түзілген. Сыртқы қыртыс заты талшықты дәнекер тінінің ұршық тәрізді фибробласты стромаларынан тұрады, бұл қабатта алғашқы фолликулалар пайда болады. Олардың саны жаңа туған қызда 30-40 мыңға жетеді. Бірақ жыныстық даму жолында біртіндеп саны кеми бастайды. Сондықтан әйел өмірінде 400-500 жұмыртқа тіндері ғана жетіледі.
Анабездің дәнекер тіндерден түзілген ішкі милы заты, қан тамырлары мен жүйкелері өте жақсы жетілген.
Анабездегі жұмыртқа жасушасының дамып жетілу процесі фолликулаларда өтеді. Алғашқы дамуына байланысты фолликуланың эпителий жасушалары көбейеді. Одан кейін регенерация процесіне ұшырап, азаяды да, бұлардың орнына сұйықтық пайда бола бастайды. Осылайша кемеліне жетіп, ұлғайып келген фолликуланы Грааф көпіршігі деп атайды. Оның сүйықтығы кернеген кезде көпіршік жарылып, аналық жасушаны құрсақ қуысына бөледі. Бұл процесс рефлекторлық түрде жүзеге асырылады. Сөйтіп, жұмыртқа жасушасы Грааф көпіршігінен бөлініп, құрсақ қуысына түседі. Осы кезде жатыр түтігінің ауыз жағындағы жалбыршақтарының серпінді кірпікшелерінің қимылы арқылы жатыр түтігіне енеді. Жұмыртқа жасушасы жатыр түтігімен жүріп отырып, жатыр қуысына түседі. Егер жұмыртқа жасушасы аталық жасуша сперматозоидпен қосылып, ұрықтану процесі жүрсе, Грааф көпіршігінің орнына сары дене пайда болады. Мұны екіқабаттық дене деп атайды. Бұл ішкі секрециялық бездің жұмысын атқарып, қанға прогрестерон гормонын бөліп отырады. Егер сары дене бала көтерудің бас кезінде бұзылса, әйел бала тастау (түсік) ауруына ұшырайды. Бұл гормонның бөлінуінен жұмыртқа жасушасының әрі қарай (бала туғанша) пайда болуы тоқтатылып, бала көтеру процесінің калыпты жүруі мен сүт бездерінің дамуы күшейеді. Егер ұрықтару процесі жүрмесе, сары дене орнына жалғыз дене пайда болады. Бұл жағдайда жатырға жиналған қан (етеккір) айына бір рет эстрадиол гормонының әсерінен шығарылып отырылады. Эстрадиол гормоны жыныс ағзаларының дамуына да, соңғы жыныстық белгілердің пайда болуына да әсер етеді.
Қорыта айтқанда, анабез сыртқы және ішкі секрециялық жұмыс атқарады. Сыртқы секрециялық жұмысына жұмыртқа жасушасының дамуы мен түзілуі жатса, ішкі секрециялық жұмысына қанға, лимфаға гормон сұйықтықтарының бөлінуі жатады.
Жатыр түтігі (Фаллопий түтігі) жатырдың екі жағынан басталып, көлденең созылып жатады. Оның бір жағы жіңішкере келіп, жатырға ашылса, екінші жағы құйғыш тәрізді кеңейе келіп, құрсақ қуысына ашылады. Осы құйғыш тәрізденген аузы жалбыршақтанып, өзінің кірпікше эпителийлерінің толқынды қимылы арқылы жатыр ішіне таратады.
Жатыр түтігінің ұзындығы 10 -- 12 см, ені 0,5 см, сырты сірі қабықшамен толығынан оралған. Жатыр түтігінің кабырғасы ішкі ағзалар тәрізді үш қабаттан түзілген. Олардың сыртқы қабаты жатырдың жалпақ шандыр байламына жалғаса жатады. Ортаңғы ет қабаты ет талшықтарынан түзілген. Ішкі қабаты кірпікше эпителиймен жабылған кілегейлі қабаттан тұрады. Жатыр түтігіне енген жұмыртқа (аналық) жасушасы өз талшықгарының жиырылуымен және кірпікше эпителийдің толқынды қимылымен жатыр ішіне қарай жылжиды. Ұрықгану (аталық жасушамен кездесу) процесі тек осы жатыр түтігінде өтеді. Жатыр түтігі жалпы жатырға келетін қан тамырлары және жүйке талшықтарымен жабдықталған.
Жатыр алмұрт тәрізді бірыңғай салалы ет талшықтарынан түзілген қуысты ағза. Кіші жамбас қуысында, қуық пен тік ішек аралығында орналасқан. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы жатырға жатыр түтігі арқылы енгеннен бастап босанғанға дейін өсіп дамиды. Жатырдың жоғарғы түп бөлігіне екі жатыр түтігі ашылады. Оның үшбұрышты денесі төмен қарай сүйірленіп, мойнына көшеді. Сол себептен жатыр мойны жіңішкеріп келген жатыр денесінің жалғасы болып саналады. Жатыр мойнының төменгі қынап ішіне түсе жатқан бөлігін қынап бөлігі деп атайды. Жатыр қуысы фронтальды жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдардың жыныс органдарының анатомиясы
Аталық жыныс безі
Мегежіннің буаздығының физиологиясы
Ұрықтардың аналық малдың жыныс жолдарымен жылжуы
Сиырларға қолдан ұрықтандыру пункттерін ұйымдастыру
Буынаяқтылар дара жыныстылар
Жыныс - организмнің белгілері мен қасиеттерінің ерекше жиынтығы
Донордың жатырынан эмбриондарды жуып алу
Жыныс генетикасы туралы
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Пәндер