Жұтқыншақ,көмей,өңештің құрылысы, тамақтың өту процесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану-география факультеті

Биология және экология кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жұтқыншақ, көмей, өңештің құрылысы,

тамақтың өту процесі

Орындаған: 01205 тобының студенті Ғилманов Е. Р.

Тексерген: ауыл шаруашылық ғылымдарының

кандидаты, аға оқытушы Усиев Е. Т.

Орал, 2015

Мазмұны:

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

1. Жұтқыншақ

2. Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері

3. Жұтқыншақтың атқаратын қызметтері.

4. Өңеш

5. Көмей

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жұтқыншақ (pharynx) - бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушымүше. Жұтқыншақ ас қорыту және тыныс алу процесіне қатысады. Жұту кезінде ас жентегі ауыз қуысынан аңқа арқылы Жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Ал ауа мұрын немесе ауыз қуыстарынан Жұтқыншаққа, одан көмейге кетеді. Жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында - бассүйектің астыңғы жағынан, 6 - 7 мойын омыртқаларыаралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 12 - 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал шырыш асты негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады. Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмейқақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады. Ас ішкен уақытта, асты жұтпай тұрып, нешайыр шайнау кезінде қатты сөйлеу (күлу, тағы да басқа) өте қауіпті, себебі, ауа ағынымен бірге ас жентектері көмейге өтіп кетіп, оны бітеп қалуы ықтимал. Бұл жағдай адам өліміне әкеліп соқтыруы да мүмкін. Жұтқыншақтың жоғарғы күмбезінің және артқы қабырғаларының шекарасында Жұтқыншақ бадамшасы (аденоид - балаларда жақсы дамыған) орналасқан. Мұрындық бөліктің екі бүйір қабырғаларында - есту түтігінің Жұтқыншақтық тесігі орналасқан. Есту түтігі Жұтқыншақты ортаңғы құлақ қуысымен жалғастырып, ондағы ауа қысымынсыртқы ауа қысымымен теңестіру қызметін атқарады. Есту түтігінің айналасындағы шырышты қабықта лимфоидты тіннің жиынтығы - түтік бадамшасы болады. Төменгі сатыдағы хордалыларда Жұтқыншақтың төменгі жағында сумен келген қорегін сүзіп алатын аппараты - эндостилі болады. Жұтқыншақ омыртқалы жануарларда көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Барлық құрлық жануарларының ұрықтық дамуы кезінде Жұтқыншақта желбезек қапшықтары пайда болады. Мұның соңғы жұбынан өкпе дамиды. Жұтқыншаққа жалғас өңеш, көмей және евстахий түтігі, ал сүтқоректілерде пайда болғандықтан, бұған қоса ішкі танау, ал қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушылардажәне құстарда ішкі танау тесігі ауыз қуысына ашылады. Жан-жағынан таңдай доғаларымен жалғасып, ішінде бадамшалар орналасқан ауыз қуысының Жұтқыншақпен жалғасқан жерін сүтқоректілерде аңқа(іsthmus faucіum) деп атайды. Омыртқасыз жануарларда Жұтқыншақ - алдыңғы ішектің жекеленген бұлшық етті бөлігі.

Негізгі бөлім

Жұтқыншақ (pharynx) Түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең-жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ иойын омыртқалаларының алдыңғы жағында орналасады. Ересек адамдарда оның ұзындығы шамамен 11-13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақтан көмекейге түседі. Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол асқорытуға да, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады. Жұтқыншақ екі бүйіріндегі тесктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысады. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамша бездер орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшаларының ішкі лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызмет дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.

Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері. Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағы воронка тәрізді болады. Жоғарғы жағы ұзын және кең болады. Ал төменгі жағы тар болып келеді. Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағының ұзындығы 4 см және ересектерге қарағанда омыртқадан біраз жоғары тұрады. Жұтқыншақтың көлденең мөлшері 2, 1 - 2, 5см, алдыңғы-артқы 1, 8см. Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағы воронка тәрізді болады. Жоғарғы жағы ұзын және кең болады. Ал төменгі жағы тар болып келеді.

Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағының ұзындығы 4 см және ересектерге қарағанда омыртқадан біраз жоғары тұрады. Жұтқыншақтың көлденең мөлшері 2, 1 - 2, 5см, алдыңғы-артқы 1, 8см.

Жұтқыншақтың атқаратын қызметтері: Дем алу. Негізгі дем алу мұрын-жұтқыншақ арқылы болады, ал мұрын-жұтқыншақ арқылы дем алу бұзылса, адам ауыз жұтқыншақ арқылы дем алады.

1. Ас өткізу қызметі. Бұл қызмет тек ауыз-жұтқыншақ арқылы болады.

2. Қорғау қызметі. Бұл қызмет ауызға бөгде заттар түскенде жөтел пайда болып, ол затты кейін шығарып тастайды. Бұл қызмет жұтқыншақтың кілегей қабығында орналасқан әр түрлі тітіркеніш рецепторлар арқасында болады.

3. Сөйлеуді жақсарту қызметі. Жұтқыншақ мұрын сияқты дауысты өңдетіп, оның құбылысын жақсартады.

zhutkynshak

Жүтқыншақтың көмей бөлігі сір қабатпен қапталып, көмейдің артқы қабырғасына мекем бірігеді. Жұтқыншақ жіңішкеріп барып, көмейге жалғасады. Ол кілегей қабатымен қапталып, көмейдің артқы қабырғасына тығыз бірігіп кетеді. Жұтқыншақтың көмей бөлігінің түбі көмей шеміршектеріне керіліп тұратындықтан, жұтқыншақ түбінде екі кең қуыс пайда болады. Оның пішіні алмұртқа ұқсайды. Көмей шеміршек-терінің ортасында көмей тесігі бар. Жұтқыншақ осылай жіңішкере келіп, өңешке жалғасады. Жұтқыншақтың ішкі қабырғасындағы сарысуда майда тармақтар таралады. Мұрын жұтқыншақ пен ауыз жұтқыншақтың басталар жері 6 бадамшалармен қоршалған, олар: екі таңдай бадамшасы, екі түтік бадамшасы, бір тіл бадамшасы және бір жұтқыншақ бадамшасы. Бұларды Пирогов немесе сарысу-эпителий сақинасы деп те атайды. Бұл бездердің қорғаныштық маңызы зор. Ересектерге қарағанда жас балаларда бадамшалар (миндалиналар) тез зақымданады. Бадамшалардың тез үлкеюі баспа (ангина), скарлатина ауруларының алғашқы белгілері.

Жоғарыда айтқанымыздай, ауыздағы тағам жұтқыншаққа түсісімен жұтқыншақтағы бұлшық еттердің барлығы жиырылып, құрысады. Жұтқыншақтың кеңейген қуысы тарылады. Тіл көтеріліп, қатты таңдайға жабысып қалады да ауыз бен жұтқыншақ арасындағы ауыз тесігі бітеледі. Осылай пайда болған қуыс арқылы жұтқыншақтың қысылуынан тағам жылжып өңешке өтеді. Жұтқыншаққа түскен ас қайтарылмайды.

Ми қызметі басқаратындықтан, жұтыну адамның еркінен тыс жүзеге асады. Ауыздағы ас немесе сілекей жұтқыншаққа барып, ондағы жүйке ұштарын тітіркендірмесе, жұтқыншақтың бұлшықеттері жиырылмайды. Ауызды әбден құрғатып сүртіп отырса, адам жұтына алмайды. Жұтыну жұтқыншаққа түкіріктің (сілекейдің) жиналуынан пайда болады.

Нәрестенің жұтқыншағы өте келте, ұзындығы -3 см, ені 2-2, 5 см, ол III- IV мойын омыртқа тұсында орналасады. Оның ауыз-мұрын бөлігі кеңдеу, ал көмей бөлігі пішіні бойынша сүйірленіп бітеді. Жұтқыншақтың мұрын бөлігі 2 жаста екі есе үлкейеді. Бадамшалары 2 жасқа дейін өте тез өседі, одан кейін өсуі баяулап, 20 жаста өсуін тоқтатады. Нәрестенің есту өзегінің (Евстахиев) жұтқыншақ тесігі кең ашық саңылауланып, қатты таңдай тұсына ашылады. Сондықтан құлаққа есту өзегі арқылы суық тез тиеді.

Өңеш - асқазан қуысын жұтқыншаққа жалғастыратын бұлшық етті түтік. Өңеш VI мойын омыртқаның тұсынан басталып, көмей мен кеңірдектің сыртынан көкірек қуысына келіп, қолқа доғасының сыртымен кекеттен өтіп, XI-XII арқа омырткасы тұсында асқазанға жалғасады . Өңештің қабырғасы үш қабаттан тұрады. Оның кілегейлі кабаты майда безді қатқабатты эпителийден тұрады, ол ұзына бойы қатпарланып жатады. Қатпары көлденең кесіндісінен жұлдыз тәрізді болып көрінеді. Кілегей қабаттың астындағы борпылдақ дәнекер ұлпалы қабаттың жақсы жетілуі ас өткенде өңештің кеңеюіне жағдай жасалады. Жұтқан ас түйірі өңешпен жылжығанда өңеш кеңейіп отырады. Кілегейлі бездердің сұйықтығы ас түйірін оңай жылжытады. Бұлшық етті қабат өңештің мойын бөлігінде көлденең жолақты, ал орта тұсынан бастап бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады. Бұл қабаттың өзі ішкі сақиналы және сыртқы ұзына бойына кеткен бұлшықет қабаттардан құралады. Сыртқы қабаты болбыр дәнекер ұлпалардан түзіліп, басқа мүшелерге жалғасып жатады. Көкеттен өткен соң өңештің сырты сір қабатымен, ішпердемен қапталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқорыту жүйесінің филогенезі
Асқорыту жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің ақаулары
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Ас қорыту жүйесінің жалпы анатомиясы мен дамуы
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының пәні
Асқорыту
Баланың ас қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Сүйектердің құрылысы, жіктелуі
Асқорыту жүйесінің жастық ерекшелігі
Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz