Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ «БОЛАШАҚ» КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

«Қорғауға жіберілді»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

М. С. Лапиденова

«_ ___»2016ж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ПӘНІ:Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі

ТАҚЫРЫБЫ:Диалектілер мен қарапайым сөздердің қолданылу ерекшеліктері

МАМАНДЫҒЫ:0105000-Бастауыш білім беру

ОРЫНДАҒАН:А. Русланқызы

ТЕКСЕРГЕН:Ж. О. Медениева

НОРМА БАҚЫЛАУ:А. Н. Қалбағаева

Атырау-2016ж

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3- 4

1. Диалектология ұғымы және оның шығу тарихы . . . 5-7

1. 1. Диалектілердің түрлеріне шолу . . . 8-12

1. 2. Жергілікті диалектілер және олардың ерекшеліктері . . . 13-15

2. Көркем әдебиеттермен диалектілердің байланысы . . . 16-19

2. 1. Кәсіби сөздердегі диалектизмдердің алатын орны . . . 20-23

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25

Кіріспе

Диалект (гр. διάλεκτος - говор, сөйленіс) - белгілі бір аймақ, облыс тұрғындары қолданатын тіл ерекшеліктері бар халық тілінің бөлігі. Диалект халық тілінің құрамына кіре отырып, өзіне тән лексикалық, дыбыстық, грамматикалық ерекшеліктерге ие болады. Диалект термині "говор", "говорлар тобы" және "наречие" мағыналарында да қолданылады. Диалектілер алғашқы қауым кезінде ру, тайпа тілі ретінде, одан кейінгі қоғамдарда халық, үлт тілдерінің бір бөлігі ретінде адамдар қауымына қызмет еткен. Алғашқы қоғамда әрбір тайпаның өзінің тілі (диалектісі) болған. Ф. Энгельс тайпа мен диалект жөнінде: "Тайпаның езіне ғана тән ерекше диалектісі болды. Шындығында, тайпа мен диалект бір-біріне сай келеді", - дейді. Тайпа өз ішіндегі адамдардың көбеюіне байланысты бөлшектеніп, одан енді бірнеше жаңа тайпа бөлініп шығады. Бөлініп шыққан туыс тайпалар бірінен-бірі қоныстанған жер көлемі жағынан қашықтап, олардың әрқайсысының тұрмысында, сондай-ақ тілінде өзіндік ерекшелік пайда болады. Осылайша бастапқы біртұтас тайпа тілінен бірнеше тайпа тілі (диалектілер) жасалған. "Диалектика" терминін ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзкарастардың қақтыгысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсінді.
Анығында Сократ ежелгі грек философиясында жалпы диалектиканың емес, оның формаларының біреуінің гана негізін қалады. Ілімнің біздің заманымызға жеткен көріністеріне қарағанда, диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Гераклит болган. Ол объективті онтологиялык диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйыткысы мен нәтижесі - қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасатты бастама Логос болды. Гераклит адам өзінің қарапайым ақыл-есіне емес, Логосқа сәйкес ойлап, іс-әрекет еткені жөн деп үйретті. Ежелгі грек философиясындагы диалектиканың тагы бір формасын Парменидтің ізбасары, әрі шәкірті Элеядан шыққан Зенон ашты. Зенон диалектикасының Гераклит диалектикасынан айырмашылыгы алғашқысында ол субъективті де, соңғысында объективті болуында ғана емес, сонымен қатар Гераклит оң диалектиканы ойлап тапса, Зенонның теріс диалектиканы ойлап тапқандығында. Зенондық диалектика софистиканың пайда болуына ықпал етті. Софистер өздерінің методологиялық ұшқарылығымен ежелгі гек философиясын іштен іріте бастады. Философияны софистерден қорғау қажеттілігін бірінші болып Сократ түйсінді. Софистер философияны ойлауға, зерделеуге, оның ұғымдары мен категорияларын зерттеуге мәжбүрледі. Сократ өз іс- қимылдарын осыган бағыттады. Ол жасаган диалогтық диалектика екі негізгі мақсатты: 1) софистикамен күресті; 2) ойлауда қолданылатын негізгі (ең бастысы, этикалық) ұғымдар мен категориялардың мазмұны мен формаларын анықтауды көздеді. Сократтың шәкірті Платон әуелде диалектиканы өз ұстазынша ерекше философиялық диалог деп түсінді, бірақ уақыт өте келе бұл түсініктен алыстап, біртіндеп диалектиканың монологтық үлгісіне бейімделе бастады. Аристотель диалектиканы субъективті, оң, монологтық формасында қабылдап, мойындайды. Аристотель диалектиканы танымдык, процестің иерархиясында софистикадан жоғары, бірақ философиядан темен қойды. Диалектика, бір жағынан, софистикамен күресу құралы болса, екінші жағынан ықтимал білім алу құрапы. Диалектиканың мәні мен мақсатын Әбу Насыр әл-Фараби де Аристотель ұгымымен шамалас түсінді. Солай бола тұра диалогтың рөлі мен мәртебесі туралы ол Аристотельге қараганда Сократқа жақын. Онымен коса, Әл-Фараби диалог мақсатын адамдар арасындағы ынтымақтастықтан таба отырып, Сократтан да ілгері кетеді. Қайта өрлеу дәуірінде диалектиканы дамытуға Н. Кузанский мен Дж. Бруно мол үлес қосты. Диалектиканы тұңғыш рет жоғары бағалап, оны жан-жақты дамытуға саналы түрде кіріскен В. Ф. Гегель болды.
Диалект деген үғым екі шартқа сай болуы керек: 1) тілдің ішінде өзінің даму шегі бар тілдік топ болу керек; 2) диалектілік топтың белгілі бір таралған шегі, аймағы болу керек. Ал, диалектизм деп аталу үшін де жоғарыдағыдай екі шарты болуы керек. Бірақ олар тілдік топ емес, жеке ерекшеліктер ғана. Сонда белгілі бір диалектілік топты диалект деп атаймыз да (батыс диалектісі, шығыс диалектісі т. б. ), олардың ішіндегі жеке құбылыстардың (а мен ә-нің алмасуы, барғайы отыр, баражақ, кигіз үй т. б. ) әрбіреуін диалектизм дейміз. Осы екі шартқа жауап бермейтін тілдік құбылыстар диалектілік ерекшеліктерге (диалектизмдерге) жатпайды. [58-63] Қарапайым сөз - күнделікті тұрмыста қолданылатын жалпы халықтық қара дүрсін сөздер. Тіл тұтынудың бәсең стиліне жататын мұндай қарым-қатынас дәстүрлі немесе классикалық жазба әдеби нормаларымен сыйыспайтын сөз тұлғаларына, дөрекі сөз орамдарына, грамматикалық байланысы тосын әр қилы сөйлемдерге шек қоймайды, кең-молынан өз қажетіне жарата береді. Х алықтық тілдің тілдік стилі тұрғысынан қолдау тапқан бұндай үлгілері әр түрлі мақсат үшін әдеби тіл аясында, әсіресе, көркем әдебиет шығармаларында кәдеге асады. Ақындық тезіне түсіп қырналған қарапайым сөз саптау тәсілдерінің көріністерін Абай шығармаларынанда кездестіруге болады. Мысалы, ол жалпы халықтық тіл ішіндегі шектеулі аяда қолданылатын жергілікті (диалект) ыра, мұқым сөздерін жыра, бүкіл деген көпшілікке мәлім сөздердің орнына қолданады. Сондай-ақ кірме сөздерді қолдануда ақынның өзіндік ерекшеліктері бар. Егер: «Ғаділетті жүректің, Әділетін бұзыппын», - деген жолдарда бір сөздің өзін әуелі арабша нұсқада, одан кейін оның қазақ тіліндегі дыбысталуы бойынша екі ұдай мағына теліп қолданған болса, «Әлің білмес шіркінді Құдай әбден қарғады» мен «Қанденге бір ит кездей боп, Деді: «Әліңді білсеңші» сияқты жолдарда қазақтың «Әліңді біл!» деген дағдылы тіркесін арабтың сол мағынадағы «әдді» сөзін енгізу арқылы өзгерткен. Абай әдеби нормаға енбеген, бірақ қарапайым халық арасында айтыла беретін орыс сөздерін де реті келгенде өз поэзиясына қатыстырып отырған. Қарапайым сөздер мен әдеби сөздердің (лексиканың) арасына нақты шек қою қиын. Бұлар бірімен бірі тығыз байланысып, бірінің мәнін бірі толтырып отырады. Қарапайым сөздер (лексика) әдеби сөздердің (лексиканың) сарқылмас көзі болғандықтан, әдеби тіл өз қорын қарапайым сөздер арқылы байытып отырады. Қарапайым сөздер деген ұғым сөйлеу тілі дегенді де қамтиды. Қазақ тілінде қарапайым сөздер сөйлеу тілінен әлі ажырап кеткен жоқ. Бұл екеуі (қарапайым сөздер, сөйлеу тілі) жазу мәдениеті ерте қалыптасқан орыс тілі сияқты тілдерде жіктелген, дегенмен соның өзінде де аралары онша алшақ емес. Мұндай сөздердің кейбіреулері әдеби тілде де кездеседі. (сонымен бірге, қарапайым сөздер әдепсіз сөздермен де шектесіп жатады. Сондай-ақ, қарапайым сөздерді кейде жергілікті сөздерден ажырату да қиын болады. Алайда бұл лексикалық топ та іріктеліп, шекарасы көріне бастайды. [45-66]

1. Диалектология ұғымы және оның шығу тарихы. Диалектология (гр. dіalektos - сөйлеу, гр. logos - білім) - тіл білімінің белгілі бір тілдегі диалектілік ерекшеліктерді, олардың шығу тегін, таралу сипатын, ұлттық және әдеби тілге қарым-қатынасын зерттейтін саласы. Диалектілік жіктелісі айқын тілдердегі диалектілердің саны ең кем дегенде екеу болады. Халық тіліндегі диалектілердің жігі оларды бір-бірінен ажырататын белгілердің сипатына байланысты. Қазақ тіліндегі мұндай белгілер әр түрлі. Олар көбіне-көп тілдің дыбыс жүйесіне, грамматикалық құрамына, сөз құрамына қатысты болып келеді. Қазақ тұрмысына ең тән деген, ең дәстүрлі деген киіз үйдің өзін Жетісу өңірі қазақ үй, Сырдың төменгі бойы қара үй, Ойыл-Жайық жағы ағаш үй, Еділ маңы терме үй, Қазақстанның солтүстігі мен орталығы киіз үй деп атайды. Сол сияқты оңтүстік, оңтүстік-батыс қазақтарындағы етістіктің барың, келің секілді тұлғасы өзге өңірлерде ұшыраспайды. Халық тіліндегі осы секілді құбылыстарды жинап-теру, хат бетіне түсіру, олардың тілде өмір сүру тарихын, пайда болу жолдарын, таралу тегін анықтау - диалектологияның міндеті. Осыған орай диалектология ғылымы сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып бөлінеді. Дұрысында, бұлар бір ғылым нысанның екі түрлі әдіспен зерттелуі: Тарихи диалектологияның міндеті - жазба ескерткіштердегі және этнография, т. б. тарихи мәліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу. Сипаттама диалектологияның міндеті- диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері бар екенін анықтау. Белгілі бір халыққа, бір ұлтқа жаппай түсінікті әдеби тіл нормасынан (сондай-ақ тілдегі басқа диалектілерден) өзгеше ерекшеліктері болса ғана диалект бола алады. Әдеби тілдегі жалпыға белгілі сөз, яғни зат атауы диалектіде басқаша айтылуы мүмкін, мысалы, әдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына жергілікті жерде зарпы, тегі, заты деудің орнына сойы, талаушы - шабаған, беймаза- бейана, кебек- буыз, үнемі-бойлай, әрең-шаққа, табалдырық-тебелдірік, есік ілгегі- тепкі, шұлғау-байтаба, болып айтылады. Тіпті әдеби тілдегі кейбір сөздердің жергілікті халық тілінде әлденеше варианты кездеседі: сіріңке-кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, ши, оттық, шақпақ шылапшын-леген, жам, кірлен, шылаушын, тас; кесе- самал, пиялай, кәсе, тас аяқ, шыны аяқ, ақпыр, ақпар, кардон, жанан; күрке- балағаш, балаған, шайла, шабра, кепе, аткүрке, алтаяқ, қопын, лапас, жаппа; известь-әк, ақтас, нотас, утас, ақкеріш т. б. Бұл сияқты лексикалық өзгешеліктер жеке сөздердің мағыналарында да кездеседі. әдеби тілді де, диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналарында әр түрлі болып келеді, мысалы, көрім деген сөз бір жерде жақсы деген мағынада, бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сияқты там деген сөз үй және мола деген мағынада әр жерде әр түрлі ұғынылады. Тәте бір жерде әке, бір жерде аға, кейде апа, әпке, мағынасында қолданылады. Тәртіп-қаулы, бұрыштама, нұсқау, бұйрық мағыналарында айтыла береді. Тілдегі жергілікті ерекшеліктерді алдымен әбден анықтап, танып, түсініп алмайынша, көлемін белгілемінше, тарихи диалектологияны жасау мүмкін емес. Тіл білімінде жергілікті тіл ерекшеліктерін жинауға, зерттеп білуге зор мән беріледі. Соның нәтижесінде қазіргі кезде біздің еліміздегі тілдердің қай-қайсысында да сипаттама диалектологияның негізі салынды. Ал тарихи диалектологияның жайы басқаша. Тілдің диалектілерге бөлінетіндігі ертеден-ақ белгілі. Тіпті көне замандардағы грамматикаларда вульгаризм (тұрпайы сөздер), провинциализм (аймақтық, областық тіл ерекшеліктері) сияқты терминдердің кездесуі- диалектілік ерекшеліктерді білгендіктен шыққан. Бірақ ХІХ ғасырға дейін диалектілік ерекшелік тілдегі “қате сөйлену”, дұрыс сөздің “бұрмалануы” сияқты болып көрініп келеді. ХІХ ғасырдың бас кезінде Батыс Европада, Россияда халық мәдениетіне, энтографияға, фольклорға, сол сияқты тілге де ерекше назар аударыла бастады. Содан энтография мен фольклордан әлі толық жіктеле қоймаған диалектология жеке сала ретінде дами бастады. Диалектілік, говорлық ерекшеліктер сөздердің дыбысталуында да кездеседі, мысалы: е мен і (ерегес-ерегіс), а мен ә (қатты-кәтті, қайтып-кәйтіп), о мен ұ (құлдану-қолдану), ө мен ү (дөнен-дүнен), б мен п (болат-полат, бейнет-пейнет) дыбыстары алмасып айтылады. Сол сияқты, грамматикалық құрылыста да кездеседі. Мысалы, көмектес септік жалғауы -мен- мынан, - ман түрінде, жіктеу есімдігі І жағының көпше түрлік жалғауы қосылғанда бізің түрінде айтылады. Осындай ерекшіліктер сөз тіркестерінде де кездеседі, мысалы, жалпыға белгілі кепілде жүру деген тіркес аяқ үстінде жүру, күдер үзу- баз кешу, көрсе қызар - көрсе басар, құлып салу, құлыптау - құлып ұру, уайым жеу - пұшайман жеу, жарыс сөз - талқы сөз, тосыннан тосын - торсадан-торса, басы қату - тату болу т. б. түрінде айтылады. Жергілікті халық тілінде кейде бір сөздің қатысуымен жасалған сөздер мен сөз тіркестері кездеседі. Мысалы, тас сөзімен тіркесу арқылы; тас құман (шәйнек), тасөкпе (ешкінің өкпе ауруы), тас аяқ (кесе, шыны аяқ), тас құдық (таяз құдық), тас қорық (қорықтық), тасқабақ (қабағы қатты асқабақ), тас кепіл (берік уәде), тасжарған (дәрілік шөп), тас табақ (тәрелке) т. б. [87-90]

Диалектологияға қажетті материал экспедициялық жолмен ел арасынан жинау нәтижесінде және лингвистикалық география әдістерін қолдану арқылы жасалады. Зерттеушілер бұл екі әдісті көбіне бірлікте, бір-бірімен сабақтастыра алып қарайды. Қазір қазақ диалектологиясы тіл білімінің дербес саласына айналды Диалектологияның қалыптасу тарихы этнографиямен тығыз байланысты. Өйткені диалектілер мен диалектілік ерекшеліктер этнографиялық белгілермен ұштасады. Шынында, жергілікті халықтың әдет-ғұрып, тұрмыс-салтындағы заттар мен ұғымдардың атауы болып келетін диалектизмдер аз емес. Осы тұрғыдан алғанда, диалектілік ерекшеліктер аса маңызды этнографиялық белгі болып табылады. Мысалы, Қостанайдың Жангелдин ауданында тайтұяқ деген сөздің жалпы халық білетін мағынасынан (тай тұяғының көлеміндей сом күміс) басқа мұз оятын құрап деген мағынасы тағы бар. Бұл атау жергілікті халықтың мұз оятын құралды тайдың не аттың тұяғынан жасау әдетінен туған. Тандыр (нан) - кейбір оңтүстік аудандарда қабырғаларына нанды қарып пісіруге арналған пеш атауынан шыққан. Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек - бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:
1. Оңтүстік сөйленістер тобы
2. Батыс сөйленістер тобы
3. Шығыс сөйленістер тобы
4. Орталық - солтүстік сөйленістер тобы. [46-53]
Диалектологияның міндеті - жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады. Диалектология - зерттеу нысанының саралануына және сипатына қарай: сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып екі салаға бөлінеді. Сипаттама диалектологияның ішінде лексикалық ерекшеліктерге жататын сәйкесті және сәйкессіз диалектілер енеді. Сәйкесті диалектілер - әр түрлі сөйленістегі бір затты не ұғымды түрліше атаудан пайда болған сөздер. Ал халық, ұлт тілдерінің құрамындағы диалектілерге келсек, олар басқаша қоғамдық құрылыс жағдайында қалыптасқан. Енді адам-дар бірте-бірте бұрынғыдай ру-тайпасына қарай емес, тұрған жерлеріне, қоныстанған жеріне қарап жіктелетін болған. Сол себептен де диалектілер жергілікті сипат ала бастаған. Халық, ұлт тілдерінің, жергілікті диалектілердің пайда болуынан тайпалыкқ тіл белгілері тіпті де із-түзсіз жоғалып кетпейді. Халықтардың қоғамдық, тарихи жағдайы біркелкі еместігін жөне тіл құрылысының негізінен тұрақты сипаты барын еске алсақ, қазіргі кезде де көне дөуірде пайда болған тайпалық тілдерге тән кейбір сөздер, тұлғалар сақталып қалған.
1. 1. Диалектілердің түрлеріне шолу. Жалпы сөйленістер лексикасында сөйленіс иелерінің таным - түсінігінен мол хабар беретін деректердің маңыздысы - үй-жай, баспана тақырыптық тобын құрайтын диалектизмдер: Үй-мекен, үй-шаңырақ ұғымының пайда болуы, жетілуі адамның табиғаттың саналы перзенті екендігін сезінуінің дәлелі. Сондықтан да батыс сөйленістерінде осы топқа енетін атаулар көлемі мол. Мысалы, жазушы Ә. Кекілбаевтың шығармасында оның там, жай, бықынажай, құжынажай, майхана, сәлемхана, шатпа, шошала, сағанақ теппе, сылама т. б. түрлері кездеседі. Бұлардың ішінде жиі қолданылатынсөздің бірі - там. Жалпы қазақ сөйленістерінде там сөзі - көп мағыналы: қолдан құйған балшықтан, кірпіштен салынған үй; мола, зират, бейіт; қабырға, дуал. Там сөзінің Қазақстанның түрлі аймақтарындағы мағынасы туралы Ә. Нұрмағамбетов оның үй, мола, бейіт мағынасы оңтүстік говорлар тобына тән де, екінші мағынасы солтүстік-батыс говорлар тобына тән. Алматы, Жамбыл, Шымкент тұрғындары тіліндегі там сөзі «үй» мағынасында қолданылып келеді де, Қызылордадан асып, Аралға жақындай бергенде, бұл мағынасынан айырылып, «мола», «бейіт» мағынасына ауысып кетеді», - дейді

Ыдыс-аяқ атауларындағы диалектизмдерді күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін зат атауларын құрайды: Бұлардың да көлемі мол: дүмше, бақыраш, зерен, топатай, сапы, метей, күйентей т. б. Дүмше - шай шығаратын аққұман, шәйнек. Дүмше - шай шығаратын ақ құман; қолға су құятын ұзын мойынды құман. Парсыша - дом, дүм - құйрық, бір нәрсенің артқы жағы сөзінен шығуы мүмкін. Сол сияқты бір нәрсенің түп жағы, түбі. Бақыраш :1) кішкене шелек, 2) ожау, шөміш. Бұл сөз көршін деп те аталады. Ал диалектологиялық сөздіктерде бұл сөздің бес түрлі мағынасы беріледі. Cөздің архисемасы М. А. Хабичевтің бақыр сөзінің түсімен, металмен байланыстыратын тұжырымы арқылы анықталады, кур, гур түркі тілдеріндегі «қызыл» сөзінің түбірі де, бой - бояу - бұлардың бәрі жез ұғымынан тарайтын атауларға негіз болады.

Киім-кешек және тағам атауларындағы диалектизмдер:

Қара кемпір арқасындағы ішіне түйе жүн салып сырыған пүліш жадағайын баласының аяқ жағында бір уыс боп бүрісіп жатқан келінінің иығына жапты (Ә. Кекілбаев «Құс қанаты» 51 б. ) . Бірен-саранының киімі жаңа дүрсін тәуір: дөңгелек қара бөрік, кәнәуіз шапан, мәндәлә бешпент-шалбар (Б. Аманшин «Исатайдың семсері» 5 б. ) . Ашық омырау, қынама бел қара мауыт бешпет, шашақты тақия ауыл арасының қазағы емесін танытады (Ә. Кекілбаев «Аш бөрі» 22 б. ) . Қыз жамылышын иығына жеңіл іле салып үйіне қайтпақ ниет білдірді (Ғ. Сланов «Замандастар» 217 б. ) .

«Парсыша - қазақша түсіндірме сөздікте» шарқат сөзі - бас орамал, жаулық деп түсіндірілген. Н. Ильминский сөздігінде шарқат сөзі үлкен қызыл шәлі деп сипатталады. Ә. Нұрмағамбетов шарқатсөзі шор - төрт, қат - жақ, бүйір мағанасында жұмсалатын екі түбірден біріккенін айта келіп, қазақ тіліндегі мағынасын «төрт жақты, төрт бүйірлі» деп түсіндіреді [5, 133. ] . Яғни заттың формасы атауға негіз болған. Кәзекей/кәжекей сөзінің түп-төркіні туралы Ә. Нұрмағамбетов былай дейді: «Сөз төркінін монғол тілі дерегіне сүйене отырып табуға болатын тәрізді. Монғол: қамзол - ханта аз, ал бешпент - хасаг ханта аз, хасагдах - қысқару, ықшамдалу. Осы деректерге табан тіреп, мына жорамалдарға келуге мүмкіндік бар: Біріншіден, «хасаг» сөзі «қысқа» мағынасын берсе, ол «хантаза» тұлғасымен тіркесіп (хасаг хантаз) - қысқа камзол дегенді білдіреді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері
Диалектологиялық іс-тәжірибе есебі
Ағылшын тілінің қалыптасу тарихы
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Ағылшын тіліндегі диалект сөздердің жіктелуі
Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері жайлы
Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл
Кәсіби сөздердің әдеби тілге қатысы жайында
Диалектілік сипаттағы кәсіби сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz