Вена классикалық мектеп өкілдері



Вена классикалық мектеп өкілдері
Людвиг ван Бетховен
Фредерик Франсуа Шопен
Волфганг Амадей Моцарт
Йоганн Себастиан Бах нем. Johann Sebastian Bach (21.3.1685, Эйзенах,Германия - 28.7.1750, Лейпциг, сонда) - ұлы немістер композиторы,органшы.
Иоганн Себастьян Германиядағы атақты музыканттар отбасында дүниеге келген. Оның аталары да ерекше музыкалық қабілетке ие болған. Мысалы, Фейт Бах, Иоганнес Бах секілді адамдар музыкалық қабілетімен руының абыройын асқақтатып жүрді. Олардың отбасыларының танымалдығы сонша, «Bach» сөзі қалада "қала музыканты" деген ұғымда қолданылды. Бахтың әкесі Иоганн Амвройский қаладағы танымал музыканттардың бірі болған. Иоганн Себастьянның ағасы Иоганн Кристоф органшы ретінде халыққа танымал болды. Осылардың әсері болса керек, Бах жастайынан көркем дыбыстарды құлағына сіңіріп өсті. 1693 жылы Бах шіркеу мектебіне оқуға түседі. 1695 жылы Иоганн Себастьян ата-анасынан айырылады. Осылайша ол Ордфурдағы ағасының қолына өтеді. 1695 – 1700 жылдары Ордфурда мектеп оқи жүріп, музыкамен де айналысты. Түнде ай жарығымен ағасының дәптерінен ноталарды көшіріп жүріп, ақыры көзінің көруі қатты нашарлайды. Осыдан соң, мектептегі мұғалімі оған Люнебургке ауысуға кеңес береді.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СРО

Пән:Әлем музыка тарихы
Тақырып:Вена классикалық мектеп өкілдері

Топ:П-301
Орындаған:Бейсенгазыев Медет
Тексерген:Оразғали Сейтқазин

Семей қаласы.2015 жыл
Вена классикалық мектеп өкілдері

Йоганн Себастиан Бах нем. Johann Sebastian Bach (21.3.1685, Эйзенах,Германия - 28.7.1750, Лейпциг, сонда) - ұлы немістер композиторы,органшы.
Иоганн Себастьян Германиядағы атақты музыканттар отбасында дүниеге келген. Оның аталары да ерекше музыкалық қабілетке ие болған. Мысалы, Фейт Бах, Иоганнес Бах секілді адамдар музыкалық қабілетімен руының абыройын асқақтатып жүрді. Олардың отбасыларының танымалдығы сонша, Bach сөзі қалада "қала музыканты" деген ұғымда қолданылды. Бахтың әкесі Иоганн Амвройский қаладағы танымал музыканттардың бірі болған. Иоганн Себастьянның ағасы Иоганн Кристоф органшы ретінде халыққа танымал болды. Осылардың әсері болса керек, Бах жастайынан көркем дыбыстарды құлағына сіңіріп өсті. 1693 жылы Бах шіркеу мектебіне оқуға түседі. 1695 жылы Иоганн Себастьян ата-анасынан айырылады. Осылайша ол Ордфурдағы ағасының қолына өтеді. 1695 - 1700 жылдары Ордфурда мектеп оқи жүріп, музыкамен де айналысты. Түнде ай жарығымен ағасының дәптерінен ноталарды көшіріп жүріп, ақыры көзінің көруі қатты нашарлайды. Осыдан соң, мектептегі мұғалімі оған Люнебургке ауысуға кеңес береді. Бах сонда ауысып, органшы Георг Бёмнен тәлім алады. 1702 жылы мектепті бітірген соң, университетке түсуге мүмкіндік алады. Дегенмен қаражат жеткіліксіздігінің себебінен, туған ауылы Тюрингияға оралады. Осында ханзада Иоганна Эрнеста Саксонскийдің жеке капелласында скрипкашы болып қызмет атқарады. Кейінірек Арнштадтқа көшіп, сол жақта 4 жыл өмірін өткізеді. 1703 - 1707 жылдар. Арнштадт. Бах шіркеуде органшы болып қызмет атқара жүріп, танымал музыканттардың техникасын зерттейді. 1707 жылы Бахты Мюльхаузендегі қасиетті Власия атындағы шіркеуге органшы қызметіне шақырады. Композитор осы жерде алғашқы кантаталарын жазады. Сонымен қатар, қосымша табыс көзі ретінде орган жөндеумен де айналысады. Осылайша Мюльхаузенде бір жыл өмірін өткізеді. 1708 жылы Иоганн Себастьян Бах өзінің туыс қарындасына үйленіп, отбасын құрады. Әйелі Мария Барбара да өзі секілді жетім еді. Барбарадан туған 7 баланың төртеуі ғана тірі қалып, өмірін жалғастырады. Осы жылы Бах Веймарға қоныс аударады. Бұл жерде біршама тұрақтаған ол өзінің композиторлық шығармашылығына шындап кіріседі. Орган мен клавесинге арнап, біршама пьеса жазып шығады. 1717 - 1723 жылдары Бах Кетен елді мекенінде князь Леопольд Ангальт-Кетенскийдің сарайында капельмейстер болып қызмет етеді. Оның міндетіне князьдің әндерін сүйемелдеу мен 18 музыканттан тұратын капелланы басқару кірді. Өмірінің тап осы кезеңінде Иоганның өмірінде шығармашылық төңкеріс болды. Бірнеше соната, скрипка мен виолончелге арналған сиюта, алты Бранденбургтық концерт дүниеге келді. Бахтың капельмейстер қызметіне тағайындалуының өзі қызық болды. Дрезден қаласына сол кездің әлемдік жұлдызы Маршан өнер көрсестуге келеді. Концерттің алдында екі музыкант танысып, табақтас болады. Тіпті бірігіп музыкалық композицияларды ойнап көреді. Ақыры не керек, Маршан Бахтың шеберлігін мойындап, бас иіпті. Осы оқиғадан кейін, Бахқа князь Леопольдтің көзі түскен екен. 1720 жылдың маусым айында жұбайы Мария Барбара өмірден өтеді.
1721 жылы Бах екінші рет отбасы құрады. Бұл жолы сол кездері белгілі музыканттың қызы Анна Магдалинаға үйленеді. Анна музыканттар отбасынан болғандықтан, әсерлі әуенге ерекше елітіп тұрды. Күйеуіне көмектесе жүріп, музыканттың көптеген шығармаларын қағазға түсіреді. Жалпы айтсақ, Бахтың бұл жолғы құрған отбасы біршама сәтті болды. Соның әсері болса керек, Иоганн жұбайына Анна Магдалина Бахтың нота дәптері атты шығармасын тарту етеді. Анна Бахқа 13 сәби сыйлайды. Топырлап туған балалардың тек алтауы ғана тірі қалады. 1723 жылы Бах Лейпцигке кантор қызметіне ауысады. Осы уақытқа дейін танымал болып үлгерген оны қасиетті Фома атындағы шіркеудің директоры күтіп алады. Музыкант ұстаз болып, қыздар хорына тәрбие беруге кіріседі. Дегенмен, оқытушылықтың да өзіндік қиындықтары бары белгілі. Оның үстіне балалардың музыкалық дарыны да мәз емес еді. Осының барлығы музыкантты шығармашылықтан аздап алыстатты. Дегенмен Матфейге құштарлық, Иоанға құштарлық, Ұлы месса, Ұлы оратория секілді шығармалары дүниеге келеді. Лейпцигте Бахтың Вильгельм Фридеман, Филипп Эммануил, Иоанн Христиан атты үш ұлы дүниеге келеді. Ұлдарының музыкаға икемдерінің жақсы болғандығын айтып өтелік. Бахтың музыкалары қанша әдемі болса да, шіркеу әуенімен көп ұйқаса бермейтін. Ақыры осы мәселе ашық текетіреске ұласты. 1740 жылдан кейін, Бах осы келіспеушіліктердің әсерінен жұмыстан кетпесе де, қызметіне бұрынғыдай көңіл бөлмеді. Жеке шығармашылығына бас ұрып, инструменталды музыкалар жазып, еңбектерін кітап етіп шығаруға талпынады. 1747 жылы Берлинде Фридрих екіншінің алдында өнер көрсетеді. Бұл концертті сол жақта қызмет ететін ұлы Филипп Эммануэль ұйымдастырып берген еді. Сапардан оралған соң, музыкант "Музыкалық тарту" деп ат қойып, Фридрих екіншіге шығарма арнайды. Өмірінің соңғы кезінде Бахтың көзінің көруі нашарлап, операцияға бекінеді. Дегенмен дәрігерлік назардың еш пайдасы тимей, Иоганның көзі тіптен көрмей қалады. Бірақ музыкаға жаны ынтық Бах шығармашылығын тоқтата қоймады. Ол 1750 жылдың 28 шілдесінде дүние салады.

Людвиг ван Бетховен
Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Боннқаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен - Людвигтің әкесі - капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады.
Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада,органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.
Бетховен алтыншы симфонияны жазуда Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Көптеген зингшпильдер және опералар, өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана, алдыңғы қатарлы адам, Нефе Бетховенның ұстазына айналды. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефеның арқасында 1782 жылы Бетховенның алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната, басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефеның көмекшісі, сараймаңылық капелланың альтшысы болып қызмет жасайды. Сол кезде Бетховен қала интеллигенциясымен араласып атаққа ие болады. Бірақ провинциялық өмірден жалығып ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп Свадьба Фигароның авторын өзінің импровизациясымен таң қалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып Бетховен туған қаласына оралуға мәжбүр болады. Анасының өмірден өткенінен кейін әкесі рухани әлсіреп, төмендеген Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. Сол ауыр жылдары Елена фон Брейнинг үйіне барып, ол тынығып, шығармашылық жігер алғандай болатын. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннғакелгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп Бетховенды Венаға шақырады.
Бонндық кезең Бетховенның идеялық-көркемдік қалыптасунды маңызды рөл атқарды деуге болады. Оның динамизммен, бағыттылықпен, жігерлікпен көзге түсе бастаған. 1792 жылдың күзінде беховен жастықпен қоштасып Венаға бет алады. Венада өткен алғашқы бірнеше жыл Бетховен өміріндегі ең бақытты шақ болған. Бетховен-пианисттың тамсандырарлық сәті Бетховен-композиторға сара жол ашты. Алайда өз шығармаларын басып шығарар алдында БетховенГайдн, Альбрехтсбергер, Сальериден дәріс алып, теориялық білімдерін тексеріп толықтырып алған. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында көзге түсті.
* 1795 жылы басылған оркестрлік 1. фортепианолық трио Бетховенге композитор ретінде көпшілік назарын аударды.
* 1795-1802 жж. аралығындағы он шақты шығарманың ішінде 12 фортепианолық соната, 3 фортепиано мен оркестрге арналған концерт,екі симфония, 6 ішектік квартет оркестр 18, фортепианолық және ішекті аспаптық трио, және т. б.
Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Музыкант қайғысына адам қиыншылығы қосылады, ол жас, зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардидісүйеді. Вегелерге жазған хаттарында өмірге қуанышты екенін айтып, тағдырдың қаталдығына мойымайтынын ұрандады. Бірақ жаңа соққы дайын тұрады, Дж. Гвиччарди ортасында Бетховен тек кедей музыкант болып саналды. Және есту қабілетінен айырылуы жақындап, біліне бастады. Емшілер кеңесімен Бетховен Гейлигенштад деген жерге денсаулығын дұрыстауға барады. Бірақ емдеу көмектеспей Бетховен өте қатты қайғыға батады. Ол трагедиялық әсері үлкен Гейлигенштадтық ақыр хат (завещание) деп аталатын ескерткішті сол ауыр күндері жазады.
* 1800-1803 жж. шығармаларында композитордың бастан кешіргенінің барлығы айқын көрінеді: Үшінші до-минорлық фортепианолық концерт, ор. 37 (1800ж.), жерлеу маршы бар Ля бемоль мажорлық соната,ор. 26 және Лунная сонатасы (1801), скрипка мен фортепианолық Крейцерлік сонатасы (1803), және т. б. шығармалар.
Бірақ адам қасіреті музыкант сәттілігіне әкелді. Қаһармандық симфонияда жеке тұлғалық қиыншылықтарды өмірге деген құштарлық, өнерге деген терең, ыстық махаббат жеңіп шығады.

Фредерик Франсуа Шопен
Фредерик Франсуа Шопен фр. Frédéric François Chopin; пол. Fryderyk Franciszek Szopen (22.2, кейбір деректерде 1.3.1810, Варшава маңындағыЖелязова-Вола мекені - 17.10.1849, Париж қаласы) - поляк композиторы, пианиношы, ұлттық классикалық музыканың негізін салушы.
Әкесі - француз, шешесі - поляк қызы. Шопен туған апасы Людвиканың ықпалымен жастайынан музыкаға әуес болып өсті әрі онымен қосылыпфортепьянолық дуэттер орындады. 7 жасында фортепьянода ойнауды чех музыканты В.Живныйдан, 12 жасында композицияны поляк композиторы Ю.Эльснерден үйреніп, тәлім алды. Лицейде (1823 - 26), одан кейін Жоғары музыка мектебінде (1826 - 29) оқыған ол жеті жасында алғашқы шығармасы - фортепьяноға арналған соль минор полонезін шығарды; 1817 ж. жарық көрді.1818 жылдан пианиношы ретінде таныла бастады. 1829 жылдан Шопеннің алғашқы гастрольдік сапары басталып, әуелі Вена, одан соң Мюнхенқалаларында концерт берді. 1830 - 1831 ж. Вена, ал 1831 жылдан Парижқаласында тұрды. Осы қалада әдебиет пен өнердің атақты өкілдерімен (ақынГ.Гейне мен жазушы Ж.Санд, кескіндемеші Э.Делакруа, композиторлар В.Беллини, Г.Берлиоз, Ф.Лист, Ф.Мендельсон, т.б.) танысты.

Chopin Berceuse
Шопеннің шығармалары поляк ұлттық музыкасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неопозитивизм философиясы
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
Геосаясаттың теориялық-концептуалдық маңызы мен негіздері
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
ХХ ғасырдың философиясы
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Ғылымның тарихы мен философиясының пәні
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
ХІХ-ХХ – ғасыр философиясы
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Пәндер