Жаңа инновациялық ойларды еңгізу



Кіріспе
Инновация
Инновация мағынасы және маңызы
Инновация түрлері
Қртынды
Қолданған әдебиеттер
Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
1. Innovation. http://www.merriam-webster.com/dictionary/. Merriam-Webster
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Жаңа инновациялық ойларды еңгізу

Дайындаған: Болысбеков М.Н
ЛД-211
Тексерген: Тойкин С.Х

Семей 2015
Кіріспе
Инновация
Инновация мағынасы және маңызы
Инновация түрлері
Қртынды
Қолданған әдебиеттер

Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Инновацияның мағынасы және маңызы
Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға рұқсат етіледі. Ағылшынша Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника, мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күнібұрын жоспарлап, ұйымдастырып, бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып, күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса техникалық жаңалықты әлеуеттендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт әзірлейді. Ол ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтар кездейсоқ пайда болғаны белгілі. Бірақ заман дамыған сайын инновацияны арнайы жоспарлау, мол қаржыландыру, жүйелі ұйымдастыру күнтәртіпке еніп келе жатқан секілді.
Инновацияда үлкен тәуекелшілдік болады. Егер кәсіпорын, немесе кез келген мекеме, тіпті кез келген адам бір деңгейде тұрып алса, бір түрлі әдіспен қайталанудан жазбаса, онда ол көбінесе күйреуге беттейді. Өйткені бәсекелестер жаңа мүмкіндік, арзан тауар жасап шығарып, пайдалы орайларды өздеріне қарай бұрып әкетеді. Christensen бұны инновация тығырығы деп атаған. (The Innovator's Dilemma)Заманауи өзгерістің толассыз туылуына, және өзгеріс периоды уақытының қысқаруына орай өзгеріске қарсы шара ретінде инновация туралы ізденіс артты. Ақпарат технологиясының біртіндеп өзекті болуына орай әрбір адамды негіз еткен, әлеуметтік белсенділікті сахна еткен, ортақ жасампаздықпен шұғылдану мен жаңалық ашуды ерекшелік еткен инновациялық қоғам қалыптасу үстінде және ол осы салада табысты жұмыс жасаған халықтарға әлемнің дамыған елдері деңгейіне көтерілуге мүмкіндік берді.
Нағыз Байлық инновациядан алынады. Қанша мол табиғи байлық болса да, адам қанша көп болса да бәрібір, егер инновациялық ізденіс пен даму болмаса, ондай ел кедей, мешеу күйден шыға алмайды. Инновация жетелеген өндірістік даму қоғамдық байлық дамуының бірден-бір себебі екені тайға басылған таңбадай айқын. Инновацияның халықтар, елдер тағдырын белгілейтін өте маңызды тетік екеніне адамзат баласының көзі жетіп келеді.
Инновацияның болуы бір мәселе болса, оның өндіріске, тұрмысқа қатысып, кірісіп, өндіріс пен тұрмыста өзгеріс тудыра алуы т*ағы бір мәсел**е. Кей елдердің, мысалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа инновациялық ойларды жеткізу
Қазақстанның инновациялық потенциал активизация (белсенділік) механизмдері
Қазіргі кездегі инновацияның қалыптасу ерекшеліктері
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау
Қоғамдық қайта құрудың инновациялық мазмұны
Дамыған елдердегі инновация үрдістері
Экономикадағы инновация
Мемлекеттік қызметтегі инновациялар
Оқу - тәрбие үдерісінде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқытудың ұтымды әдіс - тәсілдерін қолдану тиімділігі
АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясының инновациялық жобасын басқару
Пәндер