Міндеттемелер есебі



Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде 60-«Несиелер», 61-«Алдағы кезең кірістері», 62-«Дивидендтер бойынша есеп айырысу», 63-«Бюджетпен есеп айырысу», 64-«Еншілес (тәуелді) серіктестікпен есеп айырысу», 65-«Бюджеттен тыс төлемдер бойнша есеп айырысу»,66-«Алынған аванстар», 67-«Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу», 68-«Басқадай несиелік борыштар бойынша есеп айырысу» -деп аталатын бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары орналасқан.



1. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі.

Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент (пайыз, өсім) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерйиялық және банктік

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қаржы кафедрасы

ТАҚЫРЫБЫ: _______ Міндеттемелер есебі_______

Орындаған:

Тексерген:

Міндеттемелер есебі

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада
қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының
да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол
өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін
жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық
субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы
субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де
айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы
қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі
салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі
таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет
елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ
міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай
жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең
негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер
есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің
алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп
жүргізіледі. Бұл бөлімде 60-Несиелер, 61-Алдағы кезең кірістері, 62-
Дивидендтер бойынша есеп айырысу, 63-Бюджетпен есеп айырысу, 64-
Еншілес (тәуелді) серіктестікпен есеп айырысу, 65-Бюджеттен тыс төлемдер
бойнша есеп айырысу,66-Алынған аванстар, 67-Жабдықтаушы мердігерлермен
есеп айырысу, 68-Басқадай несиелік борыштар бойынша есеп айырысу -деп
аталатын бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары орналасқан.

1. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі.

Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке
адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент (пайыз, өсім) алу
үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге
байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерйиялық және банктік екіге
бөлінеді.
Коммерциялық несие - бір субъектінің екінші субъектіге сатқан
тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты
туындайды.
Банк несиесі – субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін
ұлғайтуға, ағымды қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес
және субъектінің банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған
келісім-шарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін
объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелінетін (қайтарылу) мерзімі,
міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, проценттік (пайыздық) өсім
ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы,
толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі тағы да басқалар
көрсетіледі.
Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие
алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір
коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім проценті (пайызы)
ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып алдын ала шешіп алуы
қажет. Банк мекемелері әдетте несие сұраушы субъектінің өтем
қабілеттілігімен өтемпаздығын мұқият тексереді. Ол үшін субъектіден тиісті
бухгалтерлікесеп материалдарын алып танысады. Берілетін уақыт аралығына
байланысты банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ
мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.
Несиенің объективті қажеттілігі – бұл, субъектінің өндірістік және
сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.
Банк мекемелері несиелерінің есебі
Несиенің бұндай түрінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру
туралы Қазақстан Республикасыны Ұлттық банкі бекітетін Қысқа және ұзақ
мерзімді несие беру ережелеріне сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие
субъектінің айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.
Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша
келісіліп, коммерциялық негізде беріледі.
Несие алу үшін шаруашылық субъектілері банк мекемесі басшысының
атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы
мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну яғни қайтару
мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар
үшін жасалған бизнес жоспар және тағы басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.
Банктен бірінші рет несие алайын деп отырған кәсіпорындар мен
ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері жоғарыда аталған құжаттармен қоса
банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу
куәліктерін және тағы басқа құжаттарды табыс етуі керек.
Жалпы шаруашылық субъектілеріне берілетін несие сомасы, банк
мекемесінің жауапты мамандары субъектінің өткізген құжаттарын тексеріп
болғаннан кейін, несие бойынша борышты және пайызды (процентті) қайтару,
өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісім-шарттың орындалуына
сәйкес беріледі.
Банк мекемесі мен несие алушы шаруашылық субъекті арасындағы
несиелік қызмет көрсету бойынша келісім-шарт бір жылға немесе одан да ұзақ
мерзімге жасалынады. Егер келісім-шарт бір жылдан артық уақытқа жасалынған
жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісім-шарт негізінде
беріледі. Несиелік келісім-шарт банк мекемесі мен әрбір несие алушы
субъекті (клиент) үшін жеке-жеке жасалынады.
Қысқа мерзімді банк несиелері 12 айдан артық емес мерзімге беріледі
(яғни бір жылдан кем уақытқа). Кейбір жағдайларда түрлі себептерге
байланысты бұдай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған
мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.
Банк несиесі субъектінің яғни несие алушының есеп айырысу
шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне (көлеміне) байланысыз беріледі және
қолма-қолсыз тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу
шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты
мерзімі, әдістері несиелік келісім-шартта қарастырылады. Егер несие алушы
келісім-шартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей
алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік
берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Шаруашылық субъекті банк мекемесінен несие алған уақытында 441-
Есеп айырысу шоты, 451-Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақша, 671-
Жабдықтаушылармен есеп айырысу шоты және тағы да басқа шоттар
дебеттеленіп, 601-Банк несиесі шоты кредиттелінеді. Ал бұл алынған несие
қайтарылған уақытта 601-Банк несиесі шоты дебеттелніп, 441- Есеп айырысу
шоты кредиттелінеді. Осы алынған несие үшін есептелінген пайыз (процент)
сомасына 831-Есептелінген процент шотының дебеті, 684- Процент бойыша
міндеттеме шотының кредиті түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады. Шаруашылық
субъектісі бұл міндеттемені төлеген уақытында 684-Процент бойынша
міндеттеме шоты дебеттеленіп, 441-Есеп айырысу шоты кредиттелінеді.

Шетел валютасы түріндегі несиелер есебі
Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция
тартып,әртүрлі дүниежзіндегі ірі банктерден де несие алынады. Соның ішіне
есептелінетін пайызы мен берілетін пайдалану мерзімі жағынан тиімді де
маңызды болып саналатын халықаралық валюталық қордың мүше – елдеріне
берілетін СТЭД-БАЙ несиесі болып табылады. Бұл қордың мүшелігіне кіретін
елдер кез келген уақытта халықаралық валюталық қордан келісілген уақыт
ішінде белгілі бір соманы ұлттық валютадан шетел валютасына айырбастауына,
кедендік төлемдерді төлеу мерзімін несие есебінен ұзартуға құқығы бар.
Шетелдік банктерден немесе басқалардан шетелдік валюта түрінде
несие алғанда субъектінің бухгалтериясында 431-Ел ішіндегі валюталық
шоттардағы ақша қаражаттары немесе 432-Шетелдердегі валюталық шоттардағы
ақша қаражаттары шоттарының тиістісі дебеттелініп, 601-Банк несиесішоты
кредиттелінеді. Ал бұл несиені қайтарғанда 601- шот дебеттелініп, 431
немесе 432-шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі
Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық
субъектілерінің басқа субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие
алуына құқығы болмады. Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы
тәртіптердің көбі өзгереді. Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни
шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркінпайдалануға,
яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болды. Осыған сәйкес елімізде
қабылданған бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында пассивті 602-
Банктен тыс мекемелердің несиелері-деп аталатын шот қарастырылған. Бұл
шоттағы банктен тыс мекемелерден алынған несиелері бойынша жүргізілетін
операцияларға жазылатын бухгалтерлік жазулар, банк несиелері бойынша
операцияларға жазылатын жазумен ұқсас болып келеді.

Басқадай несиелік операциялар есебі
Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай
емес, төлем қаржысы есебінде пайдаланатын вексель түрінде береді. Несие
алушы шаруашылық субъектілері мұндай вексельдерді өздерін материалдық
құндылықтармен,тауарлармен жабдықтайтын, сондай-ақ қызмет көрсететін
жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланылады. Әрбір вексельдің айналу
мерзімі несие беруші банкпен несие алушы шаруашылық субъектісінің
арасындағы келісім-шартпен белгіленеді. Бұл келісім-шарт бойыншы субъекті
банк мекемесінен вексельдерді алып, олардың сыртындағы тиісті жеріне
табыстама жазу арқылы төлем төлеу үшін пайдаланады. Жалпы табыстама жазудың
саны шектелмейді, яғни вексель айналым мерзімі шегінде бір субъектіден
екінші субъектіге төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Бұл
вексельдің пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы субъекті оны
банкке төлем ртінде табыс етеді. Ал осы вексель түрінде несие алған
шаруашылық субъекті несиелік келісім-шарттың аяқталуына карай банк
мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелінетін пайыз (процент) сомасын
аударады.
Әрбір шаруашылық субъектісінің өз қалауы бойынша 603-шотта 6031-
Басқадай қысқа мерзімді несиелер және 6032-Басқадай ұзақ мерзімді
несиелер-деп аталатын аралық шоттарын ашуларына болады. Сонымен қатар бұл
шоттарда алынған несиелерінің басқдай түрлері де есептелінеді. Шаруашылық
субъектінің бухгалтерлік есебінде нақты алынған ақшалай кұжаттарға 441-шот
дебеттелініп, 603-шот кредиттелінеді. Бұл алынған қаржы бойынша есептелген
пайыз (процент) сомасына 831-шот дебеттелініп, 603- шот кредиттелінеді. Ал
вексельдерді дисконнтау бойынша операцияларға 603- шот дебеттелініп, 302-
шот кредиттелінеді.

2. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.

Мемлекеттік бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп)
пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің
қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СЧЕТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
Міндеттемелер аудиті
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Кәсіпорынның міндеттемелерін басқарудың теориялық негіздері
Міндеттемелер
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
Қаржылық қорытынды есебі
Пәндер