Ақпараттық саясат



1. Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік
2. Ақпараттық саясаттың негізгі ұстанымдары.
3. ҚР . ның ақпараттық саясаты және оның ағымдағы жағдайы
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Ақпараттық саясат - қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі - іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық және т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпараттық саясатты бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әрқилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникацияларды, компьютерлік технологияларды жаңалау үрдісіне, ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес Ақпараттық саясат ұстанады. Мемлекет тарихындағы түбірлі реформалық өзгерістерге орай дұрыс таңдап алған Ақпараттық саясат қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік материалдық-рухани құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге қызмет етеді
1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР :
1. Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік
2. Ақпараттық саясаттың негізгі ұстанымдары.
3. ҚР - ның ақпараттық саясаты және оның ағымдағы жағдайы
4. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жалпы ақпараттық саясат туралы түсінік
Ақпараттық саясат - қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды, ақпараттық жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі - іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық және т.б. сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпараттық саясатты бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әрқилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникацияларды, компьютерлік технологияларды жаңалау үрдісіне, ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мемлекет өзінің экономикалық, әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес Ақпараттық саясат ұстанады. Мемлекет тарихындағы түбірлі реформалық өзгерістерге орай дұрыс таңдап алған Ақпараттық саясат қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік материалдық-рухани құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілуге қызмет етеді

2. Ақпараттық саясаттың негізгі ұстанымдары.
* ұдайылық - Қоғам туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға тұрақты және үнемі беріп тұру;
* жеделдік - Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметіне әсер етуі мүмкін, және де мүдделі тұлғалардың мүдделерін қозғайтын елеулі оқиғалар мен фактілер туралы мүдделі тұлғаларды барынша қысқа мерзімде хабардар етуді қамтамасыз ету;
* қолжетімділік - ашылатын ақпаратқа мүдделі тұлғалардың еркін, ауыртпалықсыз және ең аз шығындармен қол жеткізуін қамтамасыз ететін, Қоғам туралы ақпаратты тарату тәсілдерін Қоғамның қолдануы;
* дұрыстық - Қоғамға мәлім фактілерді бұрмалаусыз ақпаратты мүдделі тұлғаларға беру;
* толықтық - мүдделі тұлғаларға оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша нақты жағдай туралы барынша толық түсінікті қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде ақпаратты беру;
* теңгерілгендік - Қоғамның мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпиясын құрайтын ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тұрғысынан Қоғамның, Жалғыз акционердің мүдделерін қатаң сақтау шартында, мүдделі тұлғалардың ақпарат алуға құқықтарын барынша жүзеге асыру мақсатында бір жағынан ашықтықтың және айқындықтың пайымды теңгерілімін, екінші жағынан құпиялықты Қоғамның қамтамасыз етуі;
* тең құқықтық - Қазақстан Республикасының заңнамаларында және Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде, мүдделі тұлғалардың ақпаратты алуында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
* ақпараттық ресурстардың қорғалғандығы - Қоғамның Қоғамның қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын ақпараттарын қорғаудың Қазақстан Республикасының заңнамаларында рұқсат етілген тәсілдері мен құралдарын қолдану құқығы;
* ақиқаттылық - өз қызметін жариялау кезінде Қоғам оң және де теріс ақпаратты ашуды тең дәрежеде жүргізуі тиіс.
Әлеуметтiк-саяси аспект ұлттық ақпараттық кеңiстiктi және бұқаралық ақпарат тарату жүйелерiн Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн мақсатты келеңсiз ақпараттық және ұйымдық әсер етуден қорғау болып табылады.
Ақпараттық қауiпсiздiктiң мемлекеттiк техникалық саясаты - Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi, мыналарды:киберкеңiстiкте ақпаратты өңдеудi, берудi, сақтау мен қорғауды;бағдарламалық-аппараттық кешендердi әзiрлеудi, пайдалануды, қорғауды реттейтiн көзқарастар, қағидалар мен практикалық әдiстер жиынтығы.
Ақпаратты қорғау жүйесi - мемлекеттiк органдар және ұйымдар жиынтығы, олар пайдаланатын ақпаратты қорғау техникасы, сондай-ақ ақпаратты қорғау саласындағы тиiстi құқықтық, ұйымдастырушылық-өкiмдiк және нормативтiк құжаттармен белгiленген қағидалар бойынша ұйымдастырылған және жұмыс iстейтiн қорғау объектiлерi.
Ақпараттық соғыс - ол әдеттегiдей әскери күштi пайдаланбай, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қақтығыстар жүргiзу тәсiлi, қоғам мен мемлекеттi тұрақсыздандыру үшiн ақпараттық жүйелерге, процестер мен ресурстарға, аса маңызды және басқа да құрылымдарға зиян келтiру, саяси, экономикалық және әлеуметтiк жүйелердi бүлдiру, халықты жаппай психологиялық үгiттеу, сондай-ақ қарсылас тараптардың мүдделерiне орай шешiм қабылдауға мемлекеттi мәжбүрлеу мақсатында ақпараттық кеңiстiктегi қарсы күрес сияқты соғыс түрi.
Ақпараттық инфрақұрылым - ақпарат түзу, дайындау, түрлендiру, беру, пайдалану және сақтау үшiн пайдаланылатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң техникалық құралдарының жиынтығы.
Ақпараттық кеңiстiк - ақпаратты түзумен, дайындаумен, түрлендiрумен, берумен, пайдаланумен, сақтаумен байланысты әсер ететiн, оның iшiнде жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылым мен өзiндiк ақпаратқа әсер ететiн қызмет саласы.
Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) - ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетiн көздейтiн, қылмыс түрi.
Ақпараттық терроризм - ақпараттық ресурстар пайдаланылатын немесе (және) оларға ақпараттық кеңiстiкте әсер ететiн террористiк мақсатта жүзеге асырылатын қызмет.
Ақпараттандырудың аса маңызды объектiлерi - ұзақ уақыт кезеңге жұмыс iстеуiнiң тоқтауы немесе бұзылуы елдiң қорғанысы, қауiпсiздiгi, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының немесе инфрақұрылымының жекелеген салалары үшiн не тиiстi аумақта тұрып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Еліміздің ақпараттық саясатының қалыптасу кезеңдері
Жаhандық проблемалар және заманауи саясат
ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫҢ РӨЛІ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы мәліметтер
Зат пен энергия
КАНАДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Ақтөбе қаласының әкімдігінің аппараты
Әлеуметтік-мәдени үрдістердегі Қазақстандағы ақпараттық процестерді басқару мәселелері
Пәндер