Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі



I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1.1 Фармацевтикалық терминология туралы түсінік
1.2 Фармацевтикалық терминологияның құрамы
1.3 Фармацевтикалық терминдердің түйіткілдер
1.4 Дәрі.дәрмектердің тривиальды атаулары
1.5 Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі, құрылуы
III.Қорытынды:
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Фармацевтикалық терминология /гр. pharmakeia -дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы/- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация – бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Фармакопея – кітап.
Умаров С.З. и др. Медицинское и фармацевтическое Учебник / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.
Жантасова С.У. Латын тілі жаттығулар жинағы – Алматы, 2002 2.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде
дәріптелуі

Орындаған: Бекенов Н.С.
Тексерген: Біләлов Е.Е

2015жыл

Жоспары:
I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1.1 Фармацевтикалық терминология туралы түсінік
1.2 Фармацевтикалық терминологияның құрамы
1.3 Фармацевтикалық терминдердің түйіткілдер
1.4 Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары
1.5 Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі, құрылуы
III.Қорытынды:
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Фармацевтикалық терминология туралы түсінік
Фармацевтикалық терминология гр. pharmakeia -дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы- медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді. Фармацевтикалық деген сөз гректің "pharmacon" (дәрі) сөзінен шыққан. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым. Фармация - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы. Фармакопея - кітап.

Фармацевтикалық терминологияның құрамы
Фармацевтикалық терминдер алуан түрлі фармацевтикалық ұғымдарды білдіреді:
1. дәрінің дәрілік түрлерін ұнтақ, ертінді, таблетка т.б.;
2. дәрілік өсімдіктердің аттарын ботаникалық номенклатура;
3. өсімдік пен жануар тектес шикізаттарының түрлерін тамыр, гүл;
4. химиялық қосылыстардың жүйелі ғылыми атаулары , химиялық.
номенклатура;
5. 5. дәрі-дәрмектердің тривиальды шартты аттарын.
Фармацевтикалық терминдердің түйіткілдер
Қоғамның дамуына байланысты әр ғылым саласындағы терминдердің саны көбейіп, қолдану аясы кеңейе түсті. Сондықтан да белгілі бір түсінікті дәл белгілеп, сөз мәнін нақтылы көрсететін терминдерді жасау маңызды үрдіске айналды. Осыған байланысты латынның Oleum және Unguentum деген сөздерін қарастыратын болсақ, осы сөздер медицина, фармация және биология ғылымдарында кеңінен қолданылады әрі осы сөздерді барлық фармацевтер, медицина саласындағы азаматтар біледі. Латынның Oleum сөзі орыс тіліне масло, қазақ тіліне май деп аударылған және Oleum сөзінің орыс тіліндегі әрі қазақ тіліндегі баламаларының нақтылығы еш талас тудырмайды. Ереже бойынша майлар деп глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлерін айтады.
Қалыпты жағдайдағы майлар сұйық және қатты болады. Ал латынның Unguentum деген сөзін қарастыратын болсақ, бұл сөз латынның Unguere - жағу (мазать) сөзінен алынған. Мұндағы Unguentum сөзі зат есім де, Unguere сөзі - етістік. Сондықтан Unguentum сөзі латын тілінде термин ретінде қолданылған және орыс тіліне мазь деп аударылған. Осы сөздің қазақша аудармасын қарастыратын болсақ, Unguere -жағу етістігінің жақ түбірінің әсерінен қазақшаға бір сөзбен жағылма және екі сөзбен жақпа май деп аударылып, даулы мәселе қалыптасқан. Осындай теке-тірестің салдарынан аударушыларға, оқытушылар мен оқушыларға күні бүгінге дейін үлкен ыңғайсыздық туып отыр. Енді осы сөздің аудармасын келесідей жазып көрейік.

Латыншасы - Oleum, орысшасы - масло, қазақшасы - май.
Латыншасы - Unguentum, орысшасы - мазь, қазақшасы - жағылма.
Oleum және Unguentum деген латынша терминдер заттардың бір-біріне ұқсамайтындығын және екі зат екенін білдіреді, ал осы сөздердің орысша баламалары да заттардың екеу екенін көрсетеді. Енді қазақшаға Oleum - май, ал Unguentum - жақпа май деп аударылған нұсқасын қарастырайық. Oleum сөзінің қазақша баламасы май болса, онда май сөзі екінші рет тағы да Unguentum сөзіне балама бола алмайды. Бұл аударма (жақпа май) екі сөзден тұрғандықтан, термин болмай тек сөз тіркесі болады. Сондықтан латынның Unguentum деген сөзін жақпа май деп аударуды ғылым тіліне жатқызуға болмайды. Жақпа май сөзі тоң май, сұйық май, сары май, өсімдік майы, жануар майы, қарын майы деген атаулар қатарында болғаны орынды болар еді. Осыдан туындайтыны, Oleum терминінің - май, ал Unguentum терминінің баламасы ғылыми тұрғыдан жағылма болады. Сонымен жағылма деп сыртқа қолданылатын тұтқыр пластикалық қасиетті, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан және негізден тұратын жұмсақ дәрілік қалыптарды айтады.
Дәрі-дәрмектердің тривиальды атаулары
Көптеген дәрі-дәрмектердің атаулары химиялық қосылыстар болып есептелінеді. Мысалы, мыс оксиді, фоли қышқылы. Бірақ, олар дәрі-дәрмектердің номенклатурасында ғылыми жүйелі атаулар емес, тривиальді (латын trivialis, е -дағдылы, әдеттегі) атаулар сияқты қолданылады.
Ғылыми, яғни жүйелі атаулар дәрі- дәрмектердің химиялық құрамын қамтып көрсетеді.
N
Жүйелі ғылыми атауы
Тривиальды атау

1-Фенил - 2,3-диметил -4метиламино-пиразолон - 5 -метансульфонат натрия
1. Анальгин

Транс - 9,13 - Диметил - 7 - 11,15 - три метилциклогексен - 5 мл - 6 нона-тетраен - 7,9,11,13 ол
2. Ретинол
(Витамин А)
Дәрі-дәрмектердің ғылыми (жүйелі) атаулары күрделі болғандықтан күнделікті қолдануға ыңғайсыз. Соған орай, қысқа, және түсінікті болу үшін тривиальды атаулар қолданылады. Тривиальды атаулар - бір немесе бірнеше белгілерінен негізделген жасанды жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы
Фармацевтика терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі атаулары
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Пәндер