Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім жане Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі

Орындаған:Базарбаева А. М

Тобы; ВМ-501

Тексерген: Билялов. Е. Е

Семей қаласы

2015ж.

Жоспары

І. Кіріспе

1. Клиникалық терминологияның маңызы

ІІ. Негізгі бөлім

1. Клиникалық терминологияның құрылымы

2. Клиникалық терминалогияда мүшеленетін сөздер

3. Клиникалық терминалогияда жиі қолданалатын жұрнақтар

Клиникалық терминология (грекше Klinike - дәрігерлік құру ӛнері, науқас адамды күту) . Оған әртүрлі клиникалық мамандықтарының, патологиялық анатомия және патологиялық физиология сияқты ауруды зерттейтін пәндердің терминдері жатады. Ол ең алдымен терапиялық терминдер (грекше therapia - күту, емдеу) және хирургиялық терминдер (chеir - қол + ergіа - жұмыс, әрекет), ауру атаулары, патологиялық процестер мен жағдайлар, ауру белгілері, операция атаулары, зерттеу әдісі мен емдеу жолдары, медициналық құрал-жабдықтар т. б. Клиникалық терминология - ол ауруларды зерттеу және ауру тарихын жазу барысында оқулықтар мен анықтамаларда кездесетін мыңдаған атаулар. Осы медициналық терминология жүйесінде латын тілін қолдану шарт емес. Клиникалық терминдерді қолдану барысында аурудың қазақ тіліндегі атауларымен қатар олардың латынша баламалары да қолданылады: Жарық (hеrnia), сынық (fractura), қатерлі ісік (carcinoma) т. б. Сонымен қатар клиникалық терминологияда арнайы латын терминдері баламасыз қолданылады: Мыс. : status praesens т. б. Көне грек тілінің сөзжасамымен клиникалық терминология курсын оқу барысында танысасыздар. Медициналық терминологияның барлық жүйелерінде күрделі сөздердің - сөз жасаушы конструкциялардың орны үлкен. Олар түбір және сөз жасаушы элементтері бар латын-грек терминоэлементтерінен туындаған және клиникалық терминологияда кӛп кездеседі. Ғылыми және кәсіби жұмыстарға, аурудың алдын алуға (профилактикаға), ауруларды анықтауға (диагностикаға), науқастарды емдеуге байланысты терминдер клиникалық терминологияның үлкен бӛлігін құрайды. . Бұл бөлімде сөздің құрамы және сөзжасамға байланысты сұрақтар қарастырылады. Зерттеу барысында әрбір сөздің жеке мағынасы емес - олардың жалпы мағынасы маңызды. Осыған дейін сіздер әр сөзді анатомиялық лексикада дыбысталуы мен мағынасы жағынан бір бүтін жеке-жеке шартты белгі ретінде оқыдыңыз. өз ана тіліңізде де сөзбен білдіретін зат немесе ұғым арасындағы байланыс мүмкіндігі осы болып табылады. Бұның дәлелі - қазақ тілінде: тіс, көз, көкірек, тӛмпешік т. б. немесе латын тіліндегі: caput, dens, pectus, tuber, crista, os т. б. Дамыған медициналық терминологияда сөздердің мағынасы құрылымына байланысты емес. Олардың дыбыстық құрылымына қарай мағынасын біле алмаймыз. Ал бір түбірлі, яғни құрамында бір 4 түбірі бар немесе көптүбірлі, белгілі бір түбірінің қайталануынан пайда болған күрделі сөздер жоғарыда айтылғандарға қарағанда мүлдем басқаша түсінік беріп, есте сақталады. Мысалы: тістік, кішкене тіс, төмпекті, төмпешік, төмпешікті, төмпешік асты; denticulus, dentatus, dentinum; tuberculum, tuberalis, tuberosus, tubercularis. Осы сөздердің түбірін және оларға қосылатын сөз жасаушы элементтерді (жұрнақ, приставка) біле отырып, бұл сөздің мағынасын еш қиындықсыз түсінуге болады. Мысалы: ІІ топ сын есімдері. Олардың көбісі бір модель бойынша жасалған «зат есімнің түбірі (негізі) + -al, ar жұрнағы», vertebr+al(is), stern+al(is), tempor+al(is) . Осы модель бойынша жасалған сын есімдердің жалпы сөз құрамындағы мағынасы бір. Ол «сөздің түбірі білдіретін ұғымға байланысты»: омыртқаға байланысты (омыртқалық), көкірекке байланысты (көкіректік) т. б. деген мағынаны білдіреді. Ал «приставка + сын есімнің негізі» моделі, мысалы: subscapularis -жауырын астылық, suprascapularis - жауырын үстілік, сөз құрамының мағынасы бұл жағдайда «астылық», «үстілік» сӛздеріне байланысты.

Клиникалық терминологияның құрылымы. Клиникалық терминдер өзінің құрылысына қарай тӛмендегідей болуы мүмкін:

А) жай клиниалық терминология - бір түбір мен жалғаудан тұрады: мыс. : coma, atis n; ulcus, eris n.

Б) туынды клиниалық терминология - жұрнақ арқылы зат есімнен сын есімге айналған, мыс. : comatosus, a, um; ulcerosus, a, um

В) күрделі клиниалық терминология - екі немесе одан да көп түбірден құралған мыс. : dermatologia, cardiodystrophia.

Г) клиниалық терминология -сөз тіркестері үш түрлі болуы мүмкін:

1. қиысқан анықтауышы бар термин -pneumonia chronica.

2. қиыспаған анықтауышы бар термин - cancer pulmonis.

3. аралас термин - fractura transversa claviculae.

Мағыналары ұқсас сөздерде сөздің бір бӛлігі болса да қайталанатын болса, мұндай сөздер мүшеленетін деп аталады. Әртүрлі сөздердің мүшеленуі толық немесе жартылай бола алады. Егер сөздің барлық бөліктері басқа да туынды сөздерде қайталанатын болса, олар толық мүшеленетін деп аталады. Егер сөздің барлық бӛліктері қайталанбаса, жартылай мүшеленетін деп айтуға болады. Келесі сөздерді салыстырайық: 1) Толық мүшеленетін: pod-algia, pod-o-metria, neur-algia, kephal-ometria. Бұл сөздерде барлық бөліктері басқа да туынды сөздерде кездеседі. 2) Жартылай мүшеленетін: pod-agra. Бұл сөзде бірінші бөлігі - pod, басқа да сӛздерде қайтаналанады, ал екінші бөлігі - agra, өте сирек жағдайда ғана қайталанады. Көптеген терминдер толық мүшеленетін болып саналады. Өзінің мағынасын сақтап тұрған жиі қолданылатын бөлшектер, морфемалар, терминоэлемент деп аталады (ТЭ) Терминоэлементтер тұрған орнына қарай мынадай болуы мүмкін: 5 - бастапқы ТЭ- cardiodystrophia; - аралық ТЭ - cardiodystrophia - соңғы ТЭ - cardiodystrophia, негізгі мағынасы осы терминоэлементте көрсетілген, қалғандары соны анықтайды. - бос ТЭ - сөз ретінде және ТЭ ретінде қолданылады. Мыс. : spasmus cordis - cardiospasmus; - байланысты ТЭ - тек қана күрделі сөздің құрамында қолданылады. Мыс. : dermatologia, cardiographia.

.

Клиникалық терминологияда жиі қолданылатын жұрнақтар: .

-osis жұрнағының екі мағынасы бар:

1. Егер түбірінде тін, дене мүше білдіретін ТЭ берілген болса жалпы мағынасы «патологиялық процесс, созылмалы зақымдануы» Мысалы: нефроз - бүйректің созылмалы зақымдануы, психоз - психиканың бұзылуы, токсикоз- улануы, артроз -буындардың зақымдануы.

2. Егер түбірінде жасуша немесе ісік білдіретін ТЭ болса, -osis жұрнағының мағынасы кӛбею болады. Мысалы: лейкоцитоз - лейкоциттің кӛбеюі, фиброматоз - талшықты ісіктерінің кӛбеюі.

-osis жұрнағы арқылы құралған зат есімдер ІІІ септеу femininum род түріне жатады. Мыс. : arthrosis, is f., leucocytosis, is f -itis жұрнағы қабынуды білдіру үшін қолданылады. Мысалы: гастрит-gastritis- асқазанның қабынуы, нефрит - nephritis бүйректің қабынуы.

-itis жұрнағы арқылы құралған зат есімдер ІІІ септеу femininum род түріне жатады. Мыс. : nephritis, itidis f. -oma жұрнағы органдар мен тіндердің ісігін білдіреді. Мыс. : остеома - osteoma - сүйектің ісігі. Ісіктердің атаулары ІІІ септеу neutrum род түрінің зат есімдері.

Ерекше клиникалық сөйлемдер:

habitus aegroti - аурудың жалпы түрі

status praesens - қазіргі жағдай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы мәлімет
Клиника терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы мәлімет
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Анатомия терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Анатомиялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы мәлімет
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz