Мемлекеттің ақша несие саясаты. ҚР бюджет-салық саясаты
1.Мемлекеттің ақша несие саясаты
2.ҚР бюджет.салық саясаты
3.ҚР әлеуметтік саясаты
2.ҚР бюджет.салық саясаты
3.ҚР әлеуметтік саясаты
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2006 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2004ж.
Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006.
Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университет
СӨЖ
Тақырыбы:1.Мемлекеттің ақша несие саясаты
2.ҚР бюджет-салық саясаты
3.ҚР әлеуметтік саясаты
Орындаған:Ахмер С.К
Тексерген: Габдуллина Л.Б
Семей2015
1.Мемлекеттің ақша несие саясаты
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша - несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша - несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді. Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Төлем айналымы түсінігі Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті қоса алғанда) әрекет етеді. Банк функциясының ішкі нысаны - төлем айналымы бойынша әсері - банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі. Халықаралық банк құқығында төлемдегі қатынастар коммерциялық келісімшарттар бойынша ақшаны төлеудің есеп айырысу міндеттемесі ретінде қарастырылады, оған мына төрт элемент қатысады: уақыт, тәсіл, орын және төлем валютасы. Бұл орайда халықаралық есеп айырысу міндеттемелері халықаралық жеке құқықтың дәстүрлі құқықтық нормаларын, мемлекет ішілік нормаларын және банктер арасында қалыптасқан тәжірибедегі ережелерін есепке алу арқылы реттеледі. Олар бойынша есеп айырысу міндеттемелеріне жататындар: :: валюталық тәуекелдердің сақтандырылу нысаны; :: халықаралық қаржы есеп айырысу нысандары; :: банктік кепілдік етудің типтері. Есеп айырысу нысаны дегеніміз төлемнің тәртібі, қолданылатын төлем құралдарының түрлері, сондай - ақ құжат айналымын рәсімдеу болып табылады. Әлемдік банктік тәжірибеде банктік аударым, құжаттамалық инкассо және құжаттамалық аккредитивтік кеңінен таралған. Қазақстанда төлем айналымы бойынша қатынастардың және оларды реттеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде, Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңында Қазақстан Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең төменгі талаптарды белгілейді. Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.
Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу Банктің негізгі функцияларының бірі (қызметтің негізгі бағыттары) төлем айналымы бойынша әрекет ету функциясы болып табылады. Банктің функциялары қаражаттарды құраудан,несие беруден, төлем айналымына әсер етуден, өзге де функциялардан тұрады. Бұл функциялардың әр қайсысы жоғарыда аталған топтарға бөлінуге орай белгілі бір операциялардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Төлем айналымы әсер ету жөніндегі операцияларға банк әр түрлі төлем операцияларын олар бойынша орындауды міндетіне алады: чектерді төлеу, аударымдар жасау, вексельдер және өзге де құжаттар бойынша төлемдер қабылдау және т.б. Осы операциялар арқасында банктер жалпыға ортақ кассирлерге айналады. Қазіргі кезде әлемде, оның ішінде Қазақстанда банктердің функциясы - төлем айналымына әсер етуі - елеулі, сапалы өзгерістерге ұшырауда, бұл компьютерлік және телекоммуникациялық байланыстардың дамуының салдары деуге болады, мұның өзі төлемдер мен ақша аударылымдарының өтуін тездетеді. КСРО тараған кезде және оның үйіндісінде тәуелсіз мемлекеттер құрылған кезеңде ақшалардың төлемдері мен аударылымдары айға тіпті жылға созылды. Қазақстанның қазіргі банк жүйесінде аударымдардың жасалуы әлемдік талаптарға сәйкес келеді, мысалы Қазақстанның халық жинақтау банкі заңды тұлғалар арасындағы есеп айырылысуды күніне күн есеп айырылысуға мүмкіндік береді. Аталған функцияның маңызын өсіре бағалау қиын, өйткені ол ақшалар мен - кез келген елдің экономикасының өзегімен байланысты. Бұл орайда аталған функцияның рөлі Қазақстанның әлемдік экономикаға енуі нәтижесінде ақшалардың төлемдер мен аударымдарын өткізуге тездету және жетілдіру міндетін алға қояды және қолма қолсыз түрде есеп айырысудың жүзеге асуы өскен кезде ерекше маңызды. Төлем айналымына байланысты операциялардың дамуына неғұрлым күшті фактор Қазақстанның саяси жағынан да, экономикалық жағынан да егемендік алуы болып табылады, себебі нағыз мемлекеттік егемендік елдің төлем жүйесінің сенімді де берік болуына мүмкіндік беретін әлемдік стандарттар мен талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруды ұсынады. Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша қойылымдарды көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады. Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция олардың мамандануымен сәйкес келеді. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жекелеген түрлерімен ерекше дамиды. Мұнда әмбебап типтегі мекемелердің қайта мамандануы қажет. Сол сәтте бұл тенденция қызмет сапасының жоғарлауына ықпал етеді және ең алдымен ұсақ және орташа банктерді қамтиды. Банктік операциялардың дамуында ақпарат пен коммуникацияның қазіргі кездегі техникалық құралдары айрықша роль атұарады. Банк ісі ақпаратты дер кезінде беру, оны жедел өңдеу және мәмілеттердің ақиқаттылығы, экономикалық жағдайды талдау және ақша нарығының даму болашағын дұрыс бағалау сияқты жағдайларға тәуелді болады. Қаржы нарығының қатысушылары өз істерін жүргізу үшін ақпараттың өте үлкен көлемін талап етеді. Сондықтан да банк ісіне ҒТР дың соңғы жетістіктерін енгізбей, коомпьютерлік техниканы игермей банк қызметін жақсарту мүмкін емес.
Банк жүйесінің дамуындағы елеулі құбылыс ретінде мынаны атап көрсетуге болады, яғни несиелңк мекемелердің көтерме операциялардан бөлшек операцияларға өту оның клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі. Қазіргі кезде көптеген банктер өз стратегияларын өзгертті. Кәсіпкерліктің барлық салаларына белсенді түрде жүре отырып және шағын бизнесті қамти отырып, олар жаппай клиентураға, яғни халықтың әл ауқаты нашар топтарға бағытталады. Ол қазіргі кездегі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді . Біз дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің қазіргі кездегі несие жүйесін сипаттаушы маңызды мәселелеріне тоқталдық. Өз экономикасын нарықтық жолда қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің қазіргі кездегі даму тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады, өйткені нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республикамыз үшін шетел тәжірибесін толығымен меңгерген тиімді болады, өйткені экономикалық нарыққа өтудің ең басында тұр. Ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде. Қазақстан Республикасында ақшалардың қолма қолсыз төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырудың ең көп тараған тәсілі төлем тапсырмасы болып табылады. Заң бойынша төлем тапсырмасын пайдалануға байланысты жөнелтуші мен қабылдаушы банк арасындағы міндеттер мен құқықтар, олардың арасындағы шартпен белгіленеді, ал оларды нақты түрде жүзеге асыру қабылдаушы банкке төлем тапсырмасын көрсету сәтінен басталады. Алушы банк ондай нұсқауды алғаннан кейін оны акцептеуге не оны акцептеуден дәлелді түрде бас тартуға тиіс. Алушы банк төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда жөнелтушінің акцептелген төлем тапсырмасының орындалуы жөнінде талап ету құқығы туындайды. Төлем тапсырмасы белгіленген нысандағы банкте басқа кәсіпорынға оның шотынан ақша қаражатының сомасын аудару туралы банкке берілетін бұйрық болып табылады. Төлем тапсырмасы несие аударымына алушы банкке бастамашының ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма қолсыз төлемдерге жатады. Тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар пайдасына оның ақшасын аудару туралы жөнелтушінің қызмет көрсететін алушы банкке тапсырмасы ретінде болады. Ақшаны жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банкке төлем тапсырмасын белгіленген нысандағы банкте ұсынады. Төлемнің мақсат деп аталатын бағанаға ақшаны жөнелтуші ақшаны аударуды жүзеге асыруға негізде құжаттың атауын, нөмірі мен күнін және Қазақстан Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілерімен тікелей көзделген болса, өзге де реквизиттерді көрсетуге міндетті, сонымен қоса төлем мақсатының коды бағанасына - төлемнің белгісі қойылады.
Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері Бағалардың ұтымды жүйесін қалыптастыру қатаң ақша - несие және икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамассыз ету үшін және инфляцияға қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға міндетті. Бұл шараларда мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік бюджеттен онда да ақша басатын станоктың жұмысы есебінен қаржы алуға және беруге арқа сүйеу әлде қайда жеңіл сияқты. Ал дербес өзіндік шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін толық жауап беретін бола тұра өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін материалдық жағынан ынталандыруға қажет ақша табу айтарлықтай қиын. Алайда біз алғашқы жолмен жүрсек онда жұмыс істемейтін ақша тасқыны ұлғаятыны сөзсіз. Осы жағдайда тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның бақылаусыз өсуі орын алады да еркін баға белгілеу сияқты өзін өзі реттеу механизміне қол жеткізе алмаймыз. Бізде бағаларды үнемі өсіріп отыратын мехенизм қалыптасатын жіне әрекет ететін болады. Жоғарыда көрсетілген шараларды бір мезгілде және кешенді жүзеге асыру ділгерлікті жеңу еркін, нарықтық бағалар жүйесін өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл жылдам іске аса қоймайтын үрдіс екендігі белгілі. Нарыққа өтпелі кезеңнің өне бойында бірқатар өнім түрлерінің бағасын әкімшәләк жолмен реттеп отыру әлі де сақталынатын болады. Экономиканың тұрақтандырылуына, оның нарықтық негіздерінің нығайтылуына қарай орталықтан белгіленетін мұндай бағалар шеңбері тарыла түспек. Болашақта мемлекеттік баға реттеу өз мәнін біршама сақтайтыны байқалады. Экономиканың тұрақтандырылуына, оның нарықтық негіздерінің тұрақтануына бұлайша баға белгілеуді реформаларды белгілеудің күрделі қиындыққа, үлкен әлеуметтің тәуекелге толы жол екендігін де мойындаған жөн. Әйтсе де бұл қазіргі заманғы ділгерсіз, жоғары өнімді экономикаға жеткізетін бірден бір жолы болып табылады.
Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді. Еліміздің ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор. Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:
1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.
3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық), қаржы секторының ақуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).
4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады . Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс.
Әлемде нарық экономикасында несие жүйесі екі дәрежеде қызмет атқарады, олар макроэкономика және микроэкономика болып бөлінеді. Осыған сәйкес экономикалық талдау да макроанализ және микроанализ деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы Еңбекке тарту, процент пен ақшаның жалпы теориясы деген еңбегінде батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Микроэкономикада - жеке буын немесе негізгі экономикалық буынның қызмет ету саласы. Микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты табыс табу. Макроэкономикада - бұл жалпы экономикалық процестер саласы, қоғамдық фирмалардың жиынтығы болып табылады. Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір өзгерістерге ұшырады. Әлемдік экономикадағы құрылымдыұ қайта құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге байланысты банк жүйесінің барлық компоненттері қайта жаңғыртылуда. ҒТР-дің даму әсерінен өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануы мен орталықтануын талап етті. Сәйкесінше банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ұлғайтуға қарай модификациялайды, яғни қазіргі кездегі банк жүйесінің экономикадағы дамуының өзгермелі жағдайына бейімделуі жүзеге асады: банк жүйесінің құрылымдық қайта құрылуы айқын; белгіленген мамандануды сақтай отырып, банктер қызметінің шоғырлануы және әмбебаптануы орын алады. Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан несиелерді беру, құнды қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша мүліктерді басқару және басқа көптеген банктік және банк маңындағы қызметтерді көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің көпжақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді . Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі - дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық кеңістік принципке және т.б. енуге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлікпен мәмілелер, бухалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс салаларына қатыса отырып, несиелік мекемелердің басқа топтарымен тікелей конфронтацияға шығады. Екінші - банктік емес мекемелердің банктік нарықтағы енуі арқылы. Банктік емес мекемелер қазіргі таңда банктермен инвестициялық салада депозиттік саудалық операцияларды барынша бәсекелес келеді. Соңғы жылдары банктік жіне басқа арналардағы қаржы несие мекемелері арасындағы қаржы, халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес өткір сипат алады .
Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны. Халықаралық ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат. Халықаралық несиелік қарым қатынастардың негізгі формалары әр түрлі. Олар заемдық қаражаттарды пайдалануда дүниежүзілік шаруашылықтың қажеттіліктерінің өсуін керек етеді. Халықаралық ақша - несие саясаты олардың тағайындалуына, экономикалық мазмұнына, несиені беру көздерін қамтамассыз етеді. Халықаралық ақша-несие саясаты көбінесе сыртқы сауда ағымдарына әсер етумен, инвестициялық обьектілердің құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген қызметтерге ақы төлеумен, ғылыми-техникалық білімдерді экспорттаумен тікелей байланысты келеді. Сонымен қатар, оның маңызды бір бөлігі тек қана сыртқы экономикалық несиелерді қаржыландыру үшін ғана емес, сол сияқты барлық несиелер беру немесе әр елдің төлем балансын реттеу саясатына пайдаланылады. Қазіргі жағдайда халықаралық несиелер бір жағынан, экспорттық және қаржы несие зайымдары ретінде, екінші жағынан, жеке және халықаралық несие түрінде қарастырылған . Несиенің бағасына несиеге сатылатын тауарлар бағасына жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа да мезгілдік ақылар, сыйақылар береді. Бағаның негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі заңдылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылық нарық конъюктураларының өзгерісін шұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттағы дамуына қорытынды беруге мүмкіндік жасайды. Халықаралық ақша несие нарығының жекелеген сфераларындағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары саудаға ықпал етеді. Халықаралық несие нарығындағы пайыз мөлшерлемелерінің қазіргі құрылымы да несиенің қолданылу аясына және пайдалану бағыттарына сәйкес анықталады. Сондықтан да мынадай халықаралық несие категориялары: экспорттық және қаржы несиелерінің пайыз мөлшерлемелерінің қозғалыс ерекшеліктерін қарастыру қызығушылық тудырады. Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс пен айырбастан және несиелік жүйелермен жинақталған несие капиталының өсуі, халықаралық сауда және батыс елдері арасындағы төлем есеп айырысу қатынастарының нығаюына әкеліп отыр. Мұндай несиелік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас дүниежүзілік дағдарыстың тұсында болған . Экспорттық несиелер бойынша пайыз нормасының қозғалысына ортақ заңдылықтар белгілеу өте қиын. Жоғарыда аталған факторларға қоса, бұл несие бағасының қалыптасуына дүниежұзілік нарықтағы тауарлар қозғалысынан сондай-ақ жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы несиелік қатынастардың ерекшелігінен туындайтын факторлар жиі ықпал етеді. Мұнымен экспортты несиелеу жүйесінің негізгі аспектілері: атап айтсақ, несиелеу мерзімі, формасы және түрлері, қамтамасыз ету сипаты, нарықтың шарттары мен тәртібі т.б. тығыз байланысты. Сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне, кейде саяси қажеттіліктен туындайтын несие нарығындағы бәсеке де үлкен әсер етеді. Мұның бәрі сыртқы сауда несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерінің құрылымының күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің кейбір формалары мен түрлері бойынша қандайда бір тенденцияны айқындау мүмкін емес. Тікелей мемлекеттік несиелер бойынша халықаралық несие саласындағы пайыздар төмен болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер мемлекеттік бюджет немесе арнайы қордағы қаражаттар есебінен жабылады. Мұндай несие бойынша пайыз мөлшері экономикалық емес, саяси формаларға байланысты анықталады. Батыс елдері бюджет есебінен арзан несие беруді және инвестициялар мен тауар экспортын ынталандыру үшін пайдаланады және нәтижесінде сыртқы экономикалық экспансияға тиімділік жасайды . Евровалюта нарығындағы қаржы несиелері бойынша пайыз мөлшерлемелерін қалыптастырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Оның басты элементі - либор мөлшерлемесі. Ол нарық конъюктурасына байланысты ауытқи отырып, банктің жалпы ағындағы өтімділік жағдайын көрсетеді. Сыртқы сауда мәмілелерін қаржыландырудағы несие мерзімі несиеленетін тауарлар немесе объектілердің сипатына және контрактінің мөлшеріне байланысты. Контракт қаншалықты ірі сомаға жасалса, несие соғұрлым ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Инфляциялық процестердің ұлғаюы барысында ақша-несие саясатының маңызы арта түсуеді. Сондықтан валюта бағамының динамикасы, қарыз алушылардың несие мерзімін таңдауы нарықты тауарда маңызды роль ойнайды.
2.ҚР бюджет-салық саясаты.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.
Бюджеттiк процес мемлекеттiк кiрiстерi мен шығыстарын баланстайды, теңдестiредi. Бiрақ қазiргi кезде барлық елдерде дерлiк мемлекеттiң шығыстары, оның кiрiстерi мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себебептерi көп, олардың iшiндегi ең бастылары өмiрдiң сан түрлi салаларындағы мемлекет рөлiнiң үздiксiз артуы, оның экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң кеңеюi, мемлекет аппараттары көлемiнiң өсуi және тағы басқа себептер. Бюджеттiк шығындардың көбеюi салық түсiмдерiмен сәйкес келмейдi, сондықтан бюджеттiң тапшылығы үздiксiз өсiп, оның көлемi ұлғаяды. Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде абсоллюттi мөлшерi бойынша да жалпы ұлттық өнiмнiң қатынасынан да артық көрiнедi.
Мемлекеттiк бюджеттiң тұрақты тапшылығының негiзiнде көптеген сабептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетiлген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюiне байланысты. Артық өндiрудiң кезеңдiк дағдарыстары кезiнде бюджетке түсетiн салықтар азаяды. Бюджеттiк тапшылық мемлекеттiк қаржылардың терең сәйкессiздiгiнiң салдары. Сонымен қатар, олар ақша айналысының айтарлықтай берекесiздiгiмен де байланысты. Бюджеттiк тапшылықтарды реттеу қазiргi мемлекеттiң экономика саласындағы ең күрделi проблемасына айналды.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде бақыаудың мынандай үлгiлерi пайдаланады:
1) сәйкестiктi бақылау - бақылац обьектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;
2) қаржылық есептiлiктi бақылау- бақылау обьектiсiнiң қаржылық есептiлiктiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
Мемлекеттiк бюджеттiң 2008 жылмен 2009 жылдың көрсеткiштерiн салыстыру арқылы мемлекеттiк бюджетке түскен түсiмiнiң 13,1 пайызға артқанын көруiмiзге болады. Оның iшiнде бюджеттiң табыс бөлiгiне келетiн болсақ, салықтық түсiмдер 96611 млн теңгеге, яғни 13,2 пайызға, оның iшiнде: заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы- 43390 млн. тенгеге, яғни 25,6 пайызға; жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы-38440 млн. тенгеге, яғни 56,0 пайызға; әлеуметтiк салық-28486мн. тенгеге, яғни 22,9 пайызға; қосылған құн салығы-40451 млн. тенгеге, яғни 25,4 пайызға; акциздер-8532 млн. тенгеге, яғни 39,0 пайызға; мүлiк салығы-6284 млн. тенгеге, яғни 30,0 пайызға артқан; ал жер салығы-3578 млн. тенгеге, яғни 65,8 пайызға кемiген.
Мемлекеттiк бюджеттiң 2008жылы 2007жылға қараған кем орындалуының бiрден бiр себебi әлеуметтiк салықтың ставкасының төмендеуiнен, яғни 26 пайыздан 21 пайызға төмендеп, бюджеттiк түсiмдегi салық көлемi бiршама төмендедi.
Мемлекеттiк бюджеттiк түсiмдерiң соңғы жылдардығы,яғни 2009 жылы артығымен орындалғанымен оның iшiнде мүлiк, көлiк құралдар салықтары толығымен орындалмаған. Мүлiк және көлiк құралдар салығының толығымен орындалу үшiнм жергiлiктi жердегi мүлiк салығына тартылуға тиiс, барлық мүлiк және көлiк құралдар түгел есепке алынуы тиiс. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының жұмысын жандандыру керек. Барлық заңды және жеке тұлғалардың мүлкi түгелдей осы орталықта тұруы тиiс.
Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң тұгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез -келген мемлекетте болатын күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа түс келедi. Осының бәрi жинақталып келiп, салық заңдарының көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi.Әу баста салық жүйесiнде жiберiлген кемшiлiктер де, қателiктер де жеткiлiктi болады. Оған үкiметтiң рүқсатымен салықтан босатылған ұйымдардың қызметi де өзiнiң зардабын тигiзбей қойған жоқ.
Қазiргi кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады. Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп ұлғайып келедi. Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы оң нышанды қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа Салық Кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр.
Салық кодексiнiң жобасын талқылау барысында Парламент депутаттары тарапынан әлеуметтiк салық пен қосымша құн салығына байланысты ұсыныс көтергендi.Әлеуметтiк салық 26 пайыздан -21 пайызға, қосымша құнға салынатын салық ставкасы 20 пайыздан 16 пайызға төмендетiлдi. Салықтық жүктеменi осылайша төмендету бiздiң елiмiзде реформаны жүзеге асырудан берi тұңыш рет қолданып отырғандығын айта кету керек.Әрине, бұл үлкен қадам. Өйткенi бұл кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қажеттi жағдай жасауға көмектеседi. Кәсiпкерлiктi қодап оларға жағдай жасасақ бюджетке түсетiн түсiмде ұлғаяды.Әлеуметтiк салық ставкасын төмендету еңбек ақы мөлшерiне де оңтайлы ықпал жасайды.
Салық кодексi кәсiпкерлiктi дамытуға да өзiндiк үлес қосатын болды. Бүрын салықтан жалтарғандар өте көп болғандығы жасырын емес. lшкi табыстың 40 пайызына жуығы өткен кезеңде көлеңкелi экономикаға жұмыс iстегенi де белгiлi. Сол себептен қабылданғалы отырған кодекстiң бiр ерекшелiгi, салықтан жалтарғандарды айқындап отырады.Салық жинау тәсiлдерiн жетiлдiру жолдарында енгiзетiн тағы да бiр өте маңызды жаңалық, декларация экономикалық қызметтiң кодтары көзделген және салық төлеушiлер кәсiпорын қызметiнiң үш түрiнiң проценттiк арақатынасын көрсетуге тиiстi болады.
Мысалға, металлургия кәсiпорны металлургия өнiмдерiн шығарады, мұнымен қоса, онда жолай химия өндiрiсi және машина жасау өнiмдерiн шығарудың қандай да бiр түрi бар. Экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi туралы мәлiметтер бұларды одан әрi электрондық өңдеу мен талдау үшiн ақпарат легiне жиналатын болады. Осы мәлiметтердi талдау негiзiнде экономикалық қызметтiң нақтылы түрiне тән салық жүктемесiнiң деңгейi, жалақы көлемi, капитал көлемi,айналым көлемiне қосымша құнға салық үлесi және басқалары сияқты орталандырылған өлшемдер айқындалды.
Мұның өзi салық әкiмшiлiшгiнiң бүкiл жүйесi мен салық тексерулерi тәртiбiн түбiрiнен өзгертетiн немесе мүлде жаңа құбылыс, яғни мәнi мынада: белгiлi бiр қызмет саласындағы кәсiпорыннның өлшемдерi орташа немесе орташадан жоғарыға жақын болса, онда мұндай кәсiпорынды салық органдары ең болмағанда бiрiншi кезектегi тәртiппен тексермейдi. Іызметтiң осы саласы үшiн қабылданған орташадан төмен көрсеткiштерi бар кәсiпорындар салық тексерулерiне жатқызылады және экономикалық қызмет түрлерi бойынша декларацияларды электрондық талдау ұқыпты және ұқыпсыз салық төлеушiлер арасындағы беделдi неғұрлым дәл айқындауға мүмкiндiк бередi. Яғни жүйе былайша көрiнiс табады: салық төлеушiнiң қызмет салалары бойынша орташаландырылған өлшемдерге қатысты оның салық төлемдерiнiң мөлшерi көп болған сайын салық инспекторы соншалық сирек, мүмкiн бiрнеше жыл iшiнде тексеруге келедi. Осыған байланысты қызмет сапалары бойынша тоқсандық, жарты жылдық және жылдық ағымдағы орташаландырылған өлшемдердi жариялап отырған тиiмдi. Мұндай шаралар ұқыпсыз салық төлеушiлердiң бизнестi неғұрлым адал жүргiзуiне итермелейдi.
Осының бәрi салық төлеушiлердiң қалыптасқан ортасын салық мәдиниетiн арттыру жағына қарай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz