Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері



I.Кіріспе
Көп қоректі зиянды жәндіктер
II. Негізгі бөлім
1.Шегірткелер және негізгі түрлері.
2.Күрес шаралары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ауыл щаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі зиянкестердің түрлері Brachiera-қысқа мұрттылар отряд тармағына,Acrididae-нағыз шегірткелер тұқымдасына,Dolichocera –ұзын мұртылар отряд тармағына,Gryllida-бұзаубас тұқымдасына, Tettigoniida-шешек тұқымдасына, Gryllidae-шілделік (қара шегіртке)тұқымдасына жатады.
Зиянды шегірткелер. Қазақстанның солтүстігінде таралғандары:итальяндық прус-Calliptamus italicus italicus L.;кресті кішкене саяқ шегіртке Dociosturus drevicolis Ev.;ақжолақты - Chortippus albomarginatus D.C.;кресті- Pararcyptera F W .
1.Агибаева А.Ж.;Тулеева А.К.;Сулейменова З.Ш. «Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау»,6-8беттер.
2.Каламов Б.Х. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау.»пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар, 3-10беттер.
3.Сағитов А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. «Ауылшаруашылық фитопатологиясы», Алматы, 2000, 216 б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері.

Орындаған:Бәделқан Рауан
Тобы:АГ - -413
Тексерген:Мухаметжанова О.Т.

Семей,2015ж

Жоспары:
I.Кіріспе
Көп қоректі зиянды жәндіктер
II. Негізгі бөлім
1.Шегірткелер және негізгі түрлері.
2.Күрес шаралары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ауыл щаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі зиянкестердің түрлері Brachiera-қысқа мұрттылар отряд тармағына,Acrididae-нағыз шегірткелер тұқымдасына,Dolichocera - ұзын мұртылар отряд тармағына,Gryllida-бұзаубас тұқымдасына, Tettigoniida-шешек тұқымдасына, Gryllidae-шілделік (қара шегіртке)тұқымдасына жатады.
Зиянды шегірткелер. Қазақстанның солтүстігінде таралғандары:итальяндық прус-Calliptamus italicus italicus L.;кресті кішкене саяқ шегіртке Dociosturus drevicolis Ev.;ақжолақты - Chortippus albomarginatus D.C.;кресті- Pararcyptera F W .
Азиялық шегіртке Loocust amiqratoria miqratoria L.тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы қамыс пен құрғақ өсетін жерлер осы ,стациялардан олар басқа алыс аймақтарға тарала алады.
Мароккалық шегіртке Dociostaurus maroccanus Thunb.Қазақстаның оңтүстіктігінде таралған (Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл обылыстары).
Азиялық,марокколық,итальяндық шегірткелер,ал анда санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезеңдік өзгерістерге ұшырайды.Олардың үйірленуі кезінде бір шаршы метрде жүз және одан да көп дернәсілдері болады.Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде,алғашқыда дернәсіл жиынтығы (кулиги),кейін олардан шегіртке табындары пайда болады.Барлық шегірткелердің ұзынша денесі,секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары,қатты дамыған алдыңғы кеудесі,жіңішке үстіңгі қанаты жалпақ,желпуіш тәрізді артқы қанаттары болады.Жылына бір ұрпақ береді.Ол ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде жұмыртқа күйінде қыстайды.Олар тың жерлерде,жайылымдарда,құмдардың әр шетінде және т.б. жерлерде орналасады.Дернәсілдер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады.Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас келеді.Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді :дәнді және майлы дақылдарды,көкеністерді ,жайылымдар мен шабындықтарды зақымдайды.Олар құрғашылық кезінде табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті болады.Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді,олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді.Шегірткелердің көп жылдық даму динамикасында жаппай көбеюлері мен депрессиялық фазалар кезектксіп отырады.
Шешектер.Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге,көкеніс дақылдарына,майлы дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді.Антенналары денесінен ұзын ,үлкен зиянкестер.Жылына бір рет ұрпақ береді. Жұмыртқалары топырақта ,өсімдіктерде және олардың ұлпаларында қыстайды.Аса зияндылары - жасыл және сұр шешектер.
Бұзаубастар.Жердің астында тіршілік етеді.Орта жастағы дернәсілдері және ересектері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.Өмір сүру циклі 1жылдан көп уақытқа созылады.Мамырдың аяғында маусым айында аналықтары 10-20см тереңдікте,арнаулы ұяларға 150-300данадан жұмыртқасалады.Бұзаубастар алдыңғыаяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады,50ден аса өсімдіктің тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін ,өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді.Олар ылғалды,суармалы жерлерді,негізінен көкеніс алқаптарын мекендейді.Жылы жайларда темекінің,көкеністердің және т.б. мәдени өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді.Көп тараған түрлері:кәдімгі және біртікенекті бұзаубастар.
Шілделіктер(Gryllіdae) - тікқанаттылар отрядының ұзын мұрттылар тармағына жататын жәндіктер. Жер шарында кең тараған, негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда кездесетін 2300 түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе оңтүстік-шығыс аудандарында жиі кездеседі. Шілделіктерді шырылдауық шегіртке деп те атайды (үстіңгі қанаттарын бір-біріне үйкеу арқылы дыбыс шығарады). Бұлардың түсі қара, мұртшалары ұзын, көп буынды. Көпшілік түрінің есту мүшесі алдыңғы аяғында орналасқан, аналығының жұмыртқа салғыш қынабы ұзын болады. Жұмыртқаларын жердің астына, өсімдікжапырақтарына, сабақтарына салады. Негізінен дернәсілдері қыстап шығады. Ең жиі кездесетін түрлері: дала шілделігі (Gryllus desertus), дене тұрқы 12 - 19 мм; үй шілделігі (Acheta domestіca), оның дене тұрқы 16 - 21 мм болады. Шілделіктер дәнді бұршақ дақылдарының, қант қызылшасының, темекі өсімдігінің, көкөністердің жапырақтарымен, тамырларымен, егілген орман ағаштарының тұқымдарымен қоректеніп, едәуір зиян келтіреді. Күресу шаралары:Ерте күзде сүдігер жырту және отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу арқылы бұзаубастардың ,шекшектердің және шілделіктердің көбеюіне жол бермеуге болады.Көкеніс өсірушілер бұзаубастар маен күресу үшін арнаулы жырашықтарды пайдаланады.
Күресу шаралары:Зиянды шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы күресу шаралары олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап жүргізіледі.Алдың алу шаралары маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты,немесе дискілі тырмалармен өндеу.Сонымен бірге танап аралықтарын,танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет.Егін алқаптарында жою шаралары инсектициттермен Тізім бойынша саяқ шегірткелердің дернәсілдер саны 8-10данам2 ал үйірлі шегірткелердің дернәсілдер саны 5және одан да көп данам2 болғанда жүргізіледі.Дернәсілді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100м сайын әрқайсысы 1 м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізіледі немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп,кейін 1 м2 қаншаболатындықтарын анықтайды.Егер бір станцияда мекендеген шегірткелердің түрі көп болса,жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әр түрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін интектициттерді пайдаланған дұрыс.
Шегіртке -- қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі шегірткелердің бір тобы. Қысқа мұрттылардың ең маңыздытұқымдасының бірі -- нағыз шегірткелер; Және де шегіртке тікқанаттылар отрядына жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден айырмашылығы - денесінің ұзындығының жартысындай болатын қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің кең байтақ болуына байланысты , шегірткенің 271 түрі кездеседі. Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі түрлерінің ( ұшпа , шөл , қызылшегіртке және т.б ) саяқ шегірткелерден айырмашылығы - жаппай көбею кезінде үлкен топтар құрып , бірнеше жүздеген , мыңдаған гектар жерді басып , бір күн ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, шөл шегірткесінің үйірі 2400-км - ден астам ашық теңіз үстінен ұшып өтіп , солтүстік - батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша алады. Бұл түрдің тұрғылықты мекендері - Сырдария өзенінің сағасы мен Балқаш , Алакөл , Зайсан көлдерінің жағалауларындағы сазды жерлердің қалың қамыстары . Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері майдың соңында шығады , 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия шегірткесінің әрқайсысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көп қоректі зиянкестер.Шегірткелер және оның негізгі түрлері
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы ақпарат
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы мәлімет
Зиянды жәндіктер (зиянкестер)
Көп қоректі зиянкестер шегірткелер және негізгі түрлері туралы
Көпқоректі тура қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамы
Арамшөптермен күрес шаралары
Терең өзек ауданы жүгері дақылын зиянкестер мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары
Өсімдіктің зиянкестері
Пәндер