Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
1. Кіріспе
2. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
3. Өсімдіктердің аурулары
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының жануарлардың инфекциялық ауруларының эпизоотологиялық жағдайы әлі де болса күрделі болып отыр.
Соңғы жылдары елімізде жануарлардың инфекциялық ауруларынан құтырық, сібір жарасы, қарасан, аусыл, листериоз, лептоспироз, пастереллез, энтеротоксемия, есек жем, шошқа тілмесі мен шошқа обасы, ірі қара малының кампилобактериоз, ринотрахеит, қой брадзоты мен оспа, жылқының эпизоотикалық лимфонгодты, сонымен қатар бруцеллез бен туберкулез де тіркелуде.
Елімізге шет мемелекеттерден импортталған жануарларды тасымалдаудағы тәуекелділік сол елдердегі инфекциялық аурулардың қоздырғышын оның ішінде қауіпті және экзотикалық аурулар (скрепи, Меди-висна, жылқы сабы, ВПГП, блютанг, инфекциялық ринотрахеит және ірі қараның контагиозды плевропневмониясы, АЧС, Шмалленберг және құстардың т.б аурулары) еліміздің эпизоотологиялық ахуалын нашарлатуда.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары (аурудың ерекшеліктері, алдын алу және сақтау шаралары Өсімдіктердің аурулары (аурудың ерекшеліктері, алдын алу және сақтау шаралары)
Орындаған: Кусайнова Б
Топ: БЖ-315
Тексерген: Бакирова Л.С.
Семей 2015
Жоспар

Соңғы бірнеше жылда ҚР импорттаушы елдер Европа, Канада, АҚШ, Австралядан әкелінген жануарлардан алынған қан сарысуынан вирусты диарея, инфекциялық ринотрахеит, блютанг, (қойлардың катаральды лихорадкасы)оң нәтиже көрсетіп жиі тіркелуде. 2011-2012 жылдары елімізде қауіпті вирусты инфекциялық ауру болып табылатын - Шмалленберг анықталды.
Ірі қара малдың обасы ауыз қуысында ойық жараның пайда болуымен, кілегейлі қабықтардың, әсіресе ішек қарынның кілегейлі қабықтарының ісініп өлеттенуі, диареямен, ринитпен, конъюнктивитпен, дене қызуының көтерілуімен ерекшеленетін, жіті өтетін жұғымтал вирустық ауру.
Табиғи жағдайда сиырдың обасымен сиырдан басқа енеке, қодас және буйбол ауырады. Сирек жағдайда қой, ешкі, түйе және басқа жабайы күйіс қайыратын хайуанаттар да ауырады. Бұл ауруға жылқы, есек, қашыр, ит, мысық, құс және адам төзімді.
Аурудың қоздырғышы парамиксовирус тұқымдастығына жататын вирус. Сиыр обасының вирусінің штаммдары антигендік және иммуногендік қатынастары біртектес, олардың тек уыттылығы жағынан ғана айырмашылығы бар.
Авителлиноз (лат. Avitellinoses) - күйіс қайыратын үй малы мен жабайы жануарларда болатын іш құрт ауруы.
Мұның қоздырғышы - Avitellina- авителли құрты, ені 2,2 мм ұзындығы 3,5 м-ге дейін болады. Бұлар ащы ішекті зақымдайды. Авителлиноз Орта Азия, Қазақстан, Заваказье, Молдавия, Оңтүстік Украинада тараған. Қозы бұл ауруға жаздың орта шенінде шалдығады, өлім-жітім әсіресе қарашада көбейеді, тоқтылар көбінесе наурыз-сәуір айларыда өледі. Ауырған малдың басы кекшиіп, аяғының сіңірі тартылады, дірілдейді, тісін қайрап селсоқ жатады, кілегей қабықтары ағарады, кейде тышқақтайды. Ауру малға кальций арсенатының ертіндісі беріледі.
Ауески ауруы (Morbus Aujeszky), жалған құтыру -- мал індеті. Мұнымен, көбінесе, сиыр, қой-ешкі, жылқы, шошқа ауырады. Негізінен орталық ми жүйесі мен тыныс алу жолдары зақымданады. Аурудың қоздырғышы -- герпес вирусы. Вирус мал қиында, жем-шөп құрамында 40 -- 60 күн, ал тышқан өлекселерінде 185 күнге дейін сақталады. Биотермиялық өңдеуден өткен мал қиында вирус 8 -- 15 күннің ішінде, формальдегид, күйдіргіш натрий ерітінділерінде 5 -- 20 минутта өледі. Індет негізінен ауру мал арқылы тарайды, әсіресе, оның маңқасы, зәрі өте қауіпті. Аурудан жазылған мал 2 -- 3 жылға дейін вирус таратқыш болып қала береді. Табиғи жағдайда ауру залалданған жем-шөп, су, кеміргіштер арқылы тарайды. Ауру алғашқы 5 -- 10 күнде білінбейді, кейіннен малда жөтел пайда болып, пысқырады, аузы-мұрнынан маңқа ағады. Тыныс алуы қиындап, жұтқыншағы түйіледі, теңселіп бір орнында айнала бастайды. Денесі тырысады, басы желкесіне қарай тартылып кетеді. Ауру жылқы үркек келеді, қызуы 400С-қа жетіп, үсті қышиды, дірілдеп, кейде шойырылып қалады. Қой мен сиыр бұған қосымша қылғынып, жұтына алмайды, ауру 2 -- 3 күнге созылады. Індетті белгілері бойынша қарап және бактериол. зерттеулермен анықтайды. Індетке шалдыққан малды бөлек бағады, мал қорасы залалсыздандырылады.
Бөген -- көбінесе жылқының, кейде сиырдың да құйрығы түсіп қалатын қышыма ауру. Емдеу жолы: ауырған малдың құйрығын әбден тазартып, оны жазылғанға дейін әлсін-әлсін креолиннің, лизолдың немесе ихтиолдың ертіндісімен жуып тұру
Жамандат (Anthrax), Сібір жарасы -- жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Ж-тың қоздырғышы -- спора түзетін таяқша тәрізді бацилла (Bacіllus anthracіs). Ол сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді, топырақта өзінің уыттылығын жоймай бірнеше ондаған жылдар бойы сақталып жата береді. Бұл бацилла қоздыратын аурудың қойдағысын -- топалаң, сиырдағысын -- қараталақ, түйедегісін -- ақшелек, қарабез, адамдағысын -- күйдіргі, түйнеме деп атайды. Адамға ауру малды күткенде, сойғанда, еті мен сүтін пайдаланғанда жұғады. Ж-ты 18 ғ-дың аяғында Орал және Бат. Сібір өңірінде болған үлкен эпидемияға байланысты сібір жарасы деп атап С-қа дейін көтеріледі, тыныскеткен. Ауру малдың дене темп-расы 41 -- 42 алуы қиындап, жүрек соғуы жиілейді, тез қалжырайды. Жемшөпке тәбеті болмайды, іші өтіп, нәжісі мен зәріне қан араласып шығады, аузы-мұрнынан қанды көбік ағады, көзі қанталайды. Денесінің әр жерінде ісік пайда болып, тесіліп жараға айналады да қанды ірің ағады. Ауру бірнеше минуттан (өте жедел түрінде) бірнеше күнге созылады. Ж. сау малға қоздырғыштармен ластанған жемшөптен, ауру малдың нәжісімен, сілекейімен, сүтімен бірге сыртқы ортаға таралған бацилладан жұғады. Ауру, көбінесе, жазда кездеседі. Емі: ауру малды оқшаулап, басқа қораға қамайды, ауруға қарсы сарысу, гамма-глобулин, антибиотиктер егіледі. Аурудың алдын алу үшін жыл сайын барлық малға Ж-қа қарсы вакцина егеді. Ауру шыққан шаруашылыққа карантин салып, қораны залалсыздандырады. Өлген малды өртеп, көміп тастайды.
Жауыр , көбінесе, жылқыда кездесетін ауру. Ж. жегіске, мініске пайдаланылатын жылқы шоқтығының, арқасының жарақаттануымен сипатталады. Аурудың негізгі себептері: жылқының мойнындағы қамыттың не арқасындағы ер-тұрманның үйлеспеуі, терлік пен тоқымның лас және қатты түйінді болуы, ер салудың тәртібін сақтамау, т.б. Ж. болған жылқының арқасы алғашқы кезде домбығып ісінеді. Жұмысқа пайдалануды тоқтатпаса 2 -- 3 күннен кейін ісінген жердің терісі іріңдеп, жараға айналады. Жараны антисептикалық дәрілермен емдейді. Ж. болған малды әбден жазылғанша мінуге, жұмысқа пайдалануға болмайды. Ж. болмау үшін жұмыс көліктерін, қамыт пен ер-тұрманды дұрыс пайдалану керек.
Жебір ауруы -- мал ағзасында витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру. Аурудың негізгі себебі -- малды құнарсыз жемшөппен азықтандыру. Көбінесе жас төл, буаз және сауын сиырлар ауырады. Жебір қыстың екінші жартысында және ерте көктемде байқалады. Жебірмен ауырған жас төл өспей қалады, жемшөпке тәбеті болмай, жата береді. Ересек малдың жыныстық қабілеті бұзылады, төлі әлсіз туады. Жетіспейтін витаминге байланысты аурудың өзіне тән белгілері болады. Мысалы, ретинол (А витамині) жетіспесе, мал нашар көреді, тыныс алу жолдары және көздің шырышты қабаты қабынады; тиамин (В витамині) жетіспесе жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, т.б. Аурудың алдын алу және емдеу үшін жемшөпке витаминді препараттарды қосып, малды құнды жемшөппен азықтандыру керек
Көтерем - жануарлардың әбден тұралап арықтауы. Бұл ауру, көбінесе, сиырларда, ешкіде, кейде биеде де кездеседі. К., негізінен, ауру (созылмалы дерт, туберкулез, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері аурулары), ұзақ уақыт ашығу, авитаминоз, түрлі заттармен (тотияйын, қорғасын, сынап, фтор, т.б.) уланудан пайда болады. Ауырған мал организмінде майы азайып, еті қатаяды, терісінің түсі өзгереді, дене салмағының 40 - 50%-ын жоғалтады. Малдың жатып-тұруы қиындайды, кейде мүлдем тұрмай жатып қалады. К-ге ұшырамау үшін малды (әсіресе) ашықтырмай, сапалы жемшөп беру, аурудан, уланудан алдын ала сақтау қажет. Дер кезінде емдесе, баптап күтсе ауырған мал ауруынан айығып кетеді.
Малдың инвазиялық аурулары -- эволюциялық даму барысында жануар денесінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген бір клеткалы организмдер мен құрттар тудыратын аурулар. Бұл аурулардың 2 тобы бар: Бірінші тобы -- гельминтоздар. Оларды трематода (сорғыш құрт), цестода (таспа құрт), нематода (жұмыр құрт) кластарына жататын құрттар тудырады. Мал арасында фасциолез, дикроцелиоз, ішек цестоздары, таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар жиі кездеседі. Сиырдың, қой-ешкінің, түйенің жіті және созылмалы ауруы -- фасциолез республиканың барлық өңірінде таралған. Аурудан арылу үшін ит пен малды алдын ала құрттан арылтады (дегельминтизация), батпақтарды құрғатып, жайылымдарды, суаттарды, олардың маңын тазартады. Дикроцелиоз -- малдың бауыры мен өт жолдарын зақымдайтын созылмалы ауру. Республиканың барлық өңірінде, әсіресе оңтүстік мен оңтүстік-шығысында жиі кездеседі. Оны тудыратын дикроцелия құрты. Малға гексихол, гексохлор-параксилол, гетолин беріп (дегельминтизация жасап), құрттан арылтуға болады. Таспа құрт дернәсілдері тудыратын аурулар -- эхинококкоз, ценуроз, цистицеркоз кезінде малдың бауыры, миы, өкпесі, сірі қабықтары зақымданады. Бұл аурулардан арылу жұмысы арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.
Ішек цестодоздарын (мониезиоз, тизаниезиоз, т.б.) тудыратын құрттар да аралық (кейбір кенелер) және тұрақты иелердің қой, сиыр) арқылы өсіп, дамиды. Қоздырғыш малдың аш ішегін зақымдап, ішін өткізеді, ауру асқынса мал өледі. Емдеу, және аурудан сақтану үшін малға тотияйын мен ас тұзының қоспасы, фенасал, т.б. дәрілер ішкізіледі. Малдың инвазиялық ауруларының екінші тобы -- тейлерия, пироплазма, қан паразиттері (бабезия), кокцидия (ішек қабырғасында тіршілік ететін бір клеткалы жануарлар), саркоциста (бұлшық етте болатын паразиттер), безноития (теріні зақымдайтын паразиттер) сияқты бір клеткалы паразиттер тудыратын протозойлық аурулар. Бұлардың көпшілігі ауру малдан сау малға кене, түрлі жәндіктер арқылы жұғады. Ауру жедел түрде өтеді, негізгі белгілері -- малдың дене қызуы қатты көтеріліп, лимфа бездері үлкейеді, терінің сарғаюы, жүрек пен қан тамыры, ішек-қарын қызметінің нашарлауы байқалады. Протозойлық ауруларды емдеу үшін азидин, беренил, диамидин, т.б. препараттарын егеді. Мал токсоплазмозынан, саркоспоридиоз, безноитиоз, қотыр ауруларының эпизоотологиясы мен патогенезін зерттеп, анықтау әдістерін табу ісі республикада жүйелі жолға қойылған.
Малдың қатерлі ісігі -- жануарлардың жұқпалы ауруы. Ол өте жедел таралады, дер кезінде ем қолданбаса, ауырған мал 12 -- 72 сағатта өледі. Ауру қоздырғышы -- анаэробты микроб. Ол организмге жарақаттанған тері, кілегейлі қабық арқылы еніп, улы токсин шығарады. Әсіресе, бұл ауру тарттыру, мүйіз бен құйрықты кесу, дәрі егу, тазалық сақтау ережелерін бұзудан болады. Ауруға шалдыққан малдың дене қызуы көтеріледі, тері астындағы тіндер ісініп іріңдейді. Ауру малдың тынысы тарылады, жүрек соғысы нашарлайды. Емі: ісінген жерді тіліп, жиналған газ бен сұйықты шығару. Тері астына, венаға антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин) жіберу.
Мүйізгек (Vagіnіtіs) - малдың жұқпалы ауруы. Ауырған малдың қынабы қабынып қызарады, іші бөртіп кетеді. Ол әр түрлі жарақаттардан және төлдеу кезінде зақымданудан, жатырдың төмен түсу салдарынан өршиді. Мүйізгектің жатыр қабырғасының кілегейлі қабығының қабынуы (V. catarrhalіs) және қынабының ішкі жағында үлкендігі жүгері немесе бұршақ дәніндей бірнеше бүртік түрінде өршитін түрі (V.granulosa) және мөлшері тарыдай сансыз ұсақ бөртпелер шығарып, іріңді су шұбыртатын созылмалы түрі (V.іnfectіosa) кездеседі. Соңғысын трихомоноз, вибриоздан ажырата білу керек. Мүйізгек ауруы негізінен мал шағылысқанда жұғады. Ауру 1 - 10 күнде білінеді, 2 - 4 аптаға созылады. Емі: жыныс мүшесін 1%-дық ас тұзы ерітіндісімен, асқынып кетсе риванол (1:1000), лизол (1 - 2%), марганец қышқыл калий (тотяйын) (0,2%) ерітінділерімен жуады. Мал тұратын орындарда ветеринарлық-сан. ережелерді сақтап, қораны зарарсыздандырады, карантин қойылады. Дәстүрлі қазақ ветеринариясында Мүйізгектің түйіршікті түрін оташылықпен емдеген: бөрткенді өткір бізбен түйреп, сылғы кездікпен тіліп, қатқылдау мүйіз тәрізді түйірді алып тастаған.
Фасциолез - бауыр фасциоласы әсерінен туындайтын, ішектік құрт ауруы. Бауырқұрт(Fascіolosіs) -- төрт түлік малдың құрт ауруы. Ауруды сорғыш құрттар (фасциола гепатика және фасциола гигантика) қоздырады. Олардың пішіні жалпақ, ұзындығы 20 - 30 мм, ені 8 - 10 мм болады. Ауру, көбінесе, саз-батпақты жерде, өзен-көл жағасында жайылған малда кездеседі. Ауырған малдың нәжісімен ылғалды жерге түскен құрт жұмыртқалайды, одан шыққан дернәсіл судағы ұлуларға немесе су жағасындағы шөптерге жабысады. Мұны мал шөппен қоса жесе не сумен бірге жұтса, бауырқұрт ауруына шалдығады. Малдың ас қорыту жүйесіне түскен құрт, оның ішегін, бауырын жаралап, өт жолдарына жиналады. Ауру мал арықтайды. Көзі мен аузының кілегей қабықшалары сарғылт тартады. Тамағында, төсінде, буындарында ісік пайда болып, іші кебеді, тышқақтайды. Ауру малды емдеу үшін ацемидофен дәрісінің 10%-тік ерітіндісі, сондай-ақ, дертил, гексихол, төрт хлорлы көміртек, битионол дәрілері қолданылады. Аурудың алдын алу үшін мал жайылымына құрғақ жерлерді таңдап, малды ағынды сумен суғару керек. Бауырқұрттан өлген малдың бауырын жерге көміп залалсыздандырады.
Өлі тию - малдың ішек-қарын ауруы. Мұны жылқыда өлі тию, сиырда шанышқақ, қойда түйнек деп атайды. Өлі тию малдың азықты шамадан тыс көп жеуінен, ішекке газ жиналуынан, салқын тиюден, қорытылған азықтың тоқ ішекке кептелуінен, әсіресе, малға бұзылған, ластанған, ашыған азық беруден, кейде басқа аурулардың (жұқпалы аурулар, бүйрек, бауыр, т.б.) салдарынан, асқазан, ішек жолдары кілегей қабықтарының бұзылуынан болады. Өлі тию салдарынан организмнің дағдылы рефлексі өзгереді; асқазан, зат алмасу жүйелерінің қызметі бұзылады. Мал азық жеуден қалады, іші кеуіп, ентігеді, кекіреді, лоқсиды, жүрек қызметі өзгереді, минутына 60 - 90 рет соғады. Емі: Өлі тию білінісімен малды жұмыстан босатып, кең қорада ұстайды. Жылы клизма жасап, шырынды ерітінділер, іш жүргізетін дәрі ішкізеді. Ауруды басатын хлоралгидрат, анальгин, новокаин береді. Жайылым мен суатқа гельминттердің таралмауы қадағаланады.
Кампилобактериоз ірі қара малдың және қойлардың іш тастауымен, қайталап күйлеуімен және бедеулікпен ерекшеленетін инфекциялық ауру.
Қоздырушысы Campylobacter тұқымдастығына жататын грамтеріс, үтір, орақ, ұшқан шағала, қысқа немесе ұзын спираль тәріздес бактериялар, спора және капсула түзбейді, қозғалмайды.
Қоздырушысы негізінен екі түрге бөлінеді: біріншісі ірі қара малға зардапты, ал екіншісі қойларға.
Жануарларға кампилобактериоз жанасу, алиментарлық және жыныс жолдары арқылы жұғады.
Қарасан негізінен ірі қараның жіті өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сондай-ақ сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді.
Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады.
Сиыр обасын жоюдың шаралары
16. Шекаралас аумақта, немесе Қазақстан Республикасының басқа аудандарында сиыр обасына күдік болған жағдайда, шаруашылық субъектілерінің басшылары және шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсететін ветеринариялық маман ол туралы атқару органына, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлауы тиіс және үкімет органынан өкілдер мен облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы келгенше тез арада аурудың таралмауына шара қолдануға тиіс.
17. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган мемлекеттік ветеринариялық инспектордың ұсынуымен шаруашылық субъектісін жайылымды елді мекенді қолайсыз деп танып карантин қояды, ауруды жоюдың негізгі шараларын орындау мерзімін және жауапты адамдарды белгілейді.
18. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 27 бабының3 тармағына сәйкес, карантин соңғы ауырған мал жойылғаннан 21 күннен кейін алынады.
19. Барлық ауру және ауруға күдікті малдар өлтіріледі, олардың өлекселері өртеледі.
20. Ауырған мал тұрған және өлген малдардың өлекселері жатқан жер 2% күйдіргіш натрийдің ерітіндісімен (70-80о) дезинфекцияланады.
21. Қалған сау деп есептелінетін малдарды (табындағы, топтағы, фермадағы, шаруашылықтағы) жеке топқа бөліп оқшауланады, шаруашылық ішінде мал араластырылмайды.
22. Шаруашылық субъектісінен (елді мекеннен) барлық көліктің, адамдардың шығуына, келуіне сондай-ақ мал өнімдері мен шикізаттарын тасымалдауға тиым салынады.
23. Аурудан таза емес шаруашылық аумағының кіре берісіне бекеттер және дезинфекциялық ерітінділері бар ыдыстар қойылады.
24. Шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін ветеринариялық маманның міндеті:
1) барлық малдарды клиникалық тексеруден өткізіп дене қызуын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz