Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани маңызы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани маңызы.
Орындаған: Абдыкадырова Ж
Тексерген: Санкайбаева П. С
Семей 2015 ж.
Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани маңызы
Тарихи аңыздар -халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Оқиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылған аңыз-әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді.
Кейіпкерлері-Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т. б. - бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан алғанда аңыз бен ертегі екеуінің арасы жақын. Негізгі айырмасы - аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта шын болған, кейін сондай адам болыпты-мыс деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі. Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр, не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен» шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа қалдырады.
Аңыз әңгімелерге қиял элементі қаншама көп араласса да, әлгі аңызға айналған адамның өзі кәдімгі қарапайым адамның қатарында қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т. б. - бәрі де шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі. Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді. Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны әр басқа болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға әкеп тірейді.
Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреуінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады. Қазақ аңыз әңгімелерінде қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.
Жиренше мен Қарашаш
Жиренше шешен мен Қарашаш тарихта болған адамдар ма, жоқ па, ол жөнінде мәлімет жоқ. Жалғыз-ақ ел аузындағы әңгіме оны тарихта болған Әз-Жәнібек ханның тұсында болыпты-мыс дейді. Жиренше шешен жөніндегі аңыз халыққа өте көп тараған. Көбіне ол шешендігі жағынан әңгіме етіледі. Жиренше - халық ауыз әдебиетінен сүйікті орын алған ұнамды қаһарман. Хан мен Жиренше кездескен жерде, ханның ақымақтығы, Жиреншенің ақылдылығы айқындалып отырады. Сөйтіп Жиренше жөніндегі аңыз халықтың ішінен шыққан дана адам үстем тап өкілдері әр дайым жеңіп отырса олардан анағұрлым мойны озық жатса деген тілек мақсатты қамтиды. Мысалы: «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» - дейді Жиренше Жәнібек ханға. Жиренше мен Қарашаш қатар аталады. Халық Қарашаш бойына даналықты ды, шешендікті де дарытқан. Талай тұйыққа тіреліп, не қыларын білмей қалған жағдайларда, Жиренше ақыл тауып беретін де аузына сөз салатын да Қарашаш. «Еркек қайда қоздат», - деп хан әмір бергенде, Жиренше шын сасады, келіп Қарашашқа айтқанда «Сасатын түрі жоқ, қойды алып кел», - деп мерзімді кезіне дейін қойды соып жей береді де, ханды сөзден жығып, Жиреншені өлімнен құтқарады. Жалғыз бұл емес, көп тұста халық Қарашашты ең дана, ақылды әйелдердің өкілі етіп суреттейді. Бұның ерекше мәні бар. Әйел - көп халық. Олардың әлеуметтік өмірде орны үлкен, маңызы зор. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады», әйелдердің ішінде де асқан дана адамдар бар деген пікірді бұл аңызда да қолдайды. Аңыз әйел мәселесі жөніндегі феодалдық - кертартпалық көзқарастан аулақ.
Қорыта келгенде, аңыз әңгімелердің көпшілігі - халық мүддесі, ел тілегін қамтитын туындылар. Халық өз ішінен шыққан әртүрлі ақылды адамдардың ел тілегінен қабысқан игі ісінің айналасында әңгімелер туғызып, сол, арқылы өз кезіндегі көпшіліктің нені аңсап, нені көздегенін тайға таңба басқандай етіп, ауыз арқылы кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған.
Алдар Көсе
Өмірдің ұнамсыз жақтарын шенеп-мінеуде ең күшті құралдың бірі-түлкі. Халық ауыз әдебиетінде күлкіні молынан пайдаланған. Солардың ішінде ерекше орын алатын аңыз әңгіменің бірі - Алдар Көсе. Алдар Көсе оқушыларын сөз тапқыштығымен, кейде іс-әрекетімен, кейде айла - амалымен еріксіз күлдіреді. Ал Алдар Көсе туралы аңыз жұртшылыққа кең тараған, әртүрлі қулық істері баяндайтын нұсқалары көп. Көсе образы - қарапайым халықтың езуші байлар тобына, оның өкілдеріне қарсы жұмсау соларды масқаралау, келеке ету тілегінен туған ұнамды, күлдіргі образ. Оның басқа аңыздарда кездесетін образдардың ерекшелігі де, осы күлдіргілігінде.
Осы аңыздың қай нұсқасында болсын Алдар Көсе - халық сүйетін ұнамды образ. Оның іс-әрекеттерінің көпшілігі халықтың тілек-мүддесімен ұштасады. өзін езіп, қанап отырған үстем таптың өкілдеріне халық Алдар Көсені қарсы жұмсап, аңызда оған қалайда жендіріп шығарады.
Халық аузындағы мәтелге айналған «Жұмыртқадан жүн қырыққан», «Өзі тойса да, көзі тоймайтын», «Кесіп алса қан шықпайтын» дегендердің қайсысы болсын байларда өшпенділікті көрсетеді.
Осы мәтелдерде айтылған опасыздық, сараңдық - байлардың көбіне тән қасиет. Алдар Көсе әңгімесінде шық бермес Шығайбай - сұрқия сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісін мейлінше жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амал мол Алдар Көсені жіберіп, Шығайбайды ондырмай күлкі етеді. Шығайбайдың түнде өз асын өзі ұрлап ішпек болуы, ертемен қойға барарда, ыстық таба нанды Көседен жасырып қойнына тығуы тәрізді әрекеттерді адамдық арын дүниеге сатқан мол құмар, кісілік қасиетінен айырылған хан екенін көрсетеді.
«Ұрының әйелі өзіне лайық» дегендей, оның тәрбиесіндегі үй іші - әйелі, қызы тап өзі тәрізді. Көсе үйге кіріп келгенде, әйелі илеп отырған нанды, қызы үйтейін деп әзірлеп жатқан қазды жасыра қояды. Бұл, Шағайбыдың мінезін толықтыра түседі, соған жаңаша мінездеу есебінде қолданылады. Шығайбай Көсеге еш нәрсе бермеуге қаншама тырысқанымен, Көсе бермесіне қоймайды. Айла-амалымен сараң байды қолына түсіреді, әбден масқаралайды
Тарихи жырлар
Тарихи жырлар - белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты туындаған эпикалық шығармалар. Т. ж-да оқиғаның деректі дәлдігі сақтала бермейді, әр кезеңнің тарихи-әлеум., қоғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан бейнеленеді, жалпыхалықтық мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан дүниеге келу, жар іздеп жолға шығу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар, сондай-ақ гиперболалық көркемдік тәсілдер Т. ж-да сақтала бермейді. Бұл жырлардың бәрі де нақты тарихи оқиғаларға негізделген, басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар. Жыр авторлары көбіне сол оқиғаларды көзімен көрген тұстас замандастар болып келеді. Автор өзі бастан кешкен немесе куәсі болған оқиғаларды уақытына қарай рет-ретімен баяндайды. Т. ж-дың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі Т. ж. туындау мерзіміне байланысты 4 кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңдегі Т. ж-да Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтары кезіндегі соғыстар (14 - 17 ғ-лар) суреттелген (“Едіге”, “Нұрадин”, “Қарасай - Қази”, “Мұсахан”, “Телағыс”, т. б. ) . Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды қамтыған екінші дәуірде (18 ғ. ) Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туындады. Үшінші кезеңге ұлт-азаттық пен бостандық жолындағы күресті (19 ғ. ) сипаттайтын жырлар жатады: “Исатай - Махамбет”, “Досай батыр”, “Жанқожа батыр”, т. б. Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс пен 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен сипатталады. (“Туар ма екен бізге күн?”, “Еріксіз келдім елімнен”, “Зарлы заман кезінде”, “Құлақасқа”, “Бекболат”, “Ұзақ батыр”, “Амангелді”, т. б. ) . Қазақ әдебиетіндегі Т. ж-ды Үмбетей, Мұрат, Тілеміс, Нысанбай, Жанкісі, Шернияз, Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын сияқты ақын-жыраулар шығарған не болмаса толықтырып, өңдеп қайта жырлаған. Т. ж. жөнінде алғаш пікір айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол “Абылай”, “Орақ батыр” жырларын жазып алып, ғыл. тұрғыдан зерттеген. 19 ғ-да В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, И. Н. Березин, И. В. Аничков, 20 ғ-дың басында М. Ж. Көпеев, Ә. Диваев, т. б. көрнекті фольклортанушылар Т. ж-ды жинауға ерекше еңбек сіңірді. А. Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” былай дейді: “Тарихи жыр деп тарихта бар, мағлұм уақиғалар турасында өлеңмен шығарған сөздер айтылады. Мәселен, “Орақ - Мамай”, “Абылай”, “Кенесары - Наурызбай”, “Ерназар”, “Бекет” өлеңдері тарихи жырлар болады. 1879 - 80 ж. болған “Қоян қыстың жұты” турасында шығарылған өлеңде қыстың қалай болғанын, елдің жұтағанын, қандай аштық азап тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы күнге дейін сақталған болса, о да тарихи жыр болады. Жанкісі бидің зекетшілер турасында айтқан өлеңі қазақтың Қоқанға қараған шақтағы тарихына қатысы бар сөз болғандықтан, бұл да тарихи жыр тобына жатады”. М. Әуезов “Тарихи жырдың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік баға басады” дейді. Кеңес дәуірінде Т. ж-ды зерттеуге С. Сейфуллин, Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, М. Ғабдуллин, Н. С. Смирнова, Б. Кенжебаев, Р. Бердібаев, Б. Уахатов, Н. Төреқұлов, К. Сейдеханов, т. б. ғалымдар үлес қосты. Көптеген Т. ж. хрестоматияларға, жинақтарға енді, жеке кітап болып басылды. Қазір Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында 400-дей Т. ж. бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz