Мал аурулары



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлімі
2.1. Нефроздар
2.2. Нефросклероз
2.3. Бүйректердің қабынуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
1. Қожанов К.Н., Қажиев Х.Ж. Мал ауруларын патогенездік емдеу. Монография. Алматы, 2010.
2. Қожанов К.Н. және т.б. Малдың ішкі жұқпалы емес ауруларының практикумы. – Астана, 2009.
3. Қожанов К.Н. Терапевтикалық техника малдәрігерлік тәжірибеде. Оқу құралы. Алматы. 2013.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлімі
2.1. Нефроздар
2.2. Нефросклероз
2.3. Бүйректердің қабынуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында ас қорыту мен тыныс алу жүйелерінің, суық тию аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қанның сарысуындағы ұсақ дисперсияды альбуминдер мен альфа-глобулиндердін азаюы ондағы коллоидты-осмостық қысымды өзгертеді. Осының салдарынан су мен натрийдің реабсорбциясы бұзылып, ісіктің пайда болуына бірден-бір себеп болады.
Ұзаққа созылған улану гипофиз-бүйрек безі жүйесінің реттеушілік қабілетін бұзады. Оған бүйрек торшаларындағы тотығу процесінің бұзылуы қосылып, организмде белок пен майдың алмасуының бұзылуын одан ары асқындыра түседі.
Бүйректерде амилоидоз-белоктың түзілуі салдарынан зәр арқылы гамма-глобулин мен фибриногеннің көптеп бөлінуі организмде қарсы денелердің түзілу процесін нашарлатып, індетті-септикалық процестің дамуының бірден-бір себебі болады. Амин қышқылдары мен калийдің организмнен кем бөлінуі бүйректердің қызметін одан ары нашарлата түседі.
Ауру малдың халі жақсара бастағанда амилоидтар тарқан, зәрде белок азайып, организмде су мен тұздың, белоктың, майдың алмасулары қалыптасады. Полиурия байқалады. Қан сары суындағы альбуминнің мөлшері қалыпты жағдайға келеді.
Ауру малға жақсы жағдай жасап, аурудың белгілеріне қарсы дәрілер қолданады. Ас қорыту жүйесінің аурулары мен жүректі емдейді. Зәр шығаруды үдететін теофилин, темисал, меркузал дәрілерін қолданады. Венаға 20-40 %-ды глюкоза ертіндісін жібереді.
Негізгі бөлім
Нефроздар (Nephrosis)
Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Ауру барлық малдарда кездеседі. Әсіресе жылқылар, шошқалар, иттер жиі ауырады.
Себептері. Негізгі себептері организмде септикалық процесті тудыратын барлық факторлар. Ауыр металл тұздарымен, хлорорганикалық қосылыстармен, өсімдік уларымен уланулар; анемияның гемолитикалық түрі; кетоздар; мастит; туберкулез; плевропневмониялар; созылмалы іріңді процестер; қотырлар; аумақты күйіктер; ас қорыту жүйесінің аурулары аурудың себептеріне жатады.
Дамуы толық зерттелмеген. Қалай болғанда да аурудың дамуының негізінде сенсибилизация, аутосенсибилизация процестері; организмнің иммунобиологиялық жағдайының нашарлауы жатыр. Организмге түскен, не өзінде түзілген улы заттар бүйректер арқылы бөлінгенде олардың шумақтарында иммунобиологиялық реакцияларға қатысады да, капиллярлардың негізгі мембраналарын жарақаттайды. Осының салдарынан олигурия, анурия процестері туындайды. Шумақтардағы сүзілу, өткізу процестері үдейді, протеинурия пайда болады. Протеин зәр арқылы көп бөлінетіндіктен қанда оның мөлшері азаяды (гипопротеинемия). Бүйректердің ирелеңдеген өзектерінде дегенеративті өзгерістер дамиды.
Қанның сары суындағы ұсақ дисперсияды альбуминдер мен альфа-глобулиндердін азаюы ондағы коллоидты-осмостық қысымды өзгертеді. Осының салдарынан су мен натрийдің реабсорбциясы бұзылып, ісіктің пайда болуына бірден-бір себеп болады.
Ұзаққа созылған улану гипофиз-бүйрек безі жүйесінің реттеушілік қабілетін бұзады. Оған бүйрек торшаларындағы тотығу процесінің бұзылуы қосылып, организмде белок пен майдың алмасуының бұзылуын одан ары асқындыра түседі.
Бүйректерде амилоидоз-белоктың түзілуі салдарынан зәр арқылы гамма-глобулин мен фибриногеннің көптеп бөлінуі организмде қарсы денелердің түзілу процесін нашарлатып, індетті-септикалық процестің дамуының бірден-бір себебі болады. Амин қышқылдары мен калийдің организмнен кем бөлінуі бүйректердің қызметін одан ары нашарлата түседі.
Ауру малдың халі жақсара бастағанда амилоидтар тарқан, зәрде белок азайып, организмде су мен тұздың, белоктың, майдың алмасулары қалыптасады. Полиурия байқалады. Қан сары суындағы альбуминнің мөлшері қалыпты жағдайға келеді.
Өлекседегі өзгерістер. Аурудың жіті түрінде бүйректерде дегенеративті өзгерістер; күңгірттеніп ісінген, ирелеңдеген өзектерде майлы инфильтрат, не өлі еттенген. Бүйректердің көлемі ұлғайған, қанға толы, болбыр, капсуласы оңай белінеді. Асқынған түрінде бүйректер бозарған, сарғыш түсіті. Созылмалы түрінде белок пен майдың алмасулары бұзылады, амиломд бүйректерде ғана емес бауырда, көкбауырда да болады. Кейде капилляр амилоидпен бітеліп қалуы да мүмкін. Бүйрек шумақтары дәнекер тінмен өсіп, бүріскен. Майдың алмасуы бұзылғанда бүйректер жұмсарып, ағарады.
Клиникалық белгілері. Қосалқы түрінде негізгі аурулардың белгілері анықталады. Өзінің негізгі белгілеріне несептегі өзгерістерді келтіруге болады. Оның тығыздығы жоғарылайды, онда белок анықталады. Тұнбада гиалинді, түйіршікті цилиндрлер, бүйрек эпителийі. Қанда эритропения, нейтрофилді лейкоцитоз; гипо-, диспротеинемия. Уремиялық синдром бүйректердің қызметінің жеткіліксіздігін туғызады, олигурия біртіндеп анурияға айналуы мүмкін. Ауру малдың халі жақсара бастағанда полиурия байқалады.

Созылмалы түрінде ауру мал арықтаған; қабағында, төсінде, аяқтарында, ұманың тұсында көлемді ісіктер пайда болады. Кілегей қабықтары, терісі бозарған. Бауырдың көлемі ұлғайған, жүректің қызметі нашарлаған. Қанда А:Г төмендеген, азот қалдығы, хлоридтер, холестерин, линоидтар көбейген. Аурудың барысын 3 сатыға бөлуге болады:
1. Аурудын белгісіз сатысында протеинурия және аздаған хорестеринемия аныкталады;
2. Ісіну сатысы - мұнда организмнің негізгі қызметтері сақталған жалпы жағдайы қанағатганарлық;
3. Арықтау сатысында қанда азотемия, холестеринемия, гипопротеинемия анықталады.
Нефроз перитонитпен, плевритпен, бронхопневмониямен аскынуы мүмкін. Ауру мал қатты уланғанда анурия мен уремиядан өліп кетуі мүмкін. Амилоидозда ауру жай дамиды.
Анықтау үшін ауру мал туралы мағлұматқа, негізгі клиникалық белгілеріне, қан мен несепті лабораториялық тексерудің нәтижелеріне сүйенеді.
Ауруды емдеу жан-жақты жүргізілуге, аурудың негізгі себептерін жоюға бағытталады. Неғүрлым тезірек организмнен уды аластау керек. Ол үшін асқазан мен ішектерді тазалайды, антидот, сүт, жұмыртка; суды аз, белокты азықты көбірек береді. Рационға бұршақты шөп, жем; шошқа мен иттерге мал тіндерінен жасалған азықтарды қосады. Антибиотиктер мен сульфаниламид препараттары негізгі ережелерді сақтай отырып қолданылады.
Гормон препараттарын (тиреоидин, АКТГ, преднизолон, норадреналин) қолданудын нәтижесі жақсы. Мәселен, тиреоидинді қолданғанда:
:: организмде зат алмасу процесі жақсарады;
:: тіндерден судың бөлінуі жақсарады;
:: зәр шығару процесін үдетеді;
:: организмде белоктың түзілуін жақсартады;
:: қандағы холестеринді азайтады.
Зәр шығаруды үдететін, ацидозға қарсы әсер ететін, жүректің қызметін жақсартатын дәрілерді қолданады. Зәр шығаруды үдету үшін калий ацетатын, теофилинді, темисалды қолданады. Азотемия болмағанда 10 %-ды меркузал ертіндісін венаға, не тері астына жібереді. Венаға 20-40 %-ды глюкоза ертіндісіне кофеин қосып жібереді. Анурияда қан ағызуға болады. Ас қорыту жүйесінің ауруларын емдейді.
Аурудан сақтандыру шаралары негізгі ауруларды емдеуге, организмді улы заттардың түсуінен қорғауға бағытталады.

Нефросклероз
Бүйректердің артериолдары жарақаттанып, дәнекер тінмен өсіп, паренхимасынын өлі еттенуінің салдарынан олардың несеп түзу және шығару процестерінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Ірі қарада жиі кездеседі.
Себептері. Ауру асқынған нефриттер мен нефроздың соңғы стадиясы деп қарау керек. Көп жағдайларда дәрігерлер зәр шығару ағзаларының ауруларын уақытында анықтамағанда, ол аурулар нефросклерозға айналғанда ғана біледі. Құрамында қышқылы көп азық, көп мөлшерде жем, ұзақ уақыт улану; қышыма, экзема, қотырлар аурудын себептеріне жатады.
Дамуы. Бүйрек шумақтарындағы, өзектеріндегі эпителийлердің бүлінуі нефрондардың өлуін туғызады. Бүйректердегі қан айналысының нашарлауы оның парехимасындағы зат алмасуын бұзады. Осының салдарынан өлген нефрондардың орнына дәнекер тіндердің өсуі үдейді. Шумақтар мен өзектер қысылады, өлі еттенеді; олардағы сүзілу, реабсорбция процестері бұзылады, не тоқтайды. Бүлінбеген бөліктерде қан айналысы күшейе түседі де, жалпы қан айналысы бұзылады. Ренин, ангиотензин 2 көп түзіліп, қанға сіңеді. Ол барып қанның қысымын жоғарлатады, жүрек еттері қалыңдайды (гипертрофия). Екінші жағдайда ренин ферменттердің әсерімен қанның сары суындағы глобулинмен қосылып гипертензин түзеді. Олда жоғарыдағыдай әсер етеді. Бұл өзгерістер жүрек пен қан тамырларының қызметтерін нашарлатады, суықтардың жиналынан ісіктер пайда болады. Бүйректердегі белу процесі бұзылғандықтан организмде қышқылдар шоғырланып ацидоз дамиды. Осы өзгерістердің барлығы уремиялық синдромды тудырады.
Өлекседегі өзгерістер. Бүйректердің көлемі кішрейген, тығыз, сырты бұдырланған. Капсуласы паренхимасына жабысып қалған. Бүйректерді кескенде оның әр жерінде сұрғылт-сары, ақшыл түсті дақтарды байқауға болады. Кейде сұйыққа толы қуыстар кездеседі. Гистологиялық тексерулерде бүйректердің сау жерлерімен қатар дәнекер тін өскен бөліктерін анық көруге болады. Өлі еттенген жерлерге әк тұзы сіңіп қатаяды- петрификация.
Клиникалық белгілері. Ен негізгі белгісі - полиурия. Зәрдің бөлінуі қалыпты жағдайдағыдан 2-3 еседей көбейеді. Бүйректердің консистенциясы қатты, сырты бұдырланғае, ауырсынғандық байқалмайды. Ауру мал жай қозғалады, жылдам шаршайды, тәбеті жоқ. Бірте-бірте арықтайды. Қайта-кайта су іше береді. Иттер құсады, терісі қышиды. Кілегей қабықтары бозарған, дененің төменгі жақтарында әртүрлі көлемді ісіктер анықталады. Ас корыту жүйесінің ағзаларында қабыну процесінің белгілері байқалады. Жүрек пен қан тамырларының жеткіліксіздігінің белгілері: тамырдың соғысы жиі, артерияда канның қысымы жоғары, жүректің көлемі ұлғайған, жүрек түрткісі күшейген, шашыраңқы; бірінші сазы ақырын, күңгірт; ал екінші сазы р.о. ортада катты естіледі.

Бүйректердін қызметінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Жұқпалы емес аурулар
Хирургиялық операциянын жіктелуі
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Тыныс алу жолдарынының аурулары
Ринит, гаймарит, ларингит, фронтит аурулардың емі және профилактикасы
Жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары
Жүрек қабының қабынуы
Танау кілегей қабықтарының қабынулары
Тыныс алу жүйесінің аурулары туралы мәлімет
Пәндер