Ауылшаруашылық малдарын ғылыми əдіспен азықтандыру


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлімі

2. 1. Суалған сиырларды азықтандыру

2. 2. Сауын сиырларды азықтандыру

2. 3. Аталық бұқаларды азықтандыру

2. 4. Ірі қара малының төлін азықтандыру

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Ауылшаруашылық малдарын ғылыми əдіспен азықтандыру ісі мал азықтандырудың ең басты мəселелердің бірі болып табылады. Бұл ғылыми өңірде көп еңбек сіңірген ғалымдардың жұмыстары орасан зор, олардың қатарында И. П. Павлов, Н. П. Червинский, Е. Ф. Лискун, М. Ф. Иванов, Е. Багданов, кейіннен И. С. Попов, А. Д. Симещенко, Н. В. Курилов, А, П. Дмитиченко, М. Ф. Томмэ, А. С. Емельянов, Н. И. Денисов, С. С. Еленевский, А. В. Модянов, К. М. Солнцев, А. С. Солун жəне тағы басқа ғалымдар бар. Ауылшаруашылық малдарды азықтандыру Батыс Европа жəне Америка елдерінде жүргізілген жұмыстарға қарай отырып, КСРО ғалымдары одан да ары ғылыми түрде ерекше азықтандыру тəсілдерін ойлап тапты. Ғылыми түрде азықтандырудың бірнеше түрлері бар: Олар жем-шөптің құрамын жəне онын сіңілімдігін зерттеу. Жануар- лардың күнделікті жейтін жем-шөбін қаншалықты беру, физио- логиялық жағдайы мен оның беретін өнімділігін зерттеу, оған қоса қандай техника керектігін, қандай технология қолдану тиімді, осының бəрін зеттеу біздің ғалымдардың алдағы қойған мақсаты.

Қазір жалпы биологиялық тəсілмен малға азық беру мөлшерінің төмендегідей түрлері бар:

• Берілген малға азықтың сапасы жоғары болса одан қайтар өнімі де жоғары, немесе керісінше азықтың сапасы күші болмаса өнімі де төмен болады.

• Өте жоғары өнім алу үшін малға берілетін азықтың сапасы, оған қосылатын пайдалы қоспалары, сіңімділігі түгел қаралуы керек. Егер мал өнімділігі жоғары болған күнде 1кг құрғақ азыққа бүкіл қоспалардың мөлшерін есептеп отыру қажет.

Осы еңбектің арқасында ғана 1988 жылы тексерістен өткен ірі қара, шошқа, қой өнімділігінің өскені белгілі болды. Ең маңызды бір мəселе азық зоотехникалық талдаудан өтуі керек, өйткені мал азығының ішінде 20-30 түрлі нақты элементтер болуы қажет, олар болмаған жағдайда мал өнімі күрт төмендейді. Малға берілетін азық ішінде қандай элементтер барын білген жөн.

Жануарлар денсаулығының мықты болуы жəне азықтандыруда аз шығын шығара отырып, жоғары сапалы өнім алуға мүмкіндік беретін азықтандыруды толық құнды азықтандыру дейді. 108 Азықтандырудың толық құндылығы жануарлардың қажетті- лігіне сəйкес рациондағы белгілі энергия мөлшері мен сіңімді заттарға негізделеді. Рационның толық құнды болуына керекті жағдай - жоғары сапалы азық жəне жануарлардың онымен жақсы қоректенуі.

Қоректену - жануар организмі жəне оған азық арқылы түскен заттар арасындағы ортақ əрекеттесудің күрделі процесі. Бұл процесте азықтың сіңімді заттары жануарлар организміне жеке- жеке емес кешенді түрде əсер етеді. Жануарды азықтандыру кешенділігінің негізгі толық құндылық көрсеткіші - оның энер- гияға, құрғақ затқа, пртеинге, көмірсуға, минералды элементке, витаминге жəне басқа да биологиялық белсенді заттарға деген қажеттілігіне сəйкес үйлестірілуінде.

II. Негізгі бөлімі

Сауын сиырларының қоректік заттарға деген мұқтаждығы өнімділігіне, сүтінің майлылығына, жасы мен қоңдылығына тəуелді өзгереді.

Азықтандыруды бақылау үшін рациондағы құрғақ зат көлемін есептейді. Тірілей салмағы 500-600 кг сиырдың əрбір 100 кг шаққанда 2, 8-3, 2 кг құрғақ зат келуі керек. Құрғақ заттың желінуі рацион құрамы мен азық сапасына байланысты өзгереді.

Мол өнімді сиыр рационының 1кг құрғақ затындағы энергияның шоғырлануы орташа өнімді сиырдікінен жоғары болуға тиіс. Тəуліктік сауымы 25 кг асса - 1, 05 азық өлшемі, ал 15-18 кг болса - 0, 8 азық өлшемі шоғарыланады. Энергия жетіспеушілігі азық шығынының ұлғаюына, салмақ пен сауымның кемуіне əкеп соқтырады. Ал шамадан тыс көп болуы малды семіртіп, ұрықтанушылығын төмендетеді.

Физиологиялық жағдайы мен рацион құрамына сəйкес сауын сиырларының азық құрғақ затын жеуінің тəуліктік мөлшері

Рацион
Жасы, айы
Тірілей салмағы, кг
Сауын кезіндегі
Суалтылған кезіндегі азық құрғақ затының желінуі, кг
Рацион: Қысқы кезеңде
Рацион: Пішен, сүрлем, Тамыржемістілер, жем
Жасы, айы: 60-70
Тірілей салмағы, кг: 500
Сауын кезіндегі: 16-18
Суалтылған кезіндегі азық құрғақ затының желінуі, кг: 10-12
Рацион: Пішен мен сүрлем
Жасы, айы: 55-62
Тірілей салмағы, кг: 500
Сауын кезіндегі: 15-17
Суалтылған кезіндегі азық құрғақ затының желінуі, кг: 10-11
Рацион: Сүрлем мен жем
Жасы, айы: 48-65
Тірілей салмағы, кг: 500
Сауын кезіндегі: 13-14, 5
Суалтылған кезіндегі азық құрғақ затының желінуі, кг: 9-10
Рацион: Жазғы кезеңде
Рацион: Көк шөп пен жем
Жасы, айы: 70-75
Тірілей салмағы, кг: 500
Сауын кезіндегі: 15-17
Суалтылған кезіндегі азық құрғақ затының желінуі, кг: 10-11
Рацион: Балауса, ірі азық, жем
Жасы, айы: 70-75
Тірілей салмағы, кг: 500
Сауын кезіндегі: 16-18
Суалтылған кезіндегі азық құрғақ затының желінуі, кг: -

Əрбір азық өлшемінде 95-105 г қорытылатын протеин, 75-105 г қант, 110-160 г крахмал, 30-40 г май, 7-8 г ас тұзы, 7 г кальций, 5 г фосфор, 1, 5-2, 5 г магний, 2, 1-2, 0 г күкірт, микроэлементтер мен витаминдер болуы тиіс.

Азықтандыру нормасын сиырдың физиологиялық жағдайына сəйкес анықтайды. Мысалы, буаз сиыр нормасын сауымның соңғы екі айында 5-10% жоғарылатқан жөн. Ал сауымның басқа екі айында, бұзаулағаннан кейінгі 10-12 күннен бастап, сиырды иітіп сауу үшін нақтылы сауымына 4-6 кг сүт қосатындай есеппен қосымша азықтандырады.

Мол өнімді құнажын рационы сауымының алғашқы үш айында нақтылы тəуліктік сүттілігін 5 кг, 4-5-ші айында - 4 кг, соңғы айларында - 3 кг жоғарылату құрастырылады.

Рацион азығындағы қорытылатын протеинмен қатар шикі протеинін де есептеу көзделген. Протеиндік қоректену деңгейі оның қорытылуы мен азық дайындалғандағы жылуының көтерілуіне тəуелді игерімділігімен де сипатталады. Дайындалу барысында қатты қызған азықта аминқышқылдары қант пен нашар қорытылатын күрделі қосындыларға бірігеді. Сиыр рационының əрбір азық өлшемінде тəуліктік сауымы 10 килограмнан асса - 105-110 г қорытылатын протеин болуға тиіс.

Тірілей салмағы 500 кг сақа сауын сиырды азықтандыру нормасы (тəулігіне, əрқайсысына)

Көрсеткіштер
Майлылығы 3, 8-4 пайыз сүттің тəуліктік сауымы
8

12, 6

16

20

24

28

32

38

Көрсеткіштер:

Азық өлшемі

Алмасу энергиясы,

МДж

Құрғақ зат, кг

Шикі протеин; г

Шикіклетчатка; г

Крахмал, г

Қант, г

Шикі май, г

Ас тұзы, г

Кальций, г

Фосфор, г

Магний, г

Калий, г

Күкірт; г

Темір, г

Мыс, мг

Мырыш, мг

Марганец, мг

Кобальт, мг

Йод, мг

Каротин, мг

Д витамині, мың ХӨ

Е витамині, мг

Майлылығы 3, 8-4 пайыз сүттің тəуліктік сауымы:

8, 6

104

12, 3

1260

820

3450

970

645

240

57

57

39

20

68

23

690

70

475

475

5, 2

6, 0

345

8, 6

345

10, 6

126

14, 1

1630

1060

3810

1435

955

340

73

73

51

22

82

27

850

95

635

635

7, 4

8, 5

475

10, 6

425

12, 6

148

15, 8

1940

1260

4110

1705

1135

405

89

89

63

25

96

31

1010

115

755

755

0, 8

10, 1

565

12, 6

505

14, 6

168

17, 2

2245

1460

4130

1975

1715

465

105

105

75

27

110

35

1170

130

875

875

10, 2

11, 7

655

14, 6

585

17, 1

193

19, 0

2760

1795

4180

2695

1795

615

121

121

87

29

124

39

1370

170

1110

1110

13, 7

15, 4

770

17, 6

685

19, 7

218

20, 7

3085

2070

4140

3105

2070

710

137

137

99

32

138

43

1575

195

1280

1280

15, 8

17, 7

885

19, 7

790

22, 3

243

22, 3

3775

2455

4140

4015

2675

890

153

153

111

34

152

47

1785

245

1560

1560

20, 1

22, 3

1150

22, 3

890

24, 9

266

23, 7

4215

2740

4100

4485

2990

950

169

169

123

37

166

51

1990

275

1745

1745

22, 4

24, 9

1245

24, 5

995

Суалған сиырларды азықтандыру ерекшеліктері.

Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру-сырқатқа шалдықпай тез жетілуі және сақайған кезіндегі өнімділігі оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады.

Екіншіден, сиырды суалтқан кезде, оның организмі төлдеуге, бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуы көзделеді. Өйткені оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар қоры азайып, оларды толықтыру қажет.

Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Организмнің өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажындар мен жоғары өнімді сиырларға бұл мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе арықтаған сиырларға суалған кезеңді ұзартады.

Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу үшін негізгі азықтандыру норманың 80 процент көлемінде азықтандырады. Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін-кестеде келтірілген азықтандыру нормасына жеткізіп, үшінші және төртінші онкүндікте одан 20 процент арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100 процентке, алтыншыда 80 процентке түсіреді. Құнажындар мен күйі төмен сиырларға-кестеде келтірілген негізгі нормалық көрсеткіштерді қосымша салмақ қосып қондылығын арттыру үшін 1-2 азық өлшеміне (1 кг қосымша салмаққа) 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин қажет есебінен жоғарылатады. Соған сәйкес сиыр рационындағы басқа да қоректік заттар көлемі жоғарылатады.

Буаз сиыр организмінде жүйке-қан жүйе жұмысы өзгеріп, сүт түзілуін қалыптастыратын орталықтың қызметі әлсірейді де, құрсақтағы бұзаудың өсуін қамтамасыз ететін орталықтың жұмысы күшейе түседі: сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы артады. Суалту кезінде буаз сиыр тәулігіне 800-900 г салмақ қосып жаңа туылған бұзау тірі салмағы енесінің салмағының 7-9 процентіне 800-900г салмаққа жетуге тиіс.

Суалған буаз сиырлар рационын таза сапалы азықтардан құратырады. Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы мүмкін.

Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда, жайылым отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы шырынды және құнарлы азықтарды күрт азайтып, 2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін деңгейде кемітеді. Бұзаулайтын күні алдына пішен салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем араластырып ішкізеді. Суалған кезеңдегі сиырдың дұрыс азықтандырылғанын салмақ қосымы бойынша бақылайды. Бұл кезеңде сиырдың салмағы 10-12 пайызға артуы тиіс.

Сауын сиырларды азықтандыру ерекшеліктері

Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері сиыр сүтінің құрамы өзгешеленіп, уыз түрінде пайда болады. Уызда кәдімгі сүтпен салыстырғанда ақзат, қанттар, минералды заттар, каротин және витаминдер мөлшері көп бөлініп, жеңіл қорытылатын құрғақ заты жоғары болады. Жаңа туған бұзауды неғұрлым өз енесінің уызымен ерте ауыздандырса соғұрлым ол ауруға шалдықпай, ас қорытуды жақсартып, тез өсіп жетіледі.

Сауымның алғашқы кезеңін иіту, сүтейту кезеңі дейді. Иіту барысында сауылған сүт мөлшері күнделікті өсіп отырады. Оны қамтамасыз ету үшін сиырды сүт қосымына керек қосымша қоректік заттармен қамтьамасыз етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу
Зоогигиенаның даму тарихы туралы қысқаша мәліметтер
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Ірі қараны үлкен өндірістік кешендерінде және бордақылау алаңдарында бордақылау
Көк азықтармен азықтандыру
Мал тұқымын будандастыру
Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері
Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру
Жылқы малдарының гигиенасы
Микроскопиялық саңырауқұлақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz