Вирусқа қарсы иммунитет



1.Вирустардың құрылымы мен вирустар морфологиясы
2.Вирусқа қарсы иммунитет
3.Иммунитеттің клеткалық факторлары
4.Иммуеитеттің гуморальдық факторлары
Вирустар дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрамына сәйкес әр түрлі болады.Morphe – грек тілінен алынған пішін, бейне, түрі деген сөз. Вирустардың мынандай түрлері бар:
1.Икасоэдралық (икосаэдр- 20 қырлы көпбұрыш) немесе куб сияқты. Мал мен адамның жұқпалы ауруын тарататын вирустардың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады (олар– реовирустар, пикорнавирустар, аденовирустар, т.б).
2. Вирустардың таяқша немесе цилиндір тәрізді түрлері (оларға рабдовирустар, өсімдік вирустары жатады).
3. Сферикалық немесе дөңгелек шар тәрізді түрлері(Оларға парамикровирустар, ортомиксовирустар6 ретро вирустар және т.б жатады.)
Мырзабекова Ш.Б. «Ветеринариялық вирусология» оқулық. Алматы, Білім 2012
Мырзабекова Ш. Б. «Ветеринариялық вирусология» оқулық. 2014.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: 1. Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы.Инфекция түрлері ижәне оларға сипаттама. 2.Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық клеткалық, жалпы физиологиялық факторлары.

Орындаған:Мұқанова А.М.
Тексерген:Омарбеков Е.О.
Топ:ВС - 303

Семей 2015ж
Жоспар:
1.Вирустардың құрылымы мен вирустар морфологиясы
2.Вирусқа қарсы иммунитет
3.Иммунитеттің клеткалық факторлары
4.Иммуеитеттің гуморальдық факторлары

Вирустардың құрылымы мен Вирустар морфологиясы.
Вирустар дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрамына сәйкес әр түрлі болады. Morphe - грек тілінен алынған пішін, бейне, түрі деген сөз. Вирустардың мынандай түрлері бар:
1.Икасоэдралық (икосаэдр- 20 қырлы көпбұрыш) немесе куб сияқты. Мал мен адамның жұқпалы ауруын тарататын вирустардың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады (олар - реовирустар, пикорнавирустар, аденовирустар, т.б).
2. Вирустардың таяқша немесе цилиндір тәрізді түрлері (оларға рабдовирустар, өсімдік вирустары жатады).
3. Сферикалық немесе дөңгелек шар тәрізді түрлері (Оларға парамикровирустар, ортомиксовирустар6 ретро вирустар және т.б жатады.)
4.Сперматозоидтқа ұқсас түрлері - олар бактериофагтар- бактериялардың вирустары.
5. Жіп тәрізді оралған түрлері кейбір бактериофагтарда кездеседі.
6. Сопақша түрлері кейбір өсімдіктер вирустарында кездеседі. Вирустардың мөлшері де әртүрлі болады. Соған байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
1. Өте ұсақ вирустар: олардың мөлшері 20 - 30 нм (парвовирустар, пикарновирустар).
2.Үлкендігі орташа вирустар: мөлшері 50 - 150 нм (тогавирустар, ортомиксовирустар, ретровирустар, аденовирустар).
3. Ірі вирустар: олардың мөлшері майда бактерияларға жетіп қалады ( поксвирустар - 200 - 350 нм).
Жануарлар вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай қарапайым (қабықшасыз) немесе күрделі (қабықшалы) болып екіге бөлінеді.
Жай вирустардың құрамында тек нуклеин қышқылымен белок қана болады, ал күрделі вирустардың қосымша қабықшалары бар. Қабықшаның құрамында көмірсулар, липидтер, белоктар болады. Вирустардың қандай түрі болмасын (жай немесе күрделі, олардың генетикалық материалы вирустың тек ортасында ғана болады, ол жерді нуклеоид деп атайды. Жоғарыда айтылғандай вирустардың клеткалардан ерекшелігі - вирустарда нуклеин қышқылының бір түрі ғана болады: РНҚ немесе ДНҚ. Нуклеин қышқылы сыртынан қабықпен қоршаған, ол қабат капсид( латын тілінен сарка - қап, тыс деген сөзінен алынған) деп аталады. Капсид ақ заттан тұрады. Нуклеин қышқылы сол тысқы қабатымен қосып, нуклеокапсид деп атайды. Жай вирустарда нуклеокапсид вирион деген ұғыммен бірдей.
Капсидтің иөзі капсомерден тұрады. Капсомердің, вирустар құрамындағы саны мен орналасу ерекшеліктері әртүрлі. Соған сәйкес вирустар бірнеше топқа бөлінеді. Ал капсомердің өз белгілі бір құрылымдардан тұрады, құрылымды бөліктер деп атайды. Олар белоктың химиялық жетілген бір бөлігі. Құрылымды бөліктер белокты суббөліктерден тұрады. Ал белокты суббөлік полипептид тізбектерінен құралады. Полипептид тізбегі аминқышқылдарынан тұрады да әртүрлі вирустарда түрліше болады. Демек, капсомер дегеніміз белок суббөліктерінен тұратын үлкен агрегат.
Мысалы капсид - капсомер - құрылымды бөлік белокты суббөлік - полипебтид тізбегі - аминқышқылы.
Күрделі вирустардың құрамында нуклеокапсидке қоса липопротеидтен тұратын сыртқы қабықша және бар. Оны суперкапсид немесе пеплос (гректің peplos - жапқыш, жамылғыш деген сөзінен) деп атайды. Кейбір вирустардың суперкапсидтің сыртқы жағында шығып тұратын өскіндері, бүрлері- пепломері бар. Күрделі вирустардың нуклеокапсиді вирионның ортасында орналасады. Сондықтан да оны жүрекше деп атайды.
Вирустардың құрылысы
Вирустардың бірнеше түрін электрондық микроскоп арқылы қарап көргенде олардың капсомерлерінің орналасу ерекшеліктері белгілі болды және капсомерлердің симетрялық жағдайда ғана орналасатыны анықталады. Осыған байланысты капсид симетриясының мынандай түрлері болады:
1.Куб тәрізді немесе икосаэдрлық симетрия. Бұл симетрияның құрамы 20 қырлы көпбұрышқа ұқсайды, яғни өзара бірдей 20 ұшбұрыштан тұрады. Әрбір ұшбұрыштың қабырғасы, төбесі және қыры бар. Капсомерлер екіден (димер), үштен (тример), төрттен (квадример), бестен (пентамер), алтыдан (гексомер) өзара бірігіп, вирусқа белгілі бір пішін береді, вирустар осыған сәйкес әртүрлі болады. Куб тәрізді симетриядан тұратын вирустардың көбінің сыртқы қабықшасы жоқ ( оларға иридовирустар, аденовирустар, паповавирустар, реовирустар, калицивирустар, пикарновирустар, парвовирустар жатады.)
2.Симетрияның спираль тәрізді немесе бұрама түрі.
Мұндай жағдайда белок молекулалары нуклеин қышқылының ұзын бойы оралып спираль сияқты орналасады. Айтылған симетрия вирустарға түтікшеге ұқсас пішін береді. Айта кететін бір жағдай, мұндай вирустардың белоктарының өзара белгілі бір қалыппен жиналу ерекшелігі бар, соның арқасында біркелкі полипептид тізбегін дұрыс орналасқан капсид пайда болады . Бұл жаңалықты бірінші рет 50 - ші жылдары темекі күлінің вирусын зерттеген ғалымдар Шрам мен Френкель Контрат ашты. Осындай орналасу ерекшеліктері генетикалық материалдың аса үнемі жұмсалуына мүмкіндік береді. Ақзат молекулаларының спираль тәрізді орналасуы мына жағдайларға байланыста:
а)спираль айналымына, демек 1 толық айналымға сәйкес;
б)бір айналымға келетін бөліктер санына сәйкес;
в)екі бөліктің арақашықтығына сәйкес;
Спиральді симетрия темекі ауруының вирусында терең зерттелген. Онда 2150 ақзат молекуласында 6000 нуклеоидтың бар екені анықталды.
3.Симетрияның күрделі түрі (покровирустар, ретровирустар, т.б). Вирустардағы симетрия түрі сол вирусқа ғана тән қасиет болып есептеледі. Мысалы, симетрияның куб тәрізді түрі: рабдо, ортомиксоаденовирустарда, т.б кездеседі (ириондардың құрамындағы нуклеин қышқылы мен капсомерлердің өзара байланысы әр түрлі болады. Мысалы, спиральді симетриядан тұратын вирустарда ақзат малекуласында әрбір бөлшегі (суббөлігі) нуклеин қышқылымен байланысады, ал вирустардың икосаэдрдан тұратын симетриясында жағдай басқаша: ақзат молекуласы бөлшектерінің бәрі бірдей нуклеин қышқылымен байланыса бермейді. Себебі, нуклеин қышқылы вирионның ішінде оралған күйде болғандықтан ақзаттық суббөліктер сол нуклеин қышқылымен жақын келген жерінде ғана байланысады.

Вирусқа қарсы имунитет
Мал организмнде түрлі вирустар кездеседі . Соған орай организмде сол вирустарға қарсы арнамалы қорғау механизмдері пайда болады.
Вирусқа қарсы имунитеттің негізгі қызыметі - организмге енген вирустарды тауып алу және организмді сол вирустан, олардың антигендерінен және вирус зақымдаған клеткалардан тазарту.
Осы қорғану қызыметі организмнің имуналогиялық жүйесінің және имунитеткеи жауапты клеткаларының арқасында іске асады. Сонымен бірге организмде бейарнамалы қорғану факторлары да бар (ингибиторлар, интерферон, комплемент, т.б). Оларда вирустың көбеюі мен организмге тарылуына кедергі жасайды. Соңғы факторлар, арнамалы механизмдерден бірінші іске қосылады.
Сонымен бірге, организмде осы көрсетілген механизмдерден басқа вирустарға қарсы анатомофизиалогиялық кедергілер де бар. Олар инфекцияның ең алғашқы басталу кезнде организм вирусты енгізбеуге тырысып, вирустармен бірінші рет кездеседі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы туралы ақпарат
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустар, түрлері және организмге орналасуы
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтары
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары туралы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтары туралы ақпарат
Вирустардың организмге таралуы, енуі, орналасуы.Инфекцияның түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қанның тобы мен резус – факторының заңдылығы
Пәндер