Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер
1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
2. Макроэкономикалық тепе.теңдік және оның үлгілері
3. Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
4. Мультипликатор теориясы

Ұлттық экономика деңгейінде қандай да бір елдің территориясында өндірілген жалпы ішкі өнімді бір жылдың ішінде сатып алатын және оны сататын іріленген экономикалық субъектілер жұмыс істейді. Осындай іріленген экономикалық субъектілерге үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және сыртқы орта жатады. Олар жалпы ішкі өнімге қатысты жиынтық шығындарды және жиынтық табыстарды қамтамасыз етіп отырады. Бір жағынан, ол жиынтық сұраныс, ал екінші жағынан, ол жиынтық ұсыныс ретінде көрінеді. Енді осы ұғымдарға толығырақ тоқталамыз.
Жиынтық сұраныс – экономикалық субъектілердің бір жыл ішінде өндірілген жалпы ішкі өнімді сатып алуға жұмсайтын жиынтық шығындары. Жиынтық шығындардың көлемі елдегі баға деңгейіне тәуелді болып табылады және жиынтық сұраныс қисығы бағаның белгілі бір деңгейінде сатып алынатын жиынтық өнімнің көлемін көрсетеді. Баға деңгейі мен жиынтық өнім көлемі арасындағы кері тәуелділікті төмендегі суреттен байқауға болады.

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.
2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.
4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.
5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.
6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.
7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .
8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.
9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.
10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.
11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.
12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.
13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.
14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.
15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер
Тексерген: Қуантқан Биболат
Орындаған: Серікова З.С.
Эн -401 тобы
Семей, 2015 жыл
Жоспар
1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері
3. Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
4. Мультипликатор теориясы
Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері
1 Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
Ұлттық экономика деңгейінде қандай да бір елдің территориясында өндірілген жалпы ішкі өнімді бір жылдың ішінде сатып алатын және оны сататын іріленген экономикалық субъектілер жұмыс істейді. Осындай іріленген экономикалық субъектілерге үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және сыртқы орта жатады. Олар жалпы ішкі өнімге қатысты жиынтық шығындарды және жиынтық табыстарды қамтамасыз етіп отырады. Бір жағынан, ол жиынтық сұраныс, ал екінші жағынан, ол жиынтық ұсыныс ретінде көрінеді. Енді осы ұғымдарға толығырақ тоқталамыз.
Жиынтық сұраныс - экономикалық субъектілердің бір жыл ішінде өндірілген жалпы ішкі өнімді сатып алуға жұмсайтын жиынтық шығындары. Жиынтық шығындардың көлемі елдегі баға деңгейіне тәуелді болып табылады және жиынтық сұраныс қисығы бағаның белгілі бір деңгейінде сатып алынатын жиынтық өнімнің көлемін көрсетеді. Баға деңгейі мен жиынтық өнім көлемі арасындағы кері тәуелділікті төмендегі суреттен байқауға болады.
Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект қамтамасыз және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың құрауыштары пайда болады:
Y = C + I + G + NX
Мұндағы,
Y - жиынтық сұраныс немесе жиынтық шығындар көлемі;
C - үй шаруашылықтарының тұтынушылық сұраныстары;
I - фирмалардың инвестициялық шығындары;
G - мемлекеттік шығындар;
NX - таза экспорт, яғни экспорт пен импорт құндарының айырмасы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жиынтық сұраныстың осындай теңдеумен анықталуын біз негізгі макроэкономикалық теңдестік деп атаймыз.
Жиынтық сұранысқа және оның көлеміне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Егер баға деңгейі өзгерсе, онда жиынтық сұраныс қисығының бойында өзгеріс орын алып жиынтық сұраныс көлемі өзгеріске ұшырайды. Ал бағалық емес факторлар әсер етсе, онда жиынтық сұраныстың өзі өзгереді де қисық оңға немесе солға жылжиды. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторларын төрт топқа бөлуге болады:
1. Тұтынушылық шығындардың өзгерісі, оларға үй шаруашылықтарының табысы, олардың әл-ауқаттылығы, болашақты күту, жеке табыс салығындағы өзгерістер, т.б. жатады.
2. Инвестициялық шығындардың өзгерісі, оларға пайыз мөлшерлемесі, әртүрлі жеңілдіктер, бизнес салықтары, т.б. жатады.
3. Мемлекеттің шығындардың өзгерісі, оған мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жатады.
4. Таза экспорттағы өзгерістер, оған валюта бағамының өзгеруі, сыртқы экономикалық жағдайлар жатады.
Жиынтық ұсыныс - бұл бір жылда өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі және оны өндірушілердің бағалардың белгілі бір деңгейінде нарыққа ұсына алу қабілеті. Жиынтық ұсынысқа да бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлар жиынтық ұсыныс көлемін өзгертеді және соған орай қисықтың бойында өзгеріс орын алады. Ал бағалық емес факторлар әсер еткенде жиынтық ұсыныстың өзі өзгереді және қисық оңға немесе солға жылжиды. Бағалық емес факторларға технология, ресурстардың бағалары, қолданылатын ресурстардың көлемі, салық салу деңгейі, нарықтық құрылымдардың өзгерістері және басқалары жатады. Бұл уақыт факторын ескермейтін сондай стандартты жағдай болып табылады және жиынтық ұсыныс қисығы баға деңгейі мен жиынтық өнім көлемі арасындағы тура тәуелділікті көрсетеді. Алайда, жиынтық ұсыныс және оның көлемі уақытқа тәуелді болып табылады, сондықтан, осындай ерекше жағдайларда, жиынтық ұсынысқа қатысты үш мерзімді кезең анықталад.
1. Қысқа мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгермейді және тек жиынтық өнім көлемі ғана өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы көлденең сипатта болады.
2. Аралық мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі де, жиынтық өнім көлемі де өзгереді, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.
3. Ұзақ мерзім, бұл кезеңде сұраныс жағынан өзгерістер болғанда бағалар деңгейі өзгереді және жиынтық өнім көлемі өзгеріссіз қалады, мұндай жағдайда жиынтық ұсыныс қисығы тік сызық түрінде болады.
Жиынтық ұсыныстың қысқа, аралық және ұзақ мерзімде қарастырылуының басты себебі болып оған деген, яғни, жиынтық өнім көлеміне деген теориялық көзқарастардың әртүрлі болуы табылады. Осыған байланысты, макроэкономикалық тепе-теңдіктің негізінен, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді үлгілері орын алады.
2 Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері.
Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан. Алдымен, классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісін талдауды қарастырамыз.
Классикалық үлгі француз экономисі Жан-Батист Сэйдің (1762-1832) заңымен тығыз байланысты және осы тұжырымға сәйкес құрылады. Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында жасалған өнімді сатып алатын шығындар мен оны сататын табыстар әрқашанда бір-біріне тең болады. Өндірілген өнімдердің құны автоматты түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс сұранысты тудырады. Бұл жерде, алынған табыстар бірден шығынға айналып отырады, олардың белгілі бір бөлігі жинақталмайды, түгелімен жұмсалып отырады деген болжамдар айтылады.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы классикалық кесінді деп аталады және ол тік сызық түрінде сипатталады. Классикалық кесіндіде экономика жұмыспен толық қамтылған жағдайда болады және жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне тең болады. Ал нарық икемді көрсеткіштер (баға деңгейі, атаулы жалақы, пайыз мөлшерлемесі) арқылы тепе-теңдікті ұстап тұрады. Жиынтық сұраныс өзгерген жағдайда жиынтық өнім көлемі өзгермейді, тек бағалар деңгейі ғана өзгереді.
Е нүктесінде классикалық үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік автоматты өзін-өзі реттейтін нарықтың тетігі ретінде қарастырылады және ол мемлекеттің экономикаға араласуын қаламайды. Сэй заңын алға тартанын осындай идеяны А.Смит, Д.Рикардо, Дж.Ст.Милль, А.Маршалл және А.Пигу сияқты классика-лық және неоклассикалық теорияның өкілдері жақтайды.
Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды және ол экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне тең болмайды. Осы кезде кейбір адамдар жұмыссыз қалады және өндіріс қысқарады, ал соның салдарынан экономикада дағдарыс орын алады. Экономикалық дағдарыс жағдайында жиынтық ұсынысты емес, керісінше жиынтық сұранысты ынталандыру қажет, олай болса, сұраныс ұсынысты тудырады.
Жалпы алғанда, кейнстік үлгі қысқа мерзімге сәйкес келеді. Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне сәйкес келмейді және сұраныс өзгергенде бағалар деңгейі өзгермейді және жиынтық өнім көлемі өзгеріске ұшырайды. Экономикалық дағдарыс кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы жиынтық сұранысты арттыруды ынталандыру қажет, соған байланысты жиынтық сұраныс жиынтық өнімнің нақты көлемі өзінің әлеуетті деңгейіне жеткенше дейін арта береді. Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік Е нүктесінде кейнстік үлгі бойынша макроэкономикалық тепе-теңдік қалыптасады. Кейнстік макроэкономикалық тепе-теңдік жиын-тық сұранысты реттеуге негізделген және мемлекеттің экономикаға араласуын талап етеді.
3 Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар
Ұлттық экономика шеңберінде тұтыну, жинақтау және инвестиция деңгейлерін қолда бар табыс пен пайыз мөлшерлемесі көрсеткіштері анықтайды.
Классикалық макроэкономикалық үлгіде жинақтау мен инвести-ция деңгейлері пайыз мөлшерлемесі арқылы автоматты түрде ретке келіп отырады, олай болса, қолда бар табыс факторы екінші орынға қойылып, пайыз мөлшерлемесіне шешуші мән беріледі. Кейнстік макроэкономикалық үлгіде көбінесе экономикалық агенттердің психологиялық факторлары мен мінез-құлықтары ескеріледі. Тұтыну мен жинақтау функцияларын қолда бар табыс деңгейі анықтайды, ал инвестиция көлемі пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіш - қолда бар табыс (Yd) тұтынылады (С) және жинақталады (S):
Yd = C + S.
Мұндай тұтыну мен жинақтау Кейнстің психологиялық заңымен және бейімділіктің түрлерімен тығыз байланысты, яғни ол заң былай суреттеледі: адамдардың табыстары артқан сайын тұтыну да артады, бірақ тұтынудың артуы табыстың артуындай болмайды. Олай болса, табыстың артуынан тұтыну деңгейі салыстырмалы түрде төмендей береді, ал жинақтау салыстырмалы түрде арта береді. Ал бейімділіктің төрт түрі бар:
1. Тұтынуға шекті бейімділік (МРС) - қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты тұтынудың салыстырмалы түрде өзгеруі:
МРС = ∆С ∆Yd.
2. Жинақтауға шекті бейімділік (МРS) - қолда бар табыстың өзгеруіне байланысты жинақтаудың салыстырмалы түрде өзгеруі:
МРS = ∆S ∆Yd.
3. Тұтынуға орташа бейімділік (АРС) - қолда бар табыстың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын бөлігі:
АРС = С Yd.
4. Жинақтауға орташа бейімділік (АРS) - қолда бар табыстың тұтынудан қалған бір бөлігі:
АРS = S Yd.
Тұтынуға шекті бейімділік пен жинақтауға шекті бейімділік қолда бар табыстың қосымша бірлігінің қаншасы тұтынуға жұмсалатынын және қаншасы жинақтауға кететінін көрсетеді. Сондықтанда, олардың қосындысы әрқашанда 1-ге тең болады:
MPC ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz