Сертификаттаудың заңнамалық базасы жайлы


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Сертификаттаудың заңнамалық базасы

Тексерген:Рахимова Ш. М.

Орындаған: Ахметова А.

Тобы: ОП-215

CЕМЕЙ - 2015

Кіріспе

Сертификаттау- өнім, процесс, жұмыс, қызмет белгіленген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін дайындаушыдан (сатушы, орындаушы) және тұтынушыдан (сатып алушыдан) тәуелсіз органмен жазбаша растау.

Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар.

Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.

Сәйкесті растау нәтижесі - объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.

Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері

«Сертификаттау туралы» заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (процестерді), жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды peттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттеpi мен жауапкершілігін белгілейді.

Сертификаттаудың мақсаттары

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • адамдардың өмірi мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • өнімдер мен қызмет көрсетудің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық сауда қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттің органы жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі

Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары) .

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ лабораторияларына (орталықтарына) қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің, рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін, сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.

Сертификаттаудың негізгі ережелері

  • Сертификаттау органы немесе сынау лабораториялары ретінде кез-келген әр түрлі жеке меншікті мекемелер болуы мүмкін, егер олар әзірлеуші (сатушы) немесе тұтынушы (сатып алушы) болмаса және орнатылған тәртіп бойынша акредиттеуден өтіп сертификаттау жұмыстарын атқаруға рұқсаты (лицензиясы) болса.
  • Сертификаттау органдарының және сынау лабораторияларының аккредиттеу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік стандарт комитеті немесе атқарушы өкіметтің органдары өткізеді. Аккредиттеудің нәтижесі бойынша аккредиттеу аттестаты беріледі.
  • Отандық және импорттық өнімдердің сертификаттау жұмыстары бір ережелермен жүргізіледі.
  • Егер сертификаттау жүйесінде бір өнімнің бірнеше сертификаттау органдары болса, онда мәлімдеушінің қайсыбір органды таңдауға құқығы бар.
  • Мемлекеттік Реестрде тіркеу уақыттан бастап міндетті серти-фикаттау жүйесіндегі сертификаттардың және аккредиттеу аттестаттардың әрекет күштері кіреді.
  • Барлық құжаттар (мәлімдеме, хаттамалар, актілер, аттестаттар, сертификаттар және т. б. ) қазақ немесе орыс тілдерінде жазылады.
  • Келіспейтін жағдайлар туатын болса, онда сертификаттау орындарына, ҚР мемлекеттік стандарттау комитетіне және сертифи-каттау жұмыстарымен айналысатын басқа да мекемелерге апелляция беруге құқық бар.
  • Біркелкі өнімнің немесе қызмет топтарының сертификаттау жүйесімен орнатылған сұлбасы бойынша сертификаттау жұмыстары жүргізіледі.

Сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі

Негізгі кезеңдері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттаудың заңнамалық базасы туралы
Туризмдегі стандарттау және сертификаттау
Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы
Сертификаттаудың заңнамалық базасы жайлы ақпарат
Сертификаттаудың заңнамалық базасы жайлы мәлімет
Сертификаттау туралы түсінік
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы ақпарат
ЕЛКОС(ELCOS) ЖШС-дегі өнім сапасын бағалау
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz