Корпорацияны дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

ОӨЖ

Корпорацияны дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы

ОРЫНДАҒАН : Теміртасова И. Т.

ТОП : ФН-207

ТЕКСЕРГЕН : Омарова А. К.

Семей қаласы

2015 жыл

Кіріспе

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның тұрақтылығының негізі, оның қаржылық тұрақтылығы болып келеді. Ол, кәсіпорын өз қаражатын еркін басқарып, оны тиімді пайдалану арқасында, өнімді өңдірудің және өткізудің үздіксіздігін қамтамассыз ететін, қаржылық ресурстардың жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жай - күйін бағалау үшін, ең алдымен оның қаржылық жағдайына талдау жасау керек. Қаржылық жағдай, қаржы ресурстарын пайдалануын, орналастыруын және барын көрсететін қаржылық көрсеткіштердің жиынтығы болып келеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радинова келесідей түрлерге жіктейді.

1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;

3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қьізметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері apaсындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады, және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммер-циялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістіксату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:

  • баланс өтімділігін талдау;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау;
  • табыстылығын талдау;
  • қаржылық тұрақтылығын талдау;

Біз талдауды осы көрсеткіштен бастаған себебіміз, көптеген шетел және Ресей экономист - ғалымдарының еңбектерінде жиі кездеседі және кең таралған көрсеткіштер болып табылады.

Қаржылық талдауды өткізу мақсатына байланысты қаржылық талдаудыңкелесі түрлерін атап кетуге болады:

  1. Қаржылық талдауды өткізу бойынша ішкі және сыртқы деп бөлуге болады.
  2. Ішкі қаржылық талдау - бұл кәсіпорынның өтімділігін аңықтауға немесе өткен кезеңдегі нәтижелерге баға беруге бағытталған талдау. Мысалы кәсіпорын басшылары немесе қаржылық аналитиктері кәсіпорынның өңдірістік ұлғаюына қаржы бөлуге мүмкіндігі барма екенін білгісі келгенде жүргізілуі мүмкін.

Сыртқы қаржылық талдау - бұл кәсіпорынға қатысы жоқ, яғни оның ішкі мәліметтер базасына кіруге рұқсаты жоқ, басқа шет аналитик тұлғамен жүргізілетін талдау

Тұрақсыз экономикалық жүйе жағдайында төлем айналымының төмендеуі кәсіпорынның дағдарысқа қарсы саясатының бір бөлігі болып табылады және кәсіпорынның төлемге қабілетті және қаржылық тұрақтылығынан зерттеудің кәсіпорынды сауықтыру механизмдерін іске асыруда әдістемелік жүйесін жасаудан тұрады. Қаржылық дағдарыс бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайын қиындататын бірден бір сыналатын кезеңі, ал екінші жағынан отандық өндірушілерге өзінің нарықтарын кеңейту және импортты орналастырудың қосымша мүмкіндігін береді. Отандық кәсіпорындың бір бөлігі осы мүмкіндікті жетістікте пайдаланды, ал басқалары басты міндеттерді, нақты анықтай алмайды. Жетістіктерін анықтауда қызметтік міндеттерін құра алмайды, нарықтағы жаңа мүмкіндіктерін еңгізу үшін жетістігін мобильдеуді жасай алмайды. Осымен байланысты кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын құру еліміздің экономикасын дамытудың маңызды мәселесі болып қала береді. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару стратегиясының мүмкіндігін талдау үшін нақты жағдайларда, дағдарысқа қарсы стратегияны таңдаудың белгілі бір әдестемесін талап етеді. Формалдандан қадамдар кәсіпорынның ағымдағы жағдайын нақты бағалау және басқарудың тактикасы мен оптималды стратегиясын таңдау үшін қажет. Мұндай қадамдар басқарудың стратегиясын таңдауда кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығын, даму перспективасын бағалау және түрақты бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сондықтан дағдарысқа қарсы стратегияны таңдау мен әдістемесін құруды қарастыру қажет. Берілген әдістемесі кәсіпорынның жағдайын талдауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның даму перспективасын анықтайды. Сондай-ақ таңдалған оның даму бағдарламасын қазіргі заманға келтіріп, өзгерту мақсатымен кәсіпорынның жағдайының мониторингі үнемі қарастырылады [30] .

Тиімділік стратегиясы кәсіпорынның ұзақ мерзімді және бөлшектелген жоспарларының құжаттары түрінде құрылмайды. Стратегия нақты бір жоспарларды айтуға міндетті емес, тек қанша ұйымға жалпылама қозғалу бағытталғанын «рұқсат етілген» спекторларын ұсынады. Басқаша жағдайда стратегия кез келген кездейсоқ жағдайда бұзылуы мүмкін. Гарвардттың бизнес мектебінің профессоры М. Портер стратегияға бірнеше анықтама береді.

1. ерекше құнды ұсыныстар;

2. құндылық құрудағы бәсекелестерден ерекшеленетін тізбе;

3. кәсіпорында жасалмайтын нақты компромисстер мен анықтаулар;

4. бір-бірімен сәйкес келетін және өзара тиімділікті күшейтетін әрекеттер.

И. Ансоффаның дұрыс берілген ескертулері «стратегия қиын және жетістіктегі күшті құрал, оның көмегін фирма өзгермелі жағдайларға қарсы тұруы мүмкін. Бірақ бұл - қарпайым құрал емес, оны еңгізу және пайдалану арзан тұрмайды. Стратегия - бұл тұрақсыздық жағдайында қалған фирмаға сенімділікті жоғалқан университетке салмақты көмек беретін, сондай-ақ тәртіпке келтіруді қамтамасыз етуде, денсаулық сақтау және қалалық коммуналдық шаруашылықтарының жұмысында қомақты көмек береді.

Сондықтан стратегия - бұл жүйелік қадам деп анықтаймыз, яғни кәсіпорынға ететін және жалпы өсімді бағыттайтын жүйелік қадамдар. Сыртқы орта, бәсекелестік жағдайлар, өнімді өндірудің технологиясы жәй және біртіндеп өзгереді. Фирманың басшылығы біртіндеп өзінің жұмыс жаңалықтарына бейімделеді, білімін жинақтап тәжирибеде шыңдайды. Басқарудың бірнеше категорияларының келісуі және анықталуы әдісі негізінде ұйымға жүйелік қадамдар жиынтығын, дағдарысқа қарсы басқару механизмі мен басқару объектілерін анықтайды, осы үлгімен ұйымдастырылған стратегиялар жиынтығын жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясының дағдарыстық қадамдардың бастапқы кезеңдерінде әсері етуіне байланысты келесі үлгілерге жіктеуге болады:

жақындау стратегиясы - күтілетін құбылыстардың басталуына дейінгі мерзімді қысқартып, басқару міндеттері;

араласпау стратегиясы - құбылыстарға табиғи қадамдармен ағымда өтуге мүмкіндік беру;

бөлініп кету стратегиясы - ауыспалы кезеңнің басталуын ұстап қалуға тырысу, яғни күтілетін жағдайлардың басталуына дейінгі мерзімді ұлғайту.

Ол көп нұсқалы. Бірақ олардың ішінде тек біреуін таңдауға негізделуі тиіс. Сыртқы ортаның күрт өзгеруі нәтижесінде кәсіпорын стратегиясы да күрт өзгереді. Экономиканың дағдарысты жағдайы апатқа ұшыраушы компанияға менеджменттің басқа түрін таңдауға мәжбүрлейді. Мысалы, диверсификацияланған өндірістің бар болуы кезінде әрбір бизнесті дербес заңды тұлғаға бірыңғай компания аналық болып қалатын холдинг құру мүмкін. Еншілес компаниялардың құқықтық дербестігі өзіндік мүліктік жауапкершілікке әкеледі (бірыңғай фирмада барлық бөлімдердің жауапкершілігі ортақ болып табылады) . Ол еншілес компаниялар басшыларының ынталылығы мен іскерлігін арттырады. Стратегиялық көзқарастың ерекшелігі оның болашаққа бейімделуі болып табылады, тиісінше: неге ұмтылатынын, қандай мақсаттар қоятынын анықтап алу қажет. Саланың ерекшелігіне, орта ахуалының өзгешеліктеріне, әрбір ұйым миссиясы мен мазмұнына байланысты өзінің дербес мақсаттары белгіленеді. Сөйтіп, біз дағдарысқа қарсы басқару стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін төрт фаза ұсынылды [1] :

1. Фирманың сыртқы ортасында байқалатын сол тенденцияларды анықтау және талдау. Басшылық сыртқы ортаның қандай ахуалда болатынын алдын ала болжап отыруға және осы болжамға сәйкес мақсаттарды белгілеуге ұмтылуы тиіс. Мақсаттар тенденцияларды абсолюттендірмей, оларды көрсететіндей тұжырымдалуы тиіс.

2. Жалпы ұйым үшін мақсаттарды белгілеу. Кәсіпорынның қызметінің ықтимал сипаттамаларының кең шеңбері ішінен мақсаттар ретінде қайсысын алу керектігін анықтау маңызды. Сондай-ақ ұйым мақсаттарын анықтау кезінде пайдаланатын критерийлер жүйесінің бар болуының үлкен маңызы бар. мақсаттар бойынша шешім де әрқашан ұйымның қарамағында бар сол ресурстарға байланысты.

3. Мақсаттар иерархиясын құру. Қол жеткізуі жекелеген бөлімдердің жалпы ұйымдық мақсаттарына қол жзеткізуге әкелетін ұйымның барлық деңгейлері үшін осындай мақсаттарды анықтау. «Мақсат - құрал» айқын тәуелділігі белгіленетін «мақсаттар ағашын» құруды алдын-ала болжайды.

4. Дербес мақсаттарды белгілеу. Ұйым ішіндегі мақсаттар иерархиясы мақсаттар мен міндеттерді орындаудың шынайы құрал-сайманы болып қалуы үшін ол жекелеген жұмысшы деңгейіне дейін жеткізілуі тиіс. Бұл жағдайда ұйымның біріне қол жеткізіледі: әрбір қызметкер ұйымның ақырғы мақсаттарына бірлесіп қол жеткізу үдерісіне қосылады.

Сыртқы орта талдауы экономика, саясат, нарық, технология, бәсекелестік, халықаралық ахуал және әлеуметтік-мәдени болып табылатын жеті салада (ортада) жүзеге асырылады. Осылайша стратегиялық талдау, әдетте үш құрамдасқа:

- Дұрыс жасап шығарылған ұзақ мерзімді мақсаттарға;

- Сыртқы бәсекелестік қоршаған ортаны терең тануға;

- Жеке ресурстар мен мүмкіншіліктердің нақты бағалауына негізделген тиімді стратегияны істен шығару кезіндегі басқарудың маңызды кезеңі ретінде алға шығады.

2. Тактикалық (оперативтік) көзқарас пайда болған қаржылық қиыншылықтарды бастан өткеруге (мысалы, шығындарды қысқарту, жекелеген функциональдық бөлімдерді жабу, өндіріс пен өткізуді қысқарту жолымен), шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында басқаруды жетілдіруге (мысалы белсенді маркетингтік зерттеулер жүргізу, өнімге жоғарғы бағаларды төмендету, ішкі резервтерді анықтау және жақсы пайдалану, біліктілігі жоғары мамандарды тарту, тәртіпті нығайту, өндіріс пен басқаруды жаңғырту, несиелер алу нәтижесіндще) бағытталған оперативтік шараларды жүзеге асыруды болжайды. Басқаша айтқанда, оперативтік қызмет барысында шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы оның іс жүзіндегі әлеуетін кіріске және өндіріс көлемін ары қарай кеңейтуге іске асырады [2] . Сонымен басшылық басқару жүйесін қайта жаңғыртуға (қажеттілік кезінде) қажетті ресурстарды бөлуге, сондай-ақ мамандарды дайындауға бағытталған. Стратегиялық менеджмент ұйым басшылығына бизнестің даму тенденциясын алдын ала болжауға сыртқы әсерді бақылап отыруға көмектесетіндей қалыптасрылады. Тактикалық менеджментке де өз алгоритмі тән: не істеу керек (концептуальды аспект, басты мақсатты қалыптастыру) ; қалай істеу (технологиялық аспект) ; қандай мерзімде және қандай жүйелілікпен (уақытша аспект) ; кім істейді (мамандар аспектісі) ; басқарманың ұйымдық құрылымы қандай болулары тиіс (ұйымдық басқарушылық аспектісі) . Мұндай көзқарас кезінде пайдаланылатын шаралар өте батыл іс: өткізуді ынталандыру бойынша ауқымды шараларды жүргізу, сұранысты жандандыру үшін бағаларды күрт төмендету, ескірген тауарлар қорын жою, ескірген жабдықтарды алмастыру, басшы кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасын тоқтату, мамандарды қысқарту.

Дағдарысты мәселелер әдетте екі негізгі жолмен шешіледі. Біріншісі ішкі экономиканы қорғауға (валюталық бақылау жолымен) бағытталған, жергілікті бизнесті қолдау. Дағдарысқа қарсы шаралардың екінші формасы экономиканың кең ауқымды санациясын, қарыздарды жаппай есептен шығаруды және банкроттық туралы ықпалды заңды қабылдауды және шығынды кәсіпорындарды тиімді меншік иелеріне сатуды алдын ала болжайды. Бірінші амалмен ағымдағы әлеуметтік шығындар азаяды, бірақ мәселенің шешімі уақыты бойынша созылады. Екінші амал күрделі бастапқы ахуалмен туындаған. Бұған дейін барға салынатын жоғары бірақ ел алдында тұрған мәселелерді шешу айтарлықтай тез өтеді. Соған қарамастан, бұл екі амал да басшылық тарапынан қандай бағытта жылжуды шешпей тұрып, кәсіпорынның дамудың қандай сатысында тұрғанын ұғынуды талап етеді [33] .

Стратегиялық басқару саласындағы А. Томпсон және А. Стрикленд сияқты мамандар кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын таңдауға сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді деп санайды. 1- суретте кәсіпорын стратегиясын таңдауға әсер ететін факторлар келтірілген.

Сыртқы факторлар

Ішкі факторлар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қоржын
Акционерлік кәсіпорындардың дамуы және экономикалық тиімділігі
Дағдарысқа қарсы басқару
Халықаралық кәсіпкерлік қызмет: табиғаты, нысаны, ерекшелігі
Қаржылық менеджменттің маңызы
Израильдегі шағын бизнес
Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту
Кәсіпкерлік әлеуметтануы пәні, зерттеу нысаны
Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық – құқықтық формалары
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz