Экранға мәтін шығару процедуралары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны :
- Кіріспе
2. Негізгі бөлімі :
1. 1 Модуль құрылымы
1. 2 Стандарт модульдер
1. 3 Экранға мәтін шығару процедуралары
3. Есеп
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Паскалъдың өз алфавиті, синтаксисі, симантиксі(түсіндірмелерінің ережелері) бар. Алфавит-программада пайдалынатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар және басқа белгілер), синтаксис -машинаның іс-әрекетін анықтайтын нұсқауларды, функцияларды, деректер мен
өрнектерді жазу ережелері. Олар -машинаға түсінікті шартты белгілерді пайдалана отырып жазылатын үлгілер .
Паскалъ алфавитінің символдары:
1. Латының алфавитінің бас және кіші әріптері .
2. Араб цифрлары.
3. Өрнек таңбалары:+ -* / .
4. Қатынас таңбалары:= - > < < > <= >=
5. Арнайы символдары: : ; “ (Бос орын - бірпозициялық ашық жер), ( ) (ашу, жабу жақшалары), ! ? # ; ‘ және т. б.
Паскалъда меншіктеу белгісі : = түрінде жазылады;
- санды дәрежелеу белгісі жоқ. Дәрежелеу санды өзіне -өзін көбейту арқылы беріледі;
-мәтіндер мен символдар Бейсик тілінде пайдаланатын тырнақшалардың орнына дәйекшелерге (“) алынып жазылады, т. б. ;
- қызметші сөздер, операторлар және функцияларды жазуда пайдаланылатыны латын алфавитінің әріптері . Оларды бас не кіші әріптермен жазудың айырмашылығы жоқ.
Турбо Паскалъға мынадай жай және күрделі типті айнымалылар енгізілен:
1) жай типтер : скалярлық (стандарт, скалярлық, санақты ) шектеулі;
2) күрделі типтер : жиым (регулярлық тип) , жол (стринг), жазба (жазу), файл, жиын ;
3) сілтеме (көрсеткіш) .
Типтер жүйесіндегі негіздік тип -жай типтер . Басқа типтер осы типтерден белгілі ереже бойынша құрылады . Стандартты скалярлық типке жататын айнымалылар бүтін, нақты, символдық және булъдік болатын төрт топтан тұрады.
1. 1 Модуль құрылымы
Программалық модуль (Unit) тұрақтылары, мәліметтер типі, айнымалылар, процедуралар және функциялар жиынтығы болып табылады . Қысқаша айтқанда модуль, программаға қоюға болатын және программаны жеке компиляциаланатын бөлшектерге бөлуге болатын сипаттамалар болып табылады . Модуль құрамына кіретін, процедуралар және функциялар, мәліметтер типін және айнымалылар арасындағы тәсілдер жиынтығын қамтамасыз етеді . Бірақ та бұл тәсілдерді нақтылы жүзеге асыру көрінбейді, себебі модуль екі бөлікке бөлінген : интерфейс және жүзеге асыру (реализация) . Егер программа модульді пайдаланса, модульдің барлық сипаттамалары бұл программаға, оның өзінде анықталғандай ашық болады .
Модуль дегеніміз өз алдына компиляцияланатын, сипаттаудың әртүрлі компоненттерін (типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар және функциялар ) енгізу арқылы құрылатын жеке программалық бірлік . Модульдер қолданбалы программалар кітапханасын жасақтаудың және модульдік программалаудың қуатты тетігі болып табылады . Модульдің негізгі ерекшелігі Турбо Паскаль компиляторы оның программмалық кодын компьютер жадының 64 Кбайттан тұратын жеке бөлігінде сақтайды .
Модуль келесі бөліктерден тұрады :
- аты немесе тақырыбы (Unit Modyl) ;
- интерфейс немесе хабарламалар бөлімі (Interface) ;
- орындаушы бөлігі немесе секциясы :
- инициализация бөлімі немесе секциясы.
Модуль интерфейсі:
Interface {бұл бөлімнің Uses - тен басқа барлық обьектілері, мәліметтер сегметінде орналасды}
[Uses…{Осы модуль қосқан программаға немесе басқа модульдерге, рұқсат етілуі тиіс тұрақтылар сипатталады}]
[Var…{Программаларда көрінетін немесе басқа модульдерде қолданатын айнымалылар сипатталады }]
[Procedure . . . {Формальды параметрлер сипаттамасымен толық процедураның атауы келтіріледі }]
[Function . . . {Формальді параметрлер сипаттамасымен толық процедураның атауы келтіріледі}]
. . . {Осы модульді іске қосқан программа немесе басқа модульдерден қол жеткізе алатын барлық басқа процедуралар мен модульдер функцияларының толық тақырыптары сипатталады }
Бұнда көрсетілген модуль бөлімдерінің тізбегі міндетті болып табылады, дегенмен осы бөлімді құррайтын блоктар толығымен болмауы мүмкін . Одан кейін модуль ішіндегі бөлімдерін сипаттаймыз .
Модуль тақырыбы .
Модуль тақырыбы Unit қызметші сөзінен және модуль атынан тұрады . Модуль аты оның коды сақталатын диск файлының атымен бірдей болуы тиіс . Модуль тақырыбы Unit қызметші сөзінен және модуль атынан тұрады . Модуль тақырыбы unit түйінді сөзінен және бірегей атаудан (модуль ішінде қайталанбау керек) тұрады, оның кез-келген атау сияқты 64- ке дейін белгісі бар .
Мысалы, модуль тақырыбы :
Unit Modul 1 ;
болса, онда оның мәтіні Modul 1. pas файлында сақталуы керек деген сөз .
Модуль аты оны негізгі программамен немесе басқа модульдермен байланыстыру үшін өте қажет . Бұл байланыс
Uses <модуль аттарының тізімі>
анықтауы арқылы жүзеге асырылады . Мысалы :
Uses CRT, Graph, Modul 1;
Uses анықтауын негізгі программаның анықтау бөлімінің басында, ал модульдерде не INTERFACE не IMPLEMENTATION қызметші сөздерінен кейін жазуға болады .
Анықтау бөлімі INTERFACE қызметші сөзімен ашылады . Онда осы модульдің негізгі программа мен басқа да модульдерден көрінетін барлық обьектілер анықталады . Анықтау бөлімінде процедуралар мен функциялардың тақырыптары ғана жазылады .
Орындау бөлімі IMPLEMENTATION қызметші сөзімен басталады . Онда бөлімінде анықталған процедуралар мен функциялар сипатталады . Қажет болған жағдайда дайындау бөлімінде пайдаланатын модульдің жергілікті обьектілерін (типтерін, тұрақтыларын, айнымалылары мен блоктарын ) осы бөлімде анықтауға болады . Егер анықтау бөлімінде ішкі программалардың тақырыптары толық сипатталған болса, онда орындау бөлімінде олардың аттарын ғана жазуға ғана рұқсат етілген .
Дайындау бөлімі Begin қызметші сөзімен ашылады . Онда негізгі программаның жұмысына дайындық үшін қажет операторлар енгізіледі . Олар басқару негізгі программаға берілгенге дейін орындалады . Дайындау бөлімі керек болмаған жағдайда Begin сөзін жазбау ұсынылады . Модульдің анықтау бөлімі бос болуы да мүмкін .
Модульдерды пайдалану үшін оларды компиляциялап алу керек .
Модуль құрылымына программа құрылымына ұқсас . Модульдің ішіндегі барлық сипаттамалар бір-бірімен байланысты .
Модульдің орындаушы бөлігі :
[Uses…{Берілген орындау бөлігінде пайдаланылған және интерфейсте көрсетілмеген модульдер атауы көрсетіледі }]
[Label …{Берілген модуль бөліміндегі, ішкі программаларда пайдаланылған таңбалар аттары көрсетіледі }]
[Const …{Берілген модуль бөліміндегі ішкі программаларды пайдаланылған және интерфейсте аталмаған тұрақтылар сипатталады}]
[Var…{Берілген модуль бөліміндегі ішкі программаларда пайданылған және интарфейсте аталмаған айнымалылар сипатталады}]
[Procedure …{Interface- те сипатталған процедураның қысқаша немесе толық аты келтіріледі}]
{Процедура денесі}
[Function … {Interface- те сипатталған функцияның қысқаша немесе толық аты келтіріледі}]
{Функция денесі}
Бұл бөлімде интерфейсте сипатталған модульдің барлық ішкі программаларын сипаттау берілген . Онда сонымен қатар, модульдің берілген бөлімінің ішкі программаларында пайдаланатын және интерфейсте сипатталмаған типтер мен айнымалылар сипатталуы мүмкін, онда тағы да сол бөлімнің ішкі программаларда пайдаланылатын, жергілікті таңбалар тізімі болуы мүмкін
1. 2 Стандарт модульдер
Турбо Паскальде көптеген әртүрлі типтерді, тұрақтыларды, процедуралар мен функцияларды жинақтап сақтайтын 8 стандартты модульдер бар . Олар : SYSTEM, DOS, CRT, PRINTER, GRAPH, OVERLAY, TURBOS, GRAPH3 . Турбр Паскалде 7. 0 пакетінде GRAPH, TURBOS және GRAPH3модульдері бөлек-бөлек TRU-файлдарда жазылған, ал қалғандары TURBO. TPL кітапханалық файлдың құрамына кіреді .
SYSTEМ модулі .
Турбо Паскальдің негізгі кітапханасы болып табылады . Оған ең негізгілер деп есептелінетін басқару, енгізу/шығару, жолдарды өңдеу, арифметикалық қосалқы процессормен жұмыс және динамикалық жадты пайдалану мүмкіндіктерін іске асыратын 43 процедура мен 50 функция енгізілген . Кез-келген программада стандартты модулі SYSTEM автоматты түрде анықталады . Стандартты емес модульдерді пайдалану программаларды стандарттау мен құрылымдылығының деңгейін жоғарлатады, олардың түсініктілігін және жетілдірудің қарапайымдылығын қамтамасыз етеді . Бұл программа өңдеу уақытын қысқартып қоймай, оның көлемін де азайтады . Программалар арнайы сегментте орналасады, оның көлемі компьютердің оперативті жадысын құрайтын басқа сегменттер сияқты 64 Кбайттан аса алмайды .
DOS модулі .
DOS модулінде MS-DOS операциялық жүйесінің негізгі программалары, файлдарды өңдеу процедуралары мен функциялары қамтылған . Сонымен қатар, онда көптеген пайдалы типтер, тұрақтылар мен айнымалылар да бар . Турбо Паскаль 7. 0 ортасы операциялық базасында жасақталануы себепті, программада оның функцияларын пайдалану мүмкіндігі бар . Операциялық амалдарын программа құруда пайдалануды жүйелік программалау деп атайды . Ол амалдар - программалардың орындалуын басқару, файлдық жүйемен, құрылғылармен, дискілермен, принтерленрмен, «тышқанмен» және т. б. Турбо Паскальда кейбір жүйелік операцияларда пайдалану үшін арнайы DOS стандарт модулі енгізілген . Онда жүйелік программалауға қажет мәліметтер мен ішкі программалар жинақталған. Олады дұрыс түсініп, программаларда қолдана білу үшін MS-DOS ОЖ туралы қысқаша мағлұмат берейік . Операциялық жүйенің негізгі қызметі пайдаланушыға компьютерді басқаруды ыңғайлы ету .
ОЖ модулдік принцип негізінде құрылған . MS-DOS операциялық жүйесінің бірнеше модульдері мен құрамды бөліктері бар :
- BIOS жүйесі - тұрақты жадыдағы енгізу /шығару жүйесі . Оның қызметі негізгі, базалық операцияларды орындау .
- Жүйе жүктеуші -компьютерді жұмысқа қосқанда немесе Ctrl+Alt+Del пернелерін басқанда ОЖ модулдерін оның жедел жадына жүктеу процесін атқарушы программа .
- BIOS кеңейту модулі жабдықтардың күйін анықтайды, іске қосылған шеткі құрылғыларды қалыпты жағдайға келтіреді, CONFIG. SYS файлында жазылған алгоритм бойынша жүйені конфигурацияларды және ОЖ базалық модулді іске қосады BIOS, IO. SYS және құрылғылардың драйверлері операциялық жүйенің «физикалық» деңгейін құрайды .
- MS-DOS базалық модулі ішкі кестелерді, үзіліс векторларын инициализациялау, командалар интерпретаторын іске қосып, жадыға жүктеу қызметтерін атқарады . Бұл модуль ОЖ «логикалық» деңгейін құрайды .
- Командалар интерпретаторының басты қызметі пайдаланушының командаларын өңдеу болып табылады . Оларды ішкі командалары деп те атайды . Командалар интерпретатор жүктелгенде AUTOEXEC. BAT файлы орындалады .
- MS-DOS утилиттері деп ОЖ толықтыратын пайдалы программаларды айтады . Утилиттер операциялық жүйенің ажырамас бөлігі емес, сондықтан оны қалаған уақытта пайдалануға болады .
Жүйелік программалауды меңгеру үшін операциялық жүйе мен компьютер жадының байланысын толық білу қажет . Сондықтан жады қызметі туралы қысқаша мағлұмат берейік .
Алғашқы версиялары компьютердің 1Мбайт жадын пайдаланатын 8086/8088 процессорлары үшін жасақталған болатын . Стандарт жадының «MS DOS» ядросы бөлімі операциялық жүйенің әртүрлі функцияларын өңдеуге арналған болса, «Үзіліс векторлары» бөлімі жүйенің 256 үзіліс векторларын сипаттайды . «Жадының резидентті емес аймағы « пайдаланушының программаларын енгізу үшін қолданылады.
Операциялық жүйенің жұмысында үзілістер маңызды роль атқарады . Жұмыс процесінде программа, не кейбір құрылғы, не процессордың өзі шығаратын сигналды үзіліс деп атайды . Үзіліс процессорда өңделгенде программаның орындалуы уақытша тоқталып, ОЖ қажетті жүйелік әрекеттері орындалады . Әрбір үзілістің иесі және айрықша нөмері болады .
Компьютер жадына жүктелген әрбір программаның басына MS DOS операциялық орта блогын енгізіп отырады . Орта блогы деп файлдарды іздеу жолын (PATH), COMMAND. COM файлына апаратын жолды (COMSPEC), шақыру белгісін (PROMPT) және кез-келген айнымалыны (SET) сақтайтын жады аймағын айтады . Орта айнымалыларын анықтау SET NAME =ол командасы арқылы жүзеге асырылады .
DOS модулін пайдаланып программалау элеметтері .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz