Экономикалық жүйе туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім ғылым министирлігі Шәкәрім университеті
Тақырыбы:
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ: МӘНІ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ, ДАМУ СИПАТЫ
Орындаған К. Еркежан
Топ ВС-403
Экономикалық жүйе - экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микродеңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен экономикалық жүйе - мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі. Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар жатады:
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
- адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т. б. ) ;
- елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
- өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
- әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің Экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
- табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует) ;
- технологиялық аяның жай-күйі;
- ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
- қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы енжарлықты жатқызуға болад
Біріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.
Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі, нарықтық, еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.
Үшіншіден, «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.
Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия»(«ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б. д. д. 430-355жж. ) және Аристотель(б. д. д. 384-322 жж. ) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде - Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.
«Меркантилистер» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері - Вильям Стаффорд және Томас Мен болып табылады.
1) Саяси экономика қоғамдық даму заңдылықтары жөніндегі ғылым. Саяси экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында ХV I I ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында дами бастады ;
2) Меркантилизм лат. тілінен аударғанда «саудагер» деген мағына береді . Меркантилизмнің негізгі мазмұны байлық, сырқы сауда нәтижесінде жинақталды, сол себепті сыртқы сауда сферасын зерттеу керек денген ;
Меркантилизм 2 кезеңнен тұрады : алдыңғы және соңғы.
Алғашқы меркантилистер алтын мен күмісті байлықтың негізгі формасы ретінде қарастырады . Сонымен қатар ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салды. Соңғы меркантилистер ақша емес тауар айырбастау сферасын зерттеуді;
3) Физиократтар - «физио », Стенли Джевонс және басқалары қалады. XIX-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» (ағылшынның «marginal» - шекті деген сөзі ) теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер, Фридрих фон Визер, Эйген фон Бем-Баверк, сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Экономикалық теорияның құрамы:
Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.
Қазіргі Батыс елдеріндегі экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:
- бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады.
- екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж. Кейнс болып табылады.
- үшінші ағым институционализм (латынның «institutum» - бекіту, құрылтайлау деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым - экономисі Торстейн Веблен болып табылады.
- төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар - неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард және германияның ғалым - экономисі Вальтер Ойкен болып табылады.
... жалғасы2. Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым обьективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыру қажет.
Қазіргі уақытта шет елде кең тараған «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:
1. Экономикалық теория - деп жазды ол, - бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекеттке байланысты.
2. Экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.
3. Экономикалық теория адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым.
4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым.
5. Экономикалық теория байлық туралы ғылым ретінде . Экономикалық теория әлеуметтік -экономикалық қатынастарды экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларды бейнелеу жіне дамыту арқылы оқытады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz