Сумен,бумен емдеу әдістері жайлы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы : « Сумен, бумен емдеу әдістері»
Орындаған:Акимжанова М. С.
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Семей 2015
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Бумен емдеу
2. 2. Сумен емдеу әдістері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ветеринария; (лат. veterinarius - малды бағып-қарайтын қызметкер, жануарларды емдейтін маман) - жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты антропозооноз (адамға жұғатын) ауруларынан сақтау, сыртқы қоршаған ортаны қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім. Жануарларды емдеу туралы көне мәліметтер 4 мыңыншы жылдардан бері белгілі. Ветеринарияның дамуы медицина, биология, химия, физика және т. б. табиғаттану ғылымдарының дамуымен тікілей байланысты .
2. 1Вапоризация(Бумен емдеу)
Малдың сыртқы тіндеріндегі асқынған жараларды, қабыну процестерін емдеу үшін судың буын қолдануға болады. Сол су буын белгілі арнайы аппарат арқылы қолдану вапоризация деп аталады. Су буы әсер еткен жер қызарады, қабыну процесі кезінде жинақталған сұйықтар тез тарайды.
Аппаратты металл резервуардан оңай жасап алуға болады. Металл резервуар герметикалық түрде жабық болуы керек. Одан тек түтікше шығып, оған күні бұрын дайындалған резина түтікше кигізіледі. Шығар аузы үнемі ашық күйінде тұрады. Суды қайнатқанда жарылып кетпес үшін. Резервуардағы суды электр плиткасымен қыздырып, қайнатады. Электр плиткасы өзімен бірге жабдықталған зауодтан шыққан вапоризаторлар бар. Ол арқылы су буына дәріні қосып та шашыратуға болады.
Вапоризатор ретінде ықшамды автоклавты да пайдалануға болады.
Вапоризатордың шығар аузының диаметрі 10-15 мм болғанда 90ºС температурада су буы 1 атм. Қысыммен шығады. Ол 10 см қашықтықта 68ºС, 40 см қашықтықта 32ºС болады. Вапоризацияны 40-50 см қашықтықта, 30 минуттан, күніне 1-2 рет жүргізуге болады.
Вапоризацияны ойық жараларда, іріңді өлі еттенген процестерде, маститте, ринитте, трахеитте, брохиттерде және тері ауруларында қолдануға болады.
2. 2 Сумен емдеу
Су және бальнеологияемдеу әдістері тұзсыз суды, сонымен қатар табиғи және жасанды түрде жасалатын минералды суды қолдануға негізделген. Жылумен емдеуге жылытылған парафинның, озокерит, балшықпен емдеу, құмның, құрғақ ауаның жылуын организмге беріп жылуды қолдануға негізделген әдістер кіреді. Механикалық әсер тигізумен емдеуге ультрадыбыс терапия, вибротерапия, уқалау, мануальді терапия кіреді.
Физиотерапияның қолданылуы физиотерапиялық шаралар перифериялық, аймақтық және орталық қан айналымын жақсартуға, ауруды басуға, ұлпаның трофикасын жақсартуға, бұзылған иммундық үрдістерін реттеу әректтеріне негізделген. Физиотерапияны тынышсыз жағдайларда, ісіп қызару үрдісінде, организм қатты жүдеген кезде, инфекциялық ауру асқынған кезде, туберкулезбен ауырған жағдайларда, қатерлі ісік және оның бар болуына күдіктену жағдайларында, қан аурулары бар кезде, қансырау және қанауға бейім жағдайларда, жүрек ауруларында, аорта және ірі тамырлардың аортасы,
орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде қолдануға болмайды. Физикалық факторлардың емдік және профилактикалық қолданылуы физиотерапиялық кабинеттер мен ауруханалардың бөлімшелерінде, емханалар мен басқа емдеу-профилактикалық мекемелерінде, қажет болса ауруханалардың палаталары мен үйде жасалынады.
Негізінен судың пайдасы хирургияда кеңінен қолданылады . Хирургияық аспаптарды микробтардан тазарту үшін ыдысқа құйылған суды жарты сағаттай қайнатады . Қайнату уақыты су бүлкілдеп қайнай бастағаннан есептелмек . Судың қайнау ыстылығын арттыру үшін қайнатқышқа көмір қышқылды натрийдің екі проценті ерітіндісін қосады. Ал көмірқышқылды натрийдің үш қасиеті бар.
Сумен емдеу оның төмендегідей физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне сүйене отырып жүргізіледі:
- су - тітіркендіргіш (бұл жерде оның температуралық факторының әсерінің рөлі зор) ;
- су - еріткіш және температураны жеткізуші;
- судың жылу сиымдылығы жоғары (1 грамм затты 1 градусқа жылытуға кететін жылудың мөлшері, грамм/каллория) ;
- Судың жылу өткізгіштігі жоғары (1 º температурада көлдененң кесінің көлемі 1 см² заттан 1 секундта өтетін жылулық - каллория) .
Сумен емдеудің жалпы және жергілікті процедуралары бар.
Сумен және жылулықпен емдеудің биологиялық негізі:
- жылулықты рефлекс арылы реттеу;
- терінің рецепторларына және тері астына жиналатын экссудат, транссудаттардың таралуына оң әсер ету арқылы ісікті болдырмау;
- жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтеріне оң әсер ету: суықтықты жүрек тұсына басқанда жүрек сирек және күштірек соғады, ал жылулық керісінше әсер етеді;
- жүйке жұмысына оң әсер етеді: аз уақыт әсер еткенде оны қоздырады; көбірек әсер еткенде, керісінше, әлсіретеді. Судың жергілікті жансыздандыру әсері осыған байланысты;
- бұлшық еттерге әсері: аз уақыт әсер еткенде бұлшық еттердің жирылуы күшейеді, көбірек әсер еткенде әлсірейді. Невралгиялық шаншуларда ыстықтық пен суықтықты қолданғанда судың осы әсеріне сүйенеді;
- қанның құрамына әсері: қан элементерінің саны иен гемоглобиннің мөлшері көбейеді; жылулықтың әсерінен қарсы денелер жақсы түзіледі, ал суықтық оны әлсіретеді;
- тыныс алу жолдарына әсері: суықтық аз уақыт әсер еткенде дем алу сирек және толық болады. Ал жылулықпен әсер еткенде дем алу жиі және үстіртін болады;
- зат алмасу процесіне әсері: суықтықпен қалыпты жағдайда әсер еткенде организмде химиялық энергияның түзілуі жақсарады, ал жылулықта - әлсірейді;
- тер мен зәр шығаруға әсері: тер су ваннасында 40º, су буында одан жоғарырақта, жарықта 50-60º, құрғақ ауада 60-70º болғанда жақсы шығады. Температура бұл көрсеткіштерден жоғары болғанда тердің шығуы азаяды. Ыстықтық пен суықтықтың әсерлерінен зәр шығару уақытша молаяды.
Сумен емдеу
Сумен емдеудің негізгі тәсілдері. Сумен емдеуді анықтап, оның дозасын белгілеу үшін 3 жағдайды ескеру керек:
- Судың тітіркендіру күші мен механикалық қысымының мөлшерін;
- Әсер ететін уақытының ұзақтығын;
- Әсер ететін дененің көлемін.
Малдәрігерлік тәжірибеде сумен емдеу үшін жиі қолданылатын әдістер:
- сумен жуу - арнайы аспаптарды пайдалану арқылы орындалады;
- Суды белгілі бір биіктіктен малдың желке тұсына, арқасына, ішіне, аяғына құю;
- суланған затты денеге басу, таңып қою;
- Майер, Меликсетян, Андрейцевтердің дармтампонаторларын қолдана отырып, тік ішек арқылы клизма қою;
- арнайы щеткаларды, жөкені және т. б. заттарды пайдалана отырып сумен ысқылау;
- әртүрлі зондтармен малдың асқазанын, алдыңғы қарыншақтарын жуу;
- акушерлік-гинекология ауруларында малдың жатыры мен қынабын жуу;
- компресс қою;
- жалпы және жергілікті ванналарды пайдалану.
Малдәрігерлік тәжірибеде ванналардың бірнеше түрлері бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz