Баға жасау саясаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Баға жасау саясаты

Орындаған: Кизатоллин А. Е

Тексерген: Алимжанова А. М.

Семей 2015 ж.

Жоспар:

  1. Баға саясаты түсінігі
  2. Баға саясатының стратегиялық және тактикалық ерекшеліктері
  3. Баға жасау процесінің кезеңдері
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т. с. с. сұрақтар шешіледі. Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы) . Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К. Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа) . Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Баға жасау процесінің негізгі кезеңдері

а) Мақсат қою. Тауар шығару мақсатын, оның нарықтағы орнын анықтау қажет. Жалпы алғанда үш басты мақсат болады: фирманың қызметін сақтау (нарыққа ену бағалары) ; пайданы өсіру (сұраныс пен ұсынысқа қарай) ; нарықтағы орнын сақтау (бағаны бір қалыпты ұстау) .

б) Сұранысты анықтау (бағаның максимальды деңгейін көрсетеді) .

в) Шығындарды талдау (бағаның минимальды деңгейін көрсетеді)

г) Бәсекелестердің бағаларын талдау.

д) баға жасау әдісін таңдау

е) соңғы бағаны анықтау

Баға белгілеудің әсіресе кең таралған әдістеріне келесілер жатады:

1) Тауар бағасын өндіріс шығындарына негізделіп анықтау

2) Капиталға саналған табыс әдісі

3) Сұранысқа бағытталған бағаларды анықтау

4) Ағымдағы бағалар деңгейіндегі бағаларды белгілеу

Бірінші әдіс толығырақ жеке тақырыпта қарастырылады.

Екінші әдіс бойынша өнім бірлігіне кеткен шығындарға салынған капиталға саналған процент қосылады. Өнім рентабельділігі келесі формула бойынша анықталады:

Рентабельділік = (салынған капиталдың пайда нормасы*баланс активының жиыны+тұрақты шығындар сомасы) /(өткізілетін өнім көлемі*өнім бірлігіне саналған өзгермелі шығындар)

Инфляция кезінде бұл әдісті қолдану қиынү Көбінесе оны ассортименті кең және жаңа тауарлары бар кәсіпорындар қолданады.

Үшінші әдіс тұтынушылардың тауарға берген бағасы (реакциясы) зерттеледі. Бұл әдіс тауарлардың дифференциясы жоғары болатын нарықта көп қолданылады.

Төртінші әдіс бүкіл саланың тәжірибесін жинақтауға негізделген. Бұл әдісті таза немесе олигополиялық нарықта қолдануға болады. Әр кәсіпорын бәсекелестің өз бағасын өзгерту себебін тыңғылықты талдау қажет және сәйкес жауап беру керек. Мысалы, бәсекелес бағаны азайтқанда, оның себебін, жасау мерзімін және нарыққа ықпалын қарастыру қажет.

2. Тауардың әртүрлі өмірлік циклының кезеңдерінде әртүрлі баға саясаты қолданылу мүмкін.

1) Эксперимент фазасындағы баға саясаты. Жаңа өнімге баға деңгейін анықтағанда шекті шығындардың тұрақтылығын атап өту қажет, яғни өндірістің кеңеюіне ешқандай кедергі болмаса, шекті шығындар да өспейді (берілген фаза шектерінде) . Кәсіпкер үшін негізгі мәселе - жаңа тауарға жаңа сұранысты туындату, яғни тұтынушылардың жаңа тауарға сенімін жасау үшін қосымша шығын болуы мүмкін. Тауарға сұраныс өскен сайын олар да кеми бастайды. Бастапқы баға неғұрлым жоғары болған сайын сұранысты туындатуға кеткен шығындар да (шекті шығындар) өседі, яғни бұл жерде сұраныс жасауға кеткен шекті шығындар өнім бағасының функциясына айналады. Кәсіпкердің басты міндеті тауардың бағасын анықтағанда ол түсіретін табыс мөлшері мен сұранысты жасауға кеткен шығындар арасындағы айырманы максимальды етіп жасау. Егер сұраныс жасауға кеткен шығындар табыстан жоғары болса, онда керісінше ең аз айырма беретін (яғни минимальды шығын әкелетін) баға деңгейін қою қажет.

2) Экспансия фазасындағы баға саясаты. Бұл кезеңде сұраныс дамуы жаңа тұтынушыларды келтірумен байланысты болады. Экспансия фазасы басқа сөзбен айтқанда потенциальды сұранысты іске қосу процесін аңғартады (тұтынушылардың берілген тауарды сатып алу қабілетіне қарай) . Баға деңгейін осы фазада өсірген сайын бұл фазаның уақыты төмендейді, және керісінше бағаны төмендету арқылы бұл фазаны ұзартып, көбірек тұтынушыларды келтіруге болады. Жалпы алғанда сұраныстың өсуі баға деңгейінен дербес автономды процесс ретінде қарастырылады, яғни кейде сұраныс аномалиясы деген құбылыс болуы мүмкін (баға өскенде сұраныс өсе беруі мүмкін (бірақ жаңа нарықтарда) ) . Бұл фазада кәсіпкер жаңа нарықтарды іздеп, өз тауарының сапасын көтеруге, жаңа түрлерін шығаруға көп көңіл бөлу қажет. Берілген фазада өндірісті тиімді жасау және шығындарды азайту мерзімі ретінде де қарастыруға болады (өндірістік қуат өседі, жаппай өндіріс артықшылықтары іске асады) . Нәтижесінде баға деңгейі бұл фазада азаюы мүмкін. Егер эксперимент жасау фазасында негізгі міндет жаңа сұраныс жасау болса, экспансия фазасында даму бағытын анықтау мәселесін шешу қажет, яғни сұранысты өсіру, өнімнің сапасын көтеру, шығындарды азайту. Өндірісті кеңейту қосымша күрделі шығындарды талап етеді, яғни бұл кезеңде үздіксіз инвестициялық саясатты жүргізу қажеттігі туындайды. Ол үшін кәсіпкер өз мүмкіндіктерін және сұраныстың өсу потенциалын дұрыс бағалау қажет. Бұл кезеңдегі негізгі қиындық, кәсіпкерде берілген тауар және оған арналған сұраныс дамуы жайында өткендегі мәлімет жоқ, яғни тәжірибе жоқ болуында айқындалады. Кәсіпкер негізінен өзінің субъективті көзқарасына, интуициясына негізделеді. Кәсіпкер тек баға икемділігін ғана емес, сондай-ақ, дербес дамитын сұранысты дұрыс бағалау қажет, оларды ол бір-бірімен кейде шатыстыруы мүмкін. Шығындар саясаты бойынша нарықта ең тиімді орынды, шекті шығындары ең төмен өндіруші алатынын атап өту қажет, яғни ол басқаларға баға деңгейін белгілей алады. Экспансия фазасында шығындар деңгейі өте өзгермелі болғандықтан бұл фазадаға баға бәсекелесі өте қатал және шиеленіскен болады (сапа бойынша да тура осылай) .

3) Қанығу фазасы. Бұл фазаға ауысу процесі көбінесе көрінбей өтеді. Өндіріс кеңеюі аяқталмайды, бірақ қарқыны әлдеқайда төмен. Бұл фазада барлық өткізу нарықтары тауармен толтырылады. Жаңа тұтынушыларды келтіру өте қиын, яғни сұраныс жасауға кеткен шекті шығындар өсе бастайды. Бұл кезеңде баға икемділігі алдыңғы фазаларға қарағанда төмендеу болады. Шығындар деңгейін төмендету мәселесі де бұрынғыдай жеңіл шешілмейді, яғни шығындар өзінің тиімді көлеміне жақын болады. Сапаны өсіру мүмкіндіктері де төмендейді.

Сонымен, қанығу фазасы динамикасы ең аз және баға теориясында қарастырылатын ең жетілген нарық құрылымына сай келеді. Бұл жағдайда нарықтық процестер стандартты экономикалық теориямен толық қарастырылған. Баға бәсекесі бұл фазада төмендейді. Бұл кезеңде өнімнің өзін дифференцияциялау мерзімі пайда болады, яғни берілген, қалыптасқан қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін жақсарту. Нәтижесінде кәсіпкер жаңа нарықты ашып, ескі тауарға бәсекелес тауар жасайды. Кәсіпкердің басты міндеті келесі, жаңа тауарды шығарудан түсетін табыс мөлшері, ескі тауарға сұраныс азаюынан болатын пайда жоғалтуларынан артық болуын қамтамасыз ету. Бұл фазада бағалардың бір -біріне сәйкестігі өте маңызды орын алады.

4) Стагнация, түсу фазасы. Бұл фазада берілген тауар нарығының дамуы жалпы экономикалық дамудан төмен бола бастайды. Баға икемділігі күрт төмендейді және бұл процесс дербес, сатушылардың бағаны өзгертуіне тәуелсіз өтеді. Көбінесе, тұтынушылар табыстарының деңгейі өскен сайын тауар бағасы да өсе бастайды. Оған себеп ретінде кәсіпорынның шекті шығындарының өсуін де атауға болады. Стагнация фазасы біртіндеп өндірістің төмендеуі фазасына ауыса бастайды, жаңа тауарлар нарықтарына жол беріледі. Жаңа бәсекелес тауардың пайда болуы ескі тауардың нарығына сәйкес әсер береді (жаңа тауардың баға деңгейіне байланысты) . Көбінесе, берілген фазада бағалардың сәйкестігінен бағалар дербестігі жоғарырақ болады, яғни тәжірибе бойынша анықталған тұрақты ара-қатыстар сақталынады. Оның нәтижесінде бұл фазада дәстүрлі салалар өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік алады. Егер ондай қолайлы ара-қатыстар жасалынбаса, тауар нарықтан толығымен ығыстырылады.

3 . Баға саясатының стратегиялық және тактикалық аспектілері

Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде қарастырылады.

Баға саясатының стратегиялық аспектілеріне бағаларды белгілеу және өзгерту бойынша келісімдік шаралары жатады. Олар фирманың жалпы өндірістік және тауар шығару жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған.

Баға саясатының тактикалық аспектілеріне қысқамерзімді және бір реттік шаралар жатады. Олар нарықтағы бағалардың күтпеген өзгерісінен, жетекшілер қателігінен немесе бәсекелестер қызметінен болған ауытқуларды қалпына келтіруге бағытталған.

Фирма баға саясатын жүргізгенде үшдеңгейлі талдау жүргізеді: жалпы экономика деңгейінде, жалпы сала бойынша, кәсіпорын бойынша.

Баға саясатының стратегиялық формаларын таңдағанда фирма өзінің нарықтық стратегиясына сүйенеді.

Бағаны белгілегенде фирма үш түрлі сұраққа жауап беруге тиіс. Не шығару? Қалай шығару? Кімге шығару?

Баға жасаудың екі негізгі әдісі әсіресе кең қолданылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға саясаты жайлы
Баға және баға жасау процесі жайлы
Қаржы саясаты жайлы
Қазақстандағы баға саясаты
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Баға саясаты және баға стратегиясы
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz