Моғолстан мемлекеті



XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке — шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мауеренахрдың батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады. "Моғолстан" тарихи-жағра-фиялық термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол" есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи туындыларда "моғол" деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы әмірлерінің бірі — Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған, сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына кенетін әлі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына отырғызды. Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекеттің шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті құрылды (орталығы — Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған жоғарыда айтылғандай моңғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор, таулы тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тайпалардың басын қосты.
ХІ-Хғасырларда Моғолстан құрамына кірген тайпалар: дұғлаттар (дулаттар), қаңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалардың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.
Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер - судың жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мұнда да бай-феодалдар жерді шартты

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Моғолстан мемлекеті
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке — шығыс
және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мауеренахрдың
батыс бөлігінде 50-60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір
мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады.
"Моғолстан" тарихи-жағра-фиялық термині "моңғол" атауынан шыққан. "Моңғол"
есімі Орта Азия мен Қазақстанда түрік және парсы тілдеріндегі тарихи
туындыларда "моғол" деп аталып, жазылатын болған. Моғолстан мемлекеті
алғашқы құрылған кезде билік Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасы
әмірлерінің бірі — Болаттың қолында болған. Шыңғыс тұқымынан шықпаған,
сондықтан хан болуға құқы болмағандықтан, Болат өзінің айтқанына кенетін
әлі жас 18 жастағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жылы хан тағына
отырғызды. Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан,
Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді.
Мемлекеттің шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы
Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара
Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін
созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан
империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті құрылды
(орталығы — Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде
қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған жоғарыда айтылғандай моңғол
әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс
Түркістаннан бастап Жетісу өңірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі көлемі зор,
таулы тасты, өзенді-көлді, ашық далалы, орман тоғайлы жерлерді мекендеген
түркі тектес тайпалардың басын қосты.

ХІ-Хғасырларда Моғолстан құрамына кірген тайпалар: дұғлаттар
(дулаттар), қаңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғындар (арғинут),
баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір
тайпалардың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы
бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.
Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер - судың жоғарғы иесі
хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мұнда да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің
икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтарда жер
жалпы қауымның қарауында болған. Бірақ мал ірі ақсүйек байлардың қолында
шоғырлануымен байланысты кешпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында
да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына
қала мен ауыл тұрғындарынан, егінші мен көшпелі халықтан күпшір, зекет,
тағар, баж, қарадж және тағы басқа да салықтар жиналды. Бұқара халық әр
түрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. міндеттерді
атқарды. Мемлекетті басқару ісінде ханға ұлысбек көмектесті. Дәстүр бойынша
ол елдегі саңы көп, беделді дулат тайпасы өмірлерінен тағайындалған. Сондай-
ақ хандар қасында ақсүйектер кеңесі қызмет еткен.
Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес
мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам
дінін қабылдаған. Сонымен бірге ол өзіне қарасты ел арасында ислам дінін
таратуға батыл шаралар қолданған. Мұның өзі Тоғылық Темірдің беделін
арттырып, елдегі үстемдігін нығайта түсті. Осыдан кейін ол бұл кезде
феодалдық ыдырау жолына түскен Мәуеренахарда Шағатай әулетінің билігін
қалпына келтірмекші болды. Сөйтіп, бұрынғы Шағатай ұлысының жерлеріне толық
билікті жүргізуді көксеген Тоғылық Темір Мәуеренахр өлкесін Шыңғыс әулеті
Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бүл
өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. 1358 жылы ол астыртын кісі жіберіп
Қазаған әмірді өлтірді. Бір жыл өткеннен кейін үлкен соғыстардың бірінде
Қазағанның мұрагері, оның ұлы Абдолла да қаза тапты. Осыдан кейін
Мәуеренахр бірнеше тәуелсіз иеліктерге бөлініп кетті. Бұл жағдайды
пайдаланып қалуды көздеген Тоғылық-Темір оларды бағындыруға кірісті. Өзінің
алғашқы жорығына Тоғылық Темір Жетісудан 1360 жылғы ақпан наурыз айларында
аттанды. Әскерлерімен Ташкентке жақын жерде тоқтап, Тоғылық Темір хан
ілгері қарай барлаушы тобын жіберді. Ол Сырдариядан өтіп, Шахрисабз
қаласына қарай жүріп кетті. Тоғылық-Темірдің өзара жауласып жатқан
жергілікті әмірлер өзіне қарсылық көрсетпейді деген есебі ақталды. Солардың
бірі — Орта Азияның болашақ билеушісі Әмір Темір Тоғылық Темірге
бағынатының білдіріп, сол үшін Кеш қаласын үлесті жерімен өзіне басқаруға
алды.
Алайда, Моғол әскерлерінің одан ары ілгерлеуіне Тоғылық-Темір
әскербасыларының арасындағы алауыздық кедергі келтірді. Олар әуелі хан
ордасына келіп, содан соң бүлік шығарып, Моғолстанға қайтып кетті. Моғол
ханы Мәуеренахрды бағындыру жөніндегі одан арғы әрекетін тоқтатуға мәжбүр
болды. Моғолстан әміршілерінің бүлігін басқан соң, Тоғылық Темір 1361 жылы
көктемде тағы да Мәуеренахрға аттанды. Тоғылық әскерлеріне Мәуеренахрдың
әміршілерінің бірі Хожа-Барлас жөнді қарсылық көрсете алмай қашқанда Темір
оған ілеспеді. Ол Тоғылық Темірге тағы да өзінің бағынышты екенін
мойындады, сөйтіп Шахрисяб түменінің қолбасшысы болып тағайындалды. Мұның
өзі оған Барлас тайпасына көсем құқығын берді. Бұл тұста ол 25 жаста еді.
Мәуеренахрға екінші рет шабуыл жасап, оны бағындырған Тоғылық әмір оған
билеуші етіп баласы Ілиясқожаны қалдырды. 1362 жылы Тоғылық-Темір қаза
тауып, Моғолстанда билік Ілиясқожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып
Дазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Осы тұста қарыңдасына үйленіп
Хұсайынмен дос болған Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып,
Мәуеренахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Осындай тынымсыз
шайқастардың бірінде оның екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір
бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан
(дұрысы Темирленг, "ленг" парсыша - ақсақ) Ақсақ Темір атанды. Ақсақ Темір
мен Хұсайын Моғолстан әскерлерін талқандап, Мәуеренахрдағы жергілікті
әмірлерді тізе бүктірді.
Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы
бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. Темір өз әскерлерімен
оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында Батпақты деген жерде
қарыс алды. Бұл жерде еткен белгілі "Батпақ шайқасында" Әмір Темір жеңіліп
қашып құтылды. Шайқас кезінде екі жақтан 10 мыңға жуық адам қаза тапты.
Осы жеңістен кейін Ілияс Қожа Мәуеренахрдың басты қаласы Самарқандты
қоршауға алды. Бірақ Самарқанд халқы кескілескен қарсылық көрсетті. Қаланы
ұзаққа созылған қоршау Моғол әскерлерін әлсіретті. Әскерлердің мініс
аттарының арасында "жамандат" ауруы пайда болып, қырылып қалды. Сондықтан
Самарқандты алуға мүмкін емес тігіне кезі жеткен хан Моғолстанға қайтуға
мәжбүр болды. Ілияс Қожа қайтып келген кезде оны Қамараддин бастаған Дулат
тайпасының әмірлері өлтіріп, билікті өз қолдарына алды. Сөйтіп,
Моғолстанның алғашқы хандары — Тоғылық Темір мен Ілияс Қожаның Шағатай
ұрпағы мемлекетін қалпына келтіру жолында жасаған әрекеттері феодалдық
алауыздық салдарынан сәтсіздікке ұшырады.
Моғолстанда осындай феодалдық бытыраңқалық жайлап жатқанда, өзінің
туысы Хұсайынды өлтіріп, Мәуеренахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген
Әмір Темір енді Моғолстанды жаулап алуға кіріседі. Әмір Темірдің
Моғолстанға жасаған алғаш жорығы 1371 жылы басталды. Оның жіберген
әскерлері Алмалық маңына дейін жетіп, осы өңірдегі Керей тайпасын талан
таражға салып, кері қайтады. 1372 жылы Әмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моғолстанның құрылуы және ыдырауы
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы жайлы
Моғолстан мемлекеттінің құрылуы және алғашқы хандардың саясаты
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы
Моғолстан
Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
Алтын орда мемлекеті. Ақ Орда. Ноғай ордасы
Моғолстанның алғашқы хандары
Пәндер