Өзін –өзі танудың бала тәрбиесіндегі рөлі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім атындығы Семей мемлекеттік университеті

Жаратылыстану және математика факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өзін -өзі танудың бала тәрбиесіндегі рөлі

Тексерген:Көшкінбаева Раиса Халықовна

Орындаған: Жұмақан Алма

Топ:Т-413

Семей 2015

ӨЗІ- ӨЗІ ТАНУДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

.

Отбасы, мектеп, қоғамдағы игілікті тәрбие беру үшін жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес адамның тұлғалық дамуына, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет ететіндігіне баса назар аудару қажет. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани-адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.

Жастарға тек белгілі білім негіздерін меңгертіп, кәсіби мамандыққа баулуға баса назар аударумен қатар, олардың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қағидаларды ғұмыр бойы басшылыққа алып, өмір сүретін тұлға қалыптастыруға бет бұру керек. Ол үшін әлеуметтік тәрбиедегі - адамның ең жақын өмірлік ортасымен және мақсатты тәрбиенің (отбасылық, рухани-адамгершілік, азаматтық, құқықтық, діни, т. б. ) жағдайларымен өздігінен әрекеттесуде нәтижеге қол жеткізу, адамның белгілі рөлдерге, нормативтік ұстанымдарға, әлеуметтік көріністер үлгілеріне белсенді бейімделуін жүзеге асыру; адамның әлеуметтену үдерісінде едәуір мақсатты дамуы үшін жоспарлы түрде жағдай жасауға көңіл бөлген абзал.

Жас ұрпақтың өзінің ішкі әлеміне терең бойлау арқылы рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуін, рухани тағылымды меңгеруін, өзін-өзі жан-жақты зерттеуін, түсінуін, бойындағы құндылықтарды бағалай білуін, өмірден өз орындарын табуға және өз күштеріне сенетін жан-жақты жан ретінде қалыптастыру көзделеді. Осы орайда, болашақ мамандар өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін-өзі тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз - ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзін қоғам мүшесі ретінде, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынасын тануы. Өзіндік сана адамгершілік сананың дамуына ықпал етеді және рухани-адамгершілік құндылықтарды саналы түрде бойына сіңіреді. Руханилық - жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады. Ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Ал махаббат адамның мінез-құлқына рух береді, оны өзгертеді, шығармашылық әрекеттерге жетелейді. Жақсылыққа бетбұрыстың тұғыры да, тұрағы да адамгершіліктен арқау алады.

Болашақ мамандарды дайындаудағы рухани-адамгершілік білім берудің мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген. Құндылық - ұмтылыстар мен мақсаттардың, ал абсолюттік мағынасында - болмыстың мәні болып табылады. Ал жоғары рухани құндылықтар: махаббат, жақсылық, өмір мәні, ақиқат, еркіндік, сұлулық, адамның өзіндік құндылығы, лайықты өмір сүру, жалпы адамгершілік және т. б. Ұлттық құндылықтар: ұлттың тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өнері, әдебиеті, музыкасы, ата мұрасы және т. б. Осы құндылықтардың мәні не, маңызы қандай, мақсаты неде дегенге келетін болсақ, құндылықтардың әрқайсысы адам баласының өмірлік ұстанымына тікелей әсер-ықпал етіп, жеке тұлғаның бағыттылығын, оның сенімдерін, дүниеге көзқарасын, идеалдарын, ұмтылыстарын, өмір сүру түрін еркін таңдай алуын өз бетінше іске асырып, жеке тұлғаның әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгідей ақпараттық заманда солармен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының бала тәрбиесіндегі рөлі де ерекше.

Ресейлік ғалым Л. Зазнобина мектеп пен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысын өзекті мәселе ретінде қарастырып, бұл мәселеде мемлекеттік көзқарас қалыптаспайынша, оң нәтижелерге қол жеткізу қиын деген тұжырым жасайды. Ол өз зерттеулерінде Ресей мектептерінде оқу, тәрбие үрдісінде БАҚ әлеуетін үзік-үзік түрде ғана пайдаланылатынын, жалпы алғанда мектептер БАҚ-тың жасөспірімдерге ықпалын ескере бермейтінін айтады.

Жалпы қағидаға сүйенсек, оқушы үшін ақпарат алу көздері - газет, журнал, радио, теледидар, оқу әдебиеттері және ең басты білім тұрғысында ақпарат беруші мұғалім болып есептеледі. Балалар аталғандардың ішінен теледидарды ең негізгі ақпарат көзі деп санайды. Жүргізілген сауалнама көрсеткеніндей, балалардың көпшілігін БАҚ ақпараттарының мазмұнынан жаңа білім алу емес, оларды көңіл көтеруге бейімделген бағдарламалар көбірек қызықтырады.

Еліміздегі мектеп оқушылары арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі көрсетіп отырғандай, олар ақпарат алудың негізгі көзіне, бос уақыт өткізудегі басты құрал ретінде ең алдыңғы орынға теледидарды қояды.

Мектеп жасындағы балалар өз жасына лайықты бағдарламалардың легін ажырата білмейді. Балаларға бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін пайдалануда жан-жақты дайындығы бар адам кеңес беріп отырмаса, олар көптеген қиындықпен жолығатыны сөзсіз. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалар көретін мультфильмдер мазмұнының өзі ата-аналарды алаңдататындай дәрежеде. Балдырған біткен көз айырмай қарайтын мультфильмдер кейіпкерлерінің дені бір-бірін аяусыз зәбірлеп, болмаса алдап-арбап, қырып-жойып жататын қорқынышты бейнелер. Мектеп жасындағы балалардың өте агрессивті, ашушаң, қатыгез болып бара жатқандығы көгілдір экранды жаулап алған осындай зиянды дүниелердің кесірі екендігі күмәнсіз. Ал ата-аналар мен мұғалімдер тек шетелдік фильмдерді көрудің зиян екенін айтумен ғана шектелуде. Шетелдік мультфильмдерден келетін зиян оқушыларға нақты мысалдармен түсіндірілмейді, олардың теріс түсініктеріне қарсы сенімді пікірлер жарияланбайды.

Мемлекет жасөспірімдерді адамгершілікке, гуманизмге тәрбиелеуді басты мақсат ете отырып, бірақ үлкен экранды бақыламаудың нәтижесінде оларға кері әсері бар дүниелерді көріп-естуіне мүмкіндіктер беруде. Осындай қарама-қайшылық салдарынан қоғамда көптеген келеңсіздік туындайды. Бұдан жасайтын тұжырым, бүгінгі күні жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде негізгі құрал бола алатын БАҚ тәрбиелік әлеуетін пайдалануды дұрыс жолға қою қажеттілігі туындайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының адамдарды сендіру ықпалы жоғары, соның нәтижесінде ізгі қасиеттерді қалыптастыру мүмкіншіліктері бар. Әзірге жеткіншектер тәрбиесінде олар толыққанды пайдаланылмай келеді. Оның бір себебін бұл мәселе болашақ мамандарды дайындау барысында ескеріле бермейтіндігінен аңғаруға болады. Сондықтан болашақ мұғалімдерді бұған арнайы дайындап, ал бүгінгі күні білім беру мекемелерінде қызмет жасап жүргендер үшін кәсіби біліктіліктерін жетілдіру курстары кезінде мұғалімдердің БАҚ-тың бала тәрбиесіне ықпалы бойынша білімдерін жетілдіру керек деп қорытынды жасауға болады. Қазақстан егемендікке қол жеткізген уақыттан бастап мемлекет өз тарапынан адам факторын басты нысанға алуды міндет етіп қойып келеді. Осыдан келіп, қазіргі педагогикалық ойлаудың мәні - балаға деген субъектілік қатынас екені шығады. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, бүгінгі күні Қазақстанда түрлі деңгейде қаулы-қарарлар, тұжырымдамалар мен заңдар жарық көрді.

Бастауыш сатыдағы білім мазмұны Тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің мақсаты оқу әрекетін қалыптастыру негізінде оқушының жекебас тұлғасын тәрбиелеу деп білім берудің мақсат приоритеті көрсетілді». Алайда, тәжірибе, яғни, нақты өмір оқу үдерісінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану оқу сапасын көтеруге бағытталып, ал оқушы оның тұлғалық тәрбиесі көлеңкесінде қалған тәрізді болып көрінеді.

Бастауыш мектеп оқушыларымен жүргізілген әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер олардың «Мен» деген ұғымының жалаң қалыптасып келе жатқандығын дәлелдейді. Яғни баланың бойында ортаға бейімделу, құрбы-құрдастарымен тіл табысу, өзара көмек көрсету, қарым-қатынасқа түсуді қажетсіну төмендеген. Балалар арасында агрессияның артуы, ценизм, пессимизм, апатия, өзін-өзі аса жоғары немесе төмен бағалау байқалады. Осының салдарынан олардың денсаулық көрсеткіші де төмендеген.

Оқушы өзін ойландыратын көкейкесті сұрақтардың жауабын көп жағдайда өз бетімен, өзі дұрыс деп танитын дәреже-түсініктегі балалармен бірлесіп іздейді. Өйткені көптеген ата-аналар «уақыт жоқ» деген себеппен балаға өз дәрежесінде көңіл бөлмейді, ал, сынып мұғалімдерінің мектептегі жұмыс жүйесіздігінен (объективті, субъективті себептерге байланысты) уақыты жете бермейді. Оқушы ата-анадан, педагогтан қолдау, көмек көре алмаса, басқа «беделді» адамдарды іздейтіндігі, іздемесе де оларға кезігіп қалатындары айқын көрініс. Білім беру моделінде мұғалім білімді жеткізуші емес, ұйымдастырушы рухани демеуші, тәлімдік үлгі көрсетуші деп көрсетеді. Ағылшын тілді елдерде «education» - («образование») деген ұғым латын түбірін сақтап аударғанда «адамды өмірге көкірек көзін ашып дайындау» деген мағына береді (В. С. Кукушин) . Сонда мектептің көздейтін мақсаты білім алушыны біліммен қаруландырудағы субъектілікпен шектелу емес, оның негізі тұлғаны қалыптастырудағы субъектілігі болуы қажет. Ата-анасы, мұғалімдердің көмегімен бала өзіне-өзі сену, басқалардың сеніміне ие болу, өмірге қызығу, алға ұмтылу, аяғынан нық тұруға ынталанады. Керісінше, тәрбие мен қарым-қатынастың қателігі, оқытудың балалар кейде өзіне деген сенімін жоғалтып, өздігінен шешім шығара алмайды. Қызыққан іс-әрекетіне араласуына мінезіндегі тартыншақтығы мен өзіне сенбеуі тосқауыл болып, ересектердің жәрдеміне мұқтаж кезінде оны ала алмауы балаларда ашуланшақ, іші тар, себепсіз өшігу секілді мінездерді туындатады.

Осындай қордалы мәселелерді шешуде төмендегідей әлеуметтік жұмыстарды атқару қажет деп санаймыз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АДАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Өзін-өзі тану, өзіндік сана сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ
Ойлау ұғымына түсініктеме
Балаларының психологиялық қабілетін айқындау
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
ЖЕКЕ АДАМ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ
Сюжеттік – рольдік ойын туралы педагогикалық зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz