Киімнің функциялары



I.Кіріспе
1.2 Киім туралы жалпы мәлімет
1.3 Киімнің негізгі қасиеттері
II. Негізгі бөлім
2.1 Адам бейнесінің өлшемдік сипаттамасы 2.2 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының
сипаттамасы 2.3 Киімнің технологиялық өңдеулері
III. Қорытынды
3.1 Костюмге жалпы сипаттама
Пайдаланған әдебиеттер
Бұл курстық жобадағы қаралып отырған ведмоствалық киімдердің
класс тармағына кіретін<< Қынамасыз какеткалы қысқа дастар палтосының кнструциясы >>. Бұл киім арнайы киімдер
қатарына кіреді яғни формалық, шинел, гимнастерка, китель тағыда
басқа кіреді. Яғни бұл курстық жоба арқылы болашақ маман ретінде
көптеген мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен киімнің жоғарғы
сапасының бәрінен бұрын қолданылатын материялдардың сапасына,
олардың дұрыс таңдалуына, модельдік көркемдік бейнесін және
конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруне байланысты
болады.
Никитина Е.Д. Талғатбекова А.Ж. Киімді конструкциялау.
- Астан,2008ж
Асанова А. Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу
тенхнологиясы.-Астана, 2008ж
Сатыбалдинова Б.С. Сәлімбаева М.А. Тігін өндірісінің технологиясы.-
Астана, 2008ж
Асанова А. Айдынбекова Ж. Нұрпейісова С. Киімді конструкциялау. –
Астана,2008ж
Оралбекова А. Әбдіжаббарова С. Тігін өндірісінің жабдықтары.- Астана,
2008ж
Тәкішева Г.Ә Асанова Б.Е Киімді модельдеу және көркемдік безендіру.-
Астана, 2008ж
Нұржасарова М. Кучарбаева К. Рүстемова А. Киімді дайындау
технологиясы.-Астана,2008ж
Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы.—Алматы: Издат Маркет, 2006ж
Ермилова Е.В, Товченик И.А Технология.- Алматы, 2008ж

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік технологиялық факультеті

Тамақ өндірісі және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Киімнің функциялары

Орындаған: Сарқытов Т.М
Тобы:ТК-321
Тексерген:Бауыржанова А.З.

Семей
2015
I.Кіріспе
1.2 Киім туралы жалпы мәлімет
1.3 Киімнің негізгі қасиеттері
II. Негізгі бөлім
2.1 Адам бейнесінің өлшемдік сипаттамасы 2.2 Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының
сипаттамасы 2.3 Киімнің технологиялық өңдеулері
III. Қорытынды
3.1 Костюмге жалпы сипаттама
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Бұл курстық жобадағы қаралып отырған ведмоствалық киімдердің
класс тармағына кіретін Қынамасыз какеткалы қысқа дастар палтосының кнструциясы . Бұл киім арнайы киімдер
қатарына кіреді яғни формалық, шинел, гимнастерка, китель тағыда
басқа кіреді. Яғни бұл курстық жоба арқылы болашақ маман ретінде
көптеген мәселелерді қарастыра отырып ең алдымен киімнің жоғарғы
сапасының бәрінен бұрын қолданылатын материялдардың сапасына,
олардың дұрыс таңдалуына, модельдік көркемдік бейнесін және
конструкциясын дайындау технологиясын жетілдіруне байланысты
болады. Жаңа заманға сай киім ассортиментін жетілдіру елеулі
кеңейту. Тігін өнеркәсібіне байланысты халық шаруашылығын арнайы
бұйымдармен(жұмыс киім, әскерге арналған киім тағы басқа )
қамтамасыз етеді. Жапай өндірісте киім шығаратын техника мен
технологиялардың өндіріс ұйымдастырудың деңгейі жоғары болып
келеді. Киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника өндіріс
дамуының соңғы нәтижелері пайдалануы тиіс. Құрастыру көркем
модельдеу, сосын киімді тігу - ұйымдастырудың кұрделі процесс. Киім
құрастыру оның сызбасы мен пішілуіне тығыз байланысты. Таңдалған
пішімге байланысты матаның ені мен түрі - түсі, мата бетінің бедеріне
мата тығыздығына және адамның дене бітіміне байланысты болып
келеді. Сызбаның торкөздеріне мойын айналымы,иық және жан
тігістері, етек белгілері сызбалары толық түсуі керек.Киімнің пішілуі ең
негізгі бөліктерден тұрады.Жең түбінің биіктігі тігілетін киімнің
формасына байланысты.Сонымен бірге жеңнің
тігілуіне,орналасуына,түріне қарай бірнеше топтары
бар.Мысалы:тұтас пішілетін жеңдер реглан және жартылай реглан
болып бөлінеді.Мұндай жеңнің жең түптері кең келеді.Сонымен қатар
қондырмалы жеңдердің де бірнеше түрлері бар.Жең аузы жеңнің
таңдалуына байланысты:көмкермелі,бүрмелі.әдіпт і.қаттамалы болып
тігіледі.Негізінде адам дене бітімі 3 бөлімнен тұрады,бой биіктігі ,кеуде
айналымы, мықын айналымы.Бұл өлшем адамның жалпы өлшемі
болып есептелінеді. Еңбекке қабілетті әр адамнан терең тәжірибелік
және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап
етеді.Тігін өндірісінің алдында тұрған салмақты мәселелер де тек
білікті мандар арқылы шешімін таппақ.Киім ассортименті оның пішіні
мен селуеті жең және жағасына пішімін айқындайтын үлгі құрылымына
байланысты.

Киім туралы жалпы мәлімет

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық
жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін
сәнмен тығыз байланыста болады.Қай заманда болмасын адамзат
алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін
жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды,
білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың
ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін
игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен
біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы
дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып
отырады.Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам
жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер.
Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған
анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен
киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты ,
киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай
алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-
қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар
киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен
қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің
шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің
дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал
терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға
жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге
бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер,
жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың
теміржолшылардың, спорттық деп және тағы басқа. Киім-
утилитарлық және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін
сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім
сөзімен мағыналас қолданылатынКостюм ұғымы кең мағынаны
қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең
бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын
табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен
қорғайды. Қазіргі заманғы барлық киімдер екі классқа бөлінеді
тұрмыстық және өндірістік .
Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл
киім, корсетті бұйымдар, бас киім.
Сырт киімге- пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка
жатқызылады.
Жеңіл киім- көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы басқа.
Бас киімдерге- құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ,
тақия, бөрік жатады. Тұрмыстық киімдерді былайша ажыраттуға
болады: жасына және жынысына қарай бөлінеді. Және ерлер мен
әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші, орта, аға топтар болып
ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай жаздық ,қыстық
,маусымдық және мерзімде кис беретін киімдер болып та
бөлінеді.Қазіргі заманғы жастардың талап-талғамын елеп-ескере
отырып, сән жаңа стильге көшіп отыр.Сән ешқашан да ескіні мүлде
жоққа шығармайды.Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шыққан
үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт талабына сай талғаммен
жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан оны
осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде
жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады.
Олардың көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады.
Мысалы : 60-шы жылдары кең өріс алып жастар үлгісіне айналған,
қысқа тар етекті белдемшелер қазірде сәнің биік сатысынан көрінеді.
Оны орнықты кию тазалықты, әдемілікті, көріктілікті талап етеді.
Осындай сәндегі киімдерді тігу, елімізде жылдан- жылға дамып келеді.

Адам бейнесінің өлшемдік сипатамасы
Киім конструкциясын кез-келген есеп әдісімен құру үшін ең алдымен
ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек. Осы бастапқы
деректердің бірінші және негізгі бөлігі болып өлшемдік белгілер
табылады. Олар адам дене бітімін көлемі мен пішіміне қарай сипаттады,
яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады.
Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш
тәсілі бар:
-бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез-келген
нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді:
-екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын
өлшейді:
-үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді,
Анықталған нүктелер антропомериялық нүктелер деп аталады.
Адамды өлшеу барысында 16 антропометриялық нүкте қолданылады.
Оларға қысқаша сипатама:
Бой - Б. Еденнен құлақүсті нүктесіне дейінгі аралық.
Жартылай мойын айналымы-ЖАм. Мойынның толық айналымын
өлшейді. Өлшеу барысында мойын пішініне және орналасуы мен
ерекшеліктеріне назар аударуы қажет: ұзын - қысқалығына алдымен
артына иілуіне, жетінші мойын омыртқасы айналсын май басуына.
Кеуденің бірінші жартылай айналымы-ЖАк1. Бұл айналым толық
айналымда өлшенеді.
Кеуденің екінші жартылай айналымы-ЖАк2. Арқаға сантиметірлік
таспаны көлденеңнен қолтық асты ойындысының астымен өлшейді.
Кеуденің үшінші жартылай айналымы-ЖАк3. Бұл өлшемен
кеуденің толық үшінші айналымын өлшейді.
Жартылай бел айналымы-ЖА бел. Белдің толық айналымын

өлшейді.Өлшем өлшегенде өлшемнің жартысын алады.

Жартылай мықын айналымы-ЖА мық. Мықын айналымын

толық өлшейді. Таспа тұлғаны айналдыра шығынқы

нүктелерге:артынан-жамбасқа,алдынан қарынға жайғастырады.

Өлшемнің жартысы жазылып алынады.
Кеуде ені-Ек. Әйеледрден кеуде бездерін тігінен қоса есептегендегі
қолтық асты шұңқырларының алдыңғы бұрышын өлшейді.Жарты
өлшем жазылып алынады.
Артқы бел сызығынан мойын негізделу нүктесіне дейінгі аралық-
Ұар.б.б. Артқы бел сызығынан мойын негізіндегі иықтық тігістің жоғарғы
нүктесіне дейінгі аралықты омыртқаға параллель өлшейді.
Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі аралық-

Ұал.б.б.Мойыннан кеуденің шығыңқы нүктесі арқылы өтетін белге

дейінгі аралық.
Кеуде биіктігі - Бк. Мойынның негізгі нүктесінен кеуденің шығыңқы
нүктесіне дейінгі аралық.
Арқа ені-Еар. Жауырын бойымен қолтық асты шұңқырларының
артқы бұрыштары арасындағы арақашықтықты өлшейді.
Өлшеудің жартысы алынып жазылады.
Бұйым ұзындығы-Ұбұй. Шартты қабылданған типтік талаптағы
қалыптағы қалаған ұзындығына дейінгі арақашықтықты өлшейді.
Иық белдеу ені-Еи. Жобаланған иық тігісі негізгі нүкетесін негізгі

мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді.
Жең ұзындығы-Ұжең. Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығының
арақашықтығы.
Иық айналымы - Аи. Айналымды иық осіне перпендикуляр өлшейді.

Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы.
Киімнің сыртқы пішінінен мынадый факторлар әсер етеді:
-матаның фактурасы, түр-түсі,әшекейлер,әрлеулер, көрінетін тігістер:
-адам ден бітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін
көрсететін оның еркінділік дәрежесі:
-пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылымы.
Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамсы.Түрлі ассортименттегі киім
конструкциясының негізгі түрлі пішіндерге ие.Киім пішіні құрастыру және
сәндік деп бөлінеді.Көп жағдайда осы сызықтармен анықталады. Сондай-
ақ сэлуэттік депте сипатталады.
Сэлуэттік сызықтар киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы
пішінімен кескінінің пропорциясын сипаттайды.
Киімді модельдеуде әртүрлі жастағы, өлшемдік және толықтық
жетекші сэлуэттер болып табылады.
Құрастыру сызықтары киім бетіндегі бөлек бөліктерге бөлінеді. Ең
көп кездесетіндері мынадай бөліктер.
* артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға тағыда басқа. Киімнің негізгі

* бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Киімдегі әшекей құрастырушы

* деп те айтуға болады.
Сәндік сызықтарға әртүрлі әрлеу сызықтарын сондай-ақ бөлік
шеттерінің контур сызықтарын жатқызады.
Киім пішімі деп киімнің конструктиптік құрлымының жалпы
сипаттамасы түсіндіріледі.
Қосымшалар негізінде сыртқы иықты киімдерге және жеңіл
киімдерге қосылатын қосымшалар болып бөлінеді. Сыртқы киімге
қосылатын қосымша көп болады. Олар :
Пг -көкіректің жарты орамына берілетін қосымша4см.
Пт - белдің жарты орамына берілетін қосымша 1,5см.
Пб - бөксенің жарты орамына берілетін қосымша 1 см.
Пшгор - мойының жарты орамына беріледі 1см.
Пдтс - белге дейінгі берілетін қосымша 0,5см.
Пспр- қолтық ойындысына берілетін қосымша 2,5см.
Пшп-көкірек еніне берілетін қосымша 0,5см.
Пдтп-алдыңғы бойдың белге дейінгі үзындығы 0,5см.
Екі тігісті жең. Екі тігісті жең алдыңғы және артқы жеңнен
тұрады.Ортаңғы тігіс немесе бүкпелі жеңде мұндай жағдайда жең
болмайды.Бұл 2 тігісті жең сызба үлгісі реглан жеңге ұқсас пішімдегі
формалар бұл жең түптері бедерлі тігіспен немесе көмкерілген
толықтырылады.Бүл ұлгі пішіні реглан немесе қондырма жеңдер негізінде
пішіледі.Тігілетін сырт киім костюм жең үсті тігісінде жарымалы
болады.Осы жеңді тігістер кезінде жең үсті,жең асты деп екігк
бөлінеді.Жең дайындаудан бұрын жең бауыр астына қарайтын машинаға
тігіп арнайы жең үтіктеуге арналған жең формасыны келтірілген ағаш
тақтайға саламыз.Жеңнің астарын жең аузына тігеміз.Бұл астарда үстіңгі
және асиыңғы жеңге салынып пішіледі.Осылай пішілген жеңді , алдымен
жең асты қосып содан кейін жең үсті тігісін қосып тігіп береміз.Жеңнің
астарын аузына тігеміз.Осылай дайындалған жең үсті,жең асты тігісітерді
беттестіріп,бормен белгілеп дәлме - дәл нтіп,жең ауыздарын тігеміз,егер
бұл ек ім арасында бүкпесі бар киім болса жарманың түзу тігіспен
тігеміз,жең асты күспеге салып тігеміз.
Жаға. Жағалар формасы жағынан әртүрлі болады. Оларды формасы
жағынан 5 түрге бөлуге болады:
1.Бұймның жоғарғы тұсына дейінгі түймеленетін жаға.
2. Лацканға дейінгі түймеленетін жаға(шәль және пиджак ).
3. Алдыңғы және артқы бойлықпен тұтас пішілген жаға.
4. Фантазиялық (бүрмеленген ).
5. Кесіндісі бар тік жағалар. Яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киімнің функциялары жайлы
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жақсы киіне білуде өнер
Маталар сапасының тұтынушылық көрсеткіштері
Киімді көп қабатты болу ережелері
Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану
Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының гигиеналық қасиеттерін негіздеу
Әйел шалбарларының үлгілерін конструкциялау
Киімнің сапасы және экспертиза. Оқулық
Құрастыру сызбасын тұрғызу
Пәндер