Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы туралы мәлімет



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
Қазақстан Республикасының валютасы
ІІІ.Қорытынды
Ұлттық валютамыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы қазақстан республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды.
Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар.
1992-1993 жылдардағы Қазақстан республикасының ұлттық банк төрағасының көмекшісі Валентин Назаров «бостан елдің еркін валютасы» деген еңбегі бар. Онда 1992 жылы елімізде экономикалық дағдарыстың өршуі, және де ифляцияның пайда болуы, осыған орай ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген.
1. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011.
2. «Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы. 12.11.1993.
3. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 13.12.1993.
4. Ақша, несие, банктер Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. Алматы: Экономика, 3,001.
5. Деньги, кредит, банки/Под ред. Лаврушина О.И. М.: «Финансы и стататистика» 1999.
6. Обшая теорда денег и кредита/Дод ред. Жукова Е.Ф. М.: Банки и биржи, 1995.
7. Қазақстан Ұлттык энциклопедиясы. Алматы, 1998.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті


СӨЖ
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы

Орындаған: Бекенов М.Қ
Тексерген: Қуантқан Б

Семей 2015 ж
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы
Қазақстан Республикасының валютасы
ІІІ.Қорытынды

Ұлттық валютамыз, яғни теңгеміздің пайда болуы, оның бар болуы қазақстан республикамыздың тәуелсіз республика екендігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Ұлттық теңгеміздің пайда болу тарихын білу ол әр қазақстандық азаматқа тән. себебі, теңге біздің қазіргі өміріміздің басты айналым көзіне айналды.
Ұлттық теңгеміздің тарихы туралы, оның қалай өмірге келгені, қалай пайда болғаны туралы көптеген мәліметтер бар.
1992-1993 жылдардағы Қазақстан республикасының ұлттық банк төрағасының көмекшісі Валентин Назаров бостан елдің еркін валютасы деген еңбегі бар. Онда 1992 жылы елімізде экономикалық дағдарыстың өршуі, және де ифляцияның пайда болуы, осыған орай ұлттық валютамызды енгізу туралы көптеген мәліметтер келтірген. Ал Қазақстан республикасы ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко жалпы теңге туралы жіне де оның таризы мен келешегі туралы өз пікірін жазған. Ол өз валютамыздың енгізілуінде қандай өзгерістер болғандығы туралы, теңгенің ішкі және сыртңы нарықта алған орны туралы, инфляцияның өскендігін ашық жазған. Сауық Тәкежанов 1990-1993 жылдардағы экономикалық реформа, бюджет және қаржы мәселері жөніндегі Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңес комитетінің төрағасы Теңгенің алтын өлшемі деген еңбек жазған.
Ал, Ерік Асанбаев Қазақстан Республикасының экс-вице президенті Теңге кітабының пайда болуына улес қосқан. Оның айтуынша: Егеменді Қазақстанның тұңғыш валютасы туралы осынау кітап, менің пікірімше із суытпай еліміздің жаңа тарих беттерін толтыруға арналуы тиіс. Ал сол тарихымыз оңайға түскен жоқ. 90-шы жылдардың бас шенінде өз валютамызды енгізу қажеттігі Қазақстанға көптеген мән-жайларымен өктемделінді. Біріншіден, рубль сол кезде құлдырай құнсызданды және мемлекеттік дума депутаты Павел Буничтің сөзімен айтқанда, ағаш сом атауына ие болды. Екіншіден осы себеппен кәсіпорындардың өзі рубльді пайдалатын шаруашылық мәмлелерден бойын аулақ сала бастады. Үшіншіден, рубль қожайыны Ресейдің өзі бағаны еркін жүзуге жіберіп, кәсіпорындардың айналымдық қаражатын индекстемейтін болды, -- деп өз пікірін айтқан.
90-жылдардың басында, жақында ғана КСРО-ның азаматтары болған, тауарлар бағаларының баяу, тіптен байқалмайтын өсуіне əдеттенген Қазақстандықтар олардың ұлғайған динамикасына қатты абыржып, есі шықты. Инфляцияның деңгейі 1992 жылы 250 пайызды құрады! Қазір бұл туралы еске түсіруді қаламағанымызбен, бұл біздің тарихымыз. Дегенмен
ынталы күрескерлерге кейде оның беттерін парақтаған пайдалы болады. 1993 жылғы шілдеде Ресей келісімді бұзды, Қазақстанға үш күн бұрын хабарлай отырып, өзінің ұлттық валютасын
енгізді. Баға шарықтай түсті. Халықтың жинақ шоттарындағы ақшасы қарқынды түрде құнсызданды. Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап кетті. Дүкендердің сөрелерінен тауарлар əп-сəтте жоқ болып кетті. Мемлекет басшысының ақша реформасын нақты жүзеге асыру басталар қарсаңында телевидение мен радиода оның мақсатын жəне қажеттілігін түсіндіре отырып, сөйлеуі Қазақстандықтарды біршама тыныштандырды. Бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған айырбастау тəртібі мен талаптары ауыздан ауызға таралды жəне əрбір
жерде, түпкір-түпкірде талқыланды. Айырбастау 1993 жылғы 15 қарашада 8 сағатта басталды жəне 20 қарашада 20 сағатта теңгені орнықтырып аяқталды.
Дегенмен ұлттық валютаны ендірудің көптеген рəсімдік өзгешеліктері болды: оны халыққа қолма-қол беретін дерге дейін жеткізу, кеңес рублін жаңа валютаға айырбастаудың уақытша мөлшері, бір адамға немесе бір кəсіпорынға арналған айырбастау лимиті, алтынвалюта резервтерін қамтамасыз ету. 1993 жылы айырбастау коэффициенті бір теңгеге 500 рубль болды. Алғашқы теңгелер Ұлыбританияда шығарылды, себебі банкноталарды шығару үшін келісім-шарт ірі ағылшын компаниясымен жасалды. Алғашқы уақытта республика қолма-қол ақшамен қамтамасыз етілді. Банкноталардың пайда болуымен бір мезгілде Өскемен қаласында
Үлбі металлургия зауытында алғашқы Қазақстан монеталарын шығаруға дайындық басталды. Ал елді қағаз ақшамен өзі қамтамасыз етуі үшін Алматыда банкнота фабрикасын құру шешілді. Осы жөніндегі шешім 1992 жылғы мамырда қабылданды жəне ҚР Президентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің баспа фабрикасын құру туралы Жарлығында белгіленді. Қазақстан теңге сарайы РМК тіркеу туралы куəлікті 1998 жылғы
қарашада алды.

Теңге - Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. Банкнота фабрикасының құрметті қонақтар кітабында ол ашылған күн - 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: Біздің еліміздің экономикалық тіуелсіздігінің жарқын туындысы - біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін. Ұлттық валютаның сол кезде тұсауын кескен ҚР Жоғарғы кеңесінің жоспарлау - бюджет комиссиясының төрағасы С.Тәкежанов болды. Ол ұсынған теңге деген ат республиканың Жоғарғы кеңесінің және үкіметінің мүшелері арасындағы жабық пікір таласта жеңімпаз болды.
1992 жылы инфляцияның деңгейі 250 пайызды құрады! 1993 жылы шілдеде Ресей келісімді бұзды, Қазақстанға 3 күн бұрын хабарлай отырып, өзінің ұлттық валютасын енгізді. Баға шарықтай түсті. Халықтың жинақ шоттарындағы ақшасы қарқынды түрде құнсызданды. Қазақстанға ескі үлгідегі кеңес купюраларының ағыны қаптап кетті. Дүкендердің сөрелерінен тауарлар әп-сәтте жоқ болып кетті.
Қазақстан Президенті мен Үкіметінің аса зор жігер күшіне қарамастан, біртұтас экономикалық кеңістікті құру мен рубль аймағын сақтаудың жолы болмады. Бөлшектену үдерістері Ресейдегі ақша айырбасынан кейін күрт ушығып кетті. Ұлттық валютаны енгізуді 1961-1991 жылдарғы кеңестік сом төлем құралы болып табылмайтын ТМД - ның басқа өңірлерінен ескі ақша тасқынының алдын алу үшін тездетуге тура келді. Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі құрамында Премьер-министр С.А. Терещенко, Қазақстанның Вице-президенті Е.Асанбаев, Үкіметтің бірінші вице-премьері Д.Сембаев, Ұлттық банк төрағасы Ғ.Байназаров, қаржы министрі Е.Дербісов пен Экономика министрі Б. Ізтілеуов бар ҚР-ның Мемлекеттік комиссиясы құрылды.
Мемлекеттік комиссияның алдында сол тұста бірмағыналы жауапты талап ететін салмақты мәселелер тұрды. Атап айтқанда, мүқият талдаудан соң нұсқаның ішінен ұлттық валютаға тікелей көшу туралы шешім қабылдады. Біз сол кезде республика осындайда тәуелсіз ақша-несие саясатын ілезде жүргізе бастайды дейтін тұрғыдан келдік. Сонымен қатар теңгенің тікелей енгізілуі халықты болашақтағы белгісіздіктен құтылтады. Және ең ақыр аяғы ұлттық валюта оның шетел валютаға қатысындағы шынайы бағамын айқындауға мүмкіндік берді. Тек теңгенің бағалар ақырына дейін босамаған кезед енгіщілгені теріс жәйт болды.
Мемлекет басындағылардың сол кезде шығарған жарлығы:
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы
ҚР Конституциясының 78-бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемін:
1. ҚР-ның аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08:00-ден бастап ҚР-ның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілсін.
2. 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08:00-ден бастап теңге ҚР-ғы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Теңге 100 мыңнан тұрады. ҚР-да қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады.
3. Теңгені ҚР-ның аумағында меншік нысандарына карамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердің барлық түрінде , сондай-ақ ешқандай шектеусіз салымдар мен шоттар қосу үшін банктер қабылдауға міндетті.
4. Осы Жралық қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев
Ұлттық валютаны даярлауды қатаң құпия жағдайында жүргізілген. Жұмысты жүргізу үшін аса маңызды мемлекеттік іспен шұғылданатын команда жинау қажет болды. Ең алдымен қысқаша мерзімде ақша купюраларының нобайларын әзірлейтін суретшілер тобы керек болған. Валютаны шетелде басып шығаруды шешкен. Бастамашы топтың ішінде валютаның атауын таңдау ұзақ дау-дамай тудырған жоқ. Өйткені көршілес қырғыздар мен өзбектер өз валютасын сом деп атайтын болды да, біз қазақтар ақшасын баламалы теңге деп атауды ұйғардық.
Суретшілер, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшелері республиканың халық депутаты Темір Сүлейменовтың маңына топтасты. Өз міндеттерін олар тамаша орындады. Біздің еліміз өз валютамыздың енгізілуіне ұзақ уақыт қарсы болған Халықаралық валюта қорымен бірнеше рет келіссөздер жүргізген. Ең ақыры олар тек 1993 жылдағы жаздың аяқ шенінде ғана өздерінің көзқарастарын өзгертті. Қазақстандағы ХВҚ өкілдерімен келіссөздердің жай-күіне қарамастан, теңгемен жұмыс толыққанды жалғаса берді. Алайда, оны Англия басып шығаратынын білгеннен соң олар кенеттен жасырын қысым жасай бастады, бірақ еш нәтиже бермеді.
Қағаз тиындарды жасау - төл валютамызды енгізу жөніндегі үлкен жұмыстың бір бөлігі ғана. Көп ұзамай теңге енгізілгеннен соң жаңа проблема туындады. Банкноттар тоза бастады, оларды әрдайым Англияда басып, ақшаны ұшақпен әкелетін. Бұл мәселені түбегейлі шешу керек болған. Солай, 1994 жылдың 22- сәуірінде ҚР Ұлттық Банкі мен ағылшындық Томас Делару компаниясы арасында банкноттық фабрика үшін техника мен технологияны жеткізілмдеу туралы келісім-шартқа қол қойылды. Осы компания банкнот өндіріс жөнінде әлемдегі ең ірі жекеменшік кәсіпорын екендігін бәрі біле бермейді және де ол ақша басу үшін 95 пайызға дейін шығарды.
1995 жылдың 29-сәуірінде бүкіл технологиялық желіні сынамалық іске қосу жүргізілді. Келісім - шартқа қол қою тұсынан 12 ай құрылыс жұмысы басталғаннан 9 ай өтті. Нысан 2 есе жылдам салынды. 1995 жылы 19 мамырда лентасын ҚР Президентң Н.Ә.Назарбаев республиканың жоғарғы басшылары мен Томас Делару компаниясының президенті Джерими Маршалдың көзінше қиды. Содан бері теңге Қазақстанда басылып шығарылатын болды.
Теңгенің жүз бір бөлігі болатын тиын бастапқыда қағаздан жасалды, кейінірек номиналы 2, 5, 10, 20 жəне 50 тиын болатын, жезден жасап шығарылды.

Бірақ олар ұзақ шығарылған жоқ. Олар шындап айналысқа енгізілмей-ақ, құнсызданды жəне қолма-қол айналымнан алынып тасталды.
Жеті банкнота жасау үшін Т. Сүлейменовтің басшылық жасаған суретші-дизайнерлер командасы құрылды, оның құрамына Əлин М.Қ., Дүзелханов А. кірді. Олардың алдында ерекше жəне сонымен қатар аса жауапты жұмыс тұрды. Банкноталардың дизайны көркемдік ой тұрғысынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Банктегі есеп және есеп беру негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАРЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
Ресей Халықаралық валюта қоры
Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының даму жағдайы
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
ҚР валюта жүйесінің экономикаға әсер етуші факторлары
Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы
Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар
Пәндер