Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар



І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.2. Ағартушы.демократтық бағыттағы ақын.жазушылар.

ІІІ. Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мақыш Қалтайұлы 1869 жылы қазіргі Астана қаласының маңында туылған — 1916 жылы сонда дүние салған — ағартушы, ақын. Ақмола медресесінде араб, парсы тілдерін үйреніп, дін ілімін меңгерген. Кейін Троицк қаласындағы “Расуля” медресесіне оқуға түсіп, біраз жыл “услу жәдид” әдісімен бала оқытқан. Меккеге барып, қажы атанған. Білімдарлығымен, ақындығымен танылып, “мәшһүр” деген атқа ие болды. Қазан қаласынан Мақыштың “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы” (1907 ж. татар тілінде, 1909 — 10 жылы қазақ тілінде), “Біраз ғибрат сөз” (1910), “Қазақтың айнасы” (1910), “Насихат қазақия” (1911), “Бар оқиға” (1912), “Тура жол” (1912) атты өлең кітаптары басылып шықты. Өлеңдерінде ақын өз дәуірінің қоғамдық-әлеуметтік жағдайын, қазақтың хал-ахуалын, әдет-ғұрпын жырлап, өнер-білімге, мәдениетке үндеді. Оның қоғамға, дүниеге көзқарасы жағынан діни-ағартушылық пікірі басым болды.
1. Мақыш Қалтайұлының шығармашылығы.
2. Торайғыров С. Үш томдық шығ. жин. – Алматы: Жібек жолы, 2003. - 2 т. – 256 б.
3. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.
4. Ісімақова А. Ахмет Байтұрсынұлы – қоғам қайраткері, ақын, қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының реформаторы / Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. – 1 т. - 408 б.
5. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 6-том. – Алматы: Қазақпарат, 2006.
6.Әміренов,Ә.Д.
Дәуірі туғызған ақын(Мақыш Қалтайұлының ақындық мұрасы): оқу құралы / Ә.Д. Әміренов.- Павлодар, 2008.- 139б.
7.Ахметов З. Жаңа идеялар жаршысы / Дулатұлы М.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар

Орындаған: Искакова А.К.
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Топ: КЯ - 313

2015 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы.
2.2. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.

ІІІ. Қорытынды бөлім
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Мақыш Қалтайұлы 1869 жылы қазіргі Астана қаласының маңында туылған -- 1916 жылы сонда дүние салған -- ағартушы, ақын. Ақмола медресесінде араб, парсы тілдерін үйреніп, дін ілімін меңгерген. Кейін Троицк қаласындағы "Расуля" медресесіне оқуға түсіп, біраз жыл "услу жәдид" әдісімен бала оқытқан. Меккеге барып, қажы атанған. Білімдарлығымен, ақындығымен танылып, "мәшһүр" деген атқа ие болды. Қазан қаласынан Мақыштың "Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы" (1907 ж. татар тілінде, 1909 -- 10 жылы қазақ тілінде), "Біраз ғибрат сөз" (1910), "Қазақтың айнасы" (1910), "Насихат қазақия" (1911), "Бар оқиға" (1912), "Тура жол" (1912) атты өлең кітаптары басылып шықты. Өлеңдерінде ақын өз дәуірінің қоғамдық-әлеуметтік жағдайын, қазақтың хал-ахуалын, әдет-ғұрпын жырлап, өнер-білімге, мәдениетке үндеді. Оның қоғамға, дүниеге көзқарасы жағынан діни-ағартушылық пікірі басым болды. "Қазақ әкімдері", "Ишандар хақында", "Қожалар хақында" өлеңдерінде кейбір дүмше молдаларды сынаса, "Жастар хақында", "Қарттан қашу", "Жасқа жақындасу", т.б. өлеңдерінде жастардың әр түрлі мінез-құлықтары сөз болады. Ағартушылық бағыттағы идеялары "ұылым үйрену парыздылығы", "Орысша оқу керектігі", "Басқа жұрттар қандай халде?", т.б. өлеңдерінде айқын көрінеді. Мақыш аудармамен де айналысып, З.Каримидің "Айна" (1913), Ұ.Рашидидің "Сақ уа сұқ халдері" (1913) атты кітаптарын қазақ тіліне аударған. Сондай-ақ "Тұрмыш" атты қолжазба журнал да шығарған. Өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық ойларын баспасөз беттерінде жариялап тұрды. "Жолсыз газеттеріміздің бірі", "Газетаның керектігі хақында" атты мақалалары жарияланған.
Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарын басым болған. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеген. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынған.
М.Қалтаевтың Қалтайұлының қазақ ахуалынан бохас еткен манзұмасы, Қазақтың айнасы, Біраз ғибрат сөз, Насихат қазақия, Бар оқиға, Тура жол атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар бар. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған Айна, Сақ сүк өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер басым.
Діни білімі өте терең. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алған. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі жоғары санатта. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттаған. Шығармаларында Алланы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адамдық асыл қасиеттерге үгіттеу басым болған. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырланған.
Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалған. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі жайлы мәліметтер көп. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғаған. Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқан XX ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті өкілі.
М.Қалтаевтың Қалтайұлының қазақ ахуалынан бохас еткен манзұмасы, Қазақтың айнасы, Біраз ғибрат сөз, Насихат қазақия, Бар оқиға, Тура жол атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған Айна, Сақ сүк өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.Діни білімнің тереңдігі.Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі.Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алғандығы.Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы.Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері.өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы.Шығармаларында алланы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адамдық асыл қасиеттерге үгіттеу басымдылығы.М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырлануы.Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалуы.Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы.Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі.М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтыны.Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқаны. Қазан қаласынан Мақыштың "Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы" (1907 ж. татар тілінде, 1909 -- 10 жылы қазақ тілінде), "Біраз ғибрат сөз" (1910), "Қазақтың айнасы" (1910), "Насихат қазақия" (1911), "Бар оқиға" (1912), "Тура жол" (1912) атты өлең кітаптары басылып шықты. Өлеңдерінде ақын өз дәуірінің қоғамдық-әлеуметтік жағдайын, қазақтың хал-ахуалын, әдет-ғұрпын жырлап, өнер-білімге, мәдениетке үндеді. Оның қоғамға, дүниеге көзқарасы жағынан діни-ағартушылық пікірі басым болды. "Қазақ әкімдері", "Ишандар хақында", "Қожалар хақында" өлеңдерінде кейбір дүмше молдаларды сынаса, "Жастар хақында", "Қарттан қашу", "Жасқа жақындасу", т.б. өлеңдерінде жастардың әр түрлі мінез-құлықтары сөз болады. Ағартушылық бағыттағы идеялары "ұылым үйрену парыздылығы", "Орысша оқу керектігі", "Басқа жұрттар қандай халде?", т.б. өлеңдерінде айқын көрінеді. Мақыш аудармамен де айналысып, З.Каримидің "Айна" (1913), Ұ.Рашидидің "Сақ уа сұқ халдері" (1913) атты кітаптарын қазақ тіліне аударған.
1903 жылдан бастап бірыңғай ағартушылық, ақындық жолға түседі. "Насихат қазақия" (1907), "Қалтай ұлының қазақ ахуалын бәйіт еткен манзұмасы" (1909), "Мәшһүр Қалтаев" (1910), "Қазақтың айнасы" (1910), "Тура жол" (1912), "Бар оқиға" (1913) атты өлең кітаптары жарық көрген. Өлеңдері негізінен жыр , назым, мысал , терме үлгісінде жазылған. "Бұлбұл құс I бөлім" (1910), "Бұлбұл II бөлім" атты кітаптарын татаршадан қазақ тіліне аударған. "Тұрмыш" атты қолжазба журнал шығарған.
Сондай-ақ "Тұрмыш" атты қолжазба журнал да шығарған. Өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық ойларын баспасөз беттерінде жариялап тұрды. "Жолсыз газеттеріміздің бірі", "Газетаның керектігі хақында" атты мақалалары жарияланған.
Мақыш Діни ағартушылық бағыттағы ақындар тобына жатады. Өлеңдерінде әлеуметтік мәселелерді, оқудың пайдасы,адамгершілік-имандылықты насихаттаған. Мысал жанрында бірнеше шығармалар, заман тақырыбына мақалалар жазған.

ХХ ғасыр басындағы әдебиет шамамен ширек ғасырлық уақытты қамтыса да (шартты түрде Қазақ АССР-і құрылған 1917 жылдан бастап саналатындықтан, 1900-1917 жылдардағы әдебиет деп нақтылап алуға тура келеді. Екі ғасыр аралығында қазақ әдебиетінің ерекшелігі де мол болады, сонымен қатар осы кездегі әдеби үрдіс, көркемдік таным заңдылықтары қазақ тарихының да елеулі беттеріне шындық сәулесін түсіреді. Сондықтан да болу керек, қаншама тыйым салынады, сол тұстағы ірі-ірі қайраткер ақын-жазушылар саяси қуғын-сүргін құрбаны болды дегеннің өзінде, бұл кезеңдегі әдебиеттің көкейтесті мәселелеріне әдебиетшілер әр уақыт айналып соғып, мән беріп отырды. Дегенмен, бұл дәуір әдебиетіне ашық мүдде биігінене қарауға тек КСРО ыдырап, Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда, Алаш қайраткерлері аталғаннан бертінгі кезде ғана мүмкіндік туғаны тарихи шындық.
Солай десек те, өз тұсында ХХ ғасырдың басындағы әдеби процесс біршама зерттеліп, түрлі сапалы ғылыми еңбектер де, зерттеу, оқулықтар да жарық көрді. Сәбит Мұқановтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1932 ж), Бейсенбай Кенжебаевтың Қазақ хылқының ХХ ғасыр баындағы қазақ әдебиеті (1956 ж., 1993 ж.), Есмағамбет Ысмайловтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1941ж.), Белгібай Шалабаевтың Қазақ прозасының тарихы (1968 ж.), Әнуар Дербісалиннің Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті(1966 ж.), Тұрсынбек Кәкішевтің Сын сапары (1971 ж.), Қазақ әдебиеті сынының тарихы (1994 ж.), Айқын Нұрқатовтың Абайдың ақындық дәстүрі (1966), Бүркіт Ысқақовтың Қазақ-татар әдеби байланысы (1976), ХХғасырдағы қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең. Хрестоматия (1983), Зейнол Бисенғалиевтың ХХ ғасыр басындағы қазақ романы (1977 ж.), Диқан Қамзабекұлының Алаш және әдебиет (2002), т.б. монографилық оқулықтармен кітаптарда бұл кезең әдебиеті әр қырынан қарастырылды. Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдар ұжымы бастырып шығарған ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті (1994 ж.), Қазақ әдебиетінің тарихы ІІ т. 2 кітап, 1965 ж.) сынды ірі еңбектерде де бұл тұстағы әдеби үрдіс ерекшелігі арнайы қозғалды. Академиялық Қазақ әдебиетінің тарихы (ІІ т. 2 кітап, 1965 ж.) басылымының үлкен міні - осы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін егжей-тегжейлі саралап бағалай алмады. Сол тұстағы саясаттың пәрменімен бірқатар жаңсақ тұжырымдарға жол берді. Көптеген шығармалар мен ақындар, ағартушылар туралы жеткілікті түрде сөз болмады немесе мүлде ауызға алынбады. Енді бір шығармалар (мыс. М.Сералиннің Топжарған дастаны) қисынсыз мінелді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ортасындағы ұлттық әдебиет тынысы қандай еді? Нақ осы тұста жазба әдебиеттің үздік үлгілерімен жақсы таныс, өз елінің өткені мен болашағы жайлы заман ағымында толғанған ақындар мен жазушылардың қуатты толқыны, кесек дарынды суреткерлердің шоғыры бой көрсетті. Сол толқынның бел ортасында Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектер тұрды. Осы аса әлеуетті толқынның шығармалары арқылы қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа кезеңі замана сөзін айтты. Қазақ өлеңінің мазмұны да, өрнегі мен рухы да жаңа толғаммен шыға бастады. Оян, қазақ сол ұлттық поэзияның жаңа күнінің бөрілі байрағындай жұрт көңілін аударды да тұрды. Небәрі жиырма бес жасында Қарқаралы петициясына бел шешіп, білек сыбанып қатысқан Міржақып Дулатов (1885-1935 ж.ж. ) алғашқы өлең, публицистикалық мақалаларымен қазақ елін жаңашылдыққа, тек жатпауға, оянуға үндеді. Уфа қаласындағы Шарқ баспасы Оян, қазақ! кітабын шығарғаннан кейін-ақ (1909 ж.) ақынның азаматтық үні алысқа естілді. Міржақып неге отырсын қалам тартпай деген сауалды тебіреніспен басталған толғамды ой қазақты бірлікке, тірлікке шақырған қуатты публицистикалық поэзия арқауына, азаматтық толғамға ұласады.
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой! -
деп, Абай сөздеріне үн қосып, Абай күңіренісіне жауап іздегендей болады. Ғылым мен мағрифатты керек қылмай, надандық шәбатына қанған түнектен шығудың жолын іздейді. Салбөкселікті қой, жата бермей Оян, қазақ! дейді. Міржақып поэзия тілінде Ресей бодандығына кірген жылдары, қазақ жерінің жат қолдарына өтіп болған жылын атап көрсетеді. Айтылуға, халық жадында қалуға тиісті даталар мен деректерді ақын осылай да жұрт есіне салғандай екен. Абайдың қоғамдық-философиялық күңіреністі ойларынан кейінгі леп, жігерлі қадам осы еді. Қазақ қауымының бар болмысын, үмітті күндері мен күйікті түндерінен кейінгі ақын Оян, қазақ! демеске болмайтын-ды. Абайдың рухани суреткерлік мектебінен дәріс алып шыққан ақындар қазақ қамын осылай толғана ойлаған-ды.
Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов есігін ашқан дана Абайдың реалистік суреткерлік дәстүрі жоталанып көрінді, абайтанудық тұғырлы іргетасы қаланды.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет шамамен ширек ғасырлық уақытты қамтыса да (шартты түрде Қазақ АССР-і құрылған 1917 жылдан бастап саналатындықтан, 1900-1917 жылдардағы әдебиет деп нақтылап алуға тура келеді. Екі ғасыр аралығында қазақ әдебиетінің ерекшелігі де мол болады, сонымен қатар осы кездегі әдеби үрдіс, көркемдік таным заңдылықтары қазақ тарихының да елеулі беттеріне шындық сәулесін түсіреді. Сондықтан да болу керек, қаншама тыйым салынады, сол тұстағы ірі-ірі қайраткер ақын-жазушылар саяси қуғын-сүргін құрбаны болды дегеннің өзінде, бұл кезеңдегі әдебиеттің көкейтесті мәселелеріне әдебиетшілер әр уақыт айналып соғып, мән беріп отырды. Дегенмен, бұл дәуір әдебиетіне ашық мүдде биігінене қарауға тек КСРО ыдырап, Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда, Алаш қайраткерлері аталғаннан бертінгі кезде ғана мүмкіндік туғаны тарихи шындық.
Солай десек те, өз тұсында ХХ ғасырдың басындағы әдеби процесс біршама зерттеліп, түрлі сапалы ғылыми еңбектер де, зерттеу, оқулықтар да жарық көрді. Сәбит Мұқановтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1932 ж), Бейсенбай Кенжебаевтың Қазақ хылқының ХХ ғасыр баындағы қазақ әдебиеті (1956 ж., 1993 ж.), Есмағамбет Ысмайловтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1941ж.), Белгібай Шалабаевтың Қазақ прозасының тарихы (1968 ж.), Әнуар Дербісалиннің Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті(1966 ж.), Тұрсынбек Кәкішевтің Сын сапары (1971 ж.), Қазақ әдебиеті сынының тарихы (1994 ж.), Айқын Нұрқатовтың Абайдың ақындық дәстүрі (1966), Бүркіт Ысқақовтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Мақыш Қалтайұлы туралы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы жайлы
Xx ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Пәндер