Вирустар жайлы



1:Вирустардың жіктелу принциптері олардың номенклатурасы
2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
1.Вирустарды жіктеудің алғашқы ұмтылысы ХХ ғасырдың 40-жылдарында болды. Вирусология микробиологияның бір бөлігі деп есептелетіндіктен вирустарды классификациялау да бактериялар үшін критериялар бойынша атқарылды. Бірақ, көп кешікпей бактериялар таксономиясына қарағанда вирустар таксономиясының айырмашылығы болатыны айқын болды. 1966 жылы Мәскеуде вирустар номенклатурасы бойынша Халықаралық комитет құрылды. Әрбір 5 жыл сайын жаңа вирустардың ашылуына немесе белгілі вирустардың жаңа қасиеттерінің анықталуына байланысты вирустар номенклатурасы жаңартылып отырады. 2.2–кестеде вирустардың қазіргі кездегі классификациясы берілген.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті
Аграрлық факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: 1:Вирустардың жіктелу принциптері олардың номенклатурасы 2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары

Орындаған: Бекенов Т.А
Тексерген: Омарбеков Е.О

2015 жыл
1.Вирустарды жіктеудің алғашқы ұмтылысы ХХ ғасырдың 40-жылдарында болды. Вирусология микробиологияның бір бөлігі деп есептелетіндіктен вирустарды классификациялау да бактериялар үшін критериялар бойынша атқарылды. Бірақ, көп кешікпей бактериялар таксономиясына қарағанда вирустар таксономиясының айырмашылығы болатыны айқын болды. 1966 жылы Мәскеуде вирустар номенклатурасы бойынша Халықаралық комитет құрылды. Әрбір 5 жыл сайын жаңа вирустардың ашылуына немесе белгілі вирустардың жаңа қасиеттерінің анықталуына байланысты вирустар номенклатурасы жаңартылып отырады. 2.2 - кестеде вирустардың қазіргі кездегі классификациясы берілген. Бұл классификация бойынша 4 иерархиялық деңгей қарастырылған: түр, туыстастық, тұқымдастық (кейде тұқымдасша) және қатары. Қатар, тұқымдастық, тұқымдастықша (подсемейство) және туыстастықты -virales, -viridae, -virinae, -virus сөздерін қосып белгілейді. Бүгінгі күнде 3 қатар, 64 тұқымдастық, 9 тұқымдасша, 233 туыстастық және 1550-ден астам түрлер анықталған. Вирустардың қазіргі заманғы классификациясы негізіне мынадай критерийлер жатады:
:: нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны);
:: липопротеидті қабатының болуы;
:: вирус геномының стратегиясы;
:: вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;
:: генетикалық өзара әсерлесу феномендері;
:: қабылдағыш иелер шеңбері;
:: патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;
:: географиялық таралуы;
:: антигендік қасиеттері.
Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты. Vira дүниесі екі үлкен топқа бөлінеді - ДНҚ және РНҚ - құратын топтар. Топтар тұқымдастықтың тармағынан, туыстардан және түрлерден тұрады. Жіктелу принципі мына белгілерге негізделген:
А. Вирустардың қасиеттері - нуклеин қышқылдары, капсид симметриясының типі, суперкапсидтің болуы және болмауы, вирионның бетіндегі рецепторлық құрылыстардың өзгешелігі, вирионның формасы және өлшемі, оның антигендік сипаттамасы:
Б. Сезімтал өзгерулердің тобы, әртүрлі органдар мен тіндерде тропизмі болады.
В. Инфекцияның әсер ету жолы және географиялық таралуы.

ҚҰРЫЛЫСЫ.
Вирус құрылысының компоненттері: капсомер-белокты бөлек бірлігі, капсид-капсомерлерден құралған, нуклеокапсид - нуклеин қышқылы мен капсид белогының комплексі, вирион - вирустың бүтін бөлшегі.
Вирустардың құрамы өте қарапайым. Олар нуклеин қышқылынан және оларды қоршап жататын - капсид және суперкапсид деп аталатын қабаттардан, сондай-ақ вирус қабығының сыртындағы рецепторлардан (синонимі - бекітуші белоктар, тікенектер) құралады. Аздаған ферменттер болады, олардың біреулері вирус нуклеин қышқылдарының репликациясына және вирус белоктарының транскрипциясына қажет, албасқалары - клетканың ішіндегі метоболиттік процесстерді өзгертіп немесе тежей отырып, зат алмасу процесстерінің вирустардың бөлшектерін құрастыру үшін жұмыс істетеді.
Морфологиялық құрылысы бойынша вирустар 2 топқа бөлінеді:
жай, қарапайым құрылысы - нуклеин қышқылы және оны қоршаған капсидтен тұрады (полимиелит вирусы, аденовирустар, құтыру вирусы)
күрделі құрылысты - нуклеин қышқылынан, капсид және суперкапсидтен тұрады.
ДНҚ немесе РНҚ вирионның ортасында орналасады. Вирус геномы 3-4-тен (парвовирустар) 150-ге дейін (шешек вирусы) геннен құралады. Әртүрлі вирустардың геномындағы нуклеин қышқылы бір немесе екі жіпшелі, үздіксіз немесе үзікті, түзу сызықты немесе сақиналы болуы мүмкін. Мысалы: ЖИТС вирусында екі үзіксіз түзу сызықты РНҚ жіптері, әрі 13 қысқартылған ішкі жіп; тұмау вирусында бір үзікті РНҚ жібі бар. Нуклеин қышқылы геномды белоктармен байланыстырады.
Капсид - жеке-жеке белоктық суббірліктен құралған - капсомерлерден тұрады. Капсомерлердің кеңістіктегі орнына сәйкес капсид симметриясының екі түрі болады - спиральдық және кубтық. Спиральды типінде капсид нуклеин қышқылын орап жатады, кубты типінде - капсид ортасында нуклеин қышқылы орналасқан қуыс дене тәрізді болады. Бактерия вирустарында - бактериофагтарда симметрияның кубтық болса, ал өсіндісінде - спиральдық болып келеді.
Құрылысы күрделі вирустардың суперкапсиді липопротеидтық комплекстен тұрады. Вирионның құрамындағы липидтер мен көмірсутектердің шығу тегі клеткалық екендігі осы күні мойындалып отыр.
Вирионның бетіндегі рецепторлардың формасы әртүрлі: таяқшалы, саңырауқұлақты, шоқпарлы т.б. Химиялық құрамы бойынша бұлар гликопротеидтердің қатарына жатады. Вирустар рецепторлар арқылы сезімтал клетканың бетіне жабысады (адсорбцияланады), ал сондай-ақ рецепторлардың белгілі физика-химиялық қасиеттері бар. Мысалы, тұмау вирусының 2 түрлі рецепторы бар - таяқшалық - гемагглютининдер және шоқпарлық - нейраминидазалар.
Гемагглютининдердің рецепторлық қызметінен басқа эритроциттерді гемолиздеу қабілеті бар, сонымен қатар ауру адамның организмінде талғамды антиденелер түзіліп, жоғары иммуногендік қасиет көрсетеді, талғамды антиденелер әсіресе рецепторлық құрылымдарға қарсы пайда болатындығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Резидентті вирусты табу
Интернет – құрттар. Жұмыс істеу принциптері және олардаң қорғану шаралары
Вирус және олармен күрес
Антивирустық программаларды талдау
Файлдық жүйені өзгертетін вирустар
Жамбыл облысының биологиялық ластану көрсеткішін анықтау
Компьютерлік информацияны қорғау
Компьютерлік вирустарға қарсы программаларды жүйелеу
Антивирустық бағдарламалармен жұмыс
Компьютердің қорғаныс қабілеттерін арттыру бағдарламаларын жетілдіру
Пәндер