Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы



ХІV-XV ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген халықтарға байланысты «Қазақ» атауымен қатар кейбір деректерде «өзбек», «өзбек-қазақ», «моғол», «ноғай» сөздері қолданыста болды. Бұл терминдер сол кезде Қазақстан территориясында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекет-терінің халықтарына, олардың этносаяси қоғамдастығына байланыс-ты айтылып жүрді. Көшпелі қоғам жағдайында мемлекеттердің шекаралары сол рудың, тайпаның этникалық топтардың шекаралары-мен сәйкес келе бермеді. Этникалық топтардың бірігуіне бірлесіп шаруашылық жүргізуіне, мәдениетінің дамуына бірде құрылып, бірде жойылып жатқан мемлекеттердің шекараларының өзгеруі әсіресе, қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңінде әсерін тигізбей қоймады. Қазақстан территориясындағы этносаяси бірлестіктер бүкіл қазақ халқының қалыптасуына тұтастай әсер ете алмады. Тек оның бір бөлігіне әсері болған.
Қазақ халқының қалыптасуы Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы және Моғолстан құрамындағы этникалық топтарға байланысты. Моғолстандағы этникалық топтасу Ақ Орда, Әбілхайыр хандығына қарағанда әлсіздеу болды. Моғолстан құрамында қазақ және қырғыздардың кейде тіпті ұйғырлардың да саяси бірлестігі болған. Бұл жағдай бұл топтардың этникалық дамуын қиындатты. Моғолстан халқын Моғолдар деп атағанмен, зерттеушілер бұл сөздердің этникалық бірлестік немесе тайпалар одағы, тіпті халықтар деген мағына жатыр деп ойлайды. Тіпті осы Моғол сөзінде Жетісу қазақтарының, Тянь-Шянь қырғыздары да аталған. Ол туралы Мұхаммед Хайдар да Қырғыздар Моғол тайпаларынан шыққан деп айтады. XIV-XV ғасырларда Қазақстан жеріндегі этносаяси даму тарихы Ақ Орда Әбілхайыр хандығының саяси әлеуметтік шаруашылық дамумен ғана байланысты емес, сонымен қатар Моғолстан мемлекетінің дамуымен тығыз байланысты. Өйткені оның құрамындағы халықтар, әсіресе Жетісу жерін мекендеген, кейіннен Ұлы жүздің құрамындағы ірі рулар құрап отыр.
Моғолстан XІV ғасырдың ортасына қарай пайда болды. Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы, Көне заманнан бүгінге дейін, 2 том. Алматы, 1997 ж.
2. Қани М. Қазақтың көне тарихы, «Жалын» баспасы, Алматы, 1993 ж.
3. Қазақтар. Тарихи-этнографиялық зерттеу. А., 1995 ж.
4. Аманжолов Қ. Түркі халықтарының тарихы. 1 том А., 1998 ж.
5. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А., 1994 ж.
6. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. А., 2000 ж.
Жалайыр Қ. Шежірелер жинағы. А., 1997 ж

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына
ықпалы

ХІV-XV ғасырларда Қазақстан территориясын мекендеген халықтарға
байланысты Қазақ атауымен қатар кейбір деректерде өзбек, өзбек-қазақ,
моғол, ноғай сөздері қолданыста болды. Бұл терминдер сол кезде
Қазақстан территориясында өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр
хандығы, Ноғай Ордасы мемлекет-терінің халықтарына, олардың этносаяси
қоғамдастығына байланыс-ты айтылып жүрді. Көшпелі қоғам жағдайында
мемлекеттердің шекаралары сол рудың, тайпаның этникалық топтардың
шекаралары-мен сәйкес келе бермеді. Этникалық топтардың бірігуіне бірлесіп
шаруашылық жүргізуіне, мәдениетінің дамуына бірде құрылып, бірде жойылып
жатқан мемлекеттердің шекараларының өзгеруі әсіресе, қазақ халқының
қалыптасуының соңғы кезеңінде әсерін тигізбей қоймады. Қазақстан
территориясындағы этносаяси бірлестіктер бүкіл қазақ халқының қалыптасуына
тұтастай әсер ете алмады. Тек оның бір бөлігіне әсері болған.
Қазақ халқының қалыптасуы Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы
және Моғолстан құрамындағы этникалық топтарға байланысты. Моғолстандағы
этникалық топтасу Ақ Орда, Әбілхайыр хандығына қарағанда әлсіздеу болды.
Моғолстан құрамында қазақ және қырғыздардың кейде тіпті ұйғырлардың да
саяси бірлестігі болған. Бұл жағдай бұл топтардың этникалық дамуын
қиындатты. Моғолстан халқын Моғолдар деп атағанмен, зерттеушілер бұл
сөздердің этникалық бірлестік немесе тайпалар одағы, тіпті халықтар деген
мағына жатыр деп ойлайды. Тіпті осы Моғол сөзінде Жетісу қазақтарының, Тянь-
Шянь қырғыздары да аталған. Ол туралы Мұхаммед Хайдар да Қырғыздар Моғол
тайпаларынан шыққан деп айтады. XIV-XV ғасырларда Қазақстан жеріндегі
этносаяси даму тарихы Ақ Орда Әбілхайыр хандығының саяси әлеуметтік
шаруашылық дамумен ғана байланысты емес, сонымен қатар Моғолстан
мемлекетінің дамуымен тығыз байланысты. Өйткені оның құрамындағы халықтар,
әсіресе Жетісу жерін мекендеген, кейіннен Ұлы жүздің құрамындағы ірі рулар
құрап отыр.
Моғолстан XІV ғасырдың ортасына қарай пайда болды. Шағатай ұлысы
ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен
Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылды. Ал ұлыстың келесі бөлігі
– Мауараннахрдың батысында Әмір Темірдің мемлекеті құрылған. Моғолстан
мемлекетін кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен Дулат тайпасының әмірі
Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан
болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның
немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп
сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір
Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке
хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған
бұл өкіметте беделі бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі
Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы
бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет
еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс
Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта
Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының
өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
Моғол хандығының тағына негізінен Шыңғыс тұқымдары мен монғол
ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат,
чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезде өздерінің басымдылығын
көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық
алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс
Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол
атынан мүлде айырылған.
Моғол мемлекетіне Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары да
кірген. Жетісу аймағы Моғолстанның Солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл
аймақтағы түрік тілдес үйсін, қаңлы тайпалары біздің дәуірімізге дейінгі
ІІІ-ІІ ғасырларда өмір сүрген. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа
түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдың дамыған
кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат,
қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы т.б. ертеден осы өңірде өмір
сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен
араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды.
Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезеңде билік басына келген
Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартуға тырысты.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде
орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-
1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны
Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-
Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа
Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-
Темірдің тірі кезінде оған тәуелділікті амалсыздан мойындап жүрген Әмір
Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы
шығады. Әмір Темір мен Ілияс-Қожа арасында бірнеше рет қақтығыстар болады.
Сөйтіп, Шағатай ұлысы кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің
алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі,
билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық бытыраңқылық еді. Ақыр
соңында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады.
Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты
әмірлері Қамар ад-динмен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин
де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан
тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын
жақсартуға күш салады.
Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда
Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді
Моғолстанды жаулауға кіріседі.
XIV ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-
дүркін жорықтар жасайды.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық
жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген.
Әмір Темір 1376 жылы көктемде Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді
талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырып, оны жеңеді. Қамар ад-дин
Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады.
Әмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары
Қазақ хандығының нығаюы
Қазақ халқының және қазақ хандығының қалыптасуы
Қазақ этнонимі, қазақ жүздері
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Моғолстан мемлекетінің саяси тарихы
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қазақ хандығының тарихы
Пәндер