Қайта өрлеу дәуірі: мәдени-тарихи негіздері мен музыкаға әсері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі музыкасы

Топ: П-301

Орындаған: Карибжанов А. С

Тексерген: Сейітқазы О. Ж

Семей, 2015ж

Ренессанс немесе Қайта өркендеу дәуірі (итал. Rinascimento, ол итал. ri - «қайта» және итал. nasci - «туылу» сөздерінен құралған тұрақты термин) - ХІV-ХVІІ ғасырларға аралығындағы еуропалық жаңа мәдениет қозғалысы. Ол орта ғасырдың соңында Италияның орталық өңіріндегі қалалар - Флоренция, Милан қалаларынан басталып, еуропаның өзге елдеріне кеңейген. Ренессанс сөзі бұл күндері ауыспалы мағынада "Өркендеу, гүлдену, жаңару, көркею, қайта серпілу" секілді мағыналарды береді. Ренессанс дәуірінде ежелгі антикалық мәдениетке қайту, ежелгі грек-рим мәдениеті мен философиясынан үйрену, сурет пен бейнелеу өнерінде, өнер мен әдебиетте тегіс гуманизмді (адамгершілікті), пантеизмді (табиғат құдайшылдығы), натурфилософияны негіз еткен тың шығармашылық сынақтарын жасау, католик дінінің озбырлықтарына ащы сын айту, дінді реформациялау, протестантизм, гелиоцентризм, утопия, жаңа теңіз жолдарының толассыз ашылуы секілділерде көрініс тапты.

Ренессансқа дейін Азия мәдениеті, соның ішінде араб, түркі, парсы мәдениетінен құралған мұсылман мәдениеті, сосын шығыс қиырдағы Қытай мәдениеті Еуропалық мәдениеттен әлдеқайда алғабасар, дамыған мәдениет болғаны белгілі. Ал, бұл ренессанс қозғалысы еуропаны басқа құрлыққа қарағанда ғылым, техника, әскери қуат, экономика, саяси түзім, шығармашылық жақта алға шығарды және кейінгі Еуропаның гүлденіп-күшеюінің басталу нүктесі болды.

Ренессанстың басында 1453 жылғы Осман Түрік сұлтаны Махмұт ІІ - нің Визентия империясын жеңіп, Стамбулды (Константинопол) иелеп, Жерорта теңізін империя ішіндегі көлге айналдырған құдіретті Осман империясының құрылу дүмпуі тұрады. Өздерін әскери, саяси және мәдени қыспаққа ұшырағандай сезінген батыс еуропалықтар ендігі жерде жаңа ізденіс жасай бастады және өздерінің бұрынғы дәстүрі мен дағдысын қайта қарап, жаңа мәдениетке бой ұрды. Әсіресе, Визентиядан қашқан көптеген христиан ғалымдары мен әдебиетшілері Азияға салыстырғанда әлдеқайда мешеу батыс еуропа елдеріне жаңа мәдениет ала барды. Араб, Түркі, Парсы халықтарының грек мәдениетін, әсіресе Аристотель туралы жүйелі зерттеулері, астрономия, табиғат тану, математика салаларындағы жетістіктері еуропаның мәдени айналымына енді; мылтық, компас, қағаз жасау, баспа техникасы қатарлы шығыс тапқырлықтары еуропада қолданылып, олардың Атлант мұхитына қарай жаңа теңіз жолын ашуына, білім мен мәдениеттің қағаз бен баспаға сүйеніп тез таралуына қол жеткізді. Сөйтіп жаңа мәдениет қозғалысы - Ренессанс дәуірі басталады.

Ренессанс Еуропаның орта ғасырдан жаңа заманға өтуінің көпірі болды. Қоғамның білім, мәдениет, саясат, өнер, діни сенім салаларында түгелдей жаңалықтар, тапқырлықтар, төңкерістер болып өтті. Дегенмен әлем халықтарын әлі күнге тамсандыратыны көбінесе ренессансы дәуірінің ғажайып әдебиеті мен өнер туындылары болды.

«Ренессанс» деген атпен белгілі болған бұл қозғалыс ақсүйектік сипатта болса, ал Реформация қозғалысы - діни бағытта жүзеге асырылды. Ренессанс идеялары бұқара халықтың арасынан гөрі, қоғамның үстемдік етуші таптарының арасында кеңінен тараса, ал Реформация идеялары бүкіл халық тарапынан кең қолдау тапты. Ренессанс дәуірі мен Реформацияның өзара қарым-қатынастары әрі күрделі, әрі бір қалыпты емес, бірақ соған қарамастан бұл мөдени төңкерістер жаңа заманның жаршысы, адамзат баласының мәдениет саласындагы жарқын кезеңдерінің бірі болды.

Ренессанс мәдениеті деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет - XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланд, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т. б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта жаңғыру дәуірі: гуманизм, өнер және мәдени-тарихи өзгерістер
Қайта өрлеу дәуірі: гуманизм, ғылыми революция және утопиялық идеялар
Қайта өрлеу дәуірі: адам мәселесі, ғылыми жетістіктер және философиялық ықпал
Қайта өрлеу мәдениеті: итальяндық Ренессанс, гуманизм және мәдени жетістіктердің себептері
Қайта өрлеу дәуірінің мәдени-философиялық сипаты: әлемдік орны, гуманизм және антропоцентризм
Никколо Макиавеллидің Қайта өрлеу дәуіріндегі тарихи-саяси көзқарастары мен мемлекет теориясының қалыптасуы
Қайта өрлеу дәуірінің социалистік-утопистік бағыты
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы: негіздері, бағыттары және көрнекті өкілдері
Антикалық дәуірден ХХ ғасырға дейінгі музыка тарихы: Ортағасырлар, Қайта өрлеу, Барокко, Классицизм, Романтизм және Кеңес дәуірі
Қайта өрлеу философиясы: гуманизм, антропоцентризм мен ғылыми әдістің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz