Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ

Тексерген:Габдуллина Лаззат Баглановна

Орындаған: Өтебекова Айдана

Группа: ПХ-415

2013 жылы Қазақстандағы инфляция деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болды, деп хабарлады брифингте ҚР статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов.

«2013 жылдың қортындысы бойынша инфляция деңгейі 2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың желтоқсанына дейін 4, 8% құрады. Инфляцияның бұл деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш», -деді Агенттік басшысы.
Оның айтуынша, инфляцияны ауыздықтау әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге реттемелі тарифтың өсуін тежеу есебінен мүмкін болды.
«Сонымен қатар, әрине бағасының өсімі білінген тауарлар мен қызмет түрлері де болды . . . Республика бойынша темекі өнімдері, жұмыртқа, быламық ұнтағының бағасы, бірқатар коммуналдық қызметтер, канализация, көлік және телефонға абоненттік төлемдер өсті», - деп нақтылады ведомство басшысы.
"Атап айтқанда, 1, 2 пайыздық деңгейде инфляцияға шектеулі үлес белгіленіп қойылды, біздің монополияға қарсы мекеме жыл бойына осы жобаны ұстап тұрды», -деді Ә. Смайылов.
Агенттік төрағасы атап өткендей, тұтастай алғанда, 2013 жылы макарон өнімдерінің 6 пайыз деңгейінде, картоп 5, 8, күріш 5, 1, сүт пен шай бағасының 4, 9 пайызға өскені байқалды.
Сондай-ақ, оның келтірген мәліметіне қарағанда, бірқатар тауарлардың бағасы түсті.
«Мысалға, 16 пайызға төмендетілген жармақ өнімі мен 7, 4 пайызға түскен жаңа жұлынған көкөністер бағасы жыл бойына сол деңгейде сақталып тұрды. Күнбағыс майы орташа 3, 5 пайызға, қант 6, 2 пайызға, ұялы байланыс қызыметі 14, 1 пайызға арзандатылды», -деп нақтылады ол.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу.

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Елбасы Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын айқындады.

Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды.
Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық бағыт.
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреүінен құтқарып қалды.
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды.
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған Президент Н. Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға айналды.
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет етті.
Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің қатарына кіреді.

Инфляцияның әлеуметтік салдары

Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.

Инвестиция

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты
Еңбек ақы төлеу
Жұмыссыздық туралы
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы
Инфляция және Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz