Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

СӨЖ №4

Тақырыбы: Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу

Орындаған: Бликс А.

Тобы: БЖ-215

Тексерген: Бакирова Л. С.

Семей-2015

Жоспары:

  1. Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері
  2. Көшіру органдары, құрылымдары мен міндеттері
  3. Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ көшіру шараларын жоспарлау және жүргізу
  4. Жер сілкінісі, су тасқыны, селдер және химиялық қауіпті нысандарда апаттардың кезінде тұрғындарды көшірудің ерекшеліктері

Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері

Көшіру шараларызілзалаға, апаттарға душар болу ы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметшілерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдісі болып табылады.

Бұрынғы соғыстар кезінде көшіру кең қолданылатын. Бірақ та, бұрын өткізілген көшіру шаралары, яғни Ұлы Отан соғыс кезінде, зілзалалар, авариялар мен апаттар уақытында белгіленген көшіру шараларнан қатты ерекшеленеді. Мысалы, Ұлы Отан соғысы кезінде халық жауға қарама қарсы бағыттағы қашық аудандарға көшетін. Қазіргі көшіру шаралары ең ықтимал қирау, зілзала, авария мен апаттар аумақтарынан халықты әкетуді (көшіруді) қарастырады.

Көшіру шаралары мынаны қамтиды:

- көшіру - Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардың құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

- қоныстандыру - бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларында жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйывмшылдықпен апру және оранластыру. Қаладағы ұйымдардатек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апрып қайту ең аз уақыты ескере отырып ұйымдастырылады.

Көшіру шарларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың, аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.

Қауіпсіз аймақ - бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралаық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары көшірілетін алықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Барлық көшірілген халық қауіпсіз амақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуы тиіс.

Көшірудің негізгі принциптері:

- көшірілуге тиіс халықтың барлық санытын барынша қамту;

- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу

- көшіру шараларын жүргізу кзінде көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

- көшірілетін халықты жолда орналастыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.

Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аумағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілерінде елеулі зала келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сонжай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергіліктіотқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті отқарушы оргвндар, ұйымдар олдын ала жүргізеді.

Барлық категориядағы халықты көшіруді және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар орналастырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен - халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалынады.

Ас ызаманғы зақымдау құралдарын қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсет саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждің, лицейлердің, мектеп-интернаттардың-оқушылары, балалр үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасымен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймаққа көшірілетін халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі, және солардың шешімімен бекітіледі. Осы шешімдер негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.

Ішінара көшіру кезінде халықты оранластыру аудандарын Республика үкіметі, жергілікті атқарушы орагндар белгілейді.

Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болған жағдайда, оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойынша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы ораналастру - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа ораналастыру.

Категорияланған қалаларда соғыс кезінде жұмысын тоқтатпаған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері қауіпсіз аймаққа орналастырылады. Әр ұйымның жұмысшылыр ауысымын тасымалдау үшін жұмысшылар ауысымын жұмыс объектілеріне көшіруге және қайта әкетуге кететін уақыттың мейлінше аз жұмсалуын (2-3 сағаттан кем емес) ескере отырып, теміржолға, автомобиль және су жолына жақын оранласқан орналастыру орындары бөлінеді.

Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады.

Тізімдер ұйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшылар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.

Көшіру тізімдері үш данада жасалады. Біреуі - ұйымда немесе пәтерлерді иеленуші коопертивінде қалады, екіншісі - көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын көшіру пунктте (тізімді анықтағаннак кейін) жіберіледі, үшіншісі - бытыраңқы оранластыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Көшіру тізімдері мен төлқұжаттар бытыраңқы оранластыратын және көшірілетін халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, ораналастыратын және жабдықтайтын негізгі құжаттар болып табылады.

Көшіру органдары, құрылымдары мен міндеттері

Халықты бытыраңқыорналастыру мен көшіруді жоспаралауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ бастықтары АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шеші үшін көлікке отырғзу, қозғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері жабдықталады.

Көшіру комиссиялары республикада, облыстарда, қалаларда, қалалық аудандар мен ұйымдарда, сондай-ақ министрліктерде, ведомстволарда құрылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.

Көшіру комиссияларының құрамын орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарның бірі көшіру комиссиясының төрағасы болып тағайындалады. Көшіру комиссия құрамына орталық және жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің, ілім, әлеуметтік қөамтамасыз ету бөлімдерінің, әскери комиссариаттарының, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Көшіру комиссияның негізгі міндеттері: көшіру кезінде келетін халықты қарсы алуды, есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау.

Көшіру-жиналу пункттері бір объекті негізінде құрылады. Көшіру-жиналу пункттері әкімшілігі жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен, ұйымдардың бұйрықтарымен тағайындалажды. Көшіру-жиналу пункттері өз қызметінде көшіру комиссияға бағыныды.

Құрылатын көшіру-жиналу пункттерінің саны мен олардың тұрған жерлері бытыраңқы орналастыратын және көшірілетін халықтың санын, көшіру маршруттарына отырғызу пункттерінің саны мен олардан жөнелтілетін поыздар мен кемелердің үдемелілігін ескере отырып белгіленеді. Көшіру-жиналу пункттері әдетте халықты халықты көшіру маршруттарына, теміржол стансаларына теңіз және өзен аймақтары мен кемежайларына жақын жерлерге, адамдарды көшіру маршруттарының бастапқы пункттері мен отырғызу пункттеріне жиналу мен уақытында жеткізуге жағдай жасайтын жерлерге орналасады.

Әрбір көшіру-жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі және оған шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иеленушілердің коопреативтері тіркеліп жазылады. Көшіру-жиналу пунтті қалалық, аудандық, объектілік көшіру комиссиялармен, жаяу көшіру маршруттарының бастапқы пункттерімен, отырғызу пункттерімен көлік органдарымен тікелей байланысы қамтамасыз етіледі.

Көшіру-қабылдау пункттерінің әкімшілік құрамы келуші халықтың санымен оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемін ескере отырып белгіленеді.

Көшіру- жиналу пункттерінің негізгі міндеттері : Көшіру комиссиясы мен көшіру жиналу пункттері бағындырылған объектілермен, көлік иелерімен байланыс жасау, оларға халықтың көшіру-жиналу пункттеріне келуі мен қауіпсіз аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, көліктің өз уақытында берілуін, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру, көшіру-жиналу пункттеріндегі адамдарға медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы белгіленген тәртіппен көшіру комиссиясыеа хабарлау, қоғадық тәртіпті қамсыздандыру.

Аралық көшіру пункттері елді мекендерге, байланыс жолдарына жақын, ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженерлік тұрғыдан дер кезінде даярлнады және көшірілетін халықтың сәл дамылдауына, оларды тіркеуге қажет жағдайға дозиметрлік және химиялық бақылау жасауға, адамдарды санитарлық тазалау және қауіпсіз аймаққа жөнелтуге аранлаған. Егер қажет болса, аралық көшіру пунктте киім мен аяқ киімайырбасталады немесе тазартылады.

Негізгі міндеттері: елді мекендерге келген халықты қарсы алу және уақытша орналдастыру, аудандар көшіружиналу пункттерімен қауіпсіз аймақты, көлік қозғалысының кестесі келісу адамдарды соңғы баратын нүктеге жөнелтуді, дәрігерлік көмек көрсетуді, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру, жаяу жүру бағытының және аудандар көшіру жиналупункттерінің бастықтарынакелген халықтың саны мен оларды қауіпсіз аймаққа жөнелту уақыты туралы баяндайды.

Көшіру қабылдау комиссиялары селелық аудандар мен көшірілген халықты орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық ұйымдарында құрылады. Көшіру қабылдау комиссиялары селолық аудандар АҚ, меншіктің барлық нысандағы ауылшаруашылық шешімдерімен құрылады. Оларды селолық аудандар, ауылшаруашылық кәсіпорындары бірінші басшыларының орынбасарлары басқарады. Олардың құрамына жергілікті отқару органдары мен АҚ және ТЖ қызметтерінің, келген халықты, қабылдауға орналастыру мен қамсыздандыруға қатысатын өзгеде ұйымдардың қызметкерлері кіреді. Бұнда есеппен ақпарат, қабылдау мен орналастыру, жолмен жеке көлікпен қамсыздандыру топтары құрылады.

Көшіру қабылдау комиссияларының негізгі міндеттері : көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, олардың негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру, келгендердің санын, беріліетін көлік тәртібін нақтылау, қала көшіру комиссиясымен ұдайы байланыс жасау өз аумағындағы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бақылау.

Көшіру қабылдау пункттері келген халықты қабылдауға, есепке алу мен орналастыруға арналған. Олар қоғамдық және әкімшілік ғимараттарындағы түсіру нүктелеріне жақын орналасады. Көшіру қабылдау пункттері саны мен құрылымын көшіру қабылдау комиссиясы басшылары анықтайды. Көшіру қабылдау пункттерінің құрылымына қалалықтарды қабылдау және орналастыру, есепке алу, жөнелту және шығарып салу, қоғамдық тәртіпті сақтау топтары, сондай-ақ анықтама стөлі медициналық нүкте бала мен ана нүктесі, коменданттық қызмет кіреді.

Көшіру қабылдау пункттерінің негізгі міндеттері: қаладан келген автоколонналарды қарсы алу және түсіру нүктесі әкімшілігімен бірге адамдарды түсіруді қамсыздандыру. Қажет болса, келгендерді жақын елді мекендерге орналастыру, оларды аудан автокөлік қызметімен бірлесе отырып тұрақты ораналасу нүктесіне жөнелту, аудан көшіру қабылдау комиссияларына келгендердің саны, оларды жөнелту, медициналық көмек қоғамдық тәртіп сақтау, адамдарды паналату туралы баяндайды.

Ұйымшылдық пен тәртіпті қамсызландыру үшін халық арасынан жаяу колонналар бастықтары, жаяу жүру бағыттарының, автомобиль колонналарын, көшіру поездарынң, кемелердің бастықтары тағайындалады.

Жаяу бағыттар бастықтар жағынан басқару топтар құрылады. Бағыт бастықтарына қоғамдық тәртіп сақтау мен барлау жүргізу үшін күш пен қаражат беріледі. Берілген күштер құрамында қозғалыс реттеу нүктелері құрылады.

Бейбіт және соғыс уақытында ТЖ көшіру шараларын жоспарлау және жүргізу

Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: республика-облыс-қала, аудан-кәсіпорын.

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныстың, АҚ қызметтерінің, барлық деңгейдегі көшіру мен қабылдау комисиялары жүргізеді.

Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауылшаруашылық кәсіпорындарда бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспараланады. Аудандарды көшіру-қабылдау комисситялары атанған органдар мен қызметтерінің қатысуымен келушілерді қабылдау орналастыру және тіршілік көзімен қамсыздандыру жоспарын әзірлейді. Бір қатар мәселелерде жоспаралау әскери басқару органдарымен ықпаладстықта жүргізіледі. Бұл күшпен қаражат бөлу, көлік коммуникациясын, сондай-ақ адамдарды орналастыру мен қажетті тірлігін қамсыздандыру әскери қалашықтар мен әскерлер қалдырған мүлікті пайдалану.

Көшіру жоспаралары АҚ жоспарының дербес бөлігінде қарастырылады және экономиканы бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, ҚР қарулы күштерін орналастыру жоспарымен келісіледң.

Тж жөніндегі жоғары тұрған органдар төмендегілерге өздерінің көшіру жоспарының көшірмесін жолдайды.

Жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер:

- қалалар мен қауіпсаймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруға жататын халықтың саны;

- қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, сонда жұмыс істейтін ауысымдарды, жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларының мүшесін көрсету;

- қауіпсіз аймақта өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, онда жұмысшылар, қызметшілер, отасы мүшелерін көрсету;

- студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай- ақ оқытушылар құрамы мен қызмет көсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелерінің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп интернаттарының, бала-бақшалардың және ведомстволық балалар мекемелерінің саны;

- бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыруға тиым салынған аудандар мен пункттер

бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыру жөніндегі аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;

- халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қорсы бассауғалар, тау-кен орны, жерқабаттар мен жеркепелер), сондай-ақ сумен қаматамсыз ету көздерінің болуы;

- көшіру тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі;

- жол торабы, оның жай-күйі мен босату қабілеті;

- халықт жаяу тәртіппен көшіру үшін маршруттардың болуы және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі;

- бытыраңқы орналстыру мен көшіру туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ көшіру шараларды басқаруға араналған байланыс құралдары мен жүйелер;

- халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер.

Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер үш топқа бөлінеді:

Бірінші топ:

- соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қаматамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасының мүшелері;

Екінші топ:

- соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары, олардың отбасы мүшелері;

- министрліктер мен департаменттердің орталық аппараттарының қызметкерлері;

- соғыс уақытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері.

Үшінші топ:

- жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелерінің оқушылары, профессорлар мен оқутышылар және қызмет көрсетушілер;

- мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, оқытушылар, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші құрам;

- мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші песонал;

- жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың қызметкерлері.

Бірінші топтағы жұмысшылар мен қызметшілерді жұмысқа алып қайту үшін олардың мекен-жайы қауіпсіз аймақтағы жақын аудандарға белгіленеді. Екінші топтағы көшірелетіндер жұмыстарын құрылған базасында ұйымдастыратын объектілерге немесе қауіпсіз аймақтағы ұқсас кәсіпорындарға өте жақын орналастырады. Олардың орналастыру нүктесін бірінші топ қызметкерлерін орналастыру аудандарынан әрірек жер таңдалады. Жұмыс істемейтін халық қала аудандарынан қашығырақ жерге әкетіледі.

Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен көшірілуге қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:

- орналастыратын және көшірілетін жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны

- орналастыру мен көшіру мерзімдері (басталуы және аяқталуы) ;

- көлікпен әкетілетін және жаяу шығарылатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны;

- орналастыру мен көшіру мерзімдері (басталуы және аяқталуы) ;

- көлікпен әкетілетін және жаяу шығарылатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны;

- көшіру шаралары үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;

- жаяу шығатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің жүру бағыты, баратын нүктесі, демалатын орындар, арпалық көшіру нүктелер;

- ұйымдастыруды жүргізу бекітілген жиналатын көшіру нүктелер олардың нөмірі мен орналасқан жері, көшіру шараларын өрістету уақыты;

- жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің жиналу көшіру пункттіне келу уақыты;

- жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін отырғызу мен тасымалдау үшін жауапты эшелондар, автомобиль колонналарының бастықтары және өзге де лауазымды тұлғалар;

- жаяу колонналар бастықтары;

- адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыру үшін бөлінген нүктелер, аралық көшіру пункттері мен халықты қауіпсіз аймаққа апару нүктелері;

-жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа алып баруды ұйымдастыру;

- халықты түсіру отырғызу нүктесінен орналасатын жерге және сол үшін бөлінген көлікке алып бару тәртібі;

- жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін қоныстандыру есептемесі: әрбір бөлімге цехқа, учаскеге бөлінген көшемен әр үйдің тұрғын алаңы, тұратындар саны жәнеқанша адамнан орналастыратындығы;

- қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және көшірілетін халықты қамтамасыз ету жөніндегі бассауғаларды дайындау тәртібі мен мерзімдері, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;

- басқару мен байланысты ұйымдастыру, цех, бөлім, өндіріс учаскелері немесе тораптар бастықтарын, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін көшіру мен қоныстандырудың басталу мерзімі туралы құлақтандыру.

Көшіру шараларын жүргізу. Көшіру органдары мен көшіруді ҚР Үкіметі арнайы өкімін алғаннан кйін ұйымдастырып жүргізеді.

Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, көшіру комиссиясыны бастықтары, қалаларда құрылатын көшіру комиссияларының басшылығы айналысады.

Көшіру оны хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірісітік және шаруашылық шұғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлық түрлері (теміржол, автокөлік, су және авиациялық) сондай-ақ жекеменшік көлік пайдаланылады. Көшіруге жататын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін.

Көшіруді өткізу туралы өкімді алған сәтте, Ақ бастықтары және қалалық (аудандық) Тж басқарма органдары АҚ қызметтерімен және көшіру комиссияларымен бірлесіп, әзірленген жоспарларға сәйкес кәсіпорындардың және мекемелердің, оқу оррындарджың, КМК және т. б. басшыларына, ал олар өз кезегінде жұмысшылар мен қзметшілерге, олардың отбасына және қалған тұрғындарға жиналу-көшіру пунктіне жету уақыты туралы хабарлайды. Халықты хабараландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары- радио, телевидение, баспасөз және т. б. қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты көшіру және қоныстандыру, шұғыл көшіруді жүргізу тәртібі
Халықты көшіру және қоныстандыру
Төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсету
Қоныстандыру және көшіру
Эвакуация, көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері
Төтенше жағдайларда тұрғындарды қорғау
Өрт қауіпсіздігі жоспары
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Бейбіт және соғыс уақытында қорғаныс ғимараттарын қүтіп ұстау және пайдалану тәртіб
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz