Жердің ішкі қабықшалар құрылымы



Кіріспе
I. Жердің ішкі қабықшалар құрылымы.
II. Геотермалдық градиент және геотермалдық кезеңі.
III. Жер қойнауындағы заттың агрегаттық қүйі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар. Себебі мұнда құнарлы топырақ, ал топырақтың әр қилы өсімдіктер өсіп, органикалық заттар қорын жинап ауаға оттегін бөліп шығарып, басқа тіршіліктің дамуына жағдай туғызады. Дегенмен планетамызда да тіршілік дамыған, яғни құнарлы топырақ қабаты бар аймақтар аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 7%-ын мұхиттар алып жатыр, онда тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі. Сонда құрғақ жердің үлесі небары 29% ғана. Құрғақ жердің барлығында бірдей құнарлы топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мәңгі қарлар мен мұздар алып жатса, біраз аймақтарда жылжымалы құмдар мен жалаңаш тастар, біраз аймақтарды жалтыр, тақыр жерлер қамтиды. Құнарлы жерлердің көп аймақтарын халық мекендеген қалалар мен ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар т.б. көптеген коммуникациялар алып жатыр.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

Геология және геоморфология пәнінен

СӨЖ

Тақырыбы: Жердің ішкі қабықшалар құрылымы. Геотермалдық градиент және
геотермалдық кезеңі. Жер қойнауындағы заттың агрегаттық қүйі.

Орындаған: ГК-407-С
тобының студенті Меңдыбаева М.Б.
Тексерген: Чигаева Ж.Е.

Семей 2015 жыл

Жоспар
Кіріспе
I. Жердің ішкі қабықшалар құрылымы.
II. Геотермалдық градиент және геотермалдық кезеңі.
III. Жер қойнауындағы заттың агрегаттық қүйі. 
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар. Себебі
мұнда құнарлы топырақ, ал топырақтың әр қилы өсімдіктер өсіп, органикалық
заттар қорын жинап ауаға оттегін бөліп шығарып, басқа тіршіліктің дамуына
жағдай туғызады. Дегенмен планетамызда да тіршілік дамыған, яғни құнарлы
топырақ қабаты бар аймақтар аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 7%-ын
мұхиттар алып жатыр, онда тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі.
Сонда құрғақ жердің үлесі небары 29% ғана. Құрғақ жердің барлығында бірдей
құнарлы топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мәңгі қарлар мен мұздар
алып жатса, біраз аймақтарда жылжымалы құмдар мен жалаңаш тастар, біраз
аймақтарды жалтыр, тақыр жерлер қамтиды. Құнарлы жерлердің көп аймақтарын
халық  мекендеген қалалар мен ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар
т.б. көптеген коммуникациялар алып жатыр. 
I. Жердің ішкі қабықшалар құрылымы.
Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса
күрделі ғылыми мәселе болып табылады.
Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер — жер
қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу
жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама
деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
• жер қыртысы,
• мантия,
• ядро.
Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың
тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегізсейсмикалық қабатқа бөлінеді: А,
В, С, D´, D˝, E, F, G. Сонымен қатар Жерде жоғарғы қатты
қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат атмосфера бөлінеді. А – Жер
қыртысы. В, С, D´ және D˝ қабаттары – Жер мантиясы. В. қабаты Мохоровивич
бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Жер қыртысының
арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық
толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. Олардың тереңдігі
құрлықта 100 – 220 км, мұхиттардың астында 60 – 220 км. Бұл белдемдердегі
толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғарғы температура мен оған сәйкес
қысымға байланысты. С қабаты 400 – 900 км тереңдікті қамтиды және бұл қабат
минералдық зат тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын
жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. D´ (900 – 2700 км) қабатында
толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі.
D˝ қабатында (2700 – 2885 км) заттардың құрамы әртекті және температураның
жоғары болуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е,
Ғ, G қабаттары Жердің ядросын (радиусы 3486 км) құрайды. Ол сыртқы (Е
қабаты) және ішкі (G қабаты) ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің
арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (Ғ қабаты) бар. Ядро
шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 кмс-тан
8,1 кмс-қа дейін кемиді, субядро шегіне тау 11,2 кмс-қа дейін артады.
Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты. Жердің
физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді. Жер
қыртысының орташа тығыздығы 2,8 тм3, шөгінді қабатындағы орташа тығыздығы
2,4 – 2,5 тм3, граниттік қабатта 2,7 тм3, базальттық қабатта 2,9
тм3, мантияда 3,6 – 4,5 тм3, ядро шекарасында 5,6 тм3, ядрода 10,0 тм3,
Жер центрінде 12,5 тм3. 2500 км-ге дейінгі тереңдікте ауырлық күші
үдеуінің шамасы 10 мс2-қа, ядро шекарасында 10,7 мс2-қа, Жер
центрінде нөлге тең. Тығыздық пен ауырлық күші үдеуінің мәндері бойынша
есептелген қабаттардың қысымы құрлықтық Жер қыртысы табанында 1 Гнм2-ге, В
қабаты табанында 14 Гнм2-ге, С қабаты табанында 35 Гнм2-ге, ядро
шекарасында 136 Гнм2-ге, Жер центрінде 361 Гнм2-ге
тең. Геосфераны құрайтын жыныстар үнемі қозғалыста болады және өзгеріп
отырады, бұл процесс, әсіресе, сұйық және газды қабаттарда өте жақсы
байқалады. Жер қойнауында және бетінде болатын барлық
процестер эндогендік және экзогенді к болып екіге бөлінеді. Экзогендік
процестер бұзушы (үгілу, өзен және мұз эрозиясы, жел мен жер асты суларының
әрекеті, т.б.) және түзуші (құрлықтық ойыстардың, тау жыныстарының жаралуы)
болып ажыратылады. Жер қыртысына әсер етуші эндогендік процестердің
жиынтығы тектоникалық процестер, ал олар байқалған қабаттар тектоносфера
деп аталады. Тектоникалық процестер магмалық әрекеттердің барлық түрлерімен
тығыз байланысты. Құрлықтардағы экзогендік процестер Жер бетіндегі
биіктіктер мен ойпаңдар бойынша анықталады. Ішкі және сыртқы процестердің
өзара байланысы Жер бедерін қалыптастырады. Жер бедерін түзуші факторларға
Жер бетіндегі ауырлық күшінен туатын гравитациялық процестер, Жер – Күн –
Ай жүйесінің өзара тартылыс күштері де әсер етеді. Ішкі күштер Жер
бедерінің басты элементтерін түзеді, ал сыртқы күштер оларды бұзып
өзгертеді. Жер бетінің басым бөлігін (70,8%-ын) дүниежүзілік мұхит құрайды
(361,1 млн. км²).
Жер қыртысы
Жер қыртысы деп- литосфераның жоғарғы қабаты , жер бетіндегі барлық
сулар - гидросфера , жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның
төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз.
Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен
мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар.Олар :
Еуразия ,Африка , Солтүстік Америка , Оңтүстік Америка , Аустралия ,
Антрактида.Мұхиттардың саны 4:Тынық , Атлант , Үнді , Солтүстік Мұзды
мұхиттары. Жер бетінен оның ядросының ортасына дейінгі орташа радиусы 6371
км. Зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдігі
ғана бұрғыланып (Кола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты
үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын
жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсшік, негізінен, жер
сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын,
арнайы геофизикалық жәнесейсмикалық  барлау нәтижелерін саралау мен талдау
негізінде қалыптасады.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа
қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік
таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.
Жердің мантиясы
Жердің келесі қабаты — мантия (гр. mantion—жамылғы). Ол жер қыртысынан
жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр,
оны 1909 жылы югославиялық сейсмоло гА. Мохоровичич анықтаған. Мантия
жоғарғы (900 км-ге дейін) және төменгі (900—2900 км) мантияға бөлінеді.
Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын құрайды.
Жоғарғы мантияның 250—300 км тереңдігінде қаттылығы мен беріктігі
төмендеу,тұтқыр қабат орналасқан,оны астеносфера деп атайды. Астеносфераны
құрайтын жыныстар онша тығыз емес, тұтқыр әрі майысқақ болып келеді; сол
себепті жер қыртысында болатын қозғалыстарды
және магматизм мен метаморфизм құбы лыстарын күшейтеді. Астеносферадан
жоғары орналасқан жоғарғы мантия мен жер
қыртысы литосфераны құрайды. Литосф ера қабығы жекелеген литосфералық
тақталар жиынтығынан құралады. Олар неміс геофизигі А.
Вегенердің литосфералық тақталар теориясына сәйкес, үнемі қозғалыста
болады; бұл қозғалыс астеносфераның тұтқыр бетінде сырғу нәтижесінде жүзеге
асады.
Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың
тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегіз сейсмикалық қабатқа
бөлінеді: А, В, С, D´, D˝, Е, Ғ, G. Сонымен қатар Жерде жоғары қатты қабат
литосфера мен төменгі жұмсақ қабат астеносфера бөлінеді.
А – Жер қыртысы. В, С, D´ және D˝ қабаттары – Жер мантиясы. В
қабаты Мохоровичич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды.
В қабаты мен Жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл
қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар.
Олардың тереңдігі құрлықта 100 – 220 км, мұхиттардың астында 60 – 220 км.
Бұл белдемдердегі толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғары температура
мен оған сәйкес қысымға байланысты.
С қабаты 400 – 900 км тереңдікті қамтиды және бұл қабат минералдық зат
тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын жылдамдығының
тез өсуімен сипатталады.
D´ (900 – 2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың
нығыздалуына байланысты өседі. D˝ қабатында (2700 – 2885 км) заттардың
құрамы әртекті және температураның жоғары болуына байланысты сейсмикалық
толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. Е, Ғ, G қабаттары Жердің ядросын (радиусы
3486 км) құрайды.
Ол сыртқы (Е қабаты) және ішкі (G қабаты) ядроға (субядроға) бөлінеді .
Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (Ғ
қабаты) бар.
Жердің ядросы
Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6371 км аралығында орналасқан Жердің ішкі
өзегін ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан
екі бөліктен тұрады. Күшті жер сілкінулер нәтижесінде Жердің ішкі өзегі
арқылы өтетін сейсмикалық толқындардың таралу сипатын
зерттеген америкалық геофизиктер Р. Кохе мен Л. Штихруде ішкі ядроның
біртұтас қатты темір шар екендігі туралы болжам
жасады. Электрөткізгіштігі жоғары болатын темір, температураның күрт
айырмашылығы әсерінен сыртқы ядроны да жылдам айналымға түсіреді. Соның
нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады. Бұл магниттік өріс Жер шары
шеңберінен шығып,ғарыш кеңістігіне де таралады, тіпті Күннен
келетін зарядталған бөлшектерді кері тебеді.
Құрамы мен қасиеттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы электрлік байланыс
Бағыттаушы тарату жүйесі
Жердің ішкі қабықшалар құрылымы жайлы мәлімет
АМОРФТЫ КРЕМНИЙДІҢ ОПТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Модифицияланған полимерлі қабықшаларды алу әдістері
Өсімдік биологиясы. Протопласт. Өсімдік жасушаларының органоидтары. Жасушалық қабықша
Кабельдік байланыс жүйесінің сенімді жұмыс атқаруының басты мақсаттары
Жердің құрылысы мен пішіні
Полимерлі қабықшалардың зерттеу тиімділігі және қазіргі күйі
Жердің жалпы ерекшеліктері
Пәндер