Қазақстан табиғи аймақтарындағы шабындықтар мен жайылымдардың түрлері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан табиғи аймақтарындағы шабындықтар мен жайылымдардың түрлері.

Орындаған: Болатова Ә. О

Тексерген: Сагандыков С. Н

Группа: АГ - 213

Семей - 2015

Жоспар:

  1. Шабындық жерлер және түрлері.
  2. Жайылымдық жерлер және түрлері.
  3. Жайылымдарды классқа бөлу.
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан табиғи аймақтарындағы шабындықтар мен жайылымдардың түрлері .

  1. Шабындық жерлер және түрлері.

Табиғи жерлер, шабындықтар мен жайылымдар - облыстың мал-азық қорының негізі. Бұл жерлер малдың жем-шөп қорын тұтынудың 90 пайызын қамтамасыз етеді. Сондықтан жайылым шаруашылығын тиімділігі жоғары болатындай етіп ұйымдастыра білу керек. Бүгінгі таңда мал шаруашылығы жем-шөп қорына тапшы. Жылдар бойы табиғи жайылымды жүйесіз пайдалану оның ескіріп, тозуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде мал-азықтық шөптердің өніміндегі бағалы қоректер азайып, орнына аз желінетін, болмаса улы шөптердің орын алуына жол берді. Жылдан жылға жайылым өнімділігі мен мал-азық қоректілігі төмендеп барады. Табиғи жайылым мен шабындық жерлердің орташа өнімділігі құрғақ салмақта гектарына 0, 5-3 центнерді құрайды. Жайылымның ескіріп, тозуына тосқауыл жасау, оны қалпына келтіру мен жақсарту - бүгінгі таңның кезек күттірмейтін мәселесі. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген мал шаруашылығы саласын дамыту тиімділігін арттыру мен ет өнімін сыртқа шығару жөніндегі тапсырысына байланысты жем-шөп қорын дайындау үшін жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғаны анық. Соңғы жылдары жайылымды суландыруды кешенді түрде игеру мен оның тиімділігін арттыру жөнінде ешбір жұмыстар жүргізілмеген. Ғылыми негізделген жайылым айналымы жүйесін енгізу мәселесіне де аса көңіл бөлінбей келеді. Жылдан жылға бір ғана жайылым қолданылады, ол жайылымдық шөптердің мал азық сыйымдылығының қалпына келуіне үлгермей, тозып, ескіреді. Сонымен қатар аймақтың құрғауы - ауқымды территорияның ылғалдылық деңгейінің қысқаруы мен топырақтың биологиялық өнімділігінің төмендеуі орын алып отыр.

Шабындық жерлер - жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындықтың құрлық шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады.

Құрлық шабындығы - жазық далада, сай - салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі. Суармалы шабындық - өзен алқаптарында су тасыған кезде су жайылатын жерлерде өседі.

Тау шабындығы - ылғалды, ауа райы жылы таулы аудандарда, субальпілік, альпілік белдеуде өседі. Бұлардың шөбі аласа, көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстанның ылғалы жеткілікті өңірлерінде әр гектардан 12 - 15 ц, су жайылатын ойпаң жерлерден 15 - 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 - 10 ц, шөбі шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 - 30 ц пішен жиналады. Жыл сайынғы пайыздалатын пішеннің 99 табиғи шабындықтан алынады. Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7, 3 миллионга шабындық бар. Бұл аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстік жатады. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында шабындық өзен-көл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. Шөбі шүйгін құнарлы шабындық Ертіс, Жайық өзендері алқабының көктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде көп өседі. Мұндай шабындықтың әр гектарынан 8 - 10 ц пішен алынады. Сортаңдау шалшықты жерлерде биік бидайық, қияқ өседі, олардан 8 - 20 ц пішен жиналады. Қазақстанның шөлейт аймағында өсетін шабындықта масақты шөптер мен бидайық кездеседі, оның әр гектарынан 5 - 7 ц пішен жиналады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле сияқты ірі өзендердің алқабында ғана болады. Бұл жерлердің шөбі - ірі сабақты құрақ, қамыс, әр түрлі масақты өсімдіктер, әр гектарынан 10 - 15 ц-ден 20 - 25 ц-ге дейін пішен жиналады. Республикада шабындық жерлерді жақсарту үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол шөп тұқымы егіледі.

  1. Жайылымдық жерлер және түрлері

Жайылымдық жерлер - оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып, бағылатын жер алқабы. Табиғи жайлым және екпе жайылым деп екіге ажыратылады.

Табиғи жайылым орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын жайылым болып бөлінеді.

Екпе жайылым бір жылдық, қысқа мерзімді (5 - 6 жыл) және ұзақ (7 - 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи жайылым, негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе жайылымға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Еліміздің климат жағдайына, белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің ботаникалық құрамына қарай жайылым түрлері көп. Далада және қуаң далада орналасқан жайылымдар далалық жайылым деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық жайылымның әр гектарынан 3 - 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала жайылымдарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен т. б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0, 5 - 7, 0 ц шөп түседі. Шөлдегі жайылымдардың 1/3-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 - 7 ц шөп түседі. Тау жайылымдарының оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан жайылымдармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық жайылымдар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. Жайылымдар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т. б. шаралар жайылымды ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. Жайылымды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер жайылымын 6 - 12, орманды алқап 6 - 8, аңғарлы адыр 10 - 12 далалы жайылымды 15 - 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 - 3 Бөлінген жайылымды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды. Жайылымды жазда 2 - 5 рет ауыстырылады. Жайылымды пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы жайылымдар белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде мал 180, шөлейт белдемде 240 - 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы жайылымда бағылады күннен, шөп көбейе бастағанда 5 - 6 күннен жаяды.

  1. Жайылымдарды классқа бөлу.

Жайылымдарды класқа бөлу дегеніміз - неғұрлым ірі табиғи жемшөптік жерлерді, табиғи аймақтар бойынша кластарға және класс тармақтарына бөлу. Осының негізінде геоботаникалық тексеру барысында бірыңғай принцип бойынша толық аймақтық класқа бөледі, бұл табиғи жемшөптік жерлерді сапа және сан жағынан сипаттау мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін қажет. Жемшөптік жерлерді тиімді пайдалану, оларды жақсарту жөнінде шаралар жоспарлауды, сондай-ақ жерге орналастыруды, жерді және жер кадастрын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету мақсатымен аудандар, облыстар бойынша жайылымдарды геоботаникалық тұрғыдан тексеру материалдарын жинақтап қорыту үшін класқа бөлудің принципі қажет. Жайылымдарды класқа бөлу негізінде осы жерлердің сапасын анықтайтын топоэкологиялық және шаруашылық көрсеткіштер (климат, жер бедері, сол жерлердің гидрологиялық жағдайлары, топырақ қасиеті, өсімдік құрамы т. б. ) алынады.

Класқа бөлу үшін Қазақстан аумағын табиғи аймақтардың екі тобына және таулы белдеулер бойынша үш тобына бөледі.

1. Орманды-далалық және далалық аймақ. Орманды-далалық аймаққа сұр орманды топырақ, күлгін, тұзы шайылған және кәдімгі қара топырақ, далалық аймаққа - оңтүстік қара топырақ, қуаң далалық аймаққа - қара, қызыл қоңыр топырақ және қызыл қоңыр топырақ жатады.

2. Шөлейт және шөл аймақтар. Шөлейт аймаққа - боз қызыл қоңыр және қоңыр топырақтар, шөл аймаққа сұр қоңыр және тақыр тәрізді топырақтар жатады.

Қазақстан жайылымдарын белгіленген кластарға бөлу принципі барлық жерде бірдей дәйекті түрде сақталмайды. Мысалы, шөл аймақтар үшін төмендегідей төрт бөлім белгіленген: таулы шөл далалық, нағыз шөл, сортаңданған топырақты жер және құмды жер. Сорланған топырақты жердегі, сондайлық құмды жердегі жайылымдар бір мезетте нағыз шөл жерлер болуы ықтимал.

Сонымен, Қазақстанның шөл аймағын мынадай кіші аймақ бөліктерімен белгілеуге болады (В. Н. Николаев бойынша, 1977) .

Солтүстік жазықтық аймақ. Жыл маусымдары бойынша жауын-шашын біркелкі түседі, оның жалпы мөлшері жылына 120-17 мм шамасында. Аумақтың негізгі бөлігінің биіктігі теңіз деңгейінен алғанда 600 м аспайды. Әкімшілік жолмен бөлгенде солтүстік жазық шөлдің жайылым аумағы Қазақстанның шығыс және батыс бөлігін қамтиды. Геоморфологиялық тұрғыдан алғанда бұған жататындар: Маңғыстау, Үстірт пен Қызылқұмның солтүстік бөлігі, сондай-ақ Торғай және Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік бөлігінің жазық төбелері, Мойынқұмның, Тауқұмның, Атыраудың құмды жерлері.

Оңтүстік жазықтық аймақ. Мұнда жауын-шашын мөлшері шамалы, жылына 100-150 мм. Ол көбінесе көктем және қыс айларына тура келеді, сол кезде жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-80 проценті түседі. Жайылым аумағының басым бөлігінің гипсометриялық белгілері теңіз даңгейінен 400 м төмен. Осы кіші аймақ шегіндегі мынадай геоморфологиялық аудандар айрақша атап көрсетіледі: Қарақұм, Қызылқұм, Үстірттің оңтүстік бөлігі, Каспий маңының ойпаты. Бұлардың пайда болуы мен жетілу сипаты әрқилы. Жыл маусымдары бойынша жауын-шашынның таратылу ерекшеліктері негізінде бөлініп шығатын оңтүстік және солтүстік шөлдің кіші аймақтары Қазақстан-Жоңғар және Туран климат аудандарына сәйкес келеді (М. П. Петров, 1963) .

Тау бөктері шөлінің аймағы. Жауын-шашын мөлшері бір сыдырғы көбірек - жылына 150-200 мм, әдетте, бұл қысқы-көктемгі кезеңге тура келеді. Абсолюттік биіктік теңіз деңгейінен 400-1000 м шамасында. Аумақ тұрғысынан алғанда, бұл кіші аймақ Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстанның негізгі таулы жүйелерін енсіз белдеумен көмкере отырып, таулы жүйелерінің аудандарына ұштасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылды елді мекендер
Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту
Қазақстан Республикасының жер қоры, оның жіктелуі және өндірісте пайдаланылуы
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Етті бағыттағы ірі қара сиырларын азықтандыру
Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
Мал азықтарының топтары
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Қара ала тұқымды ірі қара малын азықтандыру ерекшеліктері
Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz