Балалар ойынын жіктеудің тарихы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ойын арқылы оқыту
2. Балалар ойыны түрлерінің жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Ойын - баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Тойбаев, Ә.Ж. Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушы тұлғасын дамытудағы ойынтехнологиясының теориялық негіздері.//Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті.- Алматы, 2008.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогикалық психология факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Балалар ойынын жіктеудің тарихы

Орындаған: Жұмағазинов Б.Қ.
Тексерген: Карипбаева Ш.Т.

Семей 2015
Кіріспе
Ойын - баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.

Негізгі бөлім
1. Ойын арқылы оқыту
Ойын арқылы бала білімді - қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиясын жетілдіріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін дамытады, дүниетанымы кеңейіп, мектептегі оқу процесіне қызығушылықпен қарай бастайды.
Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп тілімізге жан біткелі, халқымыздың да еңсесін көтерген елге алдымен оқу-білім керек. Әлем тізгіні білімдінің қолында десек, білімді болсақ біз де тізгінге жармаса аламыз, болашақтың алысқа шабар жүйрігін біз де тартып міне аламыз. Сондықтан қазіргі білім ошақтарында байырғы білім беруді өзгертіп, жаңа педагогикалық технологияны басшылыққа алып, жаңаша әдіс-тәсілдерді енгізіп, соған орай дәстүрден тыс оқыту түрлерін қолданып, компьютерлік оқыту технологиясымен де ұштастырып келеміз.
Ендеше осы айтқандарымыздың басты мақсты жас мемлекетіміздің күш қуатын арттыру, оның іргетасын мықты етіп, биік тұрғызатын, патриоттық сезімі оянған жеке тұлғаны қалыптастыру, осы тұлғадан қабілетті балалар шығару және интеллектік белсенділігін көтерну, өз бетімен оқуға, үйренуге деген құштарлығын байыту емес пе. Бірінші кезекте міндетті түрде осы істі жүзеге асыратын нақты тірек қалыптастыру керек. Ол үшін осы жүйені іске асыруға бағыт беретін арнайы оқулықтар мен әдістемелік оқу-құралдарын шығарып, көбейту қажет.
Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие үрдісіндегі Ойын арқылы оқыту технологиясының орны ерекше. Ойын- бала әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді. Ойын бала затының түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да бала қабілеті, белсенділігі байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсеткен. Үлкендер өмірі үшін жұмыс қызметін істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, балалар өмірінде ойын да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, шарты, жауабы, арнайы заттары т.б.көптеген сипаттары бар. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала зейінін қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар, оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ойынын жіктеудің тарихы жайлы ақпарат
Балалар ойынын жіктеудің тарихы туралы
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Баланың логикалық ойын дамыту
Психологияның методологиялық негіздерінің қарастырылуы
Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» оқулығы
Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесінен дәрістер
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Сабақта дидактикалық ойындарды қолданудың маңызы
Пәндер