Ағзаға удың әсері



Улағыш заттар
Әсері күшті улы заттар
Улы заттардың әсерінің салдары
Уланудың өткір түрі
Уланудың созылмалы түрі
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
• өнеркәсіп улы — өндірісте қолданылатын заттар;
• улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
• дәрі-дәрмектер;
• тұрмыс химикаты;
• өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
• әскери улаушы заттектер.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ағзаға удың әсері

Орындаған: Бутинбалина Г.
Тексерген: Жумабеков С.Ж.

Семей 2015жыл
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде - 5500, дәрі - дәрмек - 4000, тұрмыс химиясында - 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
* өнеркәсіп улы -- өндірісте қолданылатын заттар;
* улы химикаттар - ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
* дәрі-дәрмектер;
* тұрмыс химикаты;
* өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
* әскери улаушы заттектер.
Улағыш заттар -- ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып бөлінеді. Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі улағыш заттардың аяғы әлімге әкеліп соқтыратын негізгі тобын құрайды. Оларга құрамында фосфоры бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін улағыш заттар жатады. Олар -- табун, зарин, зоман және т.б. Жалпы әсерлі улағыш заттарға көгерткіш кышқыл, хлорциан, арсин, фосфин және т.б., ал түншықтыратын улағыш заттарға фосген, дифосген, хлорпикрин т.б. жатады. Теріге әсер ететін улағыш заттар аяғы елімге әкеліп соқтыратын улағыш заттарға жатады, олардың қатарына иприт, азоттық иприт, люизит т.б. кіреді.
Әсері күшті улы заттар (Сильнодействующие ядовитые вещества) -- булануы немесе ағуы кезінде ауада белгілі мөлшерден артық шоғырлана алатын және адамдарға зиянды әсер етіп, түрлі дәрежеде зақымдайтын құралдар. Неғұрлым типтік әсері күшті улы заттарға аммиак, хлор, күкіртті ангидрид, көміртек тотығы, күкіртті көміртек, үш хлорлы фосфор, сутек концентрацияланған кышқылдар және т.б. жатады. Ауа мен топырақтың температурасы неғұрлым жоғары, желдіц жылдамдығы неғұрлым шапшаң болған сайын төгілген әсері күшті улы заттар соғұрлым тез буланады. Әсері күшті улы заттар әсеріне ұшыраған, осының салдарынан адамдардың зақымдану каупі туған аумақты зақым ошағы деп атайды. Оны кейде химиялық зақымданудың екінші ошағы деп те атайды.
Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:
* жалпылама улылар - организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
* қоздырғыштар - тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
* аллергия тудыратын заттар;
* мутагендер - генетикалық кодты бұзатын заттар;
* канцерогендер - қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
* бала жасау қызметін жоятындар - қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.
Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Ауылшаруашылық жануарларының улануы
Уланудың пайда болуы ( шығу тегі) және себебі туралы
Улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Малдың улы заттарға сезімталдығы
Удың ағзаға ену жолдары
Азықтан улану кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Азықтардан улану
Ағзадан удың бөлінуі
Ветеринарлық-санитарлы экспертиза
Пәндер