Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы



Ежелгі дәуір лингвистикасының қалыптасуы
Орта ғасыр лингвистикасы
Қоғам тарихының көне дәуірі де, жазу мен ғылымның алғашқы бастамалары да Таяу Шығыста, Месопотамия мен байырғы Египетте басталғанымен, олардан қалған тілге байланысты еңбектер біздің заманға жеткен жоқ, сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі деген Көне Қытай, Үндістан, Грек-Рим заманынан қалған, біздің заманға жеткен жазба нұсқаларға байланысты қаралады.
Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейілінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған ірге тасы деп санаған жөн.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы


Орындаған:Жұман А.С
Тексерген: Сәмекбаева Э.М

Семей 2014ж
Ежелгі дәуір лингвистикасының қалыптасуы

Қоғам тарихының көне дәуірі де, жазу мен ғылымның алғашқы бастамалары да Таяу Шығыста, Месопотамия мен байырғы Египетте басталғанымен, олардан қалған тілге байланысты еңбектер біздің заманға жеткен жоқ, сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі деген Көне Қытай, Үндістан, Грек-Рим заманынан қалған, біздің заманға жеткен жазба нұсқаларға байланысты қаралады.
Ежелгі дәуір - тіл біліміне қатысты ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейілінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында тіл біліміне тән түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі тіл біліміне қатысты мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған ірге тасы деп санаған жөн.
Ежелгі дәуір тіл білімінде ерекше көңіл бөлінген екі күрделі проблема болған. Оның бірі - атау, ат қою теориясы да, екіншісі - грамматикалық өнер искусство проблемасы.
Мұның біріншісінде - зат атаулары қалай пайда болған, атаулардың өздері атау болған заттармен, құбылыстармен, оқиғалармен қандай байланысы бар? Атаулардың дұрыс, я теріс қойылуының қандай мәні бар дегендерді сөз етушілер - философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала Қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.
Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір тіл білімі, әдетте, филология дәуірі деп те аталады филология - грек сөзі, мағынасы - сөзді сүю.
Филология - жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әртүрлі мақсатта және әртүрлі дәрежеде болған.
Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуір тіл біліміндегі ой-пікірдің барлығына тән ортақ сипаттар да болды.
Біріншіден, бұл кезеңдегі грамматикалық өнер біраз мәселеде философияға байланысты болған.
Екіншіден, грамматикалық өнер тілдің құрылысын түсіндіруді мақсат етпеген, тілді дұрыс қолданудың, дұрыс сөйлеудің ережелерін жасауды, жазу тілі мен сөйлеу тілі арасындағы қарым-қатынасты түсіндіруді көздеген. Сондықтан да грамматикалық өнер-пікірді - дұрыс, әдеби етіп бере білуге үйрететін тәжірибиелік ілім деп саналады.
Үшіншіден, филология дәуірінде тілдің морфология, фонетика саласында едәуір істер атқарылғанымен, олар тек тәжірибелік сипатта ғана болған, ал лексикология, синтаксис мәселелерінің зерттелуі тым мардымсыз.
Төртіншіден, әр елдің филологтары тек өз тұсындағы бір тілге тән нұсқаларды зерттеген. Сондықтан әр түрлі тілдер фактілерін салыстыра қарау дегенді олар білмеген.
Бесіншіден, бір елдің тіл біліміндегі ой-пікірдің екінші елге жетуі де нашар болған.

Орта ғасыр лингвистикасы
Орта ғасыр - адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір. Еуропа тарихы тұрғысынан қарағанда бұл мезгілді үш кезеңге бөлуге болады: а) III-Ү ғасырлар арасы. Бұл - құлдық дәуірінің ыдырап, феодалдық қоғамның құрыла бастаған кезеңі; ә) ҮІ-Х ғасырлар аралығы. Бұл - феодалдық қатынастың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Ежелгі Кытай тіл білімі
Ежелгі және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Ежелгі тіл білімі
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Тіл бірліктерінің қалыптары
Ежелгі дәуір тіл білімі мен араб тіл білімі
Орта ғасырлар лингвистикасы
Пәндер