Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті.
БӨЖ
Тақырыбы: Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері. Өндіріс орындарын желдету әдістері . Желдетуді есептеу тәсілдері .
Тобы: АГ-413
Орындаған: Мұратбек Алтынай
Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.
Семей 2015ж
Жоспар
I. Кіріспе:
1. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
II. Негізгі бөлім
2. Кәсіби аурулар себебтері.
3. Өндіріс орындарын желдету әдістері .
4. Желдетуді есептеу тәсілдері .
III. Қортынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді. Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін ү ш к е бөлеміз :
Техникалық - тез жүретін, үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі, себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен .
Технологиялық - технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты .
Жергілікті - еңбекті ұйымдастырудан және техникалық жабдықтануына байланысты .
Жарақат алу - адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы.
Жарақаттың 4 түрі болады:
1. Механикалық, 2. Ыстық-суықтан болған, 3. Химиялық, 4. Электр жарақат
Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.
Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:
- Қандай жерде болғанына байланысты
- Қанша адам зардап шеккеніне
- Ауырлығына байланысты
Кәсіби аурулар - белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 - 20 мин), техникалық шараларды іске асыру - Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 - 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.
Кәсіби аурулардың себептері.
Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.
Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:
- Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты
- Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.
- Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты
- Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты
Өндірістегі жарақаттануды сараптау әдістері
Жарақатқа талдау жасаудың негізгі мақсаты бақытсыз жағдайды тудыратын себептердің заңдылығын жасау, соның негізінде тиімді профилактикалық іс-шараларды құрастыру. Жалпы сараптау әдістері статикалық, топографиялық, монографиялық, және экономикалық болып бөлінеді.
Статикалық әдіс- белгілі бір кезеңде бақытсыз жағдай тіркелеген құжаттардағы жарақаттың себептерін зеріттеуге негізделген. Бұл әдіс жарақат жағдайының жалпы бейнесін жасауға, оның динамикасын анықтауға, бақытсыз жағдайдың себептері мен жағдайының арасындағы байланыс пен заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Жарақат деңгейін бағалау үшін, жиілікпен ауырлықтың салыстырмалы статикалық көрсеткішн пайдаланылады.
Жарақат жйілігінің көрсеткіші к ж белгілі бір кезде 1000 жұмысшыға келетін бақытсыз жағдайдың санын анықтайды:
к ж =Т*1000/Р
Мұндағы, Т- белгілі бір кезеңдегі жарақат саны; Р-Жұмысшылардың орташа тізімі.
Жарақат ауырлығының көрсеткіші К а - 1 бақытсыз жағдайға келетін еңбекке жарамдылық күндерінің орташа ұзақтығы сипаттайды.
К а =Д/Т
Мұндағы, Д- барлық бақытсыз жағдайдағы еңбекке жарамсыздық кұндернің қосындысы.
Сонымен, динамика мен себептерге талдау жасаумен қатар, бақытсыз жағдайлардың жұмыс түрлеріне бөлінуіне, зардап шегушілер туралы мәлметтер, оқиға орын алған же мен уақыты-барлығы да қарастырылады.
Топограиялық әдіс -бқытсыз жағдай орын алған жерге байланысты себептерді қаастырады. Барлық бақытсыз жағдайдың орын алған жері цехтың жоспарында арнайы шатты белгімен белгіленеді, нәтижесінде қауіпті жұмыс орындары анық көрініп тұрады.
Монографиялық әдіс- бақытссыз жағдай болған кешенде еңек жағдайының жіктеп бөліп зеріттейді, яғни еңбек және технологиялық процестерді, жұмыс орнын, көмекші жәе негізгі құрылғыларды, еке және ұжымдық қорғану құралдарын, т. б. с. монографиялық әдіс кезінде техникалық әдістер мен құралдар да еңінен қамтылады. Соның нәтижесінде болған бақытсыз жағдай сеьетері ғана емес, бақытсыз жағдайды тудыатын себептер де анықталады.
Экономикалық әдіс -өндірістегі жарақат әсерінен болған шығынды анықтаумен қортындыланады және бақытсыз жғдайды ескертуге бағытталған іс-шаралардың әлеуметтік -экономикалық тиімділігін бағалаумен сипатталады.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.
«Өндірістік желдеткіш» пәнінің маңызы: студенттерді өндірістік желдеткіштерді жобалау практикалары мен теория негіздері бойынша білім жүйелерін қалыптасуымен, ғылыми негіздермен, техникалық құралдармен және практикалық құру тәсілдерімен және қалыпты атмосфералық шарттарды көтеру мен ауа тазалықтарын жұмыс орындары мен адамдардың өмір сүру аймақтарымен таныстырады.
Желдеткіш (латынша: ventіlatіo - желдету) - өндіріс орындарын желдетуде, тасымалдауда, т. б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0, 15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т. б. қолданылады.
Өндірістік желдеткіш - бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері, желдеткіш- фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты - центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады. Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.
XIX ғасырдың басында желдету жүйесінің алғашқы даму сатылары калыптаса бастады. Академик Э. X. Ленд ғимаратты желдету механикалық жолдармен іске асатынын атап өтті. Центрден тепкіш желдеткіштердің шығуы арқасында желдету жүйесінің дамуы кең етек ала бастады. Аталған желдеткіш түрін 1832 жылы А. А. Саблуков ойлап тапқан болатын. 1835 жылы центрден тепкіш желдеткішті Алтайдағы Шағыр кенішінде пайдалана бастаған. Саблуков бұл желдеткіш арқылы түрлі кемелерді, ғимараттарды желдетуді ұсынған. Вентиляцияның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдардан В. М. Чаплинді де атап өтуге болады.
Бөлмелерде санитарлық - гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желтдеткішті орнатады. Желдеткіш - технологиялық үрдістің тиесілі өтуі немесе адам ыңғайының тұрғысынан ауа ортасының қажетті күйік бөлмеде ұстану үшін, бөлмеде есепті ауаалмасуды қамтитын ұйымдастыру шаралары мен техникалық құрылғылар байланысы.
Қазіргі уақытта еңбекті қорғау мен жағдайларын жақсарту, оның ғылыми ұйымдастырылуы, еңбек етушілер денсаулығын сақтау мәселелері өте өзекті. Мәнді назар сондай-ақ ауа қауызын сақтауға да бөлінеді. Бұл мәселереді желдету жүйесінің тиімді жұмысынсыз шешу мүмкін емес.
Өндірістін ғимараттарда желдету жүйелері арнайы ерекшеліктерге ие. Өндірістік желдету жобасын орныдаудың негізгі мәселесі - еңбек шарттарын жақсартуға, оның өндірушілігі мен шығарылатын өнім сапасының жоғарылауына, кадрлар ағысының төмендеуіне, өндірістін жарақаттану мен кәсіби аурулардың төмендеуіне көмектесетін желдету жүйелерінің әсерлі тиімді жұмысын қамту, өндірітіп аурулардан қоршаған ортаны қорғау. Жүйе жұмысының тиімділігі көбінесе инженерлік есептеулерді толтырудың дұрыстығына, жаңа жабдықтарды, автоматтандыру құралдарын, қолдану шарттарын пайдалануға байланысты.
Ауа ылғалдылығымен температура технологиялық үрдістерді жүргізу талаптарына сәйкес келуі керек, ал ауа алмасу бөлінетін зияндықтарды толықтай ассимилдеуі керек. Ауа алмасуды ұйымдастыру әдісі өндірістін бөлмелерді белгілеуге байланысты.
Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.
Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
Табиғи жолмен желдету - ашық терезелер немесе люктар арқылы ауаның еркін алмасуымен қамтамасыз етілетін желдету.
Картерді жабық түрде желдету - қозғауыш цилиндрларына ауа сүзгісі арқылы картерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдету.
Картерді ашық түрде желдету - атмосферадағы эжекциялық түтік арқылы қартерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдеткіш.
Жанармай багін (сауытын) желдету - жанармайдың ең жеңіл фракцияларының булануын азайту және сиретілудің пайда болуын болдырмау мақсатымен автомобильдің бензин құятын багінің (сауытының) ішкі куысын атмосферамен қосатын желдету жүйесі.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері.
Желдетудің бірнеше міндеті бар. Адамдардың және жануарлардың тіршілік әрекеті өндірістік процестер, жылу, зиянды газдар, бу және шаңдар бөлінумен қатар жүреді және уақыт өте келе бөлменің ауасын тыныс алу үшін жарамсыз етеді. Тұрғын және азаматтық ғимараттар үшін қарапайым және көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жануарлар, мал шаруашылығы кешендерінде жоғары айтылған бөлінулерге аммиак қосылады. Өндірістік ғимараттар ауасына бөлінетін зиянды заттар көптеген қосылыстардан тұрады. Олардың ішінде радиоактивті аэрозольдар, концерогенді заттар, жарылысқа қауіпті гадар мен булар, сонымен қатар тері мен ағзаның шырышты қабатына әсер ететін түрлі қосылыстар. Желдетудің негізгі міндеті өндірістік бөлмеде адамның болуы үшін және заттардың жұмыс істеуі үшін, технологиялық қолайлы ауа үшін ұстап тұру. Мысалы, тоқыма фабрикаларының жіп иіретін цехтарында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100 пайыз деңгейде ұстап тұру керек, жеміс жидек сақтайтын сақтау камераларында 0. 1-0. 2 градус целисий ұстап тұру керек. Адамдарға әсер ететін зиянды заттар кәсіптік деп аталатын аурулар тудырады. Олардың басты себебі жұмыс орнындағы қолайсыз жағдайлар болып табылады. Көбінесе бұл аурулар кәдімгі аурулар болып табылады (бронхит, т. б. ) . Кәсіптік аурулардың ішіндегі кең тарағаны пневмоканиоздар, бұл өкпеде шаңның жиналап қалу салдарынан пайда болады. Пневмоканиозды әсер етеін шаңның түріне қарай ажыратады, яғни силикоз, асбестоз. Олардың байқалу белгілері жөтел, күрт әлсіздік, тері жамылғысының сұрғылттануы, осылардың күшеюі ракқа әкеліп соқтырады.
Өнеркәсіптік мекемелердегі ауалы ортаның санитарлы-гигиеналық шарттары туралы жалпы мағлұмат.
Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.
Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен атмосфера ластануының алдын алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарларында көзделеді. Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.
Рұқсатта көзделген шарттар мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ халықтың денсаулығына қатер төнгенде атмосфераға лас заттар шығару атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылау жасайтын органның шешімі бойынша шектелуге, тоқтатыла тұруға немесе тыйым салынуға, жекелеген өнеркәсіп қондырғыларының, цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың қызметін тоқтатуға дейін шаралар қолданылуға тиіс.
Автомобильдер, ұшақтар, кемелер басқа да қозғалыс құралдары мен қондырғыларын жобалауды, өндіруді және пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ол құралдар мен қондырғылардың лас заттарды атмосфераға шығаруын болғызбау әрі азайту жөніндегі шаралар жиынтығын жасап, жүзеге асыруы қажет.
Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері тастанды заттардың жол берілу шегінің белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс. Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді. Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның қорғалуын бақылайтын органдармен келісілуге тиіс.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдардың мынадай талаптары бұзылған жағдайларда:
- атмосфералық ауаға лас заттар шығарудың жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;
- атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;
- атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау үшін орнатылған құрылыстарды, жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;
- атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жаңадан салынған және қайта құрылған кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа объектілерді пайдалануға қосқаны;
- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою, өсімдік қорғау құралдарын, өсімдіктің өсуін шапшаңдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да аппараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін бұзғаны, атмосфералық ауаны ластағаны немесе ластайтын қатер төндіргені
Өнеркәсіптік желдеткіште қолданылатын аэродинамиканың негізгі заңдары.
Аэродинамика-(грекше air-ауа, dynamic-куш) ауа қозғалыс заңдарын және онда қозғалатын денелердің бетіне әсер ететін күштерді зеттейді. Аэродинамика газ тәрізді ортаның қозғалысының және оның денемен өзара әрекетінің заңдарын зерттейтін механиканың бөлігі. Авиация, космостың, ракета және басқа техникада жоспарлау кезінде кеңінен қолданылады. Аэродинамика теориялық(газ қозғалысының заңдылығын және оның денеге ықпал етуін эерттейді) және эксперименттік(газ қозғалысы және оның айнала ағу денелерімен, аиап айтқанда, аэродинамикалық трубалар модельдеріндегі немесе ұшу аппараттарында өзара әрекетін зерттейді) болып бөлінеді. Аэродинамиканың негізгі мақсаты-қозғалыстағы денеге газ әсер ету кезінде пайда болады. Күш пен жағдайда ұшу аппараттарының аэродинамикалық сипатқа ие болуын зерделеу
Аэродинамикалық күштер - ауада не газды ортада қозғалушы денеге әсер ететін күштер. Ауадан ауыр ұшатын аппараттардың ұшуы ауа ағысының кезінде пайда болатын осы күштерді пайдалануға негізделген. Аэродинамикалық күштердің көлемі ауа ағысының жылдамдығына, ауа тығыздығына, дененің бітіміне, жоғары сыртқы беттің жай-күйіне байланысты. Аэродинамика жеке ғылым ретінде 20 ғасырдың бас кезінде авиацияның дамуына байланысты қалыптасты. Аэродинамакада жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан төмен(340м/с ) қозғалыстар қарастырылады. Сондықтан ол ұшу аппараттары қалақты машиналарды жасауда теория негізі болып табылады. Аэродинамиканың негізгі шешетін мәселесі - аэродинамик. көтеруші күшті жоғарылату, аэродинамикалық кедергіні азайту жолдарын іздестіру. Аэродинамика теориясы аэромеханикалық теңдеулер түрінде дәлелденеді. Аэродинамиканың тәжірибелік әдістері арқылы (мысалы, аэродинамикалық құбырда сынау) ұқсастық теориясына сүйене отырып ұшу аппараттарына әсер ететін аэродинамик. күштер (алдымен кішірейтілген модельді сынау арқылы) анықталады. Ал авиациялық емес аэродинамикада (өнеркәсіптік Аэродинамика) жел қозғалтқышы, ауа ағынды аппараттар (эжекторлар), желдеткіш техникасы (ауа кондиционерлері), жер көлігінің (автомобильдер, поездар) қозғалысына байланысты пайда болатын аэродинамикалық күштер, сондай-ақ үйлер мен ғимараттарға желдің әсері, т. б. қарастырылады.
Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz