Азаматтық құқық-құқықтың бір саласы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.Қазақстан Республикасыазаматтық құқығының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2.Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы және азаматтық құқықтың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

3.Азаматтық құқықтың принциптері (қағидалары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

4.Азаматтық құқық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
КІРІСПЕ

Азаматтық құқықты және оның салаларын - саяси құбылыс ретінде қарастырады, себебі ол қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Азаматтық құқықты жалпылай алғанда көптеген ғалымдар,жазушылар зерттеп көптеген мақалалар мен зерттеу жұмыстары арналған. Азаматтық құқықты тұтас саяси-құқықтық құбылыс ретінде қарастырған кезде,оның демократиялық мемлекет жағдайында объективті қажеттілігін ғана емес сонымен қатар мемлекеттің өзінің өмір сүруі мен дамуындағы мәнін түсінуге болады. Азаматтық құқық қоғамның табиғи тарихи даму процесінің жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік негізі болып табылады.Азаматтық құқық және оның салалыры мемлекеттің өз тұрғындарының саяси-құқықтық көрінісі болып табылады. Өтпелі кезеңдердегі қабылданған еліміздің Ата заңдарының қай-қайсысын алмасақта, олардың мәтіндерінен адам тағдарына байланысты әр қилы тұжырамдарды көруге болады. Өйткені оны халқымыз ел тағдарынан ажыратпаған. Тіпті қиын қыстау кезеңдерде де Кеңес үкіметі жеңісімен өздерінің заңдарында оған дейінгі заманда қалыптасқан сословиелік, ұлттық-діни және басқа да шектеушілік пен артықшылықты жойып,еңбек адамының қадір-қасиетін көтеруді бекітті. Адам мен азамат тағдыры әрқашан өзекті мәселелердің бірі болып есептелді. Осы азаматтық құқықты көптеген ғалымдар зерттеп, жазушылар көптеген өз еңбектерін қалдырған.Солардың ішінде Ғазиз Ибрагимұлы Төлеуғалиев. Ғ.И.Төлеуғалиев Қазақ мемлекеттік заң академиясының профессоры, азаматтық құқық саласындағы көрнекті маман, ғалым.
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Тарих парағы астарлағандай, қандай мемлекет болмасын адам тағдырын сөз еткенде әу бастан-ақ заң жүзінде тұжырымдалатыны өз елінің азаматтарының құқықтарын елең етпей кеткен еместігі.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады деп Қазақстан Республикасының ата заңында яғни Конституциясында бекітілген.Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарына ие болып,міндеттер атқарады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Осы тақырыптың мақсаты ол адамдар өздерінің азаматтық құқықтарын, яғни күнделікті өмірде кездесіп жататын құқықтарын біліп, және Республика азаматтары болып табылмайтын яғни шетел азаматтарының қандай міндеттері мен құқықтары бар екендігін жалпылама білу. Осы Егеменді еліміз Қазақстан Республикасы қашанда болсын халықты оның бостандығы алға қойған.
Азаматтардың азаматтық құқықтары мен бостандықтары,міндеттері туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазіргі кезде халықаралық аренада көптеген мемлекеттер өздерін құқықтық мемлекетпіз немесе оны құру жолындамыз деп жариялады және бұл идеялар тиісті нормативтік актілерде бекітілген.Олардың ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Қазақстан Республикасы өз мемлекеттік тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендік алғаннан кейін, құқықтық мемлекет құру бағытында.Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында келесідей көзделген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»
1991-1995 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылу процесі Қазақстан Республикасының дамуының келесі бір белесі еді. Конституцияны қабылдау мақсатында нормативтік түрде құжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды. Алғашқы Қазақстан Республикасының Конституциялық жобасы туралы жоғарғы кеңестік сессиясында баяндама жасаған елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа тәуелсіз мемлекеттің конституциялық негізі Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады» Конституцияны қабылдау бұл күнді яғни 1995 жылдың 30 тамызын барша жұрттың, ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы армандап,аңсаған армандары орындалды десек болады. Ғасырлар бойы бодандықта өмір сүріп, күндер бойы еркіндікті аңсап өткен қалың қазақ елінің аспанына нұр шашылған күн. КСРО-ның күйреп, саяси аренадан кетуі,бұрынғы социалистік республикалардың енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналуы заңды процесс. Социализмнің қоғамдық құрылысы қалың қазақ еліне де өз септігін тигізді. Социалистік одақтас республикалардың құрамында болған Қазақстан Республикасы енді демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет ретінде танымал бола бастады. Қазақстан Республикасының конституциясының басты желісі Қазақстан Республикасын зиялы және біртұтас мемлекет ретінде дүние жүзіне танымал ету. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағының тұтастығы, оның бөлінбейтіндігі, адам және оның өмірінің бостандығы, жеке тұлғаның құқығы ең қымбат қазына деп танылды. Адам құқығы ең жоғарғы құндылық,оны сақтау:алдыңғы қатарлы дамып,жетілген елдердің қатарына қосылуымыздың кепілі. Осы конституциялық талаптардың орындалуы және қадағалануы прокуратура органдарының басты назары. Бірақ та қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғарғы қадағалаушы прокуратура органдары конституциямен белгіленген міндеттердің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында күші бар заңдардың қолданылуын,адам мен азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын,қылмыстық іс жүргізу сатыларында заң бұзушылықтардың жіберілмеуін заң нормаларының орындалуына қатысты іс-шаралар жүргізулуде. Елбасы Қазақстан халқына жолдауында Ата заң туралы саяси жаңару процесі ең әуелі биліктің заң шығарушы тармағының саяси беделін күшейтуді талап етті, және әрбір қазақстандық заңды құрмет тұтып,заңда жазылған нормалармен талаптарды сақтау керек. Осыған қоса Елбасы: «Біз алдымызға ашық та айқын мақсат қойдық:біз жақсы,тату-тәтті өмір сүргіміз келеді. Біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен де балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық.Бұған біздер және сіздер ғұмырымыздың біраз жылын арнадық ,бірақ та еңбегіміз текке кеткен жоқ,осы таңда біраз жетістіктерге қол жеткіздік.Қазақ елі конституция қабылдағаннан бері экономика саяси қатынастар саласында өркендей түсті» - дейді. Елімізді жаңа жағдайға бейімдеп оны жан-жақты дамытып, өркендеу сатысына жеткізген негізгі заңымыз мемлекеттік құқық тұғырында мықты тегеурінді мемлекетке айналды.Конституция-егеменді еліміздің тек құқықтың меселелерін қамтып қана қоймай, жалпы қоғам дамуындағы көптеген өркениетті істердің арқауы болған. Қазақстан мемлекетінің жетістіктерінің басталуы.Ата заңымызға сәйкес жас Қазақстан Республикасы демократиялық принциптерге сүйенеп отырып,кемел болашаққа нық қадам басуда. Бүгінгі таңда Еліміздің ынталығы жарасып,тұрақтылық пен біркелкілік,бейбітшілік, тыныштық өмірдің іргетасы қаланды.Қазақстан Республикасының конституциясы-кең байтақ еліміздің бодандықтан босап,еркіндігі аңсаған халмымыздың қайырылған қанатын жазған,жарқын болашаққа сенімді қарауға бейімдеген Алтын Заң.Сондықтан да бұл заңды қастерлей қолға алып,әрбір тарауы мен бөлініне мұқият зер сала көңіл бөлу,туған Отанымыз Қазақстанның өсіп өркендеуіне үлес қосу,әлеуметтік экономиканың саяси-этникалық процестеріне белсене орналасу біздің яғни қалың қазақ жұртшылының,бүгінгі жас ұрпақ, яғни қазақ елінің жас қырандарының азаматтық парызы!
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, Алматы: Жеті Жарғы; 2004 жыл.
2 Табанов С.А, Оразова А.Ә Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ өоғамы Ата Заңдарының (Конституцияларының) тарихи-құқықтық сабақтастығы, Алматы: Жеті Жарғы, 2005 жыл.
3 Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы: Жеті Жарғы, 2001 жыл.
4 Заң және Заман журналы 2004-2005 ж.ж.
5 Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. (Ғ. Сапарғалиев 2003ж)
6 Мемлекеттік қызмет. (Е. Баянов 2005ж)
7 Мемлекеттік қызмет (М.Туяков 2003ж)
8 Парасат журналы 2004-2005 ж.ж.
9 Қазақстан Республикасының Конституциясы
10 Жоламан К.Д. Азаматтық қоғам және мемлекет Ж. Құқық және мемлекет, 1999 ж.
11 Бейсенова А., Біржанова К., Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: «Жеті жарғы», 1996 ж.
12 Жамбылов Д., Саясаттану. Оқу құралы, Алматы, 1996.
13 Нысанбаев Ә., Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. – Казахстан. Демократия. Духовное обновление., Алматы, 1999 ж.
14 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы; Алматы; Жеті жарғы, 1997 ж.
15 Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: «Жеті жарғы», 1996 ж.
16 Журнал «Саясат», «Чиновничество в постсоциалистическом обществе: опыт предварительного анализа» Хайруллаева М., Тулегулова А., N6, 1997.
17 Жоламан К.Д. Құқықтық мемлекет, оның түсінігі мен мазмұны. Ж. Құқық және мемлекет РК, 2000.
18 Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы, Алматы, 1999 ж.
19 Теория госудрства и права в схемах и определениях. В.К.Бабаев, В.М.Баранов, В.А.Толстик, Москва, 1998 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым Министрлігі

“Бизнес және құқық факультеті”

“Азаматтық құқықтық және қылмыстық құқықтық” пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән:Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)

Тақырып: Азаматтық құқық-құқықтың бір саласы

Орындаған: ю-21 к тобының

студенті Масугутова Ж.Б

Тексерген:Шакенова Б.Ж

Павлодар 2008

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.Қазақстан Республикасыазаматтық құқығының ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... .6

2.Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы және азаматтық
құқықтың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...9

3.Азаматтық құқықтың принциптері
(қағидалары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

4.Азаматтық құқық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...21

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3

Кіріспе

Азаматтық құқықты және оның салаларын - саяси құбылыс ретінде
қарастырады, себебі ол қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір
сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады. Азаматтық құқықты
жалпылай алғанда көптеген ғалымдар,жазушылар зерттеп көптеген мақалалар мен
зерттеу жұмыстары арналған. Азаматтық құқықты тұтас саяси-құқықтық
құбылыс ретінде қарастырған кезде,оның демократиялық мемлекет жағдайында
объективті қажеттілігін ғана емес сонымен қатар мемлекеттің өзінің өмір
сүруі мен дамуындағы мәнін түсінуге болады. Азаматтық құқық қоғамның
табиғи тарихи даму процесінің жемісі бола тұра, мемлекеттің әлеуметтік
негізі болып табылады.Азаматтық құқық және оның салалыры мемлекеттің өз
тұрғындарының саяси-құқықтық көрінісі болып табылады. Өтпелі кезеңдердегі
қабылданған еліміздің Ата заңдарының қай-қайсысын алмасақта, олардың
мәтіндерінен адам тағдарына байланысты әр қилы тұжырамдарды көруге болады.
Өйткені оны халқымыз ел тағдарынан ажыратпаған. Тіпті қиын қыстау
кезеңдерде де Кеңес үкіметі жеңісімен өздерінің заңдарында оған дейінгі
заманда қалыптасқан сословиелік, ұлттық-діни және басқа да шектеушілік пен
артықшылықты жойып,еңбек адамының қадір-қасиетін көтеруді бекітті. Адам мен
азамат тағдыры әрқашан өзекті мәселелердің бірі болып есептелді. Осы
азаматтық құқықты көптеген ғалымдар зерттеп, жазушылар көптеген өз
еңбектерін қалдырған.Солардың ішінде Ғазиз Ибрагимұлы Төлеуғалиев.
Ғ.И.Төлеуғалиев Қазақ мемлекеттік заң академиясының профессоры, азаматтық
құқық саласындағы көрнекті маман, ғалым.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Тарих парағы астарлағандай, қандай мемлекет болмасын адам тағдырын сөз
еткенде әу бастан-ақ заң жүзінде тұжырымдалатыны өз елінің азаматтарының
құқықтарын елең етпей кеткен еместігі.Адам құқықтары мен бостандықтары
әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра
алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен
қолданылуы осыған қарай анықталады деп Қазақстан Республикасының ата
заңында яғни Конституциясында бекітілген.Республиканың азаматы өзінің
азаматтығына орай құқықтарына ие болып,міндеттер атқарады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Осы тақырыптың мақсаты ол
адамдар өздерінің азаматтық құқықтарын, яғни күнделікті өмірде кездесіп
жататын құқықтарын біліп, және Республика азаматтары болып табылмайтын
яғни шетел азаматтарының қандай міндеттері мен құқықтары бар екендігін
жалпылама білу. Осы Егеменді еліміз Қазақстан Республикасы қашанда болсын
халықты оның бостандығы алға қойған.

Азаматтардың азаматтық құқықтары мен бостандықтары,міндеттері туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Қазіргі кезде
халықаралық аренада көптеген мемлекеттер өздерін құқықтық мемлекетпіз
немесе оны құру жолындамыз деп жариялады және бұл идеялар тиісті
нормативтік актілерде бекітілген.Олардың ішінде Қазақстан Республикасы да
бар. Қазақстан Республикасы өз мемлекеттік тәуелсіздігі мен мемлекеттік
егемендік алғаннан кейін, құқықтық мемлекет құру бағытында.Бұл туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында келесідей көзделген:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, әлеуметтік және
құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және
оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
1991-1995 жылдар арасында Республика тарихында аса маңызды саяси
сипаты бар құбылыстар орын алды. КСРО-ның ыдырап, ТМД-ның құрылу процесі
Қазақстан Республикасының дамуының келесі бір белесі еді. Конституцияны
қабылдау мақсатында нормативтік түрде құжат қабылдау қажеттігі өзекті
мәселелердің бірі болды. Алғашқы Қазақстан Республикасының Конституциялық
жобасы туралы жоғарғы кеңестік сессиясында баяндама жасаған елбасы
Н.Ә.Назарбаев: Жаңа тәуелсіз мемлекеттің конституциялық негізі Қазақ ССР
мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады Конституцияны қабылдау
бұл күнді яғни 1995 жылдың 30 тамызын барша жұрттың, ата-бабамыздың сан
ғасырлар бойы армандап,аңсаған армандары орындалды десек болады. Ғасырлар
бойы бодандықта өмір сүріп, күндер бойы еркіндікті аңсап өткен қалың қазақ
елінің аспанына нұр шашылған күн. КСРО-ның күйреп, саяси аренадан
кетуі,бұрынғы социалистік республикалардың енді өз алдына тәуелсіз
мемлекеттерге айналуы заңды процесс. Социализмнің қоғамдық құрылысы қалың
қазақ еліне де өз септігін тигізді. Социалистік одақтас республикалардың
құрамында болған Қазақстан Республикасы енді демократиялық, құқықтық,
зайырлы, әлеуметтік мемлекет ретінде танымал бола бастады. Қазақстан
Республикасының конституциясының басты желісі Қазақстан Республикасын зиялы
және біртұтас мемлекет ретінде дүние жүзіне танымал ету. Конституцияға
сәйкес Қазақстан Республикасының аумағының тұтастығы, оның бөлінбейтіндігі,
адам және оның өмірінің бостандығы, жеке тұлғаның құқығы ең қымбат қазына
деп танылды. Адам құқығы ең жоғарғы құндылық,оны сақтау:алдыңғы қатарлы
дамып,жетілген елдердің қатарына қосылуымыздың кепілі. Осы конституциялық
талаптардың орындалуы және қадағалануы прокуратура органдарының басты
назары. Бірақ та қазіргі таңда еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғарғы
қадағалаушы прокуратура органдары конституциямен белгіленген міндеттердің
талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында күші бар заңдардың
қолданылуын,адам мен азаматтардың конституциялық құқығының
қорғалуын,қылмыстық іс жүргізу сатыларында заң бұзушылықтардың жіберілмеуін
заң нормаларының орындалуына қатысты іс-шаралар жүргізулуде. Елбасы
Қазақстан халқына жолдауында Ата заң туралы саяси жаңару процесі ең әуелі
биліктің заң шығарушы тармағының саяси беделін күшейтуді талап етті, және
әрбір қазақстандық заңды құрмет тұтып,заңда жазылған нормалармен талаптарды
сақтау керек. Осыған қоса Елбасы: Біз алдымызға ашық та айқын мақсат
қойдық:біз жақсы,тату-тәтті өмір сүргіміз келеді. Біз еркіндікке ұмтылдық,
біз бәрінен де балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін
қаладық.Бұған біздер және сіздер ғұмырымыздың біраз жылын арнадық ,бірақ та
еңбегіміз текке кеткен жоқ,осы таңда біраз жетістіктерге қол
жеткіздік.Қазақ елі конституция қабылдағаннан бері экономика саяси
қатынастар саласында өркендей түсті - дейді. Елімізді жаңа жағдайға
бейімдеп оны жан-жақты дамытып, өркендеу сатысына жеткізген негізгі заңымыз
мемлекеттік құқық тұғырында мықты тегеурінді мемлекетке айналды.Конституция-
егеменді еліміздің тек құқықтың меселелерін қамтып қана қоймай, жалпы қоғам
дамуындағы көптеген өркениетті істердің арқауы болған. Қазақстан
мемлекетінің жетістіктерінің басталуы.Ата заңымызға сәйкес жас Қазақстан
Республикасы демократиялық принциптерге сүйенеп отырып,кемел болашаққа нық
қадам басуда. Бүгінгі таңда Еліміздің ынталығы жарасып,тұрақтылық пен
біркелкілік,бейбітшілік, тыныштық өмірдің іргетасы қаланды.Қазақстан
Республикасының конституциясы-кең байтақ еліміздің бодандықтан
босап,еркіндігі аңсаған халмымыздың қайырылған қанатын жазған,жарқын
болашаққа сенімді қарауға бейімдеген Алтын Заң.Сондықтан да бұл заңды
қастерлей қолға алып,әрбір тарауы мен бөлініне мұқият зер сала көңіл
бөлу,туған Отанымыз Қазақстанның өсіп өркендеуіне үлес қосу,әлеуметтік
экономиканың саяси-этникалық процестеріне белсене орналасу біздің яғни
қалың қазақ жұртшылының,бүгінгі жас ұрпақ, яғни қазақ елінің жас
қырандарының азаматтық парызы!

1.1Азаматтық құқықтың ұғымы

"Азаматтық құқық " атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер
Рим азаматтарының құқығы-цивилъді (jus сіvіlе) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер
құқығы). Римдік jus сіvіlе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық
және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа
қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың
римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған
қарамастан "сіvіlе" атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң
терминологиясына (Zivilrecht, droit сіvіl, сіvіl Іаw) кірді. Содықтан да
азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды
цивилист деп жүр,
Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum jus privatum) деп екі салаға
бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан
былайша ашып көрсетеді: "жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық
мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мұддесіне сай
келеді".[3.,12]
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп
бөлінбейді.Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне тән ғана және белгілі
бір ерекшеліетері бар институттардың аясында қалыптасты деп айта аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі
бір дәрежеде ұқсастық бар. Сондықтар азаматтық құқықтық жүйелерде болып
жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін
тигізіп отыр. Бұл орайда біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен
жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді
жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз. Ендеше осы бағытта
әртүрлі өркенитеттрдің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша
айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық
құықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құықпен
реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы. [3.,58]
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай
салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдісі
қолданылады. Дәл осы пәне мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан
Республикасының басқа да құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен
бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқықғының пәнін тауар-ақша
қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар құрайды. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар
басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке
қатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады.Материалдық игіліктермен байланысы бар қоғамдық
қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену
немесе мүліктің тиістілігіне қарай, мүліктің бір адамнан екіншісіне
ауысуы, өтуі, меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу
тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен
реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып
алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып
табылады. [5.,69]
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей
реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені олардың өзі әртүрлі сипатта
кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік дегеніміз заңды белгі болып
табылмайды, ол тек қана экономикалық түсінік. Сондықтан да азамттық құқық
пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын тұсын бөліп
қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік
қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда белгілі бір экономикалық
құндылыққа ие болумен байланысты материалдық объектілер жайында адамдардың
арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында болатындығы нарықта
дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы, қатысушылардың өзара келісім және
өзара шарт жасауы.
Мүліктік құндылық қатынастарға ең алдымен қатысушылардың құн заңына
сүйенетін мүліктік қатынастардың теңдігіне негізделген тауар-ақша
қатынастары және өзге де қатынастар жатады десек, нарықтағы экономика
жағдайында тауар-ақша қатынасы азаматтық құқықты реттеудің негізгі өзегіне
айналады.[7.,85]
Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес
қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі
түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы
жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) реттейді.
Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы
бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі "байланыстылық" деген
сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық
қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындалды (мәселен, авторлық,
өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір заңды
тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын
тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін
мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа
байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен
реттеледі.
Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші
түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа
субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән
әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны
болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.
Мүліктік емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Кон-ституциясымен
реттеледі. Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын
құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік
қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең
ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне,
осындай. Енді әдістеме жөніңдегі мәселеге тоқталайық.

2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСҚА ҚҰҚЫҚ
САЛАЛАРЫМЕН ШЕКАРАСЫ

Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі
болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқықтық мәртебесінде
(статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың
мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла
көрсетілген.[2.,56]
Мүліктік және мүліктік емес қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу
әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы
олардың тауар - ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі
теңдігімен сипатталады (АК-тің 1 және 2-бабы, 1-тармағы).
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігіне
келсек, олардың азаматтық айналымда тең құқықты, тәуелсіз субъектілер
екендігін көреміз, әрі оның әрқайсысы мүліктік оқшаулыққа ие болады, сондай-
ақ бір-бірімен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық
құқық субъектілерінің бірде-бірі азаматтық құқық қатынасында екінші жаққа
біржақты міндет жүктеуіне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық
қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екінші жақ үшін
міндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;
ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз
еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге
асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда
және шарт тың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде
ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың
қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды
таңдауына мол мүмкіндік жасалады;
б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану
құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігін таңдауға ерікті (теңдік
және тұлғалардың өз құқықтарын толық пайдалану мүмкіндігі). Азаматтық
құқықты қорғау сотпен (төрелік сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады,
бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді
жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістері
қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты
қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, құқық
қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша
айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер
қандай да бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей
сүйенуі керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден
жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім
қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады.
Азаматтық кодекстін 9-бабының 1-тармағына мемлекеттік басқару органының
немесе жергілікті өкілді атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін
құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық
құқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген. Азаматтық кодекс қабылданғанға
дейін көптеген құқық қолданушы органдар заңға сүйеніп жасаған құжаттардың
сол заңға сәйкес келмегенімен іс жүзіңде оның қолданылып келгеніңе әрі
мұңдай заңсыз құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте кез
жеткізген болатын, ал осындай келеңсіздік кеп қиындық келтірді;
в) азаматтық-құқықтық жауапкершілік өзіндік сипатымен, атап айтқанда,
мүліктік және өтем түрінде айқындалады; сондай-ақ оған келтірілген залалды
толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген
жағдайда, Бұл заң бұзушының кінәсінің қандай екендігіне де байланысты
болады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ
мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке
қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы.
Бұдан бұрын айтылған құқықтық реттеудің пәні мен әдістемесі азаматтық
құқықтың онымен шектес басқа салалардан бөліп қарауға мүмкіндік береді.
Бірақ та азаматтық құқықты шектес салалардан оқшаулағанда төмендегідей
жағдайларға көңіл аудару қажет:Азаматтық кодекс қабылданғанға дейін
азаматтық құқық өзіне тән қатынастарды реттеді. Қазақстан КСР Азаматтық
кодексі бойынша отбасы, еңбек , жер қатынастары, сондай-ақ колхоздағы
өздерінің Жарғысынан бастау алатын қатынастар, суды пайдалану жөніндегі
қатынастар тиісінше-отбасы, жер, колхоз және су жөніндегі заңдарымен
реттеліп келді .
Азаматтық және еңбек құқықтарының ара жігін ашу белгілі бір жағдайда
өзіндік қиындықтар туғызады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің кейбір
нормаларының тікелей еңбек қатынастарын реттей алатындығына мән берген жоқ.
Атап айтар болсақ, Азаматтық кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке кәсіпкер
мен азаматтардың арасындағы еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты
жасасу мүмкіндігі жөнінде болып келген дауларға нүкте қояды. Жоғарыда
атап кеткендей еңбек қатынастарына азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі
азаматтық құқықты қолдану мүмкіндігі Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-
тармағында ап-анық көрсетілген.
Осы орайда еңбек құқығы пәнінің азаматтық құқықтан айырмашылығы –оның
еңбек үрдісіндегі қатынасты реттеуінен көрінеді. Себебі онда еңбек
нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс күші тауар болып табылмайды. Сол себепті де
жекелеген жағдайда жалақы жұмыс күшінің құнын бағалаудың нысаны бола
алмайды, жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу оның істеген ісінің саны мен
сапасына қатысты келеді. Құқықтық реттеу әдістемесі тұрғысынан қарағанда,
жұмыскер жұмыс берушімен шарт жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске
айналатынын байқау қиын емес, дейтұрғанмен жұмыскер ақыр аяғына еңбек
тәртібіне бағынып, әкімшіліктің талабын, сондай-ақ оның еңбек ету
міндетіне жататын басқа да міндеттерді орындайды. [3.,67]
Отбасы құқығы некеге және басқа да отбасына қатысты мәселелерді реттейді.
Отбасы құқығы некеге тұру, некені түзу және оны жарамсыз деп танудың
жағдайы мен тәртібін реттейді, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балалардың отбасында қалу тәртібі мен түрін, азаматтық хал-актілерінің
тіркеу тәртібін, сондай-ақ отбасы мүшелері арасындағы мүліктік емес жеке
қатынастарды айқындайды. Қажет кезінде туыстар мен басқа адамдар арасындағы
жағдайлар заңда көзделген ретте қаралады.
Отбасы құқығына реттеудің ерекше әдістемесі тән, ол ерікті түрде болады,
ал жарлық ету түріндегісі –императивті , яғни бұрықты сипатқа ие. Осы екі
бастаудың өзі оның ерекшелігін білдіреді.
Отбасы құқығының дербестігіне қарамастан ол туралы заңмен реттеуге
келмейтін отбасылық қатынастарға азаматтық заң қолданылады. Ал мұның өзі
отбасы қатынастарына қайшы келе қоймайды. [5.,25]
Азаматтық құқық табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны
қорғау жөніндегі қатынастардан былайша ерекшеленеді:а) табиғи объектілерді
пайдалану мен қорғауда мүліктік сипаттың болмауымен,бірақ материалдық
құндылық болып санала тұрса да толық түрде мүлік дәрежесіне ие бола
алмайды. Сонымен табиғи объектілңр арнайы есеп жүйесі кадастрмен есепке
алынады. ә)әзірге табиғат пайдалану жүйесінде толық дәрежедегі тауарлық
қатынастарға түгел қосылған жоқ. Солай бола тұрса да заңда табиғатты
пайдалану арқылы көрсетілген, бірақ заңға
сәйкес табиғат пайдаланушыларға табиғи ресурстарды сатуына және сатып
алуына рұқсат етілмейді.
Экологиялық әдебиеттерде кездесетін осындай пікірлерге қарамастан
азаматтық құқық жерді меншіктену және жер учаскелерін пайдалану
қатынастарын мейілінше кең түрде реттейтінін айта кеткен жөн. Бұл орайда
тұлғалардың құқықтарын да қорғайды. Осыдайн-ақ табиғи ресурстарды
пайдалану және айналадағы ортаны қорғау заңымен реттеуге келмейтін
қатынастарға азаматтық заңды пайдалану қажеттігі дау туғызбайтындығын
көреміз.
Азаматтық кодекстің 1- бабының 4-тармағына сәйкес, заң құжаттарында
көзделген реттердіқоспағанда, бір тараптың екіншісіне әкімшілік немесе
өзге де билік жағынан бағынуына негізделген мүліктік қатынастарға, оның
ішінде салық жөніндегі және басқа бюджеттік қатынастарға азаматтық заңдар
қолданылмайды.
Жоғарыда аталған қатынастардың азаматтық құқықпен арадағы жігін ашу
онша қиындық туғызбайды, жекелеген жағдайда олар бір-бірімен пәні бойынша
, ал өзге ретте құқықтық реттеу әдістемесі бойынша бөлектенеді, ал кейбір
жағдайларда олардың жиынтығын талап етеді. Сөйтіп, бір жағы екіншісіне
қандай да бір бағынышты болғанда мүліктік қатынас азаматтық заңмен
реттелмейді. Осыған орай әкімшілік не басқа да қатынастар азаматтық заңдар
қарауынан шығып қалады.

3.Азаматтық құқық принциптері (қағидалары)

1. "Принцип" (қағида) термині латынның сөзі — бастау, негіз дегенді
білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) — ол нормативтік сипаты бар,
қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа
алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды
тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық
құқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады.
Принциптер (қағидаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы
норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде
көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі.
Принциптер азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа
алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы
негіздері мен мәнісі беки түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік
мәнге ие болды және оны қолдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды
азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты
тұжырымдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заңдардың жалпы
негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпылама тұжырымдамамен
шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы).[6.,123]
Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен маңызы туралы
былай деп тұжырымдайды: "Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін нормалар
түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң
құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану
қажет болған жағдайда заң принциптері басшылыққа алынады. Төртіншіден,
мұңдай принциптер құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе шарт
талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсінілуі жүзеге асырылғанда
назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392- баптарын қараңыз).
Бесіншіден, заң принциптеріне сүйене отырып, заң нормалары арасындағы
қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған
жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды
қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің
сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы
құқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық принциптері өзінің реттеу
жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды,
яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқығын азаматтық құқықтар
арқылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.
Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:
1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
шарт еркіндігі;
жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге
болмайтындығы;
азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық
заңдардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабында бекітілген. Яғни сол
арқылы мемлекет пен қоғамның азаматтық заңдарының алдына қойған мақсаты мен
міндетін орындаудағы азаматтық, заңның демократиялық және ізгілікті
қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ
дейміз.
"Азаматтық қуқықтық қатынастарга қатысушылардың теңдігі. Азаматтық
құқықтың басты қағидаттарының бірі олардың қатысушыларының теңдігіне
байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға қатысушылардың тендік принципі
қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен
айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқықтық қатынастарда тараптардың жағдайы
тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа
қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның
мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Халықаралық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі жүйесі
Халықаралық жеке құқық нормалары
Азаматтық құқық нормалары
Құқық жүйесі
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы, құқық жүйесіндегі орны
Халықаралық дербес құқық түсінігі
Пәндер