Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту: Жеке кәсіпкерлік туралы заңға талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. жеке кәсіпкерлік туралы заң»

Оқу пәні: «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері»

Орындаған: Омаргалиева. К. Т тобы: МШ - 409

Тексерген: Есенбекова З. Ж.

Семей қ, 2015 ж

Жоспар:

1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.

2. Жеке кәсіпкерлік туралы заң

3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi :

  • Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
  • Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;
  • шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;
  • шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;
  • шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттары :

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;
қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.
мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді.

Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары

1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
2. Мүдделi мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларға жекелеген жобаларды енгiзу туралы дербес ұсыныс жасауға хақылы.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында елімізде жеке бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған. Осы заңда анықталған төмендегідей бағыттар мен жолдарды атап көрсетуге болады.

Жеке бизнестіті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

• Жеке бизнесті мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;

• Жеке бизнесті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, индустриялық аймақтарды және жеке бизнес инфрақұрлымының басқа да объектілерін құру және дамыту.

Бюджет қаражаты есебінен жеке бизнес субектілерінің қызметін оқу-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:

• Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;

• Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;

• Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құу;

• Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жоғарыда аталған бағыттармен бірге келесілерді де қамтиды:

• Шағын бизнес субъектілерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологиялады пайдалану үшін жағдай жасау; :

• Шағын бизнес субъектілерін мемлекетік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу;

• Шағын бизнесті дамытудың мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;

• Оңтайлы салық режимін белгілеу;

• Шағын бизнеске кредит берудің бағдарламаларын қабылдау, сондай-ақ бюджет қаражаты еебінен гранттар мен займдар беру;

• Шағын бизнесті қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесін жасау;

• Мемлекеттік мұқтаждар үшін тауарларды сатып алудың кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету;

• Жұмыс істеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтік ұйымдар мен шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерін дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар дайындауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк
қолдау шаралары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту: Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту: Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры және Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту: Жеке кәсіпкерлік туралы заңның негіздері
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту: Жеке кәсіпкерлік туралы заң негіздері
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту: жеке кәсіпкерлік туралы заң және қолдау тетіктері
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту: Жеке кәсіпкерлік туралы заңның талдауы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту: Жеке кәсіпкерлік туралы заң негізінде
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту: Жеке кәсіпкерлік туралы заң және Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламалары
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және жеке кәсіпкерлік туралы заң
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz