Аудит стандарттары және аудиторлардың этикалық нормалары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ОӨЖ
Аудит стандарттары және аудиторлардың этикалық нормалары
Орындаған: Қадырова Ж. Р.
Тобы: УА-303
Тексерген: Серекбаева Б. С.
Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Аудит стандарттары
- Аудитордың кәсіптік этикасы
- Аудиторлық қызметті дамыту бағыттары
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
Аудит стандарттары және аудиторлардың этикалық нормалары
1. Аудит стандарттары
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшылдық принциптерді басшылыққа алу керек. Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Аудиторлық қызметінің стандарттары болып практикада жалпы қабылданған кәсіптік қызмет механизмін реттеуі болып саналады. Аудит, оның мақсатын, маңызын, мәселелерін жүзеге асыру, механизм процедурасына жетісу және шешуін бір методолигиялық база принципі негізінде шығару.
Стандарттар аудиторлар Палатасымен әзірленеді және олар үш топқа бөлінеді:
- жалпы ережелер (стандарттар) ;
- аудиторлық тексеру жүргізу ережелері (стандарттар) ;
- есеп беру жүргізуінің ережелері (стандарттар) ;
Стандарттар түсінікті, біртұтас және халықаралық көзқарасты есепке алу тиіс. Стандарттар қолданылуы фирманың ішкі әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруымен тікелей байланыста.
Әдістемелік жұмыстарының бағыттары болып:
- фирма ішіндегі аудиторлық стандарттарын әзірлеу;
- аудит әдістерін әзірлеу;
- фирманың пікірлерін даулы күрделі экономикалық, есептелу және салық сұрақтары бойынша пікірлерін істеп шығару;
- аудиторларды оқытуды ұйымдастыру;
- мамандарды тестілеу, ақпараттау және т. б.
Аудит қызметі клиент және бухгалтерлік есебін пайдаланушылар сеніміне негізделген. Аудит негізгі талаптары оның жетіктігін нормативтік актілерімен анықталады. Бірақ аудиттің адамгершілік және кәсіптік мінезінің анықталған нормалары бар, олар заңменен бекітілмеген. Бұл этикалық талаптар аудиторлық кәсіпке ие болған қоғам ішінде орналастырылады. Бұл талаптарға міндетті ескертпелер қолданбайды, бірақ бірнеше мемлекеттерде кәсіптік ұйымдар мүшелері жылына бір рет этикалық нормаларын қолдану туралы есеп береді.
Аудиторлар және бухгалтерлер кәсіптік басқармаларының негізгі этикалық талаптары:
- дұрыстық;
- тәуелсіз;
- әділдік;
- құпиялылық.
Этикалық-кәсіптік нормалар алдын ала ескерілуі керек:
-аудитор міндеті болып бухгалтерлік есеп беру пайдаланушылардың қызығуында істеу;
-дұрыстық пен қасақана еместік;
-сырттан қысым жасалуына жол қоймау;
-керекті ақпарат көлемі негізінде пікір қалыптасуы;
-құпиялылық;
-басқа аудиторларға жақсы қатынаста болу;
-және де аудиторлардың клиенттермен, мемлекетпен, бухгалтерлік есеп беру пайдаланушыларымен, өзара қатынасы ережелері.
Аудиторларың кәсіптік этикасының кодексі келесі мақалаларды кіргізеді:
- жалпы ережелер;
- жалпы қабылданған моральдық нормалар мен принциптер;
- қоғамдық қызығушылық;
- ауитор дұрыстығы және ықыластығы;
- аудитор тәуелсіздігі;
- аудитордың кәсіптік жетіктігі;
- клиенттердің құпиялылық ақпараты;
- салық қатынастары;
- кәсіптік қызметтер ақысы;
- аудиторлар арасындағы қатынас;
- қызметкелердің ауиторлық фирмамен қатынасы;
- жарнамалар мен көпшілік ақпараты;
- аудитордың қосылмайтын істері;
- басқа мемлекеттердегі аудиторлық қызметтер;
- халықаралық нормаларға осы кодекстің сәйкестігі.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар, сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
- экономикалық субьектілердің;
- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды;
- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау,
- есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.
- Аудитордың кәсіптік этикасы
Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар - жалпы әдеп (рухани аспект) және кәсіби әдеп (іс тәжірбиелік аспекті) . Р. К. Маутц және Х. А. Шараф жалпы кәсіби әдеп мәселелерін зерттей келе, аудиторлар мен кез келген кәсіп иелерінің өзін-өзі ұстау әдебі философтардың барлық адам баласына ортақ әзірлеген өзін-өзі ұстау әдебінің жалпы ұғымын тар мағынада түсініп, қолданудан басқа ештеңені білдірмейді, деп атап кеткен болатын. Осыған байланысты «әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдік талдау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешуші элемент бар:
- Шешімді талдау проблемасы;
- Жаман мен жақсы туралы түсінік;
- Әдеп, адамгершілік (мораль) мәселелерін, оның ішінде моральдік шешімдерді зерделейді.
Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелерінің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т. б. кәсіби кодекстері бар.
Өзін өзі ұстау әдебінің кодексі осы кәсіптің өзіндік ерекшелігі болып табылатын өзін өзі ұстау өлшемдерін дәл анықтап, тиісті ұсыныс береді. Жалпы әдеп теориясына қарағанда кәсіби әдеп кодексінен нақты проблемалардың шешімін табуға болады, оның үстінде, онда кәсіби талаптар да бар. Белгілі бір кәсіп тұрғысынан алғанда кодекс нақты өзін өзі ұстау декларациясы болып табылады, әрі олардың орындалуына ықпал етеді. Онсыз кәсіби тәртіп болуы мүмкін емес.
Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектелмейді. Әрбір адам - тек жеке тұлға ғана емес, ал, сонымен бірге, қандай да бір кәсіптің өкілі және қоғамның мүшесі. Тәуелсіз қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар да «өз әріптестері қабылдайтын шешімдерді» қадағалаушы кеңес берушілер, оқытушылар, сарапшылар болып табылады. Осы функциялардың барлығы кәсіби этика тұрғысынан қарағанда маңызды.
1988 жылы АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қабылданған:
- Міндеттері. Аудиторлар өз міндеттерін орындауда жоғары кәсіби және моральдік сапаларын таныту керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыру қажет.
- Қоғамның мүдделері. Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне қарай әрекет қызмет етіп, оның сенімін ақтап, жоғары кәсіби шеберлігін көрсету керек.
- Адалдық. Қоғамның сеніміне ие болуы үшін аудиторлар өзінің кәсіби міндеттерін адал әрі мінсіз орындауы керек.
- Объективтілігі және тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан бойларын аулақ салғаны жөн. Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.
- Тиісті (жете ықылас-ынта аудару) . Аудиторлар кәсіби стандарттары сақтауы қажет, өз білімдерін жоғарлату және кәсіби міндеттерін толық орындап, қызмет сапасын ұдайы жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.
- Қызмет көлемі және сипаты. Аудиторлар көрсетілген қызметтің көлемі мен түрін анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби кодексінің принциптерін сақтауы керек.
Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:
- Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты - қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болмауы керек.
Тәуелсіздік мына жағдайларда бұзылады. Егер аудитор:
- Клиенттің қайсыбір мүлкін иеленетін болса;
- Таза табысы немесе фирмасының пайдасы тексерілетін компанияның инвестициясымен тығыз байланысты болса, не болмаса компаниямен бірлескен инвестициясы бар болса;
- Компаниядан несие алса немесе берсе (бұл тыйым әдеттегі тәртіппен қаржы институттарын алынатын кредитке қатысты болмайды) ;
- Тексерілетін компаниямен құрылтайшы ретінде байланыста болса;
- Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылғанда;
- Компанияның есептік жазбаларын жүргізіп, есеп саласында шешім қабылдайтын болса, ал компания басшылығы қаржылық есеп беру туралы ақпаратпен оған негізгі жауапкершілікті көтеретіндей шамада ақпарат алмасса;
- Егер компания басшылығы аудиторлық жұмыста олқылықтары үшін аудиторды сот процесімен қорқытатын болса немесе аудитор компания басшылығын алаяқтық пен жалған деп айыптап, сот процесімен қорқытатын болса;
- Клиент инвестор болатын болса, онда инвестор - кәсіпорында аудитордың қаржылық мүдделігі болады;
- Егер аудитор отбасының немесе туыстарының бір адамы клиент ісін тікелей қатысты немесе онымен кәсіпорынды басқару ісіне байланысты болатын болса және тағы басқа.
Адалдық және объектівтілік . Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделерінің сәйкеспеуінен болатын дау жанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмаламауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жанылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұсқан келтіреді.
Жаңа немесе өзгеше операциялар есебінің мәселелері бойынша кәсіпорындарға кеңес беру барысында аудитор бірқатар проблемаларға кезігеді. Аудиторлардың операциялардың есебін дұрыс жеткізу ісінде әр түрлі пікірде болады, сондықтан да кәсіпорын басшысы болып өткен немесе болуы ықтимал операциялардың есебі бойынша басқа бухгалтерлермен кеңесетін болса, оған таңдаудың қажеті жоқ. Осы заманға қаржы нарығы күрделі әрі қитұрқы қаржы аспаптарын жасау барысында тапқырлық танытады, олардың есебі анық бола бермейді.
Кәсіпорын басшылары аудиторларды «сатып алатын» жағымсыз оқиғалар да болып тұрады, мұндайда аудитор олардың өздері көргісі келетін қаржылық есепте ақпаратты анық мазмұндап, білікті есеп жасап береді.
Стандарттарды сақтау. Аудитор стандарттар мен олардың интерпретациясын (түсіндірулерін) сақтауы керек. Осыған сәйкес олар өз кұзыретіндегі қызметтерді ғана көрсеткені дұрыс. Кәсіби қызметті атқару кезінде ол баса назар аударып, қызмет етуді жоспарлау және бақылау; ұсыныстар- жасап, қорытынды шығару үшін қажетті егжей-тегжейлі ақпарат болуы керек.
Құпияны сақтау . Аудитор клиенттің ерекше рұқсаты болмайынша ешқандай құпия ақпаратты жарияламауы керек және мамандығына нұқсан келтіретін әрекеттерге бармауы керек. Атап айтқанда:
• клиент талап етсе де, оған бухгалтерлік және басқа да құжаттарды қайтарып беруден бас тарту;
• кәсіби қызмет барысында нәсілдік, жыныстық, ұлттық белгілері мен ұстанатын діни сенімдеріне қарай кемсітушілікті (дискриминация) жүзеге асыру;
• тексеру барысында егер клиент аудитордан мемлекеттік аудиторлық стандарттарды және нормаларды сақтауын өтінетін болса, онда клиенттің тілегіне қарсы мемлекеттік стандарттар мен нормаларды сақтамауы керек. Себебі, нағыз шынайы фактілерді ашуда мемлекеттік стандарттар мен нормалар дәрменсіздік танытуы ықтимал. Аудитор кейбір жағдайда шынайы фактілерді әдеттен тыс әдістермен ашуы мүмкін;
• бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемесінің тіркеліміне жалған жазбаларды енгізуге келісім бермеуі керек;
• басқа тұлға туралы ақпаратты тапсырғаны үшін клиенттен комиссиялық алым алу немесе клиенттерді тартқаны үшін басқа біреуге төлеу;
Жарнаманы шектеу . Аудиторлар өзінің қызметін немесе фирма атауын жарнамалау арқылы клиенттерді мазалап, адамдарды адастыру арқылы өз қызметін мәжбүрлеп өткізуге немесе алаяқтық жасамауға тиіс.
- Аудиторлық қызметті дамыту бағыттары
Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек маңызға ие болуда. Белгіленген стратегияны іске асыру үшін экономиканың нақты секторының халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына тездетіп өтуді қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылдануда.
Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оған сәйкес аудиторлық қызмет халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:
- осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен, кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз ақпарат беру мүмкіндігімен;
- қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына байланыстылығымен;
- ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен;
- ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен.
Барлық осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.
Аудит Қазақстанда 80-жылдардың соңында пайда болды, дәл сол уақытта аудиторлық ұйымдар өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. Және 1993 жылы аудит «Аудиторлық қызмет туралы» бірінші Заңның қабылдануымен өзінің дүниеге келуін ресми түрде бекітті. Осы уақыт ішінде аудит қаржы нарығы саласында өзінің лайықты орнын тапты, аудит институты ретінде өзінің өмір сүру құқығын дәлелдеді.
Қазіргі уақытта аудиторлық қызметті реттеудің жеткілікті тұтас жүйесі қалыптасты, ол 2006 жылғы 5 мамырда қабылданған өзгерістерімен «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы ҚР Заңын (бұдан әрі - Заң), «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы Заңын қоса алғанда бірқатар нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ҚР Қаржы министрінің Бұйрығымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді қамтыды. Алайда, осыған қарамастан, аудиторлық кәсіпті жетілдіру өзекті мәселелердің бірі болып қалады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында аудит тапсырыс берушілеріне бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін растайтын ресми аудиторлық қорытынды емес, сапалы аудит қажет. Сондықтан, аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын бақылау туралы мәселе төтенше маңызды.
Осыған байланысты, Концепцияның орта мерзімді перспективаға бағыт алуы аудиторлық қызметтер сапасын бақылауды күшейтуге қатысты және осы үшін негізгі күш білікті аудитті дамытуға жұмсалады.
Заңда аудит сапасын және аудиторлық мамандыққа қоғамдық сенімділікті арттыруға бағытталған шаралар кешені көзделген. Ең алдымен, аудитор мамандығын нығайту, оның өзін-өзі реттеуін дамыту, сондай-ақ аудиторлардың кәсіби біліктілігін арттыру туралы сөз болып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz