ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы ақпарат


1.жекешелендіру мәні
2.жекешелендіру әдістері
Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.
Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 10 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Қазақстан республикасы білім және ғылым миністірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Сөж

Тақырыбы: ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері

Тобы:ВМ-401
Орындаған:Нұсқау.Л
Тексерген: Қуантқан. Б.

Семей-2014
Жоспар:
1.жекешелендіру мәні
2.жекешелендіру әдістері

ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
Меншік - қоғамдық құрылыстың негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал - жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.
Иемдену - затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құ райды. Меншік және иемдену деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұ лардың жеке ұ ғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.
Иемдену - шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады - иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Меншік ол зат емес, меншік - заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену - затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру - меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру -- әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру - еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11.Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Жеке меншік туралы мәселе - қоғамдағы өндірістік қатнастарды зерттеудің негізгі көзі болып табылады. Жеке меншік туралы талас бірнеше жылдан бері созылып келеді. Әсіресе, адамзат қалыптасқан дәстүрді бұзып-жарып, қоғамдық меншікті қалыптастыруға алғашқы қадам жасағанда, олар орасан қарсылықтарға ұшырады.
Меншік түсінігінің экономикалық және заңдық мәнін ажырату қажет.
Заңгерлер меншікті ие болу, пайдалану және заттардың, объектінің белгілі бір жиынтығын билеу тұрғысынан қарастырады. Заң түсінігі меншік құқығын объективті және субъективті мәнде қарастырады. Сонымен бірге заң актілері арқылы түрлі меншік субъектілеріне тиісті, иеболуға, пайдалануға және мүлікті билеуге байланысты адамдар арасындағы қатнастарды реттейтін құқықтық нысандар белгіленеді.
Субъекті - объекті Субъекті - Объекті
Меншік құқығы тұрғысынан Адамдар арасындағы өндірістік
мүліктік қатнастарды реттеу қатнастарды реттеу
Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.
Материалдық игіліктер кімге тиісті немесе табиғат өнімдерін кім иемденуде?

Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру - сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.
Меншік - бұл игіліктерді иеліктен айыру - иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатынастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.
Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.
Меншік - тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде.
Экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің әр түрлі нысанының - қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген түрлерінің бірге өмір сүруі мүмкін.
ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.
Қағидада нарықта меншіктің үш түрі барлық уақытта көрінеді:
Мемлекет: 1 билеуші
2 парламент
3 сеньория
Корпорация: 1 храм, монастырь, цех, қауымдастық
Жеке кәсіпкер: 1 жеке заңды тұлға
Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен - қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты.
Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.
Мемлекеттік кәсіпкерлік кейде шаруашылық жүргізу жеке фирманың табиғатына қарама-қайшы келген жағдайда немесе көп қаржы салу және тәуекелді қажет ететін салада жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі ерекшелігі - оның бірінші кезектегі мақсаты табыс алу емес, әлуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ету, кезеңдік құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау, ғылыми-техникалық ілгерушілікті ынталандыру және т.б. Реттеудің осы нысаны өндіріс үшін өмірлік маңызы бар, пайдасы аз кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл барлығынан бұрын, энергетика, көлік, байланыс тәрізді экономикалық инфрақұрлымның салалары. Мемлекеттік кәсіпкерлікпен шешілетін мәселелерге тұрғындарға әр түрлі аумақта жеңілдік беру, ғылыми-техникалық ілгерушілікті тездету мақсатында өмірлік маңызды ғылыми және экономиканың күрделі қаржы сыйымдылығы көлемді салаларына көмектесу және осы негізде елдің әлемдік шаруашылықта беделін нығайту жатады.
Меншік қатнастары реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан - нысанның және мешік қатнастарының өзгергенін білдіреді.
Жекешелендіру - меншік құқығын азаматтарға немесе меншіктің мемлекеттік нысаны қағидасында өндіріс жүргізуші, жеке тұлға беру үдерісі. Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың соңғы мақсаты болып табылмайды - бұл тек меншік қатнастарын қайта құрудың әдісі.
Жекешелендірудің тәсілдері
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.
2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды)
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
1. 1. Кіші жекешелендіру - еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
2. 2. Жаппай жекешелендіру - орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
3. 3. Жеке жобалық жекешелендіру - ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
Экономиканы реформалауда, оның ішінде жекешелендіру үрдерісі өткен жолды сын көзімен саралап көрейік. Қазақстандағы мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру бойынша жүргізіледі. Әрбір кезеңге өз бағдарламасы сәйкес келеді.
І кезең - 1991-1992 жж.; ІІ кезең - 1193-1995 жж.; ІІІ кезең - 1996-1998 жж.
Бірінші кезең төмендегілерді қарастырады:
· Мемлекет қарамағынан алу және сауда, қоғамдық тамақтандыру тұрмыстық қызмет көрсету және камуналдық шаруашылық, өндірістің ұсақ кәсіпорындарын, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы және басқа да экономиканың салаларын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорларын жекешелендіру;
Пайдасы аз және зиянды кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру.
Ұсақ кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер пайдаланылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет қарамағынан алуда оларды акционерлік немесе басқа ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері мен оны жүргізу әдістері жайлы ақпарат
ҚР жекешелендіру кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы мәлімет
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы
ҚР-да жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайында
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері жайлы мәлімет
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь