Құқықты жүзеге асыру


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Тексерген: Алтынбасов Б. О

Орындаған: Сейдуллаева Д. Б

Астана 2015 жыл

ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

1. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары.

2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері жəне кезеңдері.

3. Заңды коллизиялар.

4. Құқықтағы олқылықтар.

5. Құқықтық нормаларды қолдану актілері.

1. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі жəне нысандары. Құқықтық нормалар адамдардың санасы мен еркіне мақсатты түрде əсер ете отырып, оларды заңнамаға сəйкес жүріп-тұруға итермелеу үшін қажет. Қоғамдық қатынастардың қатысушыларының жүріс-тұрыстары арқылы кез-келген заңшығарушы қалайтын нəтижелерге жетуге болады.

Құқықтық нормаларды жүзеге асыру - құқықтық нормалардың ережелері көрініс тапқан адамдардың жүріс-тұрысы, олардың құ-қықтарды жүзеге асыру мен заңды міндеттерді орындаумен байла-нысты тəжірибелік қызметі. Субъектілердің əрекеттерінің сипатына қарай құқықты жүзеге асырудың төрт нысанын бөліп қарастырады:

1) сақтау - қолданыстағы құқықпен тыйым салынған əрекет-терден бас тарту;

2) орындау - оң мазмұнды заңды міндеттерді орындауға байла-нысты белсенді əрекеттерді жүзеге асыру;

3) пайдалану - олар арқылы тұлғаның өз мүддесін қанағат-тандырылатын субъективтік құқықтарды жүзеге асыру;

4) қолдану - құзіретті органдардың нақты бір заңды істі шешуге байланысты биліктік қызметі, нəтижесінде сəйкес жеке акт қабылданады.

2. Құқық нормаларын қолданудың түсінігі, белгілері жəне кезеңдері . Құқықты қолдану - бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:

- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қол-данады;

- биліктік сипатқа ие;

- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады,

- сəйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;

- үш кезеңнен құралады:

1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;

2) істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқыққолданушы осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын жəне нормасын таңдайды;

3) істі шешу; бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды əрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы жəне нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс.

Құқық қолдану дегеніміз - арнаулы субъектілердің (мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың өкілдерінің) нақты өмірлік жағдайларға байланысты құқық нормаларын жүзеге асырудағы нақтылы жеке құқықтық тұжырымдарды шығару жөніндегі мемлекеттік билік жүргізушілік және ұйымдастырушылық қызметі. Мұның өзге нысандардан ерекшелігі сол, бұл жалпы құқық нормаларды белгілі бір адамға (құқықтары бұзылған) және нқтылы жағдайларға бейімделіп қолдану арқылы іс бойынша шешім қабылдау. Әдетте, бұзылған құқықтарын адамдар өздігінен қалпына келтіре алмайды, сондықтан мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгінуге тура келеді. Бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергі жасамайды. Демек, бұл жөнінде тиісті мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар тиісті шешім қабылдаулары тиіс. Мысалы, қызметшілердің ұзақ уақыт бойы тиесілі жалақыларын ала алмауы, зейнеткерлікке шығу, некеге тіркелу қажеттілігін және т. б. Әрине, бұл жұмыстардың сотсыз, әлеуметтік қорғау, азаматтық хал- жағдай актілерін тіркейтін органдарынсыз бітпейтіні бәрімізге мәлім. Сондықтан осы аталған органдардың заңды шешім қабылдауы нақтылы нормативтік құқықьтық актілерде реттелініп тұжырымдалған.

2. Құқықты жүзеге асырудың өзге нысандарынан құқық қолдану мынадай белгілерімен оқшауланады:

- құқықты тек оған өкілеттілігі бар компонентті мемлекеттік оргндар мен қоғмдық ұымдардың өкілдері ғана қолдана алады;

- бұл әрқашанда мемлекеттік биліктік қызмет;

- шығармашылық, ұйымдастырушылық мәнді болып келеді;

- бұл бір- бірімен сабақталып жатқан сатылардан тұрады;

- іс жүргізу (процессуалдық) нысанында жүзеге асырылады;

- бұл жеке нақтылы тұдырымдарды (құқық қолдану актілерін) шығрумен байланысты.

Құқық қолданудың пайда болуы мынадай қажеттіліктен туындайды:

1) құқық бұзушылы жасалынған кезде кінәлілерге тиісті жаза (шара) мөлшерін анықтау;

2) белгілі бір адмның заңда көрсетілген құқықтары мен міндеттерін мемлекеттік органдарсыз, мемлекеттік билік жүргізуші қызметінсіз жүзеге асыра алмайтындығы;

3) Құқық туралы заң шыққанда және соған байланысты өзге біреудің субъективтік (өзіндік) құқығын қорғау қажеттілігінен;

4) құқықты алумен жүктелінген міндеттің дұрыстығын заңда көрсетілген бақылауды жүргізудң қажеттілігінен (нотариаттың куәләндыруы, қандай да болмасын қызметке рұқсат алу, мысалы, заң құжаттарында тізбесі белгіленген жекеленген қызмет түрлерімен заңды тұлға тек лицензия негізінде ғана айналыса алады, т. б. ) .

Құқық қолданудың тағы бір ерекшелігі оның функциясынана көрінеді. Олар екеу: оперативтік атқарушы және құқық қорғау.

Мұның біріншісі, әрине, ұйымдастырушылық іс-әрекет қажеттілігінене туындайтыныы сөзсіз.

Екіншісі, мұқалған (бұзылған) құқықты қорғау, жазаны (шараны) қолдану немесе құқықтық нормаларының бұзылуын болдыртпау қажеттілігінен туындайды. Бұл сот шешімін, әкімшілік органының актіні шығару кезінде пайда болды .

1. Құқық қолдану қызметіне қойылатын талаптар мынадай сатылардан көрініс табады:

1) . Істің нақтылы мән - жайларын анықтау және талдау, зерттеу (айғақты заттар, жазба дәлелдемелер, түсініктемелер, куәләрдің жауабы, эксперттің қортындылары т. б. ) : Бұл сатыда істің шындығын, дәлелдемелердің бар жоғын заңда көрсетілген тәртіппен анықтау және істі дұрыс шешу үшін өзге де мәні бар деректер зерттеледі. Барлық дәлелдемелерді толық жинақтап жан - жақты тексеру - осы сатының басты мақсаты.

2) Құқық нормаларын таңдау мен талдау (заңдылық квалификация) . Құқық қатынастарын реттейтін құқық салаларын, иституттарын және нормаларын табу өте күрделі жұмыс, өйткені із бойынша тек соған қажетті норманы қолдануға тиісті, ол үшін оны қолданатын субъект құқықтық норманың мәтінінің шынайылылығын, оның уақытын, кеңістігіне, Адам-дарға қатыстылығына қарай қолданыста болатындығын, күшін жоймаған-дығын білу қажет. Көп жағдайларда іске қолданатын нормативтік актілер бірнеше болып келеді, әрі бір - бірімен қабыспайды, қарама - қайшылық а болады, әрі ағаттығы да кездеседі.

3) Құқық нормаларының мазмұныны талдау. Оған компетенті субъектілердің түсінік беруі., құқықты қолданушы органдардың қолында осы істі шешуге қажетті нормативтік актінің дәлмен дәл толық мәтіні болуы тиіс.

Осыған байланысты айтарымыз, тек ресми басылымда жарияланған нормативтік актілер, олардың соңғы редакциясы, оған енгізілген өзгертулер, толықтырулар мен тузетулер ғана жарамды де танылады.

4) Құқықты қолдануға байланысты шешімдер қабылдау оған өкілеттігі бар мемлекеттік органдардың құқығы (құқыққолдану актілерін шығару) . Тек осы сатыда ғана іс қарау процесі бітіп, оның тағдыры шешіледі. Іс бойынша шешімде қандай қорытындылар жазылған болса, соған байланысты санкциялар нақтыланып көрсетулері тиіс.

5) шешімнің мазмұнының мүдделі адамдар мен ұйымдарға жеткізілуі. Бұл шешімді шығарған бойда дереу (мысалы, соттың үкімін не шешімін хабарлау барысында) не одан кейін де жеткізулері мүмкін.

4. Құқықтық нормаларды қолдану актілері - бұл нақтылы іс бойынша мемлекеттік билік жүргізуші органдардың белгілі бір жеке актілері. Оның ерекшелігі мынада:

-компоненттік органдар тарапынан шығуы;

-оның мемлекеттік - билік мәнінің болуы;

-жеке мәндестігі;

-ол белгілі бір заңды нысанда жазылуы.

Құқық қолдану актілері мынандай негізде бірнеше түрлерге бөлінеді:

1) нысанына қарай - жарлықтарға, үкімдерге, шешімдерге, бұйрық-тарға, ұйғарымдарға және т. б. ;

2) субъектілерге байланысты - мемлекеттік және мемлекеттік емес актілерге;

3) құқықтық функцияларына қарай-ретемелікке және қорғаушылыққа;

4) заңдық табиғатына сәйкес - негізгі және қосалқыға;

5) құықтық ретеудің пәніне қарай - қылмыстық- құқықтық. Азаматтық - құқықтық, әкімшілік - құықтық және т. б. ;

6) мәнді сипатына қарай - маериалдық және процессуалдық (іс жүргізушілік) .

Құқық қолдану актілерін келесі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1) нысаны бойынша - жарлықтар, үкімдер, шешімдер, бұй-рықтар жəне т. б. ;

2) оларды қабылдайтын субъектілерге байланысты-мемлекет-тік жəне мемлекеттік емес органдардың (мысалы муниципалды органдардың) актілері;

3) құқықтың функциялары бойынша - реттеуші (мысалы, қыз-меттік бұйрықтар) жəне қорғаушы (мысалы, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы) ;

4) заңды табиғаты бойынша - негізгі жəне көмекші; негізгі актілер заңды істің соңғы шешімін көрсетеді (мысалы, үкім), ал көмекші актілер негізгі актілерді шығаруға жəрдемдеседі (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулы) .

5) құқықтық реттеу пəні бойынша - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық жəне т. б. актілер;

6) сипаты бойынша - материалдық жəне іс жүргізушілік.

Құқық нормаларын қолдану сатылары

Құқық нормаларын қолдану процесіндегі негізгі кезеңдер. Құқықты қолдану қызметі бірнеше жүйелі әрекеттік кезеңдерден тұратын қиын процесс.

1. Істің нақты мән-жайын белгілеу. Заң нормаларын қолдану, жоғарыдағы айтылғандай, белгілі оқиғаға сай, белгілі деректермен соларды іс жүзінде қамтамасыз етуге бағытталған. Сол деректер шын мәнісінде, құқық нормаларын қолданудың негізі болып табылады. Сондықтан, құқық нормаларын қолданатын адамдар, ең алдымен деректерді толық анықтап, заңды істі дұрыс шешуге қажетті деректерді ғана таңдап алуға міндетті, тек содан кейін ғана, ұқыпты талдап көрсетілген деректерге баға беруі қажет.

Істің мән - жайын белгілеу міндетті түрде жан-жақты негізделген және заңды болуы қажет. Құқық нормаларын қолданудың дұрыстығы, соған тікелей байланысты. Дәйектемеге және мән-жайдың толықтығын белгілеуге, деректерді терең және жан-жақты зерттеу арқылы жетуге болады.

Еске алатын маңызды мәселе, құқық қорғау органдарымен барлық деректер зерттелмейді, тек сол оқиға сипатына сай және тек заңды істі шешуге тікелей қатынасы бар деректер алынады. Басқа сөзбен айтқанда, деректі мән-жәй, сол мән-жәйға қолданылатын құқық нормаларына сай белгіленеді. Мысалы, белгілі қылмыстық істерді тексергенде, ең алдымен мына деректер анықталуы қажет; кім қылмысты істі жасады, қашан және қай жерде қылмыстық іс жасалды, қандай жолмен, қылмыс жасаудың себебі неде болды. Заңды маңызы бар деректер, куәлердің көрсетуімен, қылмыс жасаған жерді тексеру нәтижесінде, экспертизаның, құжаттарды тексеруінде және басқалардың көмектері арқылы белгіленеді. Бұл деректер заң тәртібімен белгіленіп, заңды дәлелдемелер деп аталады.

2. Тексерілетін деректі, мән- жайларға қолдануға жататын құқық нормаларын таңдау және талдау

Көрсетілген мән-жайдың заңды маңызын белгілегеннен кейін, құқықтық нормаларды құқықтық қолданудың екінші кезеңі басталады. Бл кезеңде, құқық қорғау органдары ең алдымен мына мәселені шешуге көңіл аударады, қандай нормалардың негізінде бұл іс шешілуі қажет. Норманы белгілеу - нақты мән --жайға біліктілік тұрғыдағы, құқықтық баға беру [14, 151б] .

Әрі қарай заңдылық жағынан дұрыс екеніне көз жеткізу қажет, мазмұнында қателік жіберілмегенін тексеру керек, ол норма өзгермеді ме оны да білу қажет. Құқық нормаларының ресми баспадағы сол мерзімге сай толытырылуымен, өзгеруін басшылыққа алу қажет. Мұнда, құқық қолдану органдары, сол пайдаланатын норманың басқа нормалармен және заңға қайшы еместігін белгілеуі қажет. Құқық нормалары, тек сол уақытта қолданылады, егер ол жоғарғы органдардың актыларының ұйғарымына сай келсе.

Таңдалған құқық нормалары олардың әрекетінің уақытына, кеңістігіне және адамдар ортасына сайлауын толық талдаудан өткізеді. Олай дегеніміз, құқық қолданатын органдар мыналарды толық белгілеуге міндетті:

-соның негізінде белгілі істі шешіп жатқан мезгілде сол нормалардың әрекеті күшінде ме;

-істі шешетін кеңістікке оның әрекеті жүре ме;

-құқық нормалары қолданылған адамға, оның әрекетінің қандай қатынасы бар;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормаларын сақтау
Шешімді жүзеге асыру
Құқық қолдану белгілері
Құқық норманың негізгі сипаты
Құқықтық нормаларды іске асыру нысандары
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері
ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ - ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ АУЫР НЫСАНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz