Экологияның негізгі бағыттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Экологияның негізгі бағыттары

Тексерген: Аубакирова К. М

Орындаған: Сейдуллаева Д

Астана

2016 жыл

Жоспар:

  1. Экология және оның бағыттары
  2. Экологияның қалыптасу кезеңдері

Экология ( лат. оіkos - үй, баспана; logos - ілім) - жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің - популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар. Олар:

1. Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.

2. Глобалъды немесе ғаламдық экология - биосфераның бірлігін және

тұтастығын зерттейді. Табиғат және табиғи іс-әрекеттен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауытқуы, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т. б.

3. Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады. Адам экологиясының бір бөлігі - қоғамдық құрылымдардың (жанұя және де басқа кішігірім қоғамдық топтар) оларды қоршаған табиғи және әлеуметтік ортамен байланысын зерттейтін ғылыми салалардың бірлестігі. Бұл бірлестікте цивилизацияның экологиялық факторлары, адамдар популяциясының экологиясы, экологиялық демография, этностардың және этногенездің экологиясы - нәсілдер мен ұлттардың қалыптасуы жатады.

4. Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларға антропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді. Бұл бағыт экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктер тұрақтылығы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі, экожүйе өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы. Геоэкология биогеографиямен тығыз байланысты. Биогеография - тірі организмдердің географиялық таралуы туралы ғылым.

5. Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді. Ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықаралық қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқығын қорғау және этно экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді. Адам экологиясындағы ең маңызды ерекшеліктер: әлеуметтік және биологиялық аспекттерді дұрыс үйлестіріп, қолдана білу.

6. Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қала экожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді. Адамзаттың іс-әрекетінің әртүрлі салаларымен және адамзат қоғамымен табиғаттың арасындағы қарым-қатынастарымен байланысты пәндер кешені. Қоршаған орта туралы ғылымның барлық аспектілері қолданбалы экология арқылы іске асырылады. Қолданбалы экология экономиканың экологиялық критерийлерін қалыптастырады, табиғатқа, қоршаған ортаға тигізілетін антропогендік әсерлердің механизмдерін зерттейді, қоршаған ортаның сапасын бақылайды, табиғи ресурстарды үнемді қолданудың нормативтерін негіздейді, шаруашылық іс-әрекетін экологиялық регламентациясын іске асырады, әртүрлі жоспарлар мен жобалардың экологиялық сәйкестігін бақылайды, қоршаған ортаны қорғаудың және адам әсерінен бұзылған табиғи орталарды қалпына келтіруге қажет техникалық құралдарын жасайды.

Қолданбалы экология өз кезегінде бірнеше бөліктен құралады:

  1. Инженерлік экология - құрылыс, өндіру және өндеу өнеркәсіптерінің, энергетика, көлік өнеркәсіптерінің экологиялық талаптарына жауап беретін инженерлік нормалар және құралдар жасайды және зерттейді.

Бұл:

  • Әртүрлі инженерлік объекттерден шығатын техногендік эмиссияларды (сәулелену, тастандылар) және өнеркәсіптердің материалдық-энергетикалық ағындарын бақылау және регламенттеу;
  • Технологиялық процестердің, қондырғылардың, машиналар мен бұйымдардың экологиялық қауіпсіздігі;
  • Өнеркәсіп кешендерінің салалық құрамдарын, сонымен қатар азаматтық және шаруашылық объектілерді қолданудың және құрылыс объектілерін орналастыруды оңтайландыру.

Инженерлік экология әртүрлі тірі организимдердің инженерлік объектілерге тигізетін әсерін және экологиялық факторлардың әсерін қарастырады.

  1. Ауылшаруашылық экологиясынегізі мал шаруашылығы ауылшаруашылық жануарларының кологиясы мен егін шаруашылығының биологиялық негіздерінен (агроэкология) құралады.

Экожүйелік көзқарас агробиологияны жер ресурстарын тиімді пайдаланудың, экологиялық таза өнім алу және өнімділікті арттырудың принциптерімен және құралдарымен байытады.

  1. Биоресурстық экологиятабиғи экожйелердегі биологиялық ресурстарды пайдалану барысында олардың таусылмауының және бұзылмауының, биологиялық әртүрліктерді азайтпаудың, түрлерді жоғалтпаудың жағдайларын зерттейді.
  2. Елді мекендер экологиясы, коммуналдық экология -қолданбалы экологияның бөлімдері, олар қалаларда (урбоэкология) елді мекендерде, тұрғын үйлердегі тіршілік жағдайына әсер етуші әртүрлі факторлардың ерекшеліктерін қарастырады.
  3. Медициналық экология -адамдардың ауруларының, сонын ішінде табиғи факторлардың әсерінің және ортаның қолайсыз техногендік әсерінің салдары зерттеу саласынан басталған аурулардың пайда болуын, таралуын, өршіуін зерттеу саласы.
  1. Неоэкология -адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір-бірімен үйлестіре отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетада адамзат қауымын азық-түлік, энергия және шикізатпен қамтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, құқық, т. б. Адам мен биосфера шегіндегі тұрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.
  2. Химиялық экологияорганизмдерге тигізілетін химиялық факторлады, негізінен, антропогендік факторларды зерттейді. Экологиялық химия жануарлар мен өсімдіктердің өздерінің химиялық агенттерінің көмегімен молекулалық және сигналдық ақпаратты жіберу қабілеттерін зерттейді.
  3. Биоэкология- барлық экологияның негізі болып табылады. Оның негізгі бөлігі - табиғи биологиялық жүйелер:белгілі түрлердің өкілдері болып табылатын организмдер жүйесі(ауткология) популяциялар жүйесі (популяциялық экология немесе дэмэкология), көптүрлілік қоғамдастықтар, биоценоздар жүйесі(синэкология) экологиялық жүйелер (биогеоценнология) экожүйелер туралы ілім.
  4. Экологиялық мониторинг- бұл қоршаған орта жағдайын

болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.

Экология ғылымының тарихи дамуын, негізінен, үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезеңде - экология ғылымы туралы деректер жеке организмдерге сипаттама беру арқылы жинақтала бастады. Бұл кезең адамның пайда болған күнінен бастап XIX ғасырдың 60-жылдарына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Алғашқы экологиялық түсініктер, ұғымдар мен тұжырымдар кез келген халықтың аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде және басқа да ауыз әдебиет үлгілерінде жиі кездеседі. Мысалы, халқымыздың "құндыз - суда, құлан - қырда" деген мәтелі әрбір жануардың тіршілік ортасын нақты аңғартып тұр. Ал "Жылқының жауы - бөгелек, жыланның жауы - дегелек" деген мақал жануарлар арасындағы қоректік тізбекке нақты дәлел бола алады.

Экология ғылымы туралы кейбір ұғымдар мен түсініктер өте ерте кездерден басталды. Бастапқы экологиялық көзқарастар, негізінен, ботаника және зоология ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде калыптасты.

Организмдердің тіршілік етуі өздері тіршілік ететін табиғи орта жағдайларымен тығыз байланысты болатындығы ертедегі ойшыл ғалымдар Эмпедоклдің (б. з. д. 490-430 жж. ), Теофрасттың (б. з. д. 372-287 жж. ), Аристотельдің (б. з. д. 384-322 жж. ) еңбектерінде атап көрсетілген.

Орта ғасырлардағы өндіріс деңгейінің нашар дамуы және діни көзқарастардың кеңінен таралуы биология ғылымдарының дамуына едәуір кедергі болды. Дегенмен де Разес (865-925 жж. ), Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж. ), Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980-1037 жж. ) және т. б. ғалымдардың еңбектерінде табиғат жайлы нақты ғылыми деректер кездеседі. Осындай ғылыми еңбектердің арқасында алғаш рет тірі организмдер мен орта жағдайларының өзара қарым-қатынасы туралы нақты деректер жинақталып, ғылыми қорытындылар жасала бастады.

Қайта өрлеу дәуірінде табиғат туралы зерттеулерге қызығушылық арта түсті. Ботаника және зоология, т. б. ғылым салаларында нақты ғылыми мәліметтер жинақталып, басқа да жаңа ғылым салалары қалыптаса бастады.

Көптеген саяхатшылардың жаңа жерлерді ашуына сәйкес сол аумақтардың өсімдіктері мен жануарлары туралы ғылыми еңбектер жарық көрді. Голланд ғалымы Антони ван Левенгуктің (1632-1723 жж. ) микроскопты жасап шығаруы арқылы бұрын белгісіз болып келген ұсақ организмдер жайлы жаңалықтар жарияланды. Ағылшын ғалымы Джон Рей (1628-1705 жж. ) "Өсімдіктер тарихы" деген еңбегінде 18 мыңнан астам өсімдік түрлеріне сипаттама жазды. Сонымен қатар ол биология ғылымына алғаш рет "түр" деген ұғымды енгізді. Көрнекті швед ғалымы Карл Линней (1707-1778 жж. ) өз еңбектерінде тірі организмдердің тіршілігінде климаттық жағдайлардың басты рөл атқаратындығын атап көрсетті. Француз ғалымы Жорж Бюффон (1707-1788 жж. ) организмдер мен қоршаған орта жағдайларының арасында өзара тығыз байланыс болатынын ерекше атап жазды. Швейцариялық ғалым Абраам Трамбле (1710-1784 жж. ) су жануарларының тіршілігі үшін температураның әсері, қоректік заттардың болуы және олардың өзара қарым-қатынасы туралы пікірлер айтты. Ағылшын ғалымы Эразм Дарвин (1731-1802 жж. ) "Табиғат ордасы" және т. б. еңбектерінде организмдер арасындағы өзара тығыз байланыстар болатынын поэмалық толғау ретінде жазды. Француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж. ) орта жағдайларының өсімдіктер мен жануарлардың тарихи дамуындағы рөліне ерекше назар аударды.

Экологиялық көзқарастардың дамуына орыс ғалымдары П. С. Паллас (1741-181 Іжж. ), И. И. Лепехин (1740-1802 жж. ), И. Г. Гмелин (1709-1755 жж. ), С. П. Крашенинников (1711-1755 ЖЖ<) және т. б. үлкен үлес қосты.

Көрнекті неміс ғалымы Александр Гумбольдт (1769-1859 жж. ) дүние жүзінің көптеген аймақтарына жасаған саяхаттарында жинаган материалдарының негізінде "Өсімдіктер географиясы туралы идеялар" деген еңбек жазды. Ғалым бұл еңбегінде табиғаттағы барлық организмдердің біртұтастығын және олардың орта жағдайлармен тығыз байланыстылығын ғылыми тұрғыда нақты атап көрсетті.

XVII-XVIII ғасырларда жарық көрген биологиялық еңбектерде нақты ғылыми экологиялық мәліметтердің үлесі мол болды. Көптеген саяхатшылардың еңбектерінде экологиялық бағыттағы зерттеулерге ерекше көңіл бөлінді. Тіпті кейбір ғалымдар (Ж. Ламарк, Т. Мальтус және т. б. ) алғаш рет адамның табиғатқа әсер етуінен болатын жағымсыз жағдайлардан сақтану кажеттігін де ерекше ескертті.

Екінші кезеңде - экология ғылымы өз алдына жеке ғылым саласы болып қалыптасты. Бұл кезең XIX ғасырдың 60-жылдары мен XX ғасырдың 50-жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде орыс ғалымдары К. Ф. Рулье (1814-1858 жж. ), Н. А. Северцов (1827-1885 жж. ) және В. В. Докучаев (1846-1903 жж. ) еңбектерінде алғаш рет көптеген экологиялық ұғымдар мен қағидаларга ғылыми тұрғыдан дәлелді қорытындылар жасалды.

К. Ф. Рулье органикалық дүниенің дамуы үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларының әсерлеріне тікелей байланысты деп қорытынды жасады. Сонымен катар ол жануарлар экологиясы ғылымының негізін салды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология
Экологиялық дүниетаным
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экология түрлері
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Аналитикалық химия және экология.
Экологиялық пирамидалар
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz