Мұрағаттық жолкөрсеткіш



КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты
Мұрағат құжаттарын пайдалану
Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты
Халықаралық қатынастары
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұрағат дегеніміз – мұрағат мекемелері мен мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың құрылымдық бөлімдерінің пайдаланушылардың қызығушылығына қарай мұрағаттық құжаттарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын мұрағат құжаттарының жиынтығы.
Мұрағат түрлері:
1) Мемлекеттік мұрағат – ҚР ҰМҚ құжаттарын жинақтау, тұрақты сақтау мен пайдалануды ұйымдастыру құқығы үлесіне тиген заңды тұлға.
2) Ведомстволық мұрағат – ҚР ҰМҚ құжаттарын, сондай – ақ оның құрамына кірмейтін құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мекеме немесе мемлекеттік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи – мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды». Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсанында №326-1 Заңы (2007.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ

Мұрағат дегеніміз – мұрағат мекемелері мен мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың құрылымдық бөлімдерінің пайдаланушылардың қызығушылығына қарай мұрағаттық құжаттарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын мұрағат құжаттарының жиынтығы.
Мұрағат түрлері:
1) Мемлекеттік мұрағат – ҚР ҰМҚ құжаттарын жинақтау, тұрақты сақтау мен пайдалануды ұйымдастыру құқығы үлесіне тиген заңды тұлға.
2) Ведомстволық мұрағат – ҚР ҰМҚ құжаттарын, сондай – ақ оның құрамына кірмейтін құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мекеме немесе мемлекеттік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры Қазақстан халқының тарихи – мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғайды. Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсанында №326-1 Заңы (2007.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) . Осы заң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Құжаттар мекеме мен қызметкерлердің жұмысында тиімді әрі толыққанды пайдалану керек. Бұл үшін кез-келген мәселеге қатысты құжатты тез табу қажет. Мұрағаттар ретроспективті, яғни ескі құжаттарды қамтиды. Құжаттарды тиімді, толыққанды сақтап, оларды іздеуді жеңілдету үшін ғылыми-анықтамалық аппараттар жүйесі қолданылады.
Мұрағат құжаттарына ғылыми – анықтамалық аппараттар жүйесі – мұрағат құжаттарын және мұрағат ақпаратын тиімді пайдалану мақсатында ортақ әдістемелік негізде құрылған, мұрағат құжаттарының құрамы мен мазмұнын ашатын, бір – бірімен байланысқан және бір – бірін толықтыратын мұрағаттық анықтамалар комплексі.
Ғылыми-анықтамалық аппараттар жүйесінің құрамына жөнсілтер жатады.
Мұрағат (мұрағаттық) қорлары бойынша жөнсілтер – мұрағаттық қорлар туралы қысқа мәліметтер мен сипаттамалар жүйеленген тәртіппен берілген, оның құрамы және мазмұнымен таныстыруға арналған мұрағат анықтамасы.
Курстық жұмыстың тақырыбы:
Мұрағаттық жолкөрсеткіш

Курстық жұмыстың мақсаты:
Мұрағатта сақталған құжаттарды мұрағат қоры бойынша, жолкөрсеткіш арқылы, жылдам іздеп табу жұмысына зерттеу жүргізу, кемшіліктерін анықтап, оны жою мақсатында ұсыныстар жасау

Мақсатқа қол жеткізу үшін, мынадай тапсырмалар қойылды:
Әдебиеттер, Бұқаралық ақпарат құралдара арқылы қажетті материалдарды іздестіру;
Мемлекеттік мұрағаттағы жолкөрсеткіштермен жұмыс жасау, оның құрастырылуына зерттеу жүргізу, деректемелердің толықтығын тексеру;

Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары — Қазақстан Республикасының және қазақ халқының тарихи, мәдени, саяси құжаттары (мәтіндер, суреттер, келісімдер және т.б. құжаттар) мен деректерінің жиынтығы сақталатын мұрағаттар қоймасы.
Тәуелсіз Қазақстан мұрағаттар тарихы
Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағаттар — Қазақстанның мемлекеттік нысандарының бірі.
Қолжазбаларды сақтап қалатын мұрағат мекемелерінің құрылу тарихы Қазақстанда ХVII ғасырдан басталады. Бұл туралы ресми құжаттар да сақталған. Соның бірінде: Бөкей губерниясының мұрағатыБөкей ордасы кезінен, яғни 1794 жылдан бастап ұйымдастырылды, деп жазылған.[1]
Кеңес кезеңінде республикада мұрағат құру ісі, дәлірек айтқанда, 1918 жылғы “РКФСР-де мұрағат ісін қайта ұйымдастыру және орталықтандыру туралы” декретіне сәйкес жүзеге асырылды.
Аталған декрет бойынша барлық мекемелердің істері мен құжаттарын сақтау мақсатында Бірыңғай мемлекеттік мұрағат қоры ұйымдастырылды. Оны және мұрағаттарды басқару үшін мұрағат ісінің Бас басқармасы құрылады.
1921 жылы 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас архиві ұйымдастырылды. 1998 жылы 22 желтоқсанда Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітіліп бұл заң Қазақстан Ұлттық мұрағаттары мен мұрағат қорының тарихының жаңа кезеңі басталғанын дәлелдеді. Осы тарихи кезеңнен бастап біз АРХИВ деген сөзді МҰРАҒАТ деген сөзбен ауыстырып қолдана бастадық. Кеңестік дәуірде жүйелі қалыптасқан мемлекеттік мұрағаттарда құнды құжаттардың орналасуының принциптері белгіленіп, нақты жүйеге келді. Әсіресе 50-ші жылдары КСРО Бас мұрағат басқармасының өкімімен қорларды шоғырландырудың ортақтыландыру принципіне сәйкес орталық және бірқатар облыстық мұрағаттардан құнды тарихи қорлар Одақтық орталық мемлекеттік мұрағаттарға алынды. Қазақстан мұрағаттары тарихы кезеңдердің қиындықтарына қарамастан Қазақстанның мұрағат қорларында қазіргі таңда 15 миллионнан астам істі құрайтын құжаттар сақталуда.


Қазақстанда Орталық мемлекеттік мұрағаттар мен облыстық мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдастырылу хронологиясы

Мемлекеттік мұрағат атауы
Құрылған жылы
1
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты
1921
2
Бөкей ордасы өлкелік мұрағаты
1794
3
Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты
1920
4
Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
5
Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
6
Орал облыстық мемлекеттік мұрағаты
1923
7
Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты
1924
8
Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты
1924
9
Шымкент облыстық мемлекеттік мұрағаты
1926
10
Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
11
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
12
Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты
1928
13
Қазақстанда Орталық мемлекеттік кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаты
1934
14
Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты
1937
15
Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты
1939
16
Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты
1940
17
Көкшетау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1944
18
Талдықорған облыстық мемлекеттік мұрағаты
1944
19
Жезқазған облыстық мемлекеттік мұрағаты
1973
20
Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағаты
1973
21
Қазақстанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық мұрағаты
1974
22
Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты
1981
23
Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты
1997

1994 жылы бізідің мемлекеттік мұрағатшылар Астрахан мұрағатынан Бөкей архиві Ішкі Қырғыз Ордасында (қазақ) 1794 жылы ұйымдастырылып, оның кезінде өмір сүрді деген дерек тапты. Бұл деректеме Қазақстан мұрағат тарихын 2 ғасырға бір-ақ көтерді. Сөйтіп Қазақстан мұрағатының екі ғасырлық тарихы әлемге танылды. 1917 жылға дейінгі Ішкі Ордадан басқа аймақтағы Қазақстан тарихына байланысты деректер патша үкіметінің Орынбор, Түркістан, Дала генерал губернаторлықтары мен шекара комиссиясында Ішкі министрлігі, Жер және халық ағарту министрліктерінде тағы басқа ведомстволық архивтерде сақталды. Ол құжаттардың бір азы 1921 жылдан Қазақстан мұрағаттар қорына өтті. Яғни 1921 жылы 5 сәуірдік Қазақ Өлкелік бас архив ұйымдастырылып, ол 1922 жыл күзінде Өлкелік Орталық архив деп аталды.
1921 жылы алғаш ұйымдастырылған Орталық өлкелік мұрағат тарихи маңызды құжаттарды жинау, сақтау ісімен айналысып, бүгінде Орталық мемлекеттік мұрағаттың негізін құрап отыр.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты — еліміздегі өзінің қорында 1 миллион 500 мыңдай істер сақтап отырған ең ірі де жан-жақты мұрағат және республикадағы кеңес дәуірі кезеңі құжаттарының бірден-бір қоймасы. Кеңес кезеңіне дейінгі құжаттар негізінен патшалық отарлау әкімшілігі ұйымдарының:
Орынбор шекаралық комиссиясы,
Ішкі Қазақ Ордасын басқарудың уақытша кеңесі,
Округтік приказдар, облыстық басқармалар,
Далалық генерал-губернаторы кеңсесі,
Уездік басқармалар,
Статистикалық комитеттер,
Көші-қон басқармалары,
Санақ комиссиялары,
Облыстық және округтік соттар,
Жандарм және полиция басқармалары,
Тау-кен округтері,
Халық училищелері,
Оқу орындарының инспекторлары және т. б. қорларын құрайды.

Кеңестік дәуір кезеңі
Мұрағатта кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам қорлары сақталуда. мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады және қор құжаттарында Жоңғар, Қытай және Орта Азиялықхандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес дәуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының және документалды ескерткіштердің жиынтығы болып табылады. Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы өзара байланыстар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған мұрағаттар бірнеше дәуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді.
Төңкеріске дейінгі дәуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып қоюына себеп болды.
Мұрағат құжаттарын пайдалану
Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі. Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.
Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.
Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды.
Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды. Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Мұрағат мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді және ұлттық тарихи-мәдени мұраны іске пайдаланады.
Орталық мемлекеттік мұрағат ғимараты
Жаңа астанада Ұлттық мұрағат құру идеясы бүгінгі уақыт талабына жауап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимаратты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.
Бұл әзірше ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден – бір мекеме болып табылады.
Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат, оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стилдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді, ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стилі Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік елорда орталығын толықтырып тұрғандай.
Егерде Министрліктер ғимаратын аспанда қалықтап жүрген құстың бейнесіне ұқсатсақ, Ұлттық мұрағат ғимараты өткеннен болашаққа көз салған көз жанарына ұқсайды. Жалпы аумағы 12725 шаршы метрді алып жатқан ғимарат дәстүрлі түрдегі және электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттың құжаттарды сақтауға арналған екі блоктан тұрады.
1 блок – 9 қабатты мұрағат сақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде);
2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады.
Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған конференц–зал, кино, көрме және интернет залдары, Ұлттық мұрағат қорларға арналған экспозициялық холлдар бар. Құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан. Ғимарат ішкі ылғалдылығын бақылау үшін, өрт дабылы, газдық өрт сөндіру құралдары, бейнебақылау камералары, электронды рұқсат жүйесі және т.б. құралдармен жабдықталған.
Жалпы алғанда, мұнда халықтың құжаттық естеліктерін сақтаушы және жинақтаушы – мұрағатшылар қызмет атқаруға және құнды құжаттарды алдағы жүзжылдыққа сақтап жеткізуге жағдайлар жасалған. мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруда мұрағат ісі, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттама жүйесін дамыту мәселелері бойынша 70-тен аса нормативтік-құқықтық кесімдер мен әдістемелік құжаттар дайындалды.
Халықаралық қатынастары
Қазақстан үшін тарихи-мәдени құндылығы бар құжаттарды шетел мұрағаттарынан, кітапханаларынан және ғылыми мекемелерінен іздестіру және сатып алу жөнінде қабылданған шаралар нәтижесінде Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны едәуір байи түсті. Арменияда, Египетте, Ұлыбританияда,  Германияда, Ресейде, АҚШ-та, Түрки яда, Қытайда, Венгрия мен Польшада 35 мыңнан аса құнды тарихи құжаттық деректер анықталды. Олардан отандық мұрағаттарда баламасы жоқ.
147 377 кадр микрофильм,
16808 парақ құжат,
785 мұрағаттық іс,
27 шығыс қолжазбасының көшірмесі,
52 киноқұжат,
1819 фотонегатив,
113 түрлі-түсті слайдтар,
12 ортағасырлық карта көшірмесі,
400 мұрағаттық құжаттар жинағы, анықтамалықтар сатып алынды.
Мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Араб Египет Республикасы Мәдениет министрлігімен, Арменияның аумақтық басқару министрлігімен, Польша мемлекеттік мұрағаттары, Бас дирекциясымен, Түркия Премьер-Министрі жанындағы мемлекеттік мұрағат Бас дирекциясымен, Моңғолия және Өзбекстанның мұрағат ісі жөніндегі басқармаларымен, АҚШ Холокост мемориалдық мұражайымен келісімдер жасалды.
Құжаттарды жасақтауда қолданылатын топтау белгілері туралы қазақша реферат
Құжаттарды жүргізуге байланысты құжаттық ақпараттарды топтастыру – олардың табылуын жеңілдету үшін құжат түрі мен мазмұн арасында логикалық байланыс орнату деген сөз. Топтау схемасы құжаттардытер номенклатурасында белгіленген: ол құжат түрлерінің құрылымдық сипаты, мәні және сақталу мерзімдері тұрғысынан қалай топталатынын көрсетеді.
Мәселен:
Комитет төрағасының бұйрықтары:
−   негізгі қызмет бойынша құжаттар — тұрақты сақталады;
−   жеке құрам бойынша — 75 жыл;
−   құжаттардысапарлар мен кезекті еңбек демалыстарының құжаттары — 5 жыл;
−   әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойыншақұжаттар — 5 жыл;
−   мәлімет үшін жіберілген құжаттар — қажеттілігі жойылғанша.
Құжаттардытерді жасақтау, жүргізу мынадай топтастыру принциптері бойыншажүзеге асырылады:
−   номинальдық (түрлік) сипатына қарай;
−   пәндік-мәселелік (тақырыптық) сипатына,
−   хронологиялық,
−   авторлық,
−   корреспонденттік
−   географиялық,
−   сараптамалық сипаттарына қарай бөлінеді.
Құжаттарды құжаттардыке номинальдық (түрлік) сипатына қарай топтастыру оларды белгілі бір құжат түріне байланысты іріктеу деген сөз. Қызметтің көптеген функциялары мен бағыттары құжаттардың белгілі бір қалыптасқан түлері бойынша хатталады. Мысалы: жарлықтар, қаулылар, бйрықтар, өкімдер, хаттамалар, стенограммалар, жоспарлар, есепті мәліметтер, нұсқаулықтар, жарғылар, ережелер, қызмет бабындағы хаттар т. б.
Мәселен:
−   Алқа мәжілқұжаттардыініңхаттамасы.
−   Азаматтардың ұжымдық өтініші.
−   Агенттік төрағасының негізгі қызмет бойыншабұйрықтары.
−   Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері тарапынан келген кіші кәсіпорындарды қаржылық қолдау туралы ақпараттар.
Пәндік-мәселелік немесе тақырыптық сипатына қарай топтастыру құжаттарды көтерген мәселесіне, мазмұны мен тақырыбына байланысты іріктеу болып табылады.
Мысалы:
Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру мәселесі бойынша министрліктерден, ведомстволардан, мекемелерден, ұйымдардан келіп түскен ақпараттар (мәліметтер, анықтамалар, хаттар).
Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволарының конверсия және қорғаныс өнеркәсібі мәселелері бойынша қызмет бабында жазысқан хаттары.
Хронологиялық сипатына қарай топтастыру құжаттардың белгілі бір кезеңдерге (ай, тоқсан, жыл) қатыстылығына байланысты іріктеу деген сөз. Көбіне құжаттар құжаттардыке бір күнтізбелік жыл бойынша топтастырылады. Бұған келер жылға өткен құжаттардытер мен жеке құжаттардытер енгізілмейді. Жоспарлар мен есеп беру мәліметтері, сметәлар қашан жасалғанына қарамастан, қай жылға арналып әзірленсе, сол жылға қатысты құжаттардытерге тіркеледі. Мәселен, 2002 жылдың есепті мәліметтері 2003 жылы жасалады, бірақ олар 2002 жылдың құжаттардытеріне қосылады. Ал жоспарлар керқұжаттардыінше — 2002 жылдың жоспары 2001 жылы жасалады, бірақ ол 2002 жылдың құжаттардыіне тіркеледі.
Авторлық сипатына қарай топтастыру дегеніміз құжаттарды құжаттардыке авторына – заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға қатыстылығына орай тіркеу болып табылады.
Мысалы:
ҚР Үкіметінің аймақаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша қабылдаған қаулылары.
Мемлекеттік № 1 — 6 құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс құжаттардытейтін комиссия мәжілқұжаттардытерінің хаттамалары.
Корреспонденттік сипатына қарай топтастыру құжаттарды құжаттардыке белгілі бір корреспондентке қатыстылығы негізінде тіркеу болып табылады. Бұл сипат қызмет бабындағы хаттарды топтастыру кезінде қолданылады.
Мысалы:
Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің қызметті лицензиялау мәселелері бойынша жазысқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дереккөздер дегеніміз не. орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде?
Библиографияның құрастырылу ережесі мен рәсімделуі жайлы
Қазақстандық археография
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
Автомобильдік және автобустық турлар туралы жалпы мәлімет
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі
Альфред Адлер
Халықаралық туризмнің тарихы
Пәндер